400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг сабағы. «Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Т.А.Ә.А: Жакенова Кенжегуль Абдрасилкызы

Жұмыс өтілі: 25

Жұмыс орны: Қарағанды қаласындағы «№12 ЖББОМ» КММ

Лауазымы: қазақ тілі, әдебиеті пәнінің оқытушысы

Санаты: жоғары деңгейдегі жоғары санат, ІІ негізгі деңгей оқытушысы


КОУЧИНГ-СЕССИЯСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: «Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық»

Мақсатты аудитория: жас мамандар


Мақсаты:

оқушылармен тиімді жұмыс жасау және өзара ынтымақтастық қарым- қатынастарды анықтау

Міндеттері:

мектепте оқушылармен ұйымдастырушылық жұмыстарды жетілдіру, позитивті қарым- қатынасты ұйымдастыру, негативті ойлауды төмендету және оны оң эмоционалды жағдайға айналдыру

Күтілетін нәтиже:

тақырып төңірегінде ой бөлісіп, тәжірибе алмасады;

түрлі ойындарды ойнау , топтық тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушылардың өзін- өзі тану қабілеті, қарым- қатынасты қабылдауы дамиды;

нәтижелі жұмыс жасауға жол ашылады;

мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту ,өзара сыйластыққа, ынтымақтастықты қалай орнатуға болатынын анықтайды;

сыни тұрғыдан ойлап, өзіндік ой-пікірін топта талқылайды, ортаға салады

Негізгі идеялар

«Оқытушы өз шеберлігін шыңдағанда ғана мұғалімі»

«Жақсы адам табиғатынан емес, жаттығулардан жасалады»

Қосымша әдебиеттер:

Жақсылықова К.З «Тренингтік ойындар мен жаттығулар». Әдістемелік құрал. Алматы, 2014.

МАН оқулығы.

Жартынова Ж.А, Ким В.Н, Корнилова Т.Б, Қойлық Н.О, Орақова А.Ш. «Интерактивті оқыту әдіс- тәсілдері» Алматы, 2014

Уақы

ты

Коучинг-сессиясының мазмұны

Коучтің іс-әрекеті

қатысушы тыңдармандардың іс-әрекеті

топтардың өзара бағалаулары


Ұйымдастыру кезеңі.

Мақсаты:амандасу, коучингке қатысуға келгендерге алғыс айту, сәттілік тілеу

«Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» ( регламент сақтау )

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Коучинг тыңдармандарымен танысу

«Мен кіммін?» таныстыру жаттығуы


Әр қатысушының бойына таныстыру дағдысын қалыптастыру

Таныстыру жаттығу шартымен таныстыру

Шарты: әр қатысушы өз есімдерін дауыстап атап, басқы әріптертінен басталатын бір жағымды қасиетін айту

Мысалы: Айгүл, ақылдымын т.б.


Өзара таныстыру шартын орындау

басқалармен тілдесу үшін байланыс жасауға жағдай жасауға өз үлесін қосу

Таныстыруға талдау жасау: қай қатысушының таныстыруы ұнады ?




«Бас бармақпен» бағалау


Топтарға бөлу. (4-5 топ)


Топтарға бөлініп отырудың әдісімен таныстырады

Коучтің тапсырысы бойынша топтарға бөлінеді,топ басшысын сайлау,топта жұмыс істеу ережесін құру



Коучингтің тақырыбымен таныстыру

Коучингтің тақырыбын айтады,мақсатымен таныстырады


қатысушылар тыңдайды

коучинг барысындағы өздерінің мақсат міндеттерін айқындайды



Негізгі бөлім

«Жапырақтар да өзді- өзі сыбырласады»



Коуч әр топқа тапсырма береді.

Тапсырма шартының іске асу шартын таныстырады

Тапсырмалдар :

І топқа: өзара тиімді іс- әрекеттерге сипаттама бер

ІІ топқа: ынтымақтастық педагогикасының негіздері

ІІІ топқа: мұғалім мен оқушы арасындағы қарым- қатынасты нығайтатын оң әсерлер мен кері әсерін тигізетін жағдайлар

ІҮ топқа: Мұғалім –басшы, Мұғалім –таныс дос деген тақырыпты жан-жақты ашу.

Қай мұғалім типін қолдар едіңіздер? деген сұрақтарға жауап алу



топ мүшелері тапсырма шарты негізінде жұмыс жасайды, қорғайды

Топ басшысы топ мүшелерінің пікіралмасу кезеңіндегі тапсырмаларға ұйымшылдықпен қатысуын

қадағалайды

Пікірлеседі, ой бөліседі, негізгі қорытындыны қорғайды







«Бутерброд» әдісі

бұл:

а) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

ә) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....





Ең үздік топтың көшбасшылық қабілеттері анықталады, марапатталады


Презентация көрсету

(тақырыпқа толықтырулар)

Берілген тапсырмаларға қосымша түсініктер айту

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларының жауаптарын салыстырады





«Жүректе қайрат болмаса, ұйықтаған ойды кім түртпек»


Сергіту сәті

«Кілем «жаттығуы

Коуч «Кілем» жаттығуымен таныстырады.

Әр топқа 1-1-ден А4 қағазын таратады.Команданың әрбір мүшесінің міндетін түсіндіреді.»кілемді түрлі- түсті түстермен бояу, оюлар салу т.б

Міндетті шарт: топтың әр мүшесі қолына фломастерді алып, міндетті түрде кемінде бір рет ұстап, қолтаңбасын қалдыруы керектігін түсіндіреді


Топ мүшелерінің жұмысын қадағалайды, қойылған сұрақтарға жауап береді, керек жерінде бағыт- бағдар береді



минут ішінде ұйымдасқан түрде «кілем» жаттығуын орындайды, коучке тапсырады

Жаттығудың шартын орындайды

-Кілем шықты ма?

-Шықпаса, неге шықпады?

-Бұл жаттығу не үшін жүргізілді?

-Неге сәйкестік орнамады? деген секілді сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді .

Коучтің қойған сұрақтарына топ мүшелері жауап береді

Қорытындылайды


Ең үздік «кілем» жаттығуының шеберлері марапатталады, бағаланады


Ашық дауыс беру арқылы «1-ден «5»-ке дейін баға қойылады


«Жүреккке де айна керек»


Рефлексия кезеңі

«Телестудиядағы диктор» немесе «Шаңырақ»

әдісі бойынша коучингті қалай қорытындылау керектігін таныстырады

«Тілек, ұсыныстар, жетістіктер» ағашына өздерінің тілектерін жазады

Бір топтан бір диктор , қалған 3 топтан бір- бірден немесе 3 топтан ортақ бір меншікті тілші шығып семинарға қатысушылардан сұхбат жүргізеді.

Диктордың міндеті: болған, өткен жағдайларды таныстыра отырып, тілшілерге сөз береді, тілші семинар өткен жерде тұрған кейіпке еніп, семинар қатысушыларымен өтілген тақырыпқа қатысты сұрақтарды жетекке ала отырып көңіл- күйлерімен сыр бөліседі , қорытындылайды (диктор да, тілші де)

«Үш шапалақ»


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1390
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі