400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

коучинг-сессия тақырыбы "Мақсатты анықтау техникалары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтағы мақсатты анықтай алу,мақсатқа тиімді жолдармен жете алу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Picture 2 Коуч жүргізушісі: Утеева Нургуль Булекбаевна.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,

№48 Ә.Қоңыратбаев мектеп-лицейі,

Тарих пәні мұғалімі.

Коучинг-сессия тақырыбы: «Мақсатты анықтау техникалары.»

Топтар: мектеп мұғалімдері (3 топ,15 адам)

Мақсаты: Сабақ мақсатына жетуде тиімді жолдарын анықтау. Тақырыпты түсіндіре отырып, негізгі мәселені анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, нақты тапсырманы таныстыру арқылы ой-өрістерін дамыту.

Міндеті: Мектеп мұғалімдерінің сабақтағы мақсатты құрылымымен байланыстыра білуіне ықпал ету.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекі-ақпарат(презентация),ішінара ізденіс(зерттеу барысындағы сұхбат),топтық,жұптық және жеке жұмыстар ұйымдастыру,денсаулық сақтаушы технологиялар(сазды сергіту,тренинг).

Қажетті жабдықтар:интерактивті тақта,презентация,ватман қағаздары,маркерлер,түрлі түсті стикерлер

Коучинг-сессия жоспары.

Кезеңдер

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

уақыт

Ұйымдастыру кезеңі

"Дағды, оқу,білім" сөздері арқылы мұғалімдерді 3 топқа бөлу.

Сөздері бар парақшаларды тарату. Ол сөздер күнделікті сабақ барысында қолданылады ма? Осы сөздер сабақ нәтижесін көрсете ала ма?Сабақ нәтижесі неге байланысты шығады? І-топқа, Дағды сіз үшін негізгі сабақ мақсатына жетудің көзі ме? ІІ-топқа , Оқу арқылы сабақ мақсатын анықтау мүмкін бе? ІІІ-топқа, Жан- жақты білім (интернет, қосымша әдебиет, теледидар) сізге сабақ мақсатына жетуіңізге көмектесе ме?


Топ аттарына сай орналасады.Жаңадан өтілетін тақырыпты ашады.

4 м

«Миға шабуыл»

Мақсаты: қатысушыларды коучинг-сессияда қарастырылатын тақырыпқа шақыру.

Бағалау:формативті бағалауды ұйымдастыру

Топтық жұмыс Бейнежазба тыңдалымы "Жақын әрі алыс мақсат".


Топтар бейнеүзіктегі көрініске өзара пікір алмасады да, туындаған сұраққа қатысты ойларын ортаға салып,ақ параққа түсіреді. 3-топ та топ жұмыстарына өзара «мадақтау»арқылы баға береді.

10 мин

Мәтінмен жұмыс.Жаңа материал таныстырылымы.


Мақсаты Мақсатты анықтау сабақ құрылымының тиімді бөлігі ретінде қарастыру,тәсілдермен таныстыру


Коучтің кіріспе сөзі Әр топқа бір сұрақтан беріледі.

Сіздің мақсатыңыз оқыту нәтижесін анықтай ма?

  • Мақсат сізге мұғалім ретінде оқушылардың сабақ соңында бір нәрсені меңгергендігін анықтауға көмектесе ме?

Сіз сабақтың нәтижесін «көріп», «тыңдап» немесе «оқып шыға» аласыз ба? т.б сұрақтарына жауап алу



Сұрақтар арқылы жүргізуші мен мұғалім арасында диалог орнайды. Қатысушылар тыңдайды,сұхбаттқа қатысады,қажетті тұстарын жазып алады.


15 мин

Сергіту сәті.

Мақсаты:келесі әрекетке көшу үшін жағымды ахуал қалыптастыру. Топ мүшелерін жақындастыру, сергіту,қатысушылар өздерінің эмоциясымен, сезімдерімен, ойларымен бөліседі.

«Сенде әрқашан таңдау жасауға мүмкіндік бар» бейнеүзік көрсетілімі ұйымдастырады.

Барлық топтар көрсетілім нәтижесінде өз сабақтарының мақсатын өмірмен байланыстыру керек екенін ұғынады.

4м

Рефлексия.

Мақсаты:Коучингтің өз мақсатына қаншалықты жете алғандығын білу.

Қатысушыларға коучинг барысында көрген-білгендерін және естігендерін зерделеуге,саралауға ықпал ету.

Әдісі: Шульманның үш көмекшісі.

Шульманның бас,қол,жүрек суреттері бар бағалау парақшалары таратылады.


Бас суретінің тұсына Ойында не қалғанын,Қол суреті тұсына не істегенін, Жүрек тұсына қандай көңіл күймен отырғанын, ұсыныс*тілектерін жазады.

4 м






№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі

Утеева Нургулдің "Мақсатты анықтау техникалары" атты жүргізген

каучинг – сессия жұмысына рефлексивті есебі.



Менің бұл жұмысты жүргізудегі басты мақсатым өз әріптестерімнің арасында сабақ мақсатына жетуде тиімді жолдарын анықтау. негізгі мәселені анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, нақты тапсырманы таныстыру арқылы ой-өрістерін дамыту, сабақтағы мақсатты құрылымымен байланыстыра білуіне ықпал ету. Алғашқы іс – әрекетім "Дағды, оқу,білім" сөздері арқылы мұғалімдерді 3 топқа бөлуден басталды. Сөздері бар парақшаларды таратып болған соң, мынадай сұрақтар қойдым.-дағды,оқу, білім сөздері күнделікті сабақ барысында ісімізде көрініс табады ма? Осы сөздер сабақ нәтижесін көрсете ала ма? Сабақ нәтижесі неге байланысты шығады?

Бұл сұрақтар әріптестер арасында пікірталас туғызды. Сол себепті мен І топқа "Дағды сіз үшін негізгі сабақ мақсатына жетудің көзі ме?", ІІ- топқа "Оқу арқылы сабақ мақсатын анықтау мүмкін бе?", ІІІ-топқа "Жан- жақты білім ( интернет, кітап,теледидар) сіздің оқу мақсатыңызға жетуде көмектесе ме?" деген сұрақтар арасында өзара пікір алысу барысында мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Өйткені әр мұғалім өз іс- тәжірибесіне байланыстыра сөз қозғады.

"Жақын, әрі алыс мақсат" бейнеүзікті тамашалау барысында оларда тағы да өз позицияларын параққа түсіріп, өз тобының ішінде сараланып, бағаланды.

Сіз сабақтың нәтижесін «көріп», «тыңдап» немесе «оқып шыға» аласыз ба? Сіздің мақсатыңыз оқыту нәтижесін анықтай ма? Мақсат сізге мұғалім ретінде оқушылардың сабақ соңында бір нәрсені меңгергендігін анықтауға көмектесе ме? т.б сұрақтарыма да әр топтан жауаптар алдым. «Сенде әрқашан таңдау жасауға мүмкіндік бар» бейнеүзік көрсетілімінен соң, мұғалімдер сабақ мақсаттарын өмірмен байланыстыра қозғау керек екенін түсінді.Ал шығу парақшасында әр мұғалім өздері үшін керекті мағлұмат ала білгендерін, ендігі сабақ мақсатын қоюда өмірде қолданысқа келетін дүниелерді қосу керектігін түсінгендерін жазыпты. Бұл дегенің мен осы коучинг мұғалімдерге біршама дүниені ұғындырған деп ойлаймын.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі