жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
коучинг ҚМЖ
Коучинг жоспары
-
Мерзімі:
Күні:
Коуч: Кошкимбаева К.Ә.
Тақырыбы
Іс- әрекеттегі зерттеу.
Мақсаты:
Іс- әрекеттегі зерттеу маңыздылығын анықтау. Сабақ беру шеберлігін жақсарту үшін іс-әрекеттегі зерттеу тәсілінің маңыздылығын түсініп, іс- тәжірибесінде, оқу үдерісінде пайдалануға ықпал ету.
Күтілетін нәтиже
Коучингке қатысушылар іс-әрекеттегі зерттеу маңыздылығын түсінеді. Сыныпта іс- әрекеттегі зерттеу тәсілін пайдалану туралы практикалық ұсыныстар алады. Іс –әрекеттегі зерттеу тәсілінің кезеңдерін нақтылайды.
Кезеңдер
Коучинг барысы
Ресурстар
Сабақтың басы;
Ұйымдастыру
1 мин
1. Әріптестермен сәлемдесу:
2. Коучинг тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, бірлесе жұмыс жасау ережесін құру;
Слайд.
Ынтымақтастық атмосферасын құру.
3 мин.
Жаттығу “Мен саған сенемін”
Бұл жаттығулардың мағынасы- топтағы адамдардың бір-біріне сенімділігін арттырады, себебі сыныпта іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін, әрине өзара сенімділік керек.
Екі – екіден жұпқа бөлініңіздер. Бір – біріңізге қарама – қарсы отырыңыздар. Шамалы уақыт бір – біріңіздің көздеріңізге қарап, үндемей отырыңыз. Енді рет – реттеріңізбен мынадай қағазда жазылған сөздерді аяқтайсыздар.
Мысалы: “Мен сенімдімін,.... сіз алдағы уақытта өз ісіңіздің шебері болады ”, “Мен сенемін маған алдағы уақытқа көмек керек болса,... сіз маған көмектесесіз”, “Мен сенемін сен ешқашанда мен туралы... жаман ештеңе айтпайсыз” деп және т.б
Қорытынды:Бұл жаттығу іс-әрекеттегі зерттеу кезінде бір фокус топта зерттеу жүргізетін мұғалімдердің бір-біріне сенімін арттырады.
Сөздер жазылған қағаздар.
Ой түрткі.
3 мин.
Коучтың кіріспе сөзі.
Іс- әрекет негізінде зерттеу. Іс- әрекет зерттеу туралы алғаш американдық психолог Курт Левин айта бастады.
(презентация бойынша Сократ, Платон, Джон Дьюи, Жүсіпбек Аймауытов сөздерін мысалға келтіру)
Атап айтқанда Левин осы зерттеулерді алғаш циклдық үдеріс ретінде сипаттап берді. Мұнда міндетті түрде мұғалімнің ойы болады: Менің сабағымда кімдер отыр? Мен нені дұрыс істемедім? Мен өзімнің жоспарлаған нәтижелеріме қалай жетемін?
Сонда мұғалімдер нені зерттейді?
Мұғалім өзі шешетін және оқушыларға ең тиімді не екенін шешу арқылы- өзін зерттеуші деп таниды. Мұғалім өз тәжірибесін өзі зерттейді. Сіздер ойлайтын шығарсыздар: Неліктен жай орта мектеп мұғалімі зерттеу жүргізуі керек? Әрине зейнетке шыққанша ақырын жұмыс жасай беруге болады, бірақ та басқа қызығырақ жолды да таңдауға болады ғой... Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіңдер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе – Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр" деген болатын. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздың болашақ алдындағы міндеті өте үлкен. Алдындағы әр оқушыны білім нәрімен сусындатып, берген білімін өмірде қолдана білуге үйрететін де – ұстаз. Жас жеткіншекке білім берумен қатар, адами құндылықтарды бойларына дарыта білген ұстаз –болашақтың айнасы. "Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі"- деген Ы.Алтынсарин
Осы сөздердің мағынасын ойлап көріңізші.
Презентация, суреттер.
1.Рольдік ойын.
8 мин
Рольдік ойын.
(Әркімге басына корона беріледі: проблема, завуч, директор, РОО, ОблОНО, мұғалім, ПБ жетекшісі) Короналарды киіп, мен сіздердің рольдеріңізді оқығанда рольге кіріп ойнауларыңыз керек.
(Қосымша 1)
Проблема, завуч, директор, РОО, Обл-ОНО, мұға-лім, ПБ жетекшісі деп жазыл-ған корона-лар.
Сабақтың ортасы
Топқа бөлу.
Іс- әрекетті зерттеуге қатысты және қатысы жоқ сөздер жазылған парақтар бойынша екі топқа бөліну.
Қимақағаздар.
Топтық тапсырма.
« Сиқырлы қорап» тәсілі.
10 мин.
«Сиқырлы қорап» тәсілі.
2 топқа бірдей 2 қорап беремін. Қай топ бірінші бастайтынын келісеміз.
ІС- ӘРЕКЕТЕГІ ЗЕРТТЕУ.
-
Лупа-іс-әрекеттегі зерттеуді неден бастау керек? Порблемадан (қағазға проблема деп тапсырманы орындайды. Сиқырлы қораптарда іс- әрекеттегі зерттеу кезеңдеріне байланысты әртүрлі заттар салынған.Cіздер заттарды іс- әрекеттегі зерттеу этаптарына қандай байланысы барын тауып, рет-ретімен орналастырыңыздар. Жазып іледі. ) Яғни, проблемадан бастау керек, проблема- бұл сізді толғандыратын нәрсе. Не дұрыс емес? Неге?
-
Дәптер. Проблема туралы мәлімет жинау. (Мәлімет деп жазып іледі) Бұл – сіз проблема байқаған жеріміз.
-
Нысана. (мишень) Мақсат қоямыз. Мақсат – бұл сіз неге жеткіңіз келеді?
-
Таза қағаз. Ойларымызды, идеяларымызды, әдістемелерімізді жазамыз. (Іс- әрекет деп жазып іледі).
-
Фотоаппарат, видеокамера. Дәлелдемелер жинаймыз. Мен дәлелдемелер қалай жинаймын, ойланайық.
-
Плюс, минус стикерлері. Не сәтті болды, не сәтсіз болды. Мақсатқа жеттік пе, нені жақсарту керек?
-
Спираль. Нәтижеге бірден жете алмаймыз, сондықтан іс- әрекетті бірнеше рет нәтижеге жеткенше қайталау керек.
-
Диск, флейшка, педагогикалық журнал. Іс- әрекеттегі зерттеудің нәтижесі мектепте, желілік қоғамдастықта таратылады.
Қораптағы заттар: лупа, дәптер, анкеталар, журнал, нысана, А4 қағазы, фотоаппарат, видео камера, стикерлер, спираль, диск, флейшка, педагогикалық журнал.
Топтық тапсырма.
8 мин
Топтық тапсырма:
Мұғалімнің зерттеуі қандай болуы керек?
Әр топ өздеріне қатысты бір проблеманы анықтап, зерттеу тақырыбын, зерттеу сұрағын, зерттеу мақсатын, күтілетін нәтиже, әрекет жоспарын құрады.
Мысалы:
Проблема: Оқушылар сабаққа нашар қатысады.
Тақырып: Оқытудың тиімді стратегияларын топтық жұмыста қолдану арқылы білім сапасын арттыру.
Зерттеу сұрағы: Қалайша топтық жұмыстар сабаққа қатыспайтын оқушыларды ынталандырады?
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады, топта жұмыс жасауға дағдыланады, оқушылардың тәртібі жақсарады.
Жоспар құру: топтық ереже құру, топқа бөлу әдістерін үйрету, алдын-ала тапсырма беру, рольдерді бөлу, бірлескен топтық жұмыстар ұйымдастыру және т.б.
Нәтижені талдау: Кері байланыс алу, рефлексия жасау, видеоға түсіру, оны талдау.
Циклды қайталау жоспардан бастап.
Постер, түрлі-түсті маркерлер
Сабақтың соңы
Топтық тапсырма. «Эстафета ойыны»
3 мин
Бүгінгі сабағымызды қорытып шығаруға келесі ойын ұсынамын: «Эстафета ойыны»
Плакатта –
Іс- әрекеттегі зерттеу
Іс- әрекеттегі зерттеу емес
-
Ізденіс
-
Бірлескен жұмыс
-
Рефлексия
-
...
-
лабораториядағы ғалымдар
-
салыстыру
-
статистикалық есеп
-
...
Плакат, түрлі түсті маркерлер
Кері байланыс
3 мин.
2 жұлдыз, 1 тілек.
стикерлер, түрлі түсті маркерлер
Коучтан: 1мин
Өз тәжірибеңізді зерттеңіз. Өз балаларыңызды бақылап жүріңіз, рефлекция жасаңыз, мейлінше жетілуге тырысыңыз, іс-әрекет негізінде зерттеңіз.
-
3

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген