Материалдар / Коучинг-сессия "Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өту кезіндегі оқытудағы сабақтастық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг-сессия "Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өту кезіндегі оқытудағы сабақтастық"

Материал туралы қысқаша түсінік
4-5 сынып сабақтастығына байланысты мұғалімдермен жүргізілетін коучинг сесия
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1176
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өту кезіндегі оқытудағы сабақтастық.


Коучинг –сессия


Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ десе, жас жеткіншектерге терең білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бастауыш сыныпта бір ғана мұғалімге, бір талапқа үйренген бала бірден бірнеше мұғалімнің талабына жауап бере алмай қиналады. Бастауыш сынып бітірген оқушы орта буынға өткенде психологиялық қиындықтарды сезінеді. Бірінші сынып оқушысына психологиялық қиындықтың түсуін жақсы білеміз. Ал, бесінші сыныпта жаңадан орта буынға өткен балалармен ондай жұмыс түрлері баяу өтеді. Бастауыш сынып оқушылары бір мұғалімнің жұмыс істеу әдісіне, оның талаптарына үйренген. Олай болса, біз бүгінгі коучингте 4-5 сынып сабақтастық кезінде кездесетін қиындықтарды анықтап және оларды шешу жолдарын айқындаймыз.


Коучинг жүргізілуі:

Мақсаты : 4-5 сынып сабақтастық кезінде қиындықтарды анықтау және шешу жолдарын айқындау.

Қатысушыларды 3 топқа бөлу. Санау арқылы 1,2,3

Кажетті құралдар: плакат, фломастер, стикер

Тапсырмалар:

  1. 4-5 сынып оқушыларының оқу үрдісіндегі айырмашылықтар

  2. 5 сыныпқа ауысу кезінде үлгермеу себептері

  3. Сәтті бейімделген 5 сынып оқушысының портреті

Әр топқа бір тапсырма беріледі. Мұғалімдер тапсырманы постерге орындайды және қорғайды.

Оқушылар орта буында көптеген мұғалімдермен кездеседі, әртүрлі талап, әдістерге тез арада үйрене алмай қиналады. Кейде мұғалімнің сөйлеуі де әсер етеді. Бастауыш сыныпта бір мұғалімге үйреніп, тәрбиеленіп шыққан бастауыш сынып оқушылары бесінші сыныпқа келгенде жаңа талапқа (әрі мұғаліміне) бірден үйренісе алмай, оқу үлгерімі де төмендейтіні белгілі. Осы жағдайдың алдын алу үшін мектеп тәжірибесінде сабақтастықты жүзеге асыру игі нәтижесін береді. Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат – міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір құрылымының үйлесімділігі.

Сабақтастық жұмыстары оқушының білімін, оқу-тәрбие жұмысын, тәрбиелік біліктілігін жоғарылату дағдысын арттырады

Рефлексия. « Екі жұлдыз, бір тілек» түрінде стикерге бүгінгі коучингте / көңілінен шыққан 2нәрсені /ұнаған/ және 1 ұсынысын жазады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!