15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Коучинг "Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы және түрлері"
|
Күні:18.01.2017ж |
Жолтаева Шынар Кажимукановна |
|
|
Тақырыбы: |
Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы және түрлері |
|
|
Жалпы мақсат: |
Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның
түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау. |
|
|
Сілтеме: |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 105-бет Үлестірмелі нұсқаулық. |
|
|
Оқу нәтижесі |
Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың көңіл-күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі. |
|
|
Түйінді идеялар: |
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы кері байланыс, оның түрлері, әдістері. |
|
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
А- 4 парақтары, суреттер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, бағалау парақтары. |
|
|
Оқыту әдістері: |
АКТ Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету |
1. Диалог 2. Жеке жұмыс 4. Топтық жұмыс |
|
Дерек көздері: |
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқыту жөніндегі нұсқаулық 2. А. Әлімов. «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану » атты оқу құралы, Алматы 2015ж. 3.Мұғалімге арналған нұсқаулық Power Point |
|
|
Тапсырмалар: |
«Кері байланыс ұйымдастыр» топтық жұмыс, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау, топтық тапсырма және қорғау, рефлексия. |
|
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
|
Тапсырмалар |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
|
І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу (3 минут) |
Мен сізге гүл ұсынамын,себебі сіз....... сөйлемді аяқтау тапсырылады |
Мұғалімдер шеңберге тұрып, бір-біріне гүл ұсынып, тілек айтады |
|
Топқа бөліну (1 минут) |
Телефон түрлері арқылы топқа бөлу(NOKIA, AIFON6S) |
Телефон түрлерін таңдау арқылы екі топқа бөлінеді . |
|
«Миға шабуыл» (7 минут) (жеке, жұптық, топтық жұмыс) |
Бастапқы кері байланыс. Көңіл - күй мен эмоциялық
жағдайға кері байланыс. Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан
дайындығын байқау. |
Мұғалімдер сабақ басында және аяғында қалаған
карточкасын көрсетеді. (қызыл, көк) Бірлескен
талдау. |
|
Шағын дәріс (10 минут) |
Power point арқылы кері байланыс түрлері, әдістері туралы қысқаша мәлімет беру. (слайд бойынша)
Кері байланысты ұсынғанда және оны алғандағы ұстанатын басты ережелермен таныстыру.
Көмектесу,жәрдем беру Қазіргі кезде сабақта қолданылатын кері байланыс түрлерімен таныстыру, әрқайсысын жете түсіндіру
|
Мұғалімдер түртіп алады. |
|
Бағалау (1 минут) |
2 жұлдыз, 1 тілек әдісімен бағалау |
Әр топ бір-бірін бағалайды. |
|
Топтық жұмыс (8 минут) |
8. Шығармашылық жұмыс: Әрбір топ ерекше бір кері байланыс түрін ойлап табу. Формативті бағалау. |
Топ ішінде ерекше кері байланыс түрін шығарады. |
|
Іс-тәжірибемен бөлісу (1 минут) |
|
|
|
Қорытынды кезең Рефлексия (3 минут) |
Сабақ соңындағы кері -
байланыс. «Аралдар» ойыны түрінде алу. |
Қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын кестеге,көңіл-күйлерін Аралдар парақшасына түсіреді. білдіреді. |
Абай орта мектебі
Коучинг
Тақырыбы:
Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың
маңыздылығы және түрлері
Мұғалім: Жолтаева Шынар Кажимукановна
2016-2017 оқу жылы
«Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы және түрлері»
тақырыбына өткен коучингке рефлексивті есеп
2017 жылдың 18-қаңтарында Абай орта мектебінде «Жеке мұғалімнің іс-әрекетті зерттеуі» тақырыбына аудандық семинар өтті.Осы семинарда «Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы және түрлері» тақырыбына коучинг өттім.
Келген мұғалімдермен сәлeмдeсіп, жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін
Мен сізге гүл ұсынамын,себебі сіз....... сөйлемді аяқтау тапсырылды.(1-3 суреттер)

1-сурет 2-сурет 3-сурет
Телефон түрлерін таңдау арқылы екі топқа бөлінді. Бастапқы кері
байланыс: Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс.
Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау үшін
коучинг басында және аяғында қалаған карточкасын көрсету үшін
қызыл, көк түсті стикерлерді көрсетуді сұрадым. Мұғалімдер өздері
қалаған стикерлерді көрсетті.(1-3
суреттер)

1-сурет 2-сурет 3-сурет
«Миға шабуыл» әдісі арқылы
бірлескен талдау жүргіздім.
- Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс немесе рефлексия деген
не?
- Кері байланыстың мақсаты не?
- Кері байланыстың қандай
түрлерін білесіздер?
- Қандай әдіс - тәсілдері бар?
Мұғалімдер жеке,жұппен,топпен талдап,ойларын флипчартқа түсірді, топ мүшесі қорғады.(1-6 суреттер)

1-сурет 2-сурет 3-сурет

4-сурет 5-сурет 6-сурет
«Шағын дәріс». Power point арқылы кері байланыс түрлері, әдістері
туралы қысқаша мәлімет бердім. (слайд бойынша). Мұғалімдер түртіп
алды. Кері байланысты
ұсынғанда және оны алғандағы
ұстанатын басты ережелермен
таныстырдым.
-
Позитивті болу
-
Бағалаушы болмау
-
Кеңес бермеу,тек ұсыныс жасау
-
Ынталандыруға ұмтылу
-
Сыпайы болу
Көмектесу,жәрдем беру
Қазіргі кезде сабақта қолданылатын кері байланыс түрлерімен таныстырдым, әрқайсысын жете түсіндірдім.(1-2 суреттер)

1-сурет 2-сурет
Топтық жұмыс жасаттым:
Әрбір топ ерекше бір кері байланыс түрін ойлап табуды тапсырдым. Мұғалімдер өздері кері байланыстың бір түрін ойлап, қорғады.Бірін-бірі Екі жұлдыз,1тілек арқылы кері байланыс берді.
Іс-тәжірибемен бөлісу үшін сабақта қолданатын кері байланыс түрлерін көрсеттім.
Сабақ соңындағы кері -
байланыс. «Аралдар» ойыны түрінде алдым.
Қатысушыларға аралдар суреті бейнеленген бір парақ берілді.Онда
эмоциялық «аралдардың» бейнесі бар карта салыған: Қуаныш а., Мұң
а., Түсінбестік а., Үрей а., Күту а., Сергектік а., Шабыттану а.,
Сүйсіну а., Ляззат а., Бермуд үшбұрышы және т.б. Аралдар картасы
тақтаға (қабырғаға) ілінді және мұғалімдер картаға шығып, картаның
тиісті ауданына сабақтан кейін ішкі, эмоциялық-сезімдік жай-күйін
көрсететін өз қайығын маркермен (фломастермен)
салды.(1-2суреттер)

1-сурет 2-сурет
Коучинг соңында қатысқан мұғалімдермен пікір алмасып, ой-пікірлерін тыңдадым.
(1-3 суреттер)

1-сурет 2-сурет

3-сурет
Пікірлер:
1-пікір: Әсіресе ұжыммен бірлесе топта жұмыс істеу қызығушылық туғызды.
2-пікір: Өткен тақырып мұғалімдердің қажеттіліктеріне сәйкес келетінін мойындаймын.
3-пікір: Осы сабақтан соң өзіме сенімім артты.Кері байланыстың әр түрлері бар екендігін білдім.Енді өз сабақтарымда қолданамын.т.б. пікірлер болды.
Бұл жұмыстағы жағымды жақтар:
1. Сабақ мұғалімдерде жоғары қызығушылық туғызды.
2. Мұғалімдерде жақсы көзқарас, жағымды көңіл-күй орнады.
Бұл жұмыстағы жайсыз жақтар:
1.Кейбір мұғалімдер шаршағандықтан, жақсы атсалыспады.
2.Сабақ барысында маған әлі де кейбір мәселелер туралы тереңірек білу, оқу керектігін түсіндім.
3. Бір сабақта көп мәселені қамтуға тырыспау керек екенін түсіндім.
Иә, мұғалімдік іс– тарихтағы ұлы іс. Сондықтан бұл іске қолдау көрсетуден қасиетті іс жоқ деп білген дұрыс шығар.






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген