жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Коучинг "Қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс берудегі қиындықтарды шешу жолдары"
«Қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс берудегі қиындықтарды шешу жолдары»
тақырыбы бойынша коучинг жоспары
Сессия тақырыбы |
« Қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс берудегі қиындықтарды шешу жолдары» |
||
Жалпы мақсат |
|
||
Оқу нәтижесі |
- Қалыптастырушы бағалау туралы өз ойларын ортаға салады; - Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабағына қандай өзгерістер енгізгендігін анықтайды; - Тиімді кері байланысты сабақ барысында қалай қолданып жүргендігі жайында тәжірибе алмасады. |
||
Идеясы |
Мектепішілік және мектепаралық сабақтастықты жандандыру арқылы білім сапасын жақсарту үшін бірлесе жұмыстанатын мектеп желісін құру. |
||
Сессияда қолданылатын материалдар |
Мұғалімге арналған нұсқаулық, таныстырылым, ғаламтор материалдары, А3, А4 қағаздары, маркерлер; |
||
Оқыту әдістері |
Топтық жұмыс; |
||
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс - әрекеті: |
|||
|
|||
Сессия кезеңдері |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
|
Психологиялық тренинг 3 мин |
Әріптестер ортаға шеңбер құрып тұрады. Тренинг шарты бойынша өзге әріптестерінің бір жақсы, бір жаман қасиеттерін айту керек. Әріптестер бұл тренингті өткізудегі мақсатым - біз өз - өзімізді бағалай білуіміз керек. |
Мысалы: менің жақсы қасиетім - ізденімпазбын, жаман қасиетім еріншекпін;
|
|
Топқа бөлу.
|
Джефа әдісі арқылы жарға графикалык, жазбаша, ауызша түрлері ілініп, мұғалімдер өздері білген қалыптастырушы бағалау түрлеріне барып тұрады. Сол бойынша топқа бөлінеді. |
Оқушылар топқа бөлінеді; |
|
Проблемалық сұрақ |
Қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс беруде қандай қиындықтарға кездесіп жүрсіз? (Егер ешқандай қиындық болмаса, қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр, өзіңіздің жұмыс барысымен таныстырып кетсеңіз) |
Әрбір мұғалім қиындықтарын параққа жазу; |
|
Топтық жұмыс
|
1 - топ: Қалыптастырушы бағалаудың ауызша түрін сабақ барысында қалай қолданасыз? Қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы және кай кезде береміз? 2 - топ: Қалыптастырушы бағалаудың жазбаша түрін сабақ барысында калай колданасыз? Сабақта қалыптастырушы бағалаудың қандай әдіс - тәсілдерін қолданасыз? 3 - топ: Қалыптастырушы бағалаудың графикалық түрін сабақ барысында қалай қолданасыз? Қалыптастырушы бағалауды сабақ жоспарына кіріктіргенде кандай ережені ұстанасыз? |
Кері байланыс: "Сэндович" әдісі; бір жағымды, бір ұсыныс білдіреді.
Кері байланыс:"ҚҚҚ" әдісі; Қажет, қиын, қызықты;
Кері байланыс:"Екі жұлдыз, бір ұсыныс" әдісі; |
|
Кері байланыс
|
Қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс туралы слайд таныстырылым. Кері байланыс: "ЖҚБА" әдісі Жақсы..... Қызықты..... Бөгет жасады..... Алып кетер едім..... |
Мұғалімдер рефлексия орындайды. |
|
Коучинг сабағы бойынша рефлексивті есеп.
Коучтер
- тәліптерге өз мүмкіндіктерін пайдалануға
көмектесу деген ұстанымға негізделген (МАН,
88бет). Жалпы орта білім беретін мектепте
білім беру мемлекеттік стандарттарға
сай дайындалған бағдарламалар бойынша
жүргізіледі. Оқытудың жаңа тәсілдері
аясында әріптестерімнің оқыту
тәжірибелерін жақсарту негізінде
әріптестеріме коучинг сабағын жүргізуді
жоспарладым. Жаңа әдіс-тәсілдерді
сабақтарында қолданатын мұғалімдер
қаншалықты бар? Әріптестерім менің
коучинг сабақтарымда көрсеткен әдіс -
тәсілдерді қолдана ала ма?» деген
сауалдар мені мазалады. Ойлаған мақсатыма
жету үшін көптеген жұмыстарды жасадым.
Әріптестерім үшін менің іс - әрекетім,
коучингті жүргізудегі шеберлігім
маңызды екендігін түсіндім.
Сабағымның
тақырыбын таңдамас бұрын, мектеп
әкімшілігімен және мектептің оқу
ісінің
әдіскерімен, мұғалімдердің сұранысы
бойынша коучинг сабағымның
тақырыптарын
анықтау мақсатында
әріптестеріммен кездесемін. Әріптестерден
сауалнама алу барысында мектепте
оқушыларды оқытуда қандай кедергілер
және оны жою жолдарын қалай шешіп
жүргендігі туралы сұраймын. Сұхбат
барысында қалыптастырушы бағалау мен
кері байланыс берудегі қиындықтарды
шешу жолдары деген сұрақтар әріптестерімді
көп ойландырады екен. Осы мәселелерді
шешу үшін коучинг тақырыбы таңдалынып
алынды. Коучинг тақырыбы: "Қалыптастырушы
бағалау мен кері байланыс берудегі
қиындықтарды шешу жолдары". Мектеп
әкімшілігі тарапынан қолдау көріп, өз
ісімді бастауыма мүмкіндік алғаннан
кейін мұғалімдердің қызығушылығын
арттыру үшін коучинг сабағымды өткіздім.
Осы коучинг барысында өз - өзіме мақсат
қойдым:1.Мұғалімдер тәжірибе алмасу
кезеңінде өзінің білім деңгейін көтереді.
2.Мұғалімдердің іскерлігі, тәжірибелігі,
білімділігінің сапасы арқылы оқушылардың
білім
деңгейін жақсартады. Әріптестер
ортаға шеңбер құрып тұрады. Коучингбасында
психологиялық ахуал жақсарту
мақсатында тренинг
жүргіздім.
Тренинг шарты бойынша өзге әріптестерінің бір жақсы, бір жаман қасиеттерін айту керек. Әріптестер бұл тренингті өткізудегі мақсатым - біз өз - өзімізді бағалай білуіміз керек. Мысалы менің жақсы қасиетім - ізденімпазбын, жаман қасиетім еріншекпін; Коучинг сабағында бір-бірімізге деген сыйластық пен құрметтің болуы үшін топ ережесін құруды ұсындым. "Джефа әдісі" арқылы жарға графикалык, жазбаша, ауызша қалыптастырушы бағалау түрлері ілініп, мұғалімдер өздері білген қалыптастырушы бағалау түрлеріне барып тұрады. Осы кезде қалыпьастырушы бағалаудың түрлеріне байлансты мұғалімдерге сұрақтар қойылады. Қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс беруде қандай қиындықтарға кездесіп жүрсіз? (Егер ешқандай қиындық болмаса, қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр, өзіңіздің жұмыс барысымен таныстырып кетсеңіз) немесе осы қалыптастырушы бағалауға қандай мақсатта таңдадыңыз? Әрбір әріптесімнің пікірлерін тыңдаймын, мен олардың жауабы өте маңызды. Толықтырып өзімде айтып өтемін. Қалыптастырушы бағалау түрлері бойынша топқа бөлініп, жұмысымызды әрі қарай жалғастыратын боламын. Осы кезде үш топ құралып, жұмысымызды әрі арай жалғастырамын. 1- топқа сабақ үстінде қалыптастырушы кері байланыс беріп үлгересіз бе? 2- топқа Қалыптастырушы мен кері байланыстың қандай әдіс тәсілдерін қолданасыз? 3- топқа Калыптастырушы бағалау мен кері байланысты пайыдаланғанда қандай ұстанымдарды ұстанасыз? деген тақырыптарда топтық талқылауға тақырыптар беремін. Әрбір топтың таныстырылымынан кейін, міндетті түрде кері байланыс жасап отырамын.
Коучинг
барысында "Сэндович"
әдісі; бір жағымды, бір ұсыныс білдіреді.
"ҚҚҚ" әдісі; Қажет, қиын, қызықты;"Екі
жұлдыз,
бір ұсыныс" әдісі арқылы кері байланыс
түрлерін пайдаланамын.
Мұғалімдердің осы коуч сессиядан жаңа
әдіс-тәсілдерді меңгеруі арқылы сын
тұрғысынан ойлауға дейін жеткені және
өздерінен өткізу арқылы
жинақталған
білімдерін оқушыларға жеңіл меңгерте
алады деген сенімім мол. Сонымен
қатар
коучинг жүргізу нәтижесінде әріптестеріммен
кеңесу, әңгімелесу арқылы көп нәрсеге
қол жеткіземін деп ойлаймын. Топтар
өздерінің постерлерін қорғап болған
соң, осы тақырыпты тереңірек ашу
мақсатында слайд таныстырылым жасаймын.
Коучинг соңында тақырыпқа байланысты
"ЖҚБА" әдісі арқылы кері байланыс
жасаймын. Бұл жерде коучингке қатысушылар
"Жақсы", "Қызықты", "Бөгет
жасады", "Алып кетер ем" деген
кері байланыс сұрақтарына жауап береді.
Қорыта алғанда мақсатыма толық
жеттім,
әріптестерге бұл коучингімнің оң ықпалы
болды деп есептеймін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген