Коучинг сессиясының
жоспары
Тақырыбы: Көзбен көретін айғақтар негізінде сыни ойлауға
ықпал ету
Мақсаты: Мұғалімдердің бойында көзбен көретін айғақтар
негізінде сұрақ қою, болжам жасау және модельдеу дағдыларын дамыту
және өз іс-тәжірибелеріне енгізуге бағыттау. Практикалық
тапсырмалар беру арқылы сыни ойлауға, әдіс-тәсілдерді сабақта
тиімді пайдалануға ықпал жасау.
Күтілетін нәтиже:
- Мұғалімдер оқу үрдісінде көзге
көрінетін айғақтар негізінде сыни ойлауға ықпал етудің маңыздылығын
түсінеді;
- Сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен
модельдеу дағдылары қалыптасады.
- Жаңа-әдіс тәсілдерді сабақта қолдануды
үйренеді;
Ресурстар: «Қаздар сабағы» бейнежазбасы,
слайд, кері байланыс парағы, кестелер, плакат, маркер,
т.б.
Оқыту әдістері: «Көршімнің портреті»
тренингі, «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі, «Дананың кілттері»
әдісі, «» кестесі, «Бес саусақ» әдісі.
Жұмыс түрі: Топтық, жұптық,
жеке.
Дайындаған:
Өткізілген жері:
Өткізілген уақыты: 2016 жыл
наурыз
|
№
|
Коучинг
кезеңдері
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Уақыт
|
Қатысушылардың іс-әрекеттері
|
Күтілетін
нәтиже
|
|
1
|
Топқа бөлу
|
Гүлдердің түсі бойынша
топқа бөлу
|
2 минут

|
Қатысушылар ақ парақшаларды таңдап, ішіндегі
гүлдің түсіне қарай топқа бөлінеді.
|
Жұмыс
істеуге қолайлы шағын топтар құрылады.
|
|
2
|
Топ ережесін
қалыптастыру
|
«Қаздар» бейнежазбасы
?
|
5
минут
|
«Қаздар» бейнежазбасы
арқылы топтық жұмыстың ережесін құрады
|
Қатысушылар бірлескен топтық жұмысқа дайын
болады.
|
|
2
|
Ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыру
|
“Көршімнің портреті» тренингі
«Қос
қарлығаш» әуені
|
3 минут

|
Қатысушылар қасындағы
көршісімен жұп құрады. Топқа бөлінген кезде таңдап алған
парқшаларын төбесіне қойып, музыка ырғағымен билеп тұрып көршісінің
портретін салады.
|
Қатысушылардың көңіл күйлері көтеріледі, ішкі
мотивациясы артады.
|
|
3
|
Проблеманы
айқындау
|
«Ойлан, топтас, пікірлес» әдісі
?
|
4 минут

|
1. Мұғалімдер:
- Салған суретіңіз өзіңізге ұнады ма?
- Көршіңіздің келбетіне ұқсады ма?
- Көршіңіздің суретін сала алмауыңызға не себеп
болды?
- Осы суретке қарап отырып қандай ой түюге
болады?
- деген бағыттаушы
сұрақтарға жауап бере отырып тақырыпты ашады.
|
Салған суреттеріне қарап
отырып көзбен көріп салудың маңыздылығын түсінеді. Өзара пікір
алмасу арқылы еркіндікке, өз ойларын айтуға, белсенді болуға
дағдыланады.
|
|
4
|
Проблеманы шешу
|
«Дананың кілті» әдісі /слайд/
-
“Кемшіліктер” кілті – берілген айғақтардың
кемшіліктерін тізбектеңіз
-
“Жаңа дизайн” кілті - күнделікті заттарға жаңа
дизайн беру үшін қолданылады.
-
“Егер де” кілті – “егер де” деген сұрақ қойып,
қатысушылардың ойларын жазып отырыңыз.
-
“Тағы қалай” кілті - күнделікті қолданылатын
заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жасау үшін қиялыңызды
пайдаланыңыз.
-
“Конструктор” кілті – шектеулі құрылыс
материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді
шешу жөніндегі тапсырма.
-
“Жөнсіздік кілті” - виртуальді орындауға болмайтын
жөнсіз пікірлер айтыңыз,содан соң оны дәлелдеуге
тырысыңыз.
-
Бағалау. Түстер арқылы
көк – тапқыр, сары – белсенді, қызыл - шығармашыл.
|
12 минут

|
Әр топ ұсынылған
айғақтарды (бос қорап, түсті қағаз, қайшы, желім, англ булавка,
диск) «Дананың кілтімен» ашады. Осы айғақтар негізінде сыни ойлауды
дамыту үшін Тони Райанның «Дананың
кілттері» ұсынылады(слайд)
|
Қатысушылар берілген
айғақтар негізінде сыни ойлауға үйренеді, Тони
Райанның«Дананың
кілттері» әдісін қолдануды үйренеді.
|
|
5
|
Сергіту сәті
|
«Ойлан, тап!»
Піл, құмыра,
мұғалім.
|
3 минут

|
Әр топтан ортаға шыққан
қатысушыға сурет көрсетіледі. Суреттегі бейнені өз тобына ыммен
түсіндіруі керек. Топ мүшелері жасырынған бейнені
табады.
|
Көңілдерін сергітеді, дем
алады.
|
|
6
|
Топтық жұмыс
|
«Топтастыру» стратегиясы
|
12 минут

|
Мұғалімдерге көзбен көру айғақтары (тарихи
тұлғалардың суреттері) беріледі. Суреттерді қарап,
талқылайды,жинақтайды, топтайды. Постерлерін
жасап,қорғайды.
«Стикер» арқылы
бағалау
|
Сыни тұрғыдан ойлау
арқылы Қазақстанның өткені мен кешегісі, бүгіні туралы ой түйіп,
нәтижеге жетеді.
|
|
7
|
Қорытынды /
Рефлексия
|
«Бес саусақ» әдісі
|
5 минут

|
Топ мүшелері өз пікірлерін жазады.
Бас бармақ – білдім Сұқ саусақ – сезіндім,
байқадым. Ортаңғы саусақ – ойландым. Аты жоқ саусақ – мақсат
қойдым.
Шынашақ – келісемін, жаңа
ақпарат таныдым.
|
Кері байланыс жасай
отырып, сыншыл дос болады.
|
|
|
|
|
45 минут
|
|
|