жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Коучинг. ҚМЖ құру барысында оқушы қабілетін ескере отырып тапсырмалар дайындау
|
Мұғалімдерге арналған коучинг сессиясы |
Тулебаева Д.Ж. |
Сабақтың тақырыбы:
|
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР ҚҰРУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫ ҚАБІЛЕТІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ТАПСЫРМАЛАР ДАЙЫНДАУ |
|
Жалпы мақсаты:
|
Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып ҚМЖ құру барысында оқушы қабілетін ескере отырып тапсырмалар дайындау дағдыларын қалыптастыру.Блум таксономиясына сабақ жоспарын салу туралы түсінік беру, маңыздылығын ұғындыру, бағалау критерийлері, дескрипторларды құру, саралау, қалыптастырушы бағалауды арқылы іс-тәжірибеде қолдануға көмектесу. |
|
Оқу нәтижелері: |
Мұғалімдер:
|
|
Түйіндіидеялар: |
ҚМЖ, бағалау критерийі, дескриптор, саралау, қалыптастырушы бағалау |
|
Жаттығулар: 1 мин
2+1 мин
5 мин |
1. Топ құру. (түрлі түсті стикерлар арқылы 3-4 топқа бөлінеді) 2. Топ ережесін құрады; 3. Топ мүшелері қызметтер бөліседі. 4. «Ішкі-сыртқы шеңбер» - қызығушылығын ояту. - ҚМЖ туралы не білесіз? - ҚМЖ құруда не маңызды деп есептейсіз? - Сабақ жоспарын құрғанда Блум таксономиясын қолданған қаншалықты қолайлы? |
|
Презентациямен жұмыс 5мин |
ҚМЖ, Блум таксономиясына сабақ жоспарына салу, маңыздылығын ұғындыру, бағалау критерийлері, дескрипторларды құру, саралау, қалыптастырушы бағалау туралы түсінік беру |
|
5 мин
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: 7+3мин 3 мин |
ҚМЖ шаблонын, тапсырмалар парағын тарату. Мұғалімдерге топтық жұмыс бойынша «Табыс критерийін» құруға бағыт беру. Шағын топтарда жұмыс істейтін мұғалімдерге оқушы қабілеттерін ескере отырып тапсырмалар дайындауды ұсыну, қорғау. Топ мүшелерінің кері байланысы 2 жұлдыз, бір тілек |
|
Кері байланыс |
2 жұлдыз, бір тілек |
|
Тапсырмалар
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: Қазақ тілі |
Мектеп: |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||
Бөлім атауы |
Ұлттық және отбасылық құндылықтар |
||
Сабақтың тақырыбы |
Ұшқан ұя |
||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
6.2.2.1 – ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану; 6.3.2.1 - жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу; 6.4.2.1 - екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану. |
||
Бағалау критерийлері |
Тілдік құралдар мен екпіннің түрлерін ажырату арқылы мәтіннің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін анықтап, құрылымын сақтай отыра құттықтау құрастыра алады. |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: тілдік құралдардың мағыналарын ажырату арқылы мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін анықтай отыра, әжеге 8 наурыз мерекесімен құттықтау құрастырып жаза алады. Көптеген оқушылар: құттықтау жазуда құттықтау хат құрылымын сақтай алады. Кейбір оқушылар: құттықтау хат құрылымын сақтайотырып, көркем стильде құттықтау құрастырып жаза алады. |
||
Ойлау деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану, шығару |
||
Үй іші қоңыр салқындау екен. Әжем қос сабаумен тулақты кезек-кезек тарсылдатып жүн сабап отыр. Сабау дыбысына құлақ тоссаң, әлдебір әуен сазы сезіледі. Екі әпкем мен жиен қызымыз біреуі жүн тасып, екіншісі тулаққа төсеп, үшіншісі ұршық иіріп, көмектесіп жүр...
Мен дүниені көшіріп жіберердей ентелей келіп, әжемнің иығынан сілкілей беріппін.
- Әже, әже-е-е, не үйренгенімді айтып берейінші-і-і.
- Әу, құлыным –ау-у, сабыр етші. Мен жүнімді сабап болайын. Сонан соң асықпай тыңдаймын ғой,- деді әжем еркелетіп.
Енді менің екпінім бәсеңдеп, әжемнің қасына отыра кеттім де, жүн шашып ойнай бастадым.
(Бауыржан Момышұлы)
А оқушы
Тапсырма |
|
Бағалау критерийі: 1.
2. |
Дескрипторлар:
|
Саралау |
|
Қалыптастырушы бағалау |
|
В оқушы
Тапсырма |
|
Бағалау критерийі: 1.
2. |
Дескрипторлар:
|
Саралау |
|
Қалыптастырушы бағалау |
|
С оқушы
Тапсырма |
|
Бағалау критерийі: 1
2. |
Дескрипторлар:
|
Саралау |
|
Қалыптастырушы бағалау |
|
|
Мұғалімдерге арналған коучинг сессиясына рефлексия |
Тулебаева Д.Ж. |
Сабақтың тақырыбы:
|
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР ҚҰРУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫ ҚАБІЛЕТІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ТАПСЫРМАЛАР ДАЙЫНДАУ |
|
Жалпы мақсаты:
|
Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып ҚМЖ құру барысында оқушы қабілетін ескере отырып тапсырмалар дайындау дағдыларын қалыптастыру.Блум таксономиясына сабақ жоспарын салу туралы түсінік беру, маңыздылығын ұғындыру, бағалау критерийлері, дескрипторларды құру, саралау, қалыптастырушы бағалауды арқылы іс-тәжірибеде қолдануға көмектесу. |
|
Оқу нәтижелері: |
Мұғалімдер:
|
|
Түйінді идеялар: |
Бағалау критерийі - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары (әрбір нақты жұмыс үшін) болады, онда мектеп тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатқа жетуін анықтайды. Саралау әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану үдерісі, оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді. Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады. |
|
Орындалған жұмыстар |
Коучингке 32 мұғалім қатысты. Алдымен олар түрлі –түсті стикер арқылы топтарға бөлінді, бірлесіп топ ережесін құрды, ортақ ереже шығарды; топ мүшелері өзара қызметтермен бөлісті. Тақырыпты ашу мақсатында барлық қатысушылар «Үшкі-сыртқы шеңбер» құрды, тақырып қмж жайында өз білгендерімен бөлісті. Коуч ҚМЖ, Блум таксономиясына сабақ жоспарын салу, маңыздылығы, бағалау критерийлері, дескрипторларды құру, саралау, қалыптастырушы бағалау туралы түсінік берді. ҚМЖ шаблонын, тапсырмалар парағын таратып, коуч мұғалімдерге топтық жұмыс бойынша «Табыс критерийін» құруға бағыт берді. Шағын топтарда жұмыс істейтін мұғалімдерге оқушы қабілеттерін ескере отырып тапсырмалар дайындауды және қорғауды ұсынды. Коучинг соңында топ мүшелерінен кері байланысы алды. |
|
Коучинг барысында кездескен кемшіліктер |
|
|
Кері байланыс |
Кері байланыс барысында қатысушылар ҚМЖ құрастыру жайында ақпарат алғанын және бұл жөнінде алған білімдерін одан әрі тереңдеткісі келетіндіктерін білдірді. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген