Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Коучинг "Сабақтағы кері байланыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектептептегі барлық жаңартылған мазмұнда сабақ беретін ұстаздарға, коучинг өткізетін тәлімгер ұстаздарға өте көп көмегін береді. Бүгінгі таңда әр сабақтағы оқушылардың өзінің артық және кем кеткен тұстарын біліп, болашақта жөндеу керек екендігін түсіну мақсатында кері байланыстың маңыздылығын алдымен ұстаз түсінуікерек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг жоспары

Коучингтің тақырыбы:

«Сабақтағы кері байланыс»


Жалпы мақсаты:

  • Мұғалімдерге кері байланыс және оның түрлері туралы мағлұмат беру;

  • Тиімді кері байланыс оқушыларға өзінің күшті, осал жақтарын анықтауға көмек беретінін түсіну;

  • Кері байланыстың тиімді әдістерін жүзеге асыру.

Күтілетін нәтижесі:

  • Мұғалімдер кері байланыс және оның түрлері туралы мағлұмат алады;

  • Тиімді кері байланыс оқушылардың күшті, осал жақтарын анықтап, олардың оқуын жақсартуға қаншалықты көмек беретінін түсінеді;

  • Кері байланыстың тиімді әдістерін жүзеге асыруды жоспарлай алады.

Түйінді идеялар:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы кері байланыс және оның түрлері.

Сабақта қолданылатын ресурстар:

А4 парақтары, интерактивті тақта, маркер, қалам.

Дереккөздері:

Мұғалімге арналған нұсқаулық, презентация

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

1. Сәлемдесу. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Сергіту сәті, топқа бөлу.

«Төрттік» әдіс (әке, ана, бала, дос)

«Әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылып, сол аттары бойынша топқа бөлінеді. Әке, бала, ана, дос туралы әндердің бір шумағын орындату арқылы сергіту жаттығуын жасату.

1- тапсырма: «Бір минуттық ой»әдісі.

Мақсаты:Ой қозғау арқылы суретке кері байланыс ұсына отырып, коучингтің тақырыбын, мақсаты мен маңыздылығын түсіну.

Күтілетін нәтижелер:

  • Суретке кері байланыс жазады;

  • Кері байланыстың мәні туралы пікірі қалыптасады;

  • Кері байланыс ұсынудың оқушылардың алға жылжуына қандай ықпалы бар екенін түсінеді.

Тапсырамаға нұсқау:

Ұсынылған суретке қарап,жеке жазбаша кері байланыс жазыңыз, кейін өз жауабыңызды тақтадағы жауаппен салыстырыңыз.

  • Сіз ұсынған кері байланыс пен тақтадағы кері байланыстың қандай айырмашылығын көрдіңіз?

ҚБ:Ауызша сұрақ- жауап әдісі


2-тапсырма: «Миға шабуыл»

Топтық жұмыс.

Мақсаты: сұрақтарға жауап алу арқылы кері байланыс туралы не білетіндерін анықтау.

1-топ. Қалай ойлайсыздар сабақтағы кері байланыс дегеніміз не? Ол қалай жүзеге асады?

2-топ. Кері байланыс берудегі мақсат не деп ойлайсыз? Қандай түрлерін білесіздер?

3-топ. Өз тәжірибеңізде кері байланысты қандай мақсатта қолданасыз? Қандай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырасыздар?

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы берілген оқушы жұмысына жазбаша кері байланыс ұсыну.

Мақсаты: Коучинг басында берген кері байланыстары мен соңғы ұсынған кері байланыстарының арасындағы айырмашылықты түсіну.


3-тапсырма: «Шағын дәріс»

Мақсаты: Теориялық мағлұмат алу арқылы кері байланыстың түрлері мен әдіс-тәсілдері туралы білу.

Интерактивті тақтадан кері байланыс, оның түрлері және кері байланыс беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы теориялық білім беру(слайд көрсету).

4-тапсырма: «МИКС» жаттығуы

Топтық жұмыс.

Мақсаты: Идеяларды жинақтап, түйіндеу, кері байланыс жасау.

Сабақтарда кері байланысты қалай ұйымдастырар едіңіз?

1-топ. «Қызығушылығын ояту» бөлімінде

2-топ. «Мағынаны тану» бөлімінде

3-топ. «Ойтолғаныс» бөлімінде

ҚБ: «Кері байланыс бутерброды-2 мадақ, 1 сын»

Топтық кері байланыс «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс

1.Жұмыс барысындағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?

2.Топтағы қарым-қатынас қай дәрежеде көбірек жүзеге асты?

3.Тапсырма орындау барысында топ мүшелері қандай қиындықтарды сезінді?

4.Тапсырманы орындауда топта ынтымақтастық сақталды ма?


5-тапсырма: «Қар кесегі»

Мақсаты: Коучинг барысында кері байланысқа қатысты алған білімдерін бекіту.

Допты мұғалімдерге бағыттай отырып, жауап алу мақсатында мынадай сұрақтар қоямын:

- Кері байланыстың мақсаты қандай?

- Тиімді кері байланыс дегенді қалай түсінесіз? Мысал келтіре аласыз ба?

- Кері байланыс кезінде мұғалімдер қандай қателіктер жіберуі мүмкін?

- Кері байланыс оқушыға, мұғалімге не береді?


«Екі жұлдыз, бір тілек» Жеке жұмыс

Мақсаты: Тақтадағы оқушы жұмысына тиімді кері байланысты қалай беру керектігін қаншалықты түсінгендігін білу үшін жазбаша кері байланыс беру.


Кері байланыс: «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі.

Мақсаты: коучинг барысында алған білімдерін бағалау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
501
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12