400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг пен тәлімгерлік революция емес, эволюция ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада коучинг пен тәлімгерліктің білім жетілдірудегі рөлі мен өзектілігі көрсетілген және де оның педагогтың кәсіби шеберлігін, табыстылығын дамытудағы ықпалы қарастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг пен тәлімгерлік революция емес, эволюция ретінде.

Кабдылова Гулжанат Токтарбековна

«Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ Педагогика және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушыcы





Мақалада коучинг пен тәлімгерліктің білім жетілдірудегі рөлі мен өзектілігі көрсетілген және де оның педагогтың кәсіби шеберлігін, табыстылығын дамытудағы ықпалы қарастырылған.



В статье упоминается роль и значение коучинга и наставничества в совершенствовании образования и его влияние на развитие профессиональных навыков и умений учителя.

The article mentions the role and relevance of coaching and mentoring in education improvement and its impact on the development of professional skills and proficiency of the teacher.








Заман ағымына сай еліміздің білім саласындағы жаңалықтар күннен-күнге, жылдан жылға күрделеніп, өзгеріп жатқаны сөзсіз. Осы өзгерістерді неғұрылым тез қабылдап, оны жергілікті жердің ерекшелігіне сай тиімді етіп қолдану қазіргі заманғы білім саласы қызметкерлерінің басты мақсаты. Осы мақсатты іске асыруда облыстық, республикалық педагог мамандардың біліктілігін арттыру институттарының атқаратын рөлі зор.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы басшы және ғылыми педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институттың ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4-15 наурыз аралығында республикамыздың әр облыстарынан келген мектеп директорларының бейіндік оқыту бойынша орынбасарларына арналған «Мектеп тәжірибесіндегі коучинг және тәлімгерлік» атты қысқа мерзімдік курс өткізілді. Аталған курс тақырыбы тыңдаушылардың көпшілігіне таныс болғанымен берері мол, жаңалықтарға толы. Курс қатысушыларының білім саласының майталмандары екендігі, күнделікті қыры мен сыры, артықшылықтары мен кемшіліктері, бұл тақырыпта жұмыс жасау барысындағы тәжірибелері мен кедергілерін жақсы білуі және оларды ортаға салып талқылау курстың тиімділігін арттыра түсті. Курс барысында теория мен практиканың тоғысуына, пікір алмасудың еркін форматта болуына, өзара ой бөлісу арқылы шешімдер табуға жағдай жасалды және осы шешімдердің ғылыми негіздері жайлы мәліметтер беріп, заманауи озық педагогикалық теориялармен таныстырылды.

Мектеп ұжымына әдістемелік көмек барысында коучинг пен тәлімгерікті тиімді етіп ұйымдастырудың жолдарына талдау жасалды. Коучинг –(ағылш. сoaching) тәлім ету, дайындау, жаттықтыру.

Коучинг революция емес, эволюция ретінде. «Коучингті мектеп кестесіне енгізу үшін уақыт пен бағытталған сағатты талап етеді және коучингті табысты болдыру үшін сәйкесінше қаржыландыруына қаржы жоспарлануы керек. Коучингтің уақытын басқару мен бюджет тағайындалулары тұрғысынан нақты жауапкершілік орнатылуы керек. Бұл элементттерсіз коучинг әрдайым көлеңкеде қалып, мектеп мәдениеті мен құрылымына ене де, қамтамасыз да ете алмайды.» Жоғарыда жазылған пікір курс қатысушыларының ойын дөп басқан пікір болды. Бұл қазіргі таңда мектептердегі коучинг өткізу барысындағы өзекті мәселердің бірі болып табылады. Осы мәселенің ашық айтылып, талдануы тыңдаушылардың болашақта мектептерде коучингті қаржыландыру мәселесінің оң шешімін табар деген үмітін оятты.

Коучингке қойылатын мақсаттар, коучинг формаларын (директивті/директивті емес), кезеңдері және құрылымы жайлы мәліметтерді топтық жұмыс барысында өмірмен байланысты шынайы мысалдар келтіре отырып талдау жасалды. Тыңдаушылар ұтымды пікірлер айтып, мектептердегі мұғалімдерді дамытуға арналған коучинг мақсаттары мен бөлшектеріне мектеп басшыларының назарында болуы керектілігі жайлы ой түйіндер жасалды.

Коучингтің негізін қалаушылар идеяларымен танысудың да коучинг процесін жаңа қырынан танып білуге көмектесті.

Мәселен:

  • Тимоти Голви (ағылш. W. Timothy Gallwey) ішкі «бастағы қарсыластарды» жеңсе ойыншының өз бетімен тиімділікке қол жеткізетіндігі (Майл Дауни.2008)

  • Томас Дж. Леноард (ағылш. Thomas J.Leonard) табысты клиенттердің тек қана кеңесті қажет етіп қоймай, кәсіби жұмыстарынада қолдау көрсету қажет екендігін түсінген соң «коуч» түсінігін енгізіп, коучинг индустриясын құрып, үздік нәтижеге жеткен.

  • Джон Уитмор (ағылш. Jonn Whitmore)-«Коучинг жоғары тиімділік» кітабының авторы, GROW коучинг технологиясының авторы. Коучингтің корпаративтік бизнес-бағытының негізін салды.

  • Кристофер Райен өзінің «Coaching. Innovtive Konezeptein Vergleich» деген кітабында коучингің дамуының 7 фазасын көрсеткен.

Сондай ақ қолдану аймақтары бойынша карьерлік коучинг, бизнес-коучинг, лайф-коучинг; қатысушылары бойынша жекелеген коучинг, корпоративтік коучинг; форматы бойынша-күндізгі (жеке коучинг, фотокоучинг) және сырттай (интернет-коучинг, коучинг телефонмен) атты түрлері жайлы білу тыңдаушылардың қызығушылығын арттырып, білімдерін толықтыра түсті. Яғни курс тыңдаушылары коучингті түрлендіре ұйымдастыруға бағытталған білім алып, өз тәжірибелік қорларын толықтыруда.

МPicture 1 әселен Лайфкоучинг үдерісін күнделікті өмірде, әріптеске көмек ретінде қолданудың тиімді-тиімсіз жақтары жайлы топтық талқылауға түскен жүмыстардың бірі болды. Пікір аламасу барысында бұл коучинг түрін пайданалу үшін мектеп жағдайында арнайы мамандардың (психотерапевт, пихолог, дәрігер, адвокат т.б.) қызметіне жүгіну қаржылық тұрғыдан қиындық туғызатындығы және ол қиындықта жергілікті кеңес көмегіне сүйеніп шешуге болатындығы жайлы ой қорытылды.

АPicture 2 л фотокоучинг тәсілін талқылау барысында әріптестеріміз бұл коучинг түрі қазіргі заман талабына сай, мектеп тәжірибесіне енгізуге тұрарлық деген ой түйінге бірауыздан келісті. Мектеп практикасында фотосессия өткізу арқылы мұғалімдердің ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісімен үйлесім табуы, сол арқылы маманның өзін-өзі құрметтеуі, алдында қандай мақсат қоятындығын нақтылауға көмектесетіндігін түсінді,яғни мұғалім тек жақсы фото алып қана кетпейді, сенімділік пен өзінің қандай маман ретінде көрінгісі келетіндігін нақтылайды. Ал бұл өз кезегінде мұғалімнің кәсіби түрде жетіле түсуіне септігін тигізеді.

БPicture 4 изнес коучинг ұғымы көпшілік қатысушыларға таныс. «Қазіргі заман ағымына сай көп таралған бизнес-коучингілерді білім беру саласы қалай пайдаланды?» деген сұрақ төңірегінде курс тыңдаушылары қызу талқылау жүргізді.

Тәлімгерлік -кең тараған, уақытпен және тәжірибемен тексерілген тиімді әдіс. Тәлімгерлік түзету принципіне емес, жетілдіру принципіне негізделгендігін ( Oxley, 2003) үнемі есте сақтау қажет. Тәлімгерлік және коучингті салыстыра талдаудың, бұл процестердің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау және де мектеп тәжірибесіне кездесетін қиыншылықтар мен жетістіктерді нақты мысалдар келтіре талдау тыңдаушыларға теориямен білімді ұштастыруға септігін тигізді.

Қалыпты біз білетін тәлімгерліктен тыс тәлімгерліктің шет елдерде таларлған жаңа түрлерімен танысып, талдау жасалды.

BPicture 5 uddying (ағылш.) өндірістік мақсаттарға жету үшін қызметкерлерге қолдау көрсету және көмектесу. Әдістің негізі –бір-біріне ақпарат беру, объективті кері байланыс. Кейде buddyingті коучингке тең бейресми тәлімгерлік деп атайды.

Buddying тәсілін мектепте енгізу тиімді. Себебі бейресми формада жәнге теңдік принципінде өтетін болғандықтан мұғалімдерді бұл процеске тарту оңайырақ, әрі қарым-қатынас шынайы болғандықтан нәтижесі ресми тәлімгерліктен де жоғары болу мүмкіндігіне ие.

Job Shadowing (ағылш. – «жұмыс көлеңкесі») қазіргі таңда шетелдердегі қызметкерлерді оқытудың ең танымал әдісі. Негізгі мақсаты оқу орындары қызметкерлерінің іс-әрекетін бақылауға және оның жұмыс ерекшеліктерін анықтауға негізделген.

Бұл тәсілді негізінен жас мамандарға және тәжірбие өтуші болашақ педагогтарға қолдануға ыңғайлы. Кемшілігі тәжірибелі маманның жұмыстың нәтижелі болуына мүдделі болмауы. Ал артықшылығы жас маман немесе тәжірибе өтуші өз қажеттілігіне орай «үлгі» алушы маманды ауыстыра алуында.

Counselling-нақты, жеке мәселелерді шешу үшін ішкі және сыртқы мамандардың ( псиолог, коуч, псиотерапевт кейде заңгер) кеңес беруі. Со-Counselling –өзара кеңес беру және қызметкерлердің «сен маған көмектесесің, ал мен-саған» принципі бойынша жекелей даму әдісі.

Тәлімгерліктің бұл формасын іске асыруда қаржылық қиындықтар туындауы мүмкін. Себебі арнайы мамандар көмегіне жүгіну қаражатты талап етеді. Дегенмен аса күрделі мәселерді шешуде таптырмас тәсіл деген тұжырым жасалды.

Супервизия ( лат. «supervidere»- «жоғарыдан қарау») коуч, жаттықтырушылардың псиологтардың біліктілік деңгейін көтерудің теориялық, тәжірибелік әдісі.

С упервизия ұғымы мектептегі ұйымдастырушылар бойында дамуы тиіс қабылеттердің бірі екендігі, коучингтер мен тәлімгерлік үдерістер барысын қадағалауда басышылық тарапына керек құзыреттіліктер қатарында.

Іс –әрекетпен оқыту-оқу орны қызметкерлер тобының қиын тапсырмаларды орындауы. Бұл даму әдісін ұйымдастырушылық өзгерістерді жасау үшін Рег Реванс құрастырған. Бұл тәсіл кадрлық резервті жетілдіруде басқарушылықты жетілдіруде тиімді әдістердің бірі.

Жоғарыда аталған тәсілдердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктерін білу курс тыңдаушыларының басшылық ретінде мектептегі мамандардың біліктілігін арттыру үшін әрқайсы тәсілді керекті кезде ұтымды қолдануға деген құзыреттіліктерін арттырды.

Коучинг пен тәлімгерлікпен қатар заман талабына сай мемлекетіміздің стратегиялық маңызды жоспарлары («Рухани жаңғыру», «Цифрлы сауаттылық», «Ұлы даланың 7 қыры»), CLIL технологиясы, «Дананың кілттері» және андрогогика ерекшеліктерін талдау, мектептің даму жоспарының SMART мақсаттарын талдау, даму жоспарына SWOT талдау жасау, Иган (Egan, 1998) бойынша тәжірибелі көмекшінің моделіне мектептегі тәлімгерлік процесін салып талдау сияқты көптеген қосымша тәсілдері танып білу, кейбір тыңдаушылар үшін қайталаудың маңызы зор болды.

Қатысушылардың облыстық, қалалық, аудандық және ауылық мектептерден келгендіктері, мектептердің аралас, шағын комплекті, ауысымдық болуыларының өзі еліміздің әр тарапындағы әртүрлі немесе ұқсас мәселелерді талқылау, өзара озық тәжірибелерімен бөлісуі және осы талдау барысында ғылыми териялық тұрғыдан тәжірибелі маманның (куратор) жаймен бағдар беріп отыруы жоғарыда айтылғандай түзету емес жетілдіру принципін іс-жүзінде сезінді. Өз кезегімізде мектептеріміздегі тәлімгерлік етуші ұстазарға әдістемелік көмек көрсетуде осы жүйені басшылыққа алып, дамыта түсетіндіктері сөзсіз.



Пайдаланған әдебиеттер



  1. Настольная книга коуча. А.Ш.Оракова. Т.Б.Корнилова, Ж. А. Корнилова, А.А.Касымова. Алматы 2014 АО НЦПК «Өрлеу»

  2. Коучинг: истоки, подходы, перспективы / Сост.: М.А. Данилова, Е.В. Фролова.– СПб., 2003.

  3. Дилтс Р. Коучинг с помощью НЛП / Р. Дилтс. – СПб. : Прайм-Еврознак, 2004.Руководство для учителей по реализации коучинга и менторинга /

  4. Программа курсов повышения квалификации педагогических работников РК. Первый (продвинутый) уровень. 2-е изд. – Астана: Центр педагогического мастерства, 2012.

  5. Алина Шатохина. Коучинг – рост качества жизни. Территория коучинга [онлайн: http://coachplanet.ru/about/#.VBErhfl_tfQ]

  6. Мұғалімге арналған нұсқаулық (екінші негізгі деңгей). 2013ж.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
698
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі