400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Коучинг-сессия жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучингке кіргендегі сауалнама: Оқушыларды қалай зерттейсіз? Үнемі зерттеу жүргізесіз бе? Осы зерттеу тәсілі қаншалықты тиімді? Сергіту сәті: 1. Физминутка(Шоқ қыздар) 2. «Менің мықты жақтарым» Әркімге өзінің оқушыларға үлгі болатындай, оқушыларының бойына сол қасиеттерін сіңіргісі келетін, мықты жақтарын сипаттау ұсынылады. Өзін-өзі жарнамалау нәтижесінде әрбір кіші топ бірге жұмыс істеу арқасында бойына жақсы қасиеттерді жинаған жеке тұлға портретін жасайды. «көкөністер салаты» бойынша топқа бөлу.(сәбіз, асқабақ, капуста, сарымсақ, банан, бұрыш)
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі» КММ


Уақыты:

09.12.2015

Тақырыбы:

Дарынды және талантты балалардың көшбасшылығын анықтау жіне бағалау. Lesson study әдісі

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық (I(ілгері) деңгей)) екінші басылым,

Мұғалімге арналған нұсқаулық (IІ(орта) деңгей)) екінші басылым,

Lesson study нұсқаулығы

Таратпа материалдар

Жалпы мақсаты:

1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру;

3. Коммуникативті бейімдеу;

4.Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету жолдары;

Оқыту нәтижелері:

Мұғалім:

Нақты мақсат қоя алады

Оқушыларды зерттей алады;

Бағалауды практикада қолдана алады;

Lesson study әдісі бойынша топтастыру немесе презентация жасай алады.

Түйінді идеялар:

SMART негізінде мақсат қоя білу;

Lesson Study тәсілімен «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісін іске асыру;

Бағалаудың түрлерін қолдану.

Ресурстар:

Түрлі-түсті қағаздар, маркер, желім, қайшы, стикер, степлер, көкөністер суреттері, моделдері, кері байланыс парағы.



Сессия барысы


Сабақ бөлімдері, уақыты

Коуч пен қатысушы мұғалімдердің іс-әрекеті



Кіріспе

20мин

Эпиграф: «Бұлақ көрсең – көзін аш» Мақал

Коучингке кіргендегі сауалнама:

Оқушыларды қалай зерттейсіз?

Үнемі зерттеу жүргізесіз бе?

Осы зерттеу тәсілі қаншалықты тиімді?

Сергіту сәті: 1. Физминутка(Шоқ қыздар)

2. «Менің мықты жақтарым»

Әркімге өзінің оқушыларға үлгі болатындай, оқушыларының бойына сол қасиеттерін сіңіргісі келетін, мықты жақтарын сипаттау ұсынылады. Өзін-өзі жарнамалау нәтижесінде әрбір кіші топ бірге жұмыс істеу арқасында бойына жақсы қасиеттерді жинаған жеке тұлға портретін жасайды.

«көкөністер салаты» бойынша топқа бөлу.(сәбіз, асқабақ, капуста, сарымсақ, банан, бұрыш)

« Миға шабуыл».

Қатысушы мұғалімдерден оқу мақсаттарын қалай қоятыны сұралады. Мақсат кімге қойылады?

Жұпта талдау.

SMART негізінде мақсат қою туралы таныстырылым

Әр топ SMART негізінде мақсат қояды. (Дарынды және талантты балаларға байланысты) Оны сағат тілінің бағытымен келесі топқа жібереді. Топтар мақсаттың дұрыстығын бағалайды.

«Бағдаршам» әдісі бойынша қатысушылар айтылған пікірлерге өз ойларын білдіреді: «Жасыл»-келісемін, «Сары»-кейбіріне келісемін, кейбіріне келіспеймін, «Қызыл»-мүлде келіспеймін

Семинар

30 мин

«Мағынаны тану» Lesson study әдісі.

Әртүрлі дереккөздер арқылы Lesson Study тәсілімен танысу.

Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін

зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілікті оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдердің істерінен көруге болады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін

оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді.




Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері - қадағалайды.

Lesson Study топтамасынан кейін (ереже бойынша үш немесе одан көп сабақ) топ оқыту тәсілі мен оқу бағдарламаларына енгізілетін және көпшілікке таратылатын өзгерістерді келіседі.

Тапсырма:

Lesson Study дегеніміз не?

Оны не үшін пайдалануға болады?

Оны өткізудің кезеңдері қандай?

Кітапша жасау.

Кітапшаны қорғау.Спикер таңдалып, ұжым алдында қорғайды

Рефлексия

2мин

2 жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша


20мин

«Көкөністер салаты» арқылы топқа бөлу.(салатқа қажетті көкөністер бір топқа отырады)

Тапсырма:

Гүл жасау

Гүлді зерттеу

Бағалау ( өздері, сағат тілі бағытымен келесі топтар)

Бағалау критерийлері бойынша бағалау

Талдау:

Идея ұсынған кім?

Жұмысты жасауға кімдер қатысты?

Кім жұмыстың қандай бөлігін жасады?

Жұмысқа қатыспағандар болды ма?

Кімнің қандай қабілеті бар екен?

6.Көшбасшыны анықтау:

1. Топқа берілген 10 ұпайды топ мүшелеріне қалай бөлер едіңіздер?

2. Топтағы көшбасшылық кімге тиесілі деп ойлайсыздар?

«Ой толғаныс»

5 мин

Бес жолды өлең: Lesson Study

Бір зат есім

Екі сын есім

Үш етістік

Төрт сөзден тұратын сөйлем

Синоним

Кері байланыс

5 мин

Коучингтен шығардағы сауалнама:

Маған не ұнады?

Мен не үйрендім?

Маған бұл түсініксіз болды.

Менің ұсынысым.


Коуч: Бияров Рафхат Нуролдинович








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1163
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі