400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг сабақ ата-аналарға Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану пәні мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 Т.Әлиев атындағы орта мектеп мемлекеттік мекемесі













БАЯНДАМА


Тақырыбы: «Бала тәрбиесі бәрімізді алаңдатады»


Өткізген:6 «А» сынып жетекшісі: Б.Б.Дармағамбетова

Өткізген күні:02 ақпан 2019жыл











Жаңаөзен қаласы-2019жыл


Тақырыбы: «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы»

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; оқу-тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата-аналардың белсенділігін көтеру және ынтымақтастықты нығайта отырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейту.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! ! Бүгінгі  біздің «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы» атты кездесуімізге қош келдіңіздер!  Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар.


  1. Теориялық бөлім: БАЯНДАМА: «Бала тәрбиесі бәрімізді алаңдатады»

  2. Танысу/топқа бөлу/

  3. «Бала деген кім? «

  4. Бейнеролик , көрініс тамашалау

  5. «Жазалау мен мадақтау» ойыны

  6. Аңыз айту «Ащы пияз»

  7. «Сұрақ-жауап» бала тәрбиесі туралы

  8. «Өмір ағашы» жаттығуы

  9. Қорытынды 10+5+1 әдісі бойынша


Құрметті ата-аналар сіздерді баршаңызды ортаға шақырамын.

Қазір сіздерге тәттілер таратылады. Егерде қызыл түсті тәтті алғандар т.б топқа бөлінеміз


І топ      Аялы алақан /жасыл

ІІ топ     Жылы жүрек/қызыл/

ІІІ топ    Мейірімді күлкі /сары/

ІҮ топ Қамқор жан /көк/

1.Бөлім «Бала деген кім?»

Ата-аналар қазір сіздердің алдарыңызда бір-бір сөз жазылған парақша бар соны ашып, бала деген кім? Деген сұраққа осы берілген сөздерді қосып жауап берулеріңіз керек, мақал-мәтел айтуғада болады.

Сөз «Айна»
2.Сөз «Қайшы»
3.Сөз «Барыс»
Айна-баланың өмірі айнадай жарық,әдемі болсын деймін,ол үшін жан-жақты жұмыс атқаруға үлес қосамын.
Қайшы-қайшымен негізі артық,керегі жоқ заттарды қиып жатамыз.Бір сабы мектеп болса,бір сабы ата-ана болып,баланың өміріне төніп тұрған жаман нәрселерді қиып тастап,бірігіпіс атқарайық.
Барыс-жеке тұлға ертеңгі елімнің барыс-болашағы.Сондықтан да саналы,білімді,тәрбиелі шәкірт тәрбиелейік


(Айна, қайшы, барыс, жапырақ, күн, жүрек, сүйіспеншілік, мейірімділік, ойын, кітап, үй, ағаш, телефон, әже, жауапкершілік, дос, алтын, отан, өмір,мектеп)

2 –бөлім Бейнеролик тамашалау

Ата-аналар енді экранға назар аударып мына «Бала тәрбиесі» туралы бейнероликке назар аударуыңызды сұраймын.

/өз ойларын ортаға салу/— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыры мүмкін емес. маған қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата - ананың аялы алақанының әсері—

Бейнероликтің жалғасы ретінде балаларыңызың дайындаған шағын көріністеріне назар аулдарайық.

Көрініс: Ата-ана жиналысқа шақырылды. Бала анасына барды.
- Мама, сізді жиналысқа шақырды.
- Балам, менің қолым тимейді. Әкеңе бар.
- Папа, сізді мұғалім жиналысқа шақырған болатын.
- Мен жұмыстамын бара алмаймын.
Осы көрініс бойынша ата-аналар өз ойларын айтады.

3-бөлім «Жазалау мен мадақтау» ойыны

Ата – аналар, енді сіздер осы оқушыларды жазалауларыңыз керек. Алдарыңыздағы балаларыңызды қалай жазалайсыздар?
 Ортаға оқушыларды шақырамыз. Оқушылар ата – аналарына барып өздерінің басынан өткен әр түрлі жағдайларын баяндап айтады. Ата – аналар сол сәтті қалай қабылдар екен?

1 – оқушы: Анашым, мен бүгін сабаққа бармай – ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.
2 – оқушы: Әке, мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым.
3 – оқушы: Анашым, мен сіздің жақсы көретін ыдысыңызды сындырып алдым.
4– оқушы: Анашым, мен бүгін сабаққа кешігіп барыппын. Кезекшілер жазып алды.
5 – оқушы: Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағаз алдым.

6 – оқушы: Анашым, мен ұйқымды қимай жатырмын, 2 – ші сабаққа барайыншы.


4-бөлім Ата-аналарға аңыз айту

Ащы пияз» қазіргі заман аңызы

     Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды.     Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті.            Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер. Менің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.

 Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.

   Анам кіріп келіп:

- Неге жылап тұрсың? – деді.

- Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім

- Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.



5-бөлім Сұрақ-жауап

Ендi құрметтi ата-аналар, қазiр сiздердерге дайындалған бiрнеше сұрақтар ұсынылады. Сiздердермен пікірлесіп ой-бөлісу-біздер үшін үлкен бақыт.

Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

Балаңыздың қандай іс-әрекеттерін үлгі етесіз?Игі істерін қалай мадақтайсыздар?

Балаңыздың қандай жағымсыз қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз?

Сіз үшін балаңыздың өтініш-тілектері қаншалықты маңызды?

Балаңыз мектептен оралғанда көңіл-күйіне мән бересіз бе?

«Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды, тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға көзқарастарың қандай?

Білім сапасын көтеруде ата-ананың ролі бар ма

Сіздің балаңыз –озат оқушы. Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?

Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай іс-әрекет қолданасыз?

Балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол «Ән тыңдап отырмын» деп барудан бас тартады. Не істер едіңіз?

Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген ұрыс па?

Қайтсек ұлымыз ұлағатты, қызымыз инабатты болады? Сіздің пікіріңіз?

Сіз бала тәрбиесінде қандай қағиданы ұстанасыз?

Балаңыздың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз?

Балаларыңыз игілікті іс істесе қалай мадақтайсыз?

Баласы мектептен келіп анасына «Сізе маңызды бір нәрсе айтқым келеді» дейді. «Сенсіз де шаруам көп, басым ауырып тұр, мазамды алма» деп жауап береді анасы. Сіз не деп жауап берер едіңіз?

Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?

Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Тәртібі қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?

ХХІ ғасырдың ата-аналары қандай?


6 –бөлім «Өмір ағашы» жаттығуы
Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтан да бала тәрбиесіне жете мән беріп, «Адамның бір қызығы – бала деген» ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.
Біздің алдымызда тамыры тереңге жайылған үлкен ағаш ол сіздерсіздер, сіздердің алдарыңыздағы жапырақ және алма жемісі балаларыңыз, енді осы жапыраққа, алма жемісіне өзіңіздің балаңызға немесе отбасыңызға жылы тілектеріңізді жазасыз. Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып, балаларыңыздың жемісін көріп, саялы бәйтерекке айналыңыздар.


Қорытынды бөлім:
7 –бөлім «10+5+1» әдісі.

 Алдарыңыздағы ақ қағаздарға сіз үшін өміріңізге қажетті  құндылықтарды жазыңыздар. Саны  - 10. Мысалы, ақша, денсаулық, білім...

     Енді бесеуін сызып тастаңыздар, тағы төреуін сызыңыздар. Қолдарыңызда біреуі қалды, соны оқысаңыздар. Ол  көбіңізде «Бала» сөзі болар. Олай болуы заңдылық. Өйткені «Бала - ата-ананың бауыр еті», ұрпағын жалғастырар жалғасы. Әр ата-ана баласы үшін өмір сүреді.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.

«Ертең өсіп келеді, ертеңмен бірге адам өсіп келеді. Бізде қазір жаңа қоғам ғана жасалып жатқан жоқ, жаңа адам жасалып келеді», деген екен академик З.Қабдолов.Олай болса ертеңіміз нұрлы да жарқын болуы үшін мектеп, ата-ана болып бірлесе жұмыс жасайық. Бүгінгі кездесуге келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.

Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ғибратты тілегімен қорытындылаймыз. «Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата-Анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойында сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, Ата-Анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіс пеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін.»

Бүгінгі кездесуіміздің тақырыбы Бәріде сүйіспеншіліктен басталады дегендей, балаларыңыздан сүйіспеншіліктеріңізді аямаңыздар Бүгінгі кездесуіміздің тақырыбы Бәріде сүйіспеншіліктен басталады дегендей, балаларыңыздан сүйіспеншіліктеріңізді аямаңыздар









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
1051
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі