15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Коучинг "Рефлексия. Коучинг сессия жоспары"
Коучинг сессия жоспары |
|
Тақырыбы |
Рефлексия |
Мақсаты
|
1. «Рефлексия» түсінігін білу; 2. Рефлексияның маңызы мен мақсатын түсіну; 3. Рефлексия әдіс-тәсілдерін білу; 4. Рефлексияны сабақта пайдалана білу. |
Күтілетін нәтижелер
|
Мұғалімдер: - «Рефлексияның» не екенін біледі; - Рефлексияның маңызы мен мақсатын түсінеді; - Рефлексияны жүзеге асыру әдіс-тәсілдерін біледі; - Үйренген әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдаланады. |
Негізгі идеялар
|
|
Тапсырмалар
|
Тапсырма 1. «Жақсы көңіл-күй» - бір-біріне жақсы тілектер білдіру. Тапсырма 2. «Сұрақтар тақтасын» толтыру Тапсырма 3. Слайдтар және үлестірмелі материалдарлдың көмегімен тақырыпты талқылау. Тапсырма 4. Тақырып бойынша кластерлер әзірлеу. Тапсырма 5. Кластерлерді «2 жұлдыз, 1 тілек» стратегиясын қолдана отырып өзара формативті бағалау. Тапсырма 6. «5-5-1» стратегиясы арқылы топтық рефлексия жасау. Тапсырма 7. «Сұрақтар тақтасындағы» сұрақтарға жауап беру (кері байланыс) Тапсырма 8. «Пирамида» әдісі арқылы жеке рефлексияны жүзеге асыру |
Дәріс барысы 1. Амандасу. «Жақсы көңіл-күй» - бір-біріне жақсы тілектер білдіру (Мен сіздерге бүгінгі коучингтен пайдалы ақпарат алуларыңызды тілеймін). 2 мин 2. Тақырыппен және дәріс мақсаттарымен танысу. 1 мин 3. «Сұрақтар тақтасын» толтыру. Стикерлер таратып, аталған тақырып бойынша стикерге 1 сұрақ жазып, тақтаға ілу (тақырып бойынша не білгім келеді, тақырыппен жалпы таныспын, бірақ нені нақтылағым келеді, әдіс-тәсілдерін білгім келеді). 3 мин. 4. Тақырыпты талқылау. - Кері байланыс: Рефлексия дегеніміз не? Рефлексия дағдысын дамыту маңызды ма? Рефлексия дағдысын дамыта отырып қандай нәтижеге жетуге болады? 2 мин. - Слайдтар, үлестірме материалдарын топта талқылау. 7 мин 5. Топтық жұмыс. Зерделеген материалды жүйелеу, қағаз бетіне түсіру – кластерлер жасау. 7 мин. Критерийлері: - тақырыптың толық ашылуы; - жүйелілігі; - безендірудегі шығармашылық; - қатесіз, таза жазылуы. 6. Тапсырма 5. Кластерлерді «2 жұлдыз, 1 тілек» стратегиясын қолдана отырып, критерийлерге сүйене отырып, өзара формативті бағалау. Комментарийлерді оқу, тілек білдірушілер болса дауыстап оқу, келісеміз бе, келіспейміз бе пікірлерін білдіру. 3 мин. 7. Сергіту сәті. «Ұшқыр ой» - қолымызды алдыға созып, барынша артқа қайырамыз, есімізде сақтаймыз. Түсіреміз. Көзімізді жұмып, қолымызды ойша одан да алысқа қайырамыз, есімізде сақтаймыз. Көзімізді ашып, қолымызды ойша жеткізген жерге дейін жеткізуге тырысамыз. 2 мин 8. «5-5-1» стратегиясы арқылы топтық рефлексия жасау. Жалпы бүгінгі өткен коучинг, оның тақырыбы, барысы, стратегиялар, топтық жұмыс, өзара бағалау бойынша 5 сойлем жазамыз (бір-бірімен байланыспайтын сөйлем немесе ұйқасы бар шағын өлең жолдары), осы 5 сөйлемді 5 сөзбен білдіреміз, енді 5 сөздің ортақ мәнін тауып, 1 сөзге сыйдырамыз. 3 мин. Тілек білдірушілер болса дауыстап оқуға болады. Себебі бұл топтың ойы, топтың қорытындысы болғандықтан, оқушылар оны оқуға ұяла қоймайды. 9. «Сұрақтар тақтасындағы» сұрақтарға жауап, кез-келген стикерді алып жауап жазамыз. Орнына жапсырамыз. Үзілісте оқып алуға болады. Бұл стратегия кері байланыстың бір түрі. Дәріске қатысушылардың өзінің немесе әріптестерінің сұрақтарына қаншалықты дұрыс және толық жауап бергендеріне қарап, қорытынды жасауға болады. Дұрыс жауап бермеген немесе мүлдем жауап жазылмаған сұрақтарды келесі дәрістің басында талұылауға болады. 3 мин. 10. «Пирамида» әдісі арқылы жеке рефлексияны жүзеге асыру. Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, пирамиданы толтыру. 2 мин. 11. Кері байланыс «Бағдаршам». Қызыл түс – мен ештеңе түсінбедім, тақырып маған қызықсыз болды. Сары түс – тақырып ашылды, түсінікті, бірақ сұрақтарым бар, жасыл түс – барлығы түсінікті, стратегияларын сабақта қолданамын. 1 мин. |
|
Ақпарат көздері, құрал-жабдықтар: Кластерлер, А4 парақтары, маркерлер, фломастерлер, стикерлер, презентация |
|
Тапсырма |
|
Коучингке талдау
|
|
Бағалау
|
Коучингке қатысқан 3 топтың жұмыс барысы да, нәтижелері де әртүрлі болды. Құрамында 4 адам болған топтың жұмыстары өте тиімді болды, себебі менің ойымша олар біріншіден жаңа ақпаратқа ашық, екіншіден әр тапсырманы талқылай отырып, бір-бірінің пікіріне құлақ асып, ортақ оңтайлы шешім қабылдай білді. Бірден бір команда болып кірісіп кетті, себебі бірыңғай бастауыш мұғалімдері жиналған. Қалған екі топтың құрамында әр пән бірлестігінің ұстаздары бір-біріне үйренісуі біраз уақыт алды, жұмыс барысында уақыттарын тиімді пайдалану қиыншылық туғызды. Осы жағдайдан түйгенім – ұжым ұстаздары арасындағы тығыз байланыстың болмауы. Әркім тек өзінің пән бірлестігінде ғана жұмыс жасайды. Бұл мәселені қолға алып, оңтайлы шешудің бірден-бір жолы – кәсіби кездесулерді, коучингтерді, пәнаралық семинарларды жиі өткізу. Формативті бағалау кезінде мұғалімдердің критерийлерге сүйене отырып, комментарий жазуға біраз қиналды. Яғни мұғалімдердің өзінде әлі де критериалды бағалау және формативті бағалау дағдылары жеткіліксіз. Алдағы уақытта аталмыш мәселе бойынша коучинг өткізу қажет. Топтық рефлексия да, жеке рефлексия да сәтті өтті. Мұғалімдер өз іс-әрекеттерін де, алған ақпаратты да, эмоцианалды жағдайларын да талдап, қорытынды шығара білді. Осы стратегиялар арқылы рефлексияның үш түрі де қамтылды. Пирамида стратегиясы арқылы жүзеге асырылған жеке рефлексивті жазбаларында ұстаздар тағы да коучингтерге қатысқысы келетіндерін, көбірек стратегиялар білгісі келетінін және де осы стратегияларды сабақта пайлану үлгісін көргілері келетінін білдірген. Бұл өте қуантарлық жағдай. Яғни ұстаздар жаңашылдыққа бет бұрып, қызығушылықтары ояна бастады. Бағдаршамның сары түсін таңдаған ұстаздармен жеке тәлімгерлік жүргізу қажет деп ойлаймын. Кәсіби әңгіме барысында олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік бар. |
Өзгерістер
|
Айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Барлығы жоспар бойынша өтті. Тек 4 адамнан құралған 3 топ жұмыс істейді деп жоспарланғанымен, 2 топта 3 адамнан болды. Мұғалімдердің жаңашылдықтарды қабылдау деңгейі, оларға көзқарасы әртүрлі |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген