Материалдар / Коучинг-сабақ "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг-сабақ "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге жаңартылған оқу бағдарламасындағы критериалды бағалау жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау, критериалды бағалаудың тіміділігін көрсету Оқушылардың көңіл- күйіне, сабақтағы іс -әрекетке, оқу материалдарын қабылдауына мұғалімнің жағымды ықпал жасау жолдары туралы сұхбаттасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2021
735
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Коучинг-сабақ жоспары


Мектебі

"ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 272 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Өткізілетін уақыты

4.11.2021 ж.

Коуч-мұғалім

Бекжанова Жулдызай Жиенбаевна

Коучинг тақырыбы

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Мақсаты

Мұғалімдерге жаңартылған оқу бағдарламасындағы критериалды бағалау жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау, критериалды бағалаудың тіміділігін көрсету
Оқушылардың көңіл- күйіне, сабақтағы іс -әрекетке, оқу материалдарын қабылдауына мұғалімнің жағымды ықпал жасау жолдары туралы сұхбаттасу

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер жаңартылған оқу бағдарламасындағы критериалды бағалау, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Оқушылардың көңіл-күйіне, оқу материалдарын қабылдауына жағымды ықпал жасау жолдарын керектігін біледі. Оқу мен оқытудағы критериалды бағалаудың маңыздылығын түсінеді. Бағалау әдістерімен танысу арқылы оқыту мен оқудағы жаңа көзқарастарды түсінеді.

Негізгі идея

Мұғалімдерге жаңартылған оқу бағдарламасындағы критериалды бағалау жайлы, оқыту мен оқудағы жаңа әдістер туралы мәліметтер беру, критериалды бағалау  туралы түсінігін кеңейту, оқушының табысты оқуына ықпал жасауда мұғалім жағымды рөлінің маңыздылығын көрсету

Коучинг барысы

Коучинг кезеңдері

Коучтың іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

Сәлемдесу

Коуч коучингіге қатысушылармен амандасып, бүгінгі коучингтің табысты өтуіне сәттілік тілейді.

Қатысушылар амандасып, сәттілік тілейді.


Психологиялық

ахуал орнату

«Жүректен жүрекке» стратегиясы жүргізіледі.

- Құрметті әріптестер, барлығыңызды шаттық шеңберіне шақырамын. «Жақсы тілек жан жылуы» дей келе, шеңбер жасап орналасқан болсақ, қолымыздағы жүректі оң жағымызда тұрған адамға беріп, жақсы тілек айтайық.

Барлығы шеңберге тұрып, ойыншық жүректі бір- біріне ұсынып, тілек айтады.

Слайд №1


Топқа бөлу

1.Коучингке қатысушыларды от, су, күн суреттері арқылы 3 топқа бөледі.

2.Әр топтың таңдаған суреті бойынша топқа мінездеме беріледі.

3.Топта жұмыс жасау ережелерімен таныстыру.

Критерий ұсынылады:

1.Бір-бірін сөзін бөлмей, мұқият тыңдау.

2.Ақылға қонымды мәлімет ұсыну.

3.Келісімге, ортақ шешімге келу.

От, су, күн суреттері бойынша топқа бөлінеді.


От, су, күн суреттері қима қағаздары

Слайд №2,3,4



Слайд №5


Кіріспе

Бастапқы кері байланыс.

1.«Формативное оценивание стихотворения» бейнематериалын көруге шақырады.


2.Топтық жұмыс. «Жетістіктер етістіктері»

«От» тобы. Мұғалім ...

«Су» тобы. Оқушы...

«Күн» тобы. Сабақ ...

Өз ойларыңызды, толғаныстарыңызды жазыңыздар.

«Формативное оценивание стихотворения» бейнематериалын көреді.



Әр топ постер қорғайды.


Слайд № 6 Бейнематериал



Слайд № 7

А4 парақтары, түрлі-түсті маркерлер,

таймер

Мұғалімдерді коучинг тақырыбына енгізу

1.Топтық жұмыс.

Жылқының суретін салу.

Әр топқа А4 қағазы беріледі. Топ өзара бағалайды. Сонан соң критерий бойынша бағалату.

Қатысушылар критерий құрайды.


2.Слайдтан коучинг тақырыбы көрсетіледі.


3. Топтық жұмыс «Топтан- Ойлан- Талқыла».

«От» тобы. Баға дегеніміз не?

«Су» тобы. Бағалау дегеніміз не?

«Күн» тобы. Қалай бағалаймыз?


Өз ойларыңызды жазыңыздар.

Осы сұрақтар бойынша нақты мәлімет беріледі.


4. Таныстырылым «Критериалды бағалау".

Слайдтан тақырып бойынша теориялық ақпарат беріледі.

5. Сергіту сәті.

6. Таныстырылым жалғасы.


7. «Критериалды бағалау » бейнематериалын көрсету.


Қатысушылар тақырып пен мақсатты айқындайды.


Қатысушылар тапсырма орындап, жумыс соңында тапсырма бойынша тұжырым жасайды.

Коучинг тақырыбымен танысады.

Қатысушылар өз ойларын постер арқылы ортаға салады.




Сұрақтар бойынша нақты мәлімет алады.

Қатысушылар ақпарат алады.


Ән ырғағымен еркін билеу.

Қатысушылар ақпарат алады.

Қатысушылар бейнематериал көреді, өз ойларын ортаға салады.

Слайд № 8







Слайд № 9


Слайд № 10

А4 парақтары, түрлі-түсті маркерлер,

таймер


Слайд № 11-15


Слайд № 16-23



Слайд №24



Слайд № 25-31



Практикалық бөлім







«Үшбұрыш» стратегиясы.

«От» тобы критериалды бағалаудың тиімділігіне аргументтер айтады.

«Күн» тобы қарсы аргументтер айтады.

«Су» тобы 2 топтың жауаптарына талдау жасайды.

3 топ өз ойларын ортаға салады.

Слайд № 32

А4 қағаздары,

таймер

Қорытынды

1.Кері байланыс. «Хаттар сауыты» стратегиясы






2.Коуч қатысушыларға тілек айтып, коучингіні жақсы психологиялық ахуалмен аяқтайды.


Қатысушылар коучинг-сабағы тақырыбына байланысты өз ойлары мен ұсыныстарын жапсырма кағаздарға жазады.


Қатысушылар өз көңіл- күйлері, алған әсерлері мен ойларын ортаға салады.

Слайд №33

жапсырма кағаздар,

түрлі-түсті маркерлер


Слайд № 34,35











Коучинг-сабақ бойынша рефлексивті есеп

Мұғалімдерге жаңартылған оқу бағдарламасындағы критериалды бағалау жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау, критериалды бағалаудың тіміділігін көрсету, оқушылардың көңіл- күйіне, сабақтағы іс -әрекетке, оқу материалдарын қабылдауына, ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып, жағымды ықпал жасау жолдары туралы сұхбаттасу мақсатында «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында коучинг-сабақ өткіздім. Мұғалімдерге жаңартылған оқу бағдарламасындағы критериалды бағалау жайлы, оқыту мен оқудағы жаңа әдістерді туралы мәліметтер беру, критериалды бағалау  туралы түсінігін кеңейту, ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып оқушыны табысты оқуына ықпал жасау туралы мәлімет беруді алдыма мақсат қойдым.

Коучинг сабағымның нәтижесінде мұғалімдер жаңартылған оқу бағдарламасындағы критериалды бағалау, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Оқушылардың көңіл-күйіне, оқу материалдарын қабылдауына ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып жағымды ықпал жасау жолдарын керектігін біледі. Оқу мен оқытудағы критериалды бағалаудың маңыздылығын түсінеді. Бағалау әдістерімен танысу арқылы оқыту мен оқудағы жаңа көзқарастарды түсінеді.

Жұмысымды коучингіге қатысушылармен амандасып, бүгінгі коучингтің табысты өтуіне сәттілік тілеумен бастадым. Жақсы көңіл-күймен бастап, мұғалімдердің арасында сенімді қарым-қатынас орнату үшін психологиялық ахуал жасап, «Жүректен жүрекке» стратегиясымен жұмыс жүргіздім. Мұғалімдер шеңберге тұрып, колындағы ойыншық жүректі қасындағы адамға жақсы тілек айтып ұсынды.Топтық жұмыс туралы нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, алған от, су, күн қима суреттерге сәйкес 3топқа бөлінді. Топтың таңдаған суреті бойынша әр топқа мінездеме берілді. Құрылған топтарда тиімді жұмыс жасау үшін қандай қағидаларды ұстану керектігі айтылды . Бастапқы кері байланыс жасау мақсатында «Формативное оценивание стихотворения» бейнематериалын көрсеттім. Бейнематериалға байланысты «Жетістіктер етістіктері» топтық жұмысы ұйымдастырылып, әр топ өз тапсырмасы бойынша постер қорғап, «оқушы», «мұғалім», «сабақ» жетістігі туралы ойларын ортаға салды. Келесі топтық жұмыс барысында жылқының суретін салу тапсырмасы орындалып, топтар бір-бірінің жұмысын өзара бағалады. Критерий бойынша бағалау жұмысын жүргізу барысында сұрақ-жауап арқылы коучингінің тақырыбы мен мақсаттары айқындалды. Келесі топтық жұмыс «Топтан- Ойлан- Талқыла» тақырыбы бойынша үш топқа «Баға дегеніміз не?», « Бағалау дегеніміз не?», «Қалай бағалаймыз?» сұрақтарына байланысты постер аркылы өз ойларын ортаға салды. Осы сұрақтар бойынша нақты мәлімет берілді. «Критериалды бағалау" тақырыбы бойынша теориялық ақпарат беріліп, таныстырылым жасалды. Таныстырылым ортасында «Сергіту сәті» жүргізілді. «Критериалды бағалау » бейнематериалы көрсетілді. Осы бейнематериалдан алған мәліметтерге сәйкес «Ұшбұрыш» стратегиясы бойынша жұмыс жүргізілді. «От» тобы критериалды бағалаудың тиімділігіне аргументтер айтты. «Күн» тобы қарсы аргументтер айтты. «Су» тобы 2 топтың жауаптарына талдау жасап, өз ойларын ортаға салды. Коучинг-сабақтың қорытынды бөлігінде «Хаттар сауыты» стратегиясы бойынша сабаққа кері байланыс жасалды. Мұғалімдер коучинг-сабағына байланысты өз ойлары мен ұсыныстарын айтты. Мұғалімдерге тілек айтып, коучингіні жақсы психологиялық ахуалмен аяқтадым. Коучинг-сабақ өз мақсатына жетті деген ойдамын.







770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!