400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

коучинг-сессия

Материал туралы қысқаша түсінік
деңгейлік курс бойынша оқыған мұғалімдер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу үдерісінде бағалаудың маңызы мен критериалды бағалаудың тиімділігі

Коуч: Альжанова Руфа Куанышкалиевна


1-апта

6-сабақ

Коучинг тақырыбы:

Оқу үдерісінде бағалаудың маңызы мен критериалды бағалаудың тиімділігі


Жалпы мақсат:

Бағалаудың маңыздылығын көрсете отырып, критериалды бағалаудың тиімділігін ұғындыру

Сілтеме:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  104-109 бет

2.Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару

49-64 бет

3.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар 15 бет

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер бағалаудың маңыздылығын түсінеді.Топтық жұмыс арқылы критериалды бағалаудың маңыздылығы ашылады.

Түйінді идеялар:

Бағалау түрлері.Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы,өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі реттеуі.

Тапсырмалар:

1. Психологиялық ахуал тудыру

2. Топқа бөлу ("Кіру билеті" әдісі арқылы)

3. "Мінсіз бақылаушы" сайлау

4. Бағалау парағын тарату

5.Тренинг "Түйе салу" (бағалаудағы салғырттықты көрсету)

6.Сын тұрғысынан сұрақтар беру ("қалай бағалар едіңіз?"сұрағын қою)

7. Көрсетілім (тақырыптық презентация көрсету)

9.Сергіту сәті "Қызыл өрік"әуенімен

10.Постер жасау

11. Бейнекөрсетілім "Нах-нах,нух-нух" (бағалау тақырыбына ой түю)

12.Әр топ оқушыларға сәйкестендіріп бағалау критериларын құрып,

қорғайды.

13. "БББ" әдісі

14.Сауалнама жүргізу

15. Қорытындылау "6 қалпақ" әдісі

16. Рефлексия "Көңіл-күй смайлигін" тарату

Сабақта қолданылатын материалдар:

А 3 парақтары,стикер, интербелсенді тақта, маркер, қалам,бағалау парағы,смайликтер,постер

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

АКТ ,СТО әдіс-тәсілдері Сауалнама ,топтық жұмыс Критериалды бағалау

Кері байланыс әдісі

Рефлексия

Дерек көздері:

АКТ,бейнематериалдар

Тапсырмалар:

Топқа бөлу

Постер қорғау

Бағалау парағымен жұмыстану

Сауалнама

Бейнежазба көрсету



Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

Коучинг сабағының оқу барысы

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал тудыру

( 1 мин)

Жағымды әуенмен әріптестерді қарсы алу.

Әуен ырғағына билеп кіріп орындарына жайғасады.

Топқа бөлу

(5 мин)


"Кіру билеті" әдісі арқылы топқа бөлу

Билеттің нөмірі бойынша топтарға бөлінеді.

"Мінсіз бақылаушы" сайлау (2 мин)

Топ әрекетін бақылап отыратын бір адамды сайлау ұсынылады.

Әр топ "Мінсіз бақылаушы" сайлайды.

Бағалау парағын тарату (2 мин)

Бағалау парағын тарату

Критерилерімен танысып шығады.

Қажетті материалдар тарату

(5 мин)

Жұмыстануға қажетті құралдар таратылады.

Танысады.

1-тапсырма

Тренинг "Түйе салу" (бағалаудағы салғырттықты көрсету) (3 мин)

А4 парағына түйенің суретін салу тапсырылады.Дәстүрлі бағалау жүргізеді (формальды бағалау)

Берілген тапсырмаға сай әрекет жасайды. "Неліктен былайша бағаланды?" сұрағы аясында ой бөліседі.

2-тапсырма

"Ой қозғау"әдісі

(Сын тұрғысынан сұрақтар беру)

(5 мин)

Оқыту үдерісінде бағалау қажет пе?

Сабақ барысында сіздер нені бағалайсыздар?

Сіздердің бағалауыңыздан кейін оқушының сабаққа ынтасы қандай?

сұрақтарын интербелсенді тақтада көрсету

Әр топтан мұғалімдер өз ойларын айта алады.

3-тапсырма

Көрсетілім (тақырыптық презентация көрсету) (7 мин)

Интербелсенді тақтаны пайдаланып

" Оқу үдерісінде бағалаудың маңызы мен критериалды бағалаудың тиімділігі " туралы мәлімет беру

Презентация арқылы ой түйеді.

Сергіту сәті "Қызыл өрік"әуенімен

(5 мин)

Бейнетаспа арқылы әуен ойнатылады.

Әуен ырғағына сай қимылдар жасайды.

4-тапсырма

Постер жасау

(7 мин)

Топтық жұмыс.Тақырып мазмұнына сай постер жасау, ой түйіндеу.

Әр топ бірлесіп тақырыпты постер арқылы ашып, қорғайды.

5-тапсырма

Бейнекөрсетілім "Нах-нах,нух-нух"

(10 мин)

Бейнеролик көрсету.Мұғалімдер пікірлерін тыңдау

Топ ішінен 1-2 мұғалімнен өз ойларымен бөлісіп, қалған әріптестермен пікір алмасады.

6-тапсырма

"Жоба қорғау"

(10 мин)

Тапсырма шартын таныстыру.

1.Нық тұруы 2.Ұқсастығы 3. Көлемі

4. Тарихы

Әр топ берілген құралдарды пайдаланып, киіз үй моделдерін жасайды.

Жеке жұмыс

(3 мин)

Критерийалды бағалау жасау


Әр мұғалім өз пәніне сәйкестендіріп 4-5 пуктты бағалау критериларын құрады.

7-тапсырма

"БББ" әдісі

(5 мин)

Кестені толтырып шығу тапсырылады.

Топ мүшелері бірлесе жұмыстанады.

8-тапсырма

Сауалнама жүргізу

(8 мин)

Топтың әр мүшесіне сауалнама таратылады.

Сауалнама сұрағына жеке-жеке жауап жазып шығады.

Қорытындылау

"6 қалпақ" әдісі

(10 мин)

Мұғалімдерге 6 түсті қалпақ кигізіледі.Шарты түсіндіріледі.

Қалпақ түстеріне сай әркім өз ойларымен бөліседі.

Рефлексия "Көңіл-күй смайлигін" тарату (1 мин)


Топ алдына екі түрлі көңіл-күйдегі үлкен смайлик беріледі.

Әр мұғалім өзінің әсерімен бөліседі.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
732
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі