Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Коучинг: Сын тұрғысынан ойлаудың дағдылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг жоспары тренерлерге,коуинг өткізетін коучтерге,
Материалдың қысқаша нұсқасы

12апта,12күн

Күні:16.11.2016жыл

Тренер:А.О.Хасенова

Өткізілетін орны:

актовый зал

Тақырыбы

1-сабақ: Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.

2-сабақ: Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау.

Мақсаты

Мұғалімдер оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі

әдістерін анықтайды.

Нəтижесі

Мұғалімдер өз пәні бойынша сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал

ететін үш түрлі тапсырма әзірлейді.

Түйінді идея

Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы

шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген

тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық

әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды

білдіреді


«Ой өзгермей, адам өзгермейді»


1-сабақ: Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.

Оқыту барысы

1-сабақ









































Кері байланыс

· Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу.

Егер осылай болса…”
Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы:
– Егер әр адам туғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілеті болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
– Егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде сөйлейтін болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
– Егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
– Егер адамдар құс сияқты ұшатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
– Егер оймен барлық өсімдіктер өмірін басқаруға болатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
– Егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

Егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с.
Фантазиялық әңгімелерге үлесін қосқандардың барлығы геометриялық фигуралармен марапатталады, топтық ережені еске түсіреді.
Топқа бөлу

Бейнежазба қарау, талдау.

«Блум таксономиясы» Анықтауыш сұрақтар.

  • Бейнебаяннан не көрдіңіздер?

  • Неге олай ойладыңыз?

· Миға шабуыл «Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз ...»

1Рисунок 3 -топ. «Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?»

2-топ «Сын тұрғысынан ойлау құралдары»

3-топ «Сын тұрғысынан ойлауға тапсырмалар»

«Балауыз шамы» стратегиясы

Жеке жұмыс:

Музыка әуенімен балауыз шамға қарай отырып, қысқа эссе жаздырту.

Топтық жұмыс

  1. Балауыз шамының жануын 5 жасар бала тарапынан зерттеу.

  2. Балауыз шамының жануын 70 жасар қария тарапынан зерттеу.

  3. Балауыз шамының жануын дәрігерлер тарапынан зерттеу

  4. Балауыз шамының жануын мұғалім ретінде зерттеу

  5. Балауыз шамының жануын ата-ана ретінде зерттеу?

  • Білім беру туралы сын тұрғысынан ойлау (таныстырылымы)


Тәжірибемен бөлісу. Ықшам сабақ көрсету.


Оқыту барысы


2-сабақ: Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау

2-сабақ


· Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу

«Кім екенін тап» ойыны
Мақсаты:Топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі.
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей,өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады.Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған бетерді жетекші жинап, араластырады да,арасынан біреуін алып дауыстап оқиды .Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек
Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап,тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйретеді

Топқа бөлу

Музыка әуенімен топқа бөлу.

Музыка ойнап тұрғанда еркін жүру. Тоқтағанда 5 адамнан топтасу.


Топтық жұмыс

Ресурс:

1-топ:Сыни ойлау деген не? Постер қорғау.

2-топ. Оқытудың жеке тұлғаға бағыттылуының он тәсілі (Білім беру платформасы229-бет)Постер қорғау

3-топ. (Презентация жасау)Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдары (Білім беру платформасы 230-231 бет)Ресурс:

4Рисунок 4 -топ. «ТВ шоу» «Айтуға оңай» бағдарламасы. «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың мақсаттары мен құндылықтары» (Білім беру платформасы 234-235 бет).

Сергіту сәті «Поезд»

1-вагон –паравоз

2-вагон- «Пуп-пуп!» -деп дыбыс беруші

3-вагон-«Чык-чык» деп дыбыс беруші

4-вагон-«Бағыттаушы»- «Оңға! Солға! Тіке!»,- деп бағыт беруші

· «Сын тұрғысынан ойлаудың әдістері»

«Кинометафора» әдісі

«Павло мен Бруно» мультфильмі

1-топ. «Балық қаңқасы» әдісі. Павло мен Бруноның жоспары мен мақсаты, нәтижесін анықтау.


2-топ «Ақ орамал»

  • Мәтінді оқу;

  • Өз ойымен аяқтау;

  • Шығармашылық тапсырма


«Аудио» әдісі

3-топ. «Бай мен кедей?» аудиосын тыңдау, талдау, аяқтау.

«РАФТ» әдісі.

Р-роль- бала

А-аудитория- әкесі

Ф-форма- алғыс хат жазу

Т- тақырып «Алғыс»

4-топ «Венн» сызбасы


Топтарды «Екі жұлдыз, бір тілек әдісі» арқылы бағалау


Рефлексия

«Телеграмма» әдісі

Жеке жұмыс «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдарын өзімнің пәнімде қалай қолданатын боламын?» сұрағына 10-15 сөзден тұратын өтілген сабақ туралы мектебіне телеграмма жазу ұсынылады. 2-3 минут телеграмма құруға беріледі, содан соң барлығы өз телеграммаларын оқып жалпы қорытынды жасалады.

Кері байланыс

Рисунок 6 « Алтын сақа »

1. Алшы - жақсы тілек айтады.
2. Тәйке- жаңа ой салды .
3. Бүк- пікірімен бөліседі.
4. Шік- ұсыныстарымен бөліседі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2019
565
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12