|
Коучердің кіріспе
сөзі:
—
Құрметті әріптестер,
біз бәріміз де осынау өмір- өзен қайықтарының ішіндегі «ұстаздар»
деген қайығында жүзіп келеміз. Дана халқымыз: «Кемедегінің жаны
бір» деп текке айтпаса керек-ті. Осы даналықты салыстыру түрінде
айтсақ, бізді көп нәрсе ортақтастырады. Яғни, шәкірт
тәрбиелеу.
Әр адам өзі өмір
сүріп отырған қоғамының жаршысы болу керек. Ал қазіргі заман
біздерден, мұғалімдерден нені талап етеді? Бүгін осы мәселе жөнінде
ой бөліспекпіз.
Кіріспе
1.Психологиялық
ахуал туғызу (2 мин)
Тренингтер.
2. Топқа
бөлу
1. Қатысушыларды
шаттық шеңберіне тұрғызып, коучинг тақырыбымен
таныстырады.
« Ойды
жалғастыр.....» тренинг өткізілу барысын түсіндіреді. «Табысты
мұғалім- ол........» деп әр қатысушы көршісінің алақанына қолын
түйістіре отырып, бір сөйлеммен өз ойын білдіріп, бастаған адамға
жеткенше жалғастырады.
2. Тренинг-
«Австралиялық жаңбырлар»
Әр түрлі түсті қағазда «бас»,
«қол», «жүрек» суреттері бойынша 3 топқа
бөлу.
|
Қатысушылар
тренингке қатысып, «табысты мұғалім» туралы өз ойларын білдіріп, «
Австралиялық жаңбырлар» тренингіне
қатысады.
Стикердегі суреттер
бойынша 3 топқа бірігеді.
|
|
ІІ. Негізгі
бөлім
3. «Қошқар мен теке»
мульфильмінен үзінді.
(5
мин)
Сұрақ: 1. Мультфильм
желісі бойынша екі кейіпкерді бүгінгі оқыту жүйесімен байланыстыра
отырып, кімдердің рөлін берер
едіңіздер?
Топта ақылдаса
отырып, талдау. Қай топтағы қатысушының ойы сізге ұнады сол адамды
жұлдызша арқылы бағалайсыз. (формативті
бағалау)
|
Қатысушылар
мульфильм желісі бойынша өз ойларын білдіреді. Топпен
талдайды.
2.Ұнаған қатысушыға жұлдызша
береді.
|
|
«Жеті модуль- табысты оқытуға бағыт»
презентацияланады
Қатысушыларға «Су-
тіршілік көзі» тақырыбында постер дайындау тапсырмасын
береді.
І топ:« Су- тіршілік
көзі» критерийсіз беріледі.
ІІ топ: «Су
–тіршілік көзі» постер құру, алдын ала дайындалған критерийлер
беріледі.
Критерийлері:
1.Постердің
безендірілуі, постерді ұтымды
пайдалануы.
2.Судың физикалық
және химиялық қасиеттері туралы мәлімет
беру.
3.Судың табиғаттағы
айналымы, маңызы
4.Судың
қолданылуы.
5.Судың ластануы,
суды қорғау.
6.Су туралы
мақал-мәтелдер, өлең.
ІІІ
топ: 1- топтың постерына критерий
жасайды.
|
Презентация
қарайды.
Тақырып бойынша
постер дайындап, оны
қорғайды.
1-ші және 2-ші топ
өз постерларын қорғайды.
1-ші және 2-ші топтар
бір-бірін «10000»,«5000»,«2000» тенге қағаз ақша үлгілері арқылы
бағалайды. Ал 3-ші топ өздері құрған критерийлері бойынша алғашында
1-ші топтың жұмысына баға береді, содан кейін 2-ші топтың постерін
өздерінің критерийі бойынша, содан кейін алдын ала дайындалған
критерий бойынша бағалайды.
|
|
Қорытынды.Рефлексия
Бағалаудың түрлері
туралы презентация көрсетіледі. Тапсырмаларды беру кезіндегі
негізгі мақсаттармен
таныстырады.
1.Талдау:Қатысушыларға топқа бөлінген
стикердағы сурет бойынша өз ойларын түйіндеу тапсырмасын
ұсынады.
2. Кері
байланыс:
Тақтадағы құмыра, себет
суреттеріне коучинг бойынша өз ойларын стикерларға жазып,
білдіру.
|
Өз қорытындыларын
білдіреді. Стикердағы «бас», «қол», «жүрек» суреттерінің мұғалімге
байланысын түсіндіру. (Шульман
теориясы)
Кері байланыс ретінде суреттерге өз стикерларын
жабыстырады
|
|
Коучердің
қорытынды сөзі:
Мұғалімде Шульманның
«мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталған қасиеттер болғанда ғана оқыту
жақсы болып саналады десе, хәкім Абай нағыз адам болу үшін
нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек қажет деген. Шульманның "үш
көмекшісі" бір мұғалімнің бойынан табылғанда ғана,құзырлы мұғалім
болып саналады десек қателеспеспіз. Табысты мұғалімнен білім алатын
табысты оқушыларымыз көбейе
берсін!!!
«Ұстаздың биігі
ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол
созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», — дейді грек
оқымыстысы Сократ. Осы биіктіктің шыңынан көрінейік! Оқушы бізді
осындай қалыпта көрсін!
|
|