400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг «Өзін-өзі тану әлемі-дәйексөздің мәйегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне пайдалы ақпарат.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: өзін-өзі тану.

Тақырып: «Өзін-өзі тану әлемі-дәйексөздің мәйегі» коучинг

Мұғалім: Рахметова Жазира Тилепбергеновна


Мақсаты: Педагогтардың сабақ кезінде дәйексөзді пайдаланудың жолын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже: Дәйексөзді сабақта үнемі пайдаланып дәріптеуге дағдыланды.


Кіріспе. Адамзаттың рухани ұлы ұстаздарының даналық сөздері ұлылардың ұлағатты ой-пікірлері, ғұламалардың ақыл-нақыл сөздері, халықтың мақал-мәтелдері ұрпаққа рухани азық, шабыт береді, өмірлік ұстаным ретінде жадында жүреді, есінде сақталады.

Ұйымдастыру.

(психологиялық көңіл күй орнату, сәттілік тілеу, топқа бөлу)

Топқа бөлу. Түрлі түсті көбелектер арқылы бөліну.


1. «Жақсы мінез- бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» (мінез).

2. «Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас». (білім)

3. «Мырза болмасаң да мейірімді бол.» (мейірім)

4. «Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде» (адамгершілік)

5. «Жаманға шөп батады, жақсыға сөз батады» (Жақсылық)


Тыныштық сәті. Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

1.Қандай сезімде болдыңыздар?



Шығармашылық іс-әрекет.


1.Тапсырма Дәйексөзді аяқтап тауып жазу.


1 топ. «Мінез» «Жер-ырыстың кіндігі, ........ ырыстың кіндігі» (білім)

2 топ. «Білім» ..........үй-панасыз, атасыз үй батасыз. (анасыз)

3 топ «Мейірім» Асыңа тойғызбасаң да ............ниетің тойғыз (ақ)

4 топ «Адамгершілік» ........................................кісінің көркі (кішпейілділік)

5 топ «Жақсылық» «Сыртқы сымбат ішкі ............... сай болуы керек» (тереңдікке)

2. Тапсырма. Осы дәйексөзге бір шуамақ өлеңге құрастыру.

1 топ «Мінез» «Жер-ырыстың кіндігі, білім ырыстың кіндігі»

2 топ «Білім» «Анасыз үй-панасыз, атасыз үй батасыз».

3 топ «Мейірім» «Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетің тойғыз»

4 топ «Адамгершілік» «Кішпейілділік кісінің көркі»

5 топ «Жақсылық» «Сыртқы сымбат ішкі тереңдікке сай болуы керек»

3. Тапсырма «Азбука морзе» әдісі бойынша жасырылған сөздерді тауып мақал құрастыру.


1 топ. (Сабыр)






2 топ. (Береке)













3 топ. (Балалы)















4 топ ( Жердей)








5 топ. (Сыпайы)











4.Тапсырма. «Азбука морзе» әдісі бойынша жасырылған сөздерге, құрастырылған мақал-мәтелге өмірмен байланыстырып сурет салу.


( әр топ салған суреттерін қорғап шығады)


Қорытынды: Дәйексөздер адамды жақсы ойларға шабыттандырады, жанға нәр береді,өзіне сенімділікті арттырады, ұстанымын нығайтуға көмектеседі, рухани білім береді. Дәйексөздерді өз тәжірибемізде үнемі күнделікте қолдану балалардың ой өрістерін кеңейтеді, тілдерін байыта түседі.


























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 сәуір
707
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі