жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп
Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп
1-бөлім: Тақырыпты негіздеу
Менің коучингтердің тақырыптары «Топтық жұмысты ұйымдастыруда диалогтік оқытудың тиімділігі» және «Мәтінмен жұмысты сын тұрғысынан ойлау арқылы ұйымдастыру». Топтық жұмыста диалогтік оқытудың тиімді әдістерін қатысушыларға көрсете отырып, өзіндік ой түюге ықпал ету. Сын тұрғысынан ойлау технологиясынын стратегияларымен жұмысты ұйымдастыра отырып, стратегиянын пайдалану қадамдарын көрсету. Бұл екі коучингте де қолданылатын әдістер олар жұптық, топтық әдістер. Қазіргі орта мектептерде бұл әдістер өте жиі пайдаланылады деп айта алмаймын. Өйткені топтық жұмыс кезінде оқушылардың еркіндігі аса күшті болады. Мұны игеруге мұғалімдердің әдіс-тәсілдерін жетілдіру керек. Сондықтан мұғалімдер арасында осы бағытта коучингтер, тәжірибелік пікір алмасулар жиі өтуі қажет.
Өткізген коучингтерге мектептің бастауыш сынып мұғалімдері мен орта буында сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Өйткені осы уақытқа дейін бастауыш сынып мұғалімдері арасында деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалім болған жоқ. Бастауыш мұғалімдері өткізілген коучингтерге қалмай қатысты.
Бұрын да мұғалімдер әр сабағында сұрақ-жауапты пайдаланса да диалогтік оқытудың толық философиясын білмеді. Сондықтан сұрақтың өзінін белгілі бір деңгейлері бар екенін білмей келді. Сондықтан коучинг барысында бұлар мұғалімге жаңалық болды деп есептеймін. Мектепте қызмет істейтін мұғалімдер оқушылардың оқу сауаттылығын және тілін дамыту үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Әсіресе сын тұрғысынан ойлау технологиясынын кейбір жеңіл түрлерін үнемі сабақтарында пайдаланады.
Менің оқыту мен оқудың осы аспектісіне көңіл аудару себебім: оқушылар қазіргі кезде әдеби кітаптарды көп оқымайды. Әдебиеттік оқу, дүниетану пәндерінде мәтіннің мағынасына көп көңіл бөлмеу салдарынан сөз саптауы жұтаң. Оқушылар өз ойын нақты жеткізе алмайды, кейде сөздерінде әдеби нормадан ауытқып, түсініксіз сөздерді пайдаланады. Мысалы: Кеше күлкілі жағдай болды деудің орнына кеше күлкініш жағдай болды дейді. Бірақ балалар оның сөзін түсініп тұрады. Жас кезінен олардың сөз саптауына назар аудармасақ, олардың ойы мен сөзі жұтаң болып тәрбиеленіп шығады.
Маған маңызды болу себебі қазіргі уақыттағы халықаралық зерттеу, TIMS, PISA, оқушылардың оқу сауаттылығына негізделген тапсырмаларға Қазақстанның оқушылары толыққанды жауап бере алмайды. Оқушылардың алған білімдерін өмірге икемдеп, пайдалана алмайды. Мәтінмен толық жұмыс жасай алмайтын бала белгілі ортада өзін де жақсы ұстай алмайды. Қоғамдық ортада қарым-қатынасқа тез түсу үшін диалогтік оқыту әдісі мен сын тұрғысынан ойлау әдісі өте тиімді.
Бұл менің мектебімнің мәнмәтінінде маңызды себебі: коучингтен күтілетін нәтиже мұғалімнің тәжірибесінің жетілуіне, оқушының белгілі бір ортада қалыптасуына өзіндік ықпалы бар. Мектеп әкімшілігі педагогикалық ұжымның кәсіби жетілуі үшін деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдердің біліміне арқа сүйейді. Ата-аналар болашағынан үміт күтіп отырған балаларынын жан-жақты білімді болып қалыптасуына мектеп үлкен рөл атқарады деп бағалайды. Деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерді үйренуі, пайдалануы, дамытуы үшін мектептегі кәсіби қоғамдастықтың жұмысын жандандыру маңызды болмақ.
-
Сіз неге дәл осы мұғалімдермен жұмыс істеуді ұйғарғаныңызды түсіндіруге тиіссіз:
Бұл мұғалімдермен жұмыс жасауды ұйғаруым бұлардың басым көпшілігі мен сияқты бастауыш сынып мұғалімдері, біз бір бірлестікте жұмыс жасаймыз өзіндік проблемаларымыз ортақ. Осы ортақ проблеманы шешуде біз бір-бірімізден үнемі көмек сұрап, бір-бірімізге қолдау көрсетеміз.
Мәтінмен жұмысты мұғалімдер жақсы жасады, әр бөлігіне назар аудара отырып оқыды. Мәтінді жұпта, топта талдады. Мәтін бойынша өз ойларын қоса отырып жоба жасады. Бұл тапсырманын сәтті болу себебі мұғалімдер топқа бөлуде ең басты маңызды нәрселерді байқамайды, мәтін өзі мұғалімнің сабақтағы іс-әрекетіне негізделіп берілді. 1 топқа «Ынтымақтастық оқу», 2 топқа «Топты қалай ұйымдастыруға болады?», 3 топқа «Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижесі» деген мәтін таратылды.
Топ ережесін құруда топ мүшелері көп жағдайларға назар аудармады, ережені құруда бастауыш сынып оқушысының деңгейінде қарады. Жетектеу сұрақтарын беру арқылы ережені толықтырттым.
Коучингтен мұғалімдер өздеріне қажетті ақпараттарды ала алды деп ойлаймын. Коучингке қатысқан әріптесім кері байланыста А: «Топтық жұмысты ұйымдастыруда алдымен топтың ережесінің қажет екенін осы коучингке қатысу барысында білдім. Шынымен белгілі бір ереже болмағанда топтағы балаларды ие болу қиындау. Оқушы ережені өзішығарғаннан кейін еріксіз өзі орындайды, бағынады. Мәтін бойынша да талай мәліметтер алдым. Алдағы іс-тәжірибемде пайдаланамын әрі дамытамын» деген екен.
Өткізген екі коучингке 27 мұғалім қатысты, басым көпшілігі бастауыщ сынып мұғалімдері. Олар коучингтегі тапсырмаларға қызыға қарап, жақсы қатысты. Әсіресе «Мәтінмен жұмысты сын тұрғысынан ойлау арқылы ұйымдастыру» тақырыбында берілген мәтін бойынша бірнеше проблеманы анықтай отырып, топ мүшелері соның ішінен біреуін таңдап алды. Бұл проблеманы шешудің жолдарын «Балық қаңқасына» сала отырып нәтижесін де өздері анықтады.
Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі қозғалыста болады. Қозғалыс бар жерде жаңару бар, ендеше келешекте білім саласында да тың жаңалықтарды қажет ететін кезең болады. Мектеп ұжымынын кәсіби біліктілігіне байланысты жұмыстың тақырыбы да формасы да өзгеріп отырады. Мұғалім, оқушы қажеттілігіне байланысты жұмысты сол деңгейде ұйымдастырамыз деп есептеймін.
Коучинг өткізу барысында аса оғарғы жауапкершілікті сезіндім. Өзімнің әріптестерімнен алынған сауалнаманың қажеттілігіне байланысты болған коучингкке көп ізденіспен дайындалған едім. Әріптестерімнің қажеттілігін өтеу үшін деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен пікірлестім, өзіммен бірге оқып жатқан мұғалімдермен, өзімнің тренеріммен бірнеше рет хабарластым. Кез келген жұмысты өткізуде әріптестердің қолдауынын қажет екнін сезіндім.
Коучинг жүргізу туралы бастапқы ой алғашқы бетпе-бет кезеңі аяқталар кезде іштей жоспарлап, ойша өткізген едім. Бірақ ол ойлаған тақырыбым мектеп әкімшілігімен әңгіме, мұғалімдермен алынған сауалнама барысында тақырыбым өзгерді.
Коучингті жүргізу туралы негізгі идея өзімнен шықсада маған көмек көрсеткен кәсіби қоғамдастықтағы деңгейлік курстан өткен мұғалімдер.
Өткізілген коучингтердегі әдіс-тәсілдер оқыту мен тәрбие үрдісінде пайдалануға лайықтанып алынды. Сондықтан мұғалімдер үйренген әдістерін сабақ барысында пайдаланды деп есептеймін.
Мұғалімдер коучингкке қатыса отырып, өздерінің әріптестерінің бұрын байқалмаған қасиеттерін аңғарды, бағалады. Мұғалімдерде оқушылар сияқты кейбірі аса белсенді болса, кейбіреулері сылбыр болады. Дайындаған жобаларын қорғау барысында мұғалімдердің интеллектуалдық деңгейі байқалады.
Мен мұғалім ретінде деңгейлік бағдарламадан алған білімімді, жинақтаған тәжірибемді, өз ұжымыма толық бере алдым деп ойлаймын. Менің коучингіме қатысқан мұғалімдермег кәсіби әңгіме жүргізгенімде кейбір әдістерді сабақта пайдаланып жүргенін айтты.
Коучинг өткізуде тек тақырыпқа қажетті материалдарды ғана жинамайсын, сонымен қоса пайдаланатын көрнекіліктеріңнің эстетикалық талғамға сай түрлі түсті жасалуын да назарда ұстадым. Коучинг барысындағы әр қатысушынын тақырыпқа қатысты пікірлерін білуге мұқият талпындым. Кері байланыста жазылған әр мұғалімнің пікірін оқып шықтым. Бейнетаспаға түсірілген коучингті қайталап көре отырып рефлексивті есеп жаздым.
Өткізген коучингімді жетілдіріп оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруға бағытталған әдістермен толықтырып өткіземін. Өйткені қазіргі алған білімдерін балалар өмірде қолдана алмайды. Сондықтан пән аралық байланысқа негіздеп тапсырмалар дайындап оқушы сауаттылығын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргіземін.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген