15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Коучинг "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары"
Коучинг -сабақ-жоспары
Коучинг сессия Күні:24.09.2017 Уақыты: 1700
Коуч: Мухтарова Жанар Сыдиховна Мұғалімдер:
Тақырып: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары
Мақсаты: Түрлі тапсырмалар беру арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру, сабақта тиімді пайдалануына ықпал жасау; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдарымен таныстыру.
Коучинг барысында:
- Мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау.
- Топпен және жеке жұмыс істеу кезінде адамның ойлау қабілетін, қыры мен сырын таныту мақсатында бейімдеу.
-Бірлескен ойлау барысында іс-әрекеттегі зерттеуде деректер жинақтаудың мүмкіндіктерін түсінуді күшейту.
Күтілетін нәтиже:
- Қатысушылардың тапсырмалар арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады, өз сабақтарында тиімді пайдалануға үйренеді.
Коучинг сызбасы:
1. Мақсатты анықтау (Біз неге қол жеткізгіміз келеді)
2. Іс-әркектті жоспарлау (ол үшін не істеуіміз керек?)
3. Нәтиже (Жақсылықтар/Сәтсәздіктер/Талдау/Қорытынды)
|
Кезеңдері |
Коуч әрекеті |
Қатысушы әрекеті |
Коучтың мүмкін болар сұрақтары |
|
І. Сәлемдесу Мұғалімдерге жағымды ахуал қалыптастыру (3 мин) Мақсаты: жағымды атмосфера қалыптастыру, тыңдаушылардың жұмысқа деген қызығушылығын ояту, көтеріңкі көңілмен кірісуін қамтамасыз ету |
- Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Көңіл-күйлеріңіз қалай?Жақсы жұмыс жасауға, жақсы көңіл күй керек. Сергіту сәті. «Сағат бойынша достар» Нұсқау: Сағаттың суретін салып, әрбір санның тұсына мұғалімдердің есімдері жазылады. 1. Қолын қысыңыз (Пожать руки) 2. Арқасынан қағыңыз (Похлопать по спине) 3. Күлімсіреңіз (Улыбнуться) 4. Қол бұлғаңыз (Помахать) 5. Көзіңізді қысыңыз (Подмигнуть) 6. Комплимент айтыңыз (Сделать комплимент) 7. Бір тілек айтыңыз (Пожелать что-нибудь) 8. Послать воздушный поцелуй 9. Массаж жасаңыз (Сделать массаж) 10. Қол ұстасып серуендеңіз (3-4 қадам) 11. Құшақтаңыз 12. Қол ұстасып 3 рет секіріңіз . |
Сергу қимылдарын орындайды |
Cұрақтар: - Сіздер қазір өздеріңізді қандай күйде сезініп тұрсыздар? - Қалай ойлайсыздар мұндай жаттығуларды сабақта қолданған дұрыс па? – Өз тәжірибеңізде жағымды ахуал құру үшін не істеген болар едіңіз? |
|
Топқа бөлу 2мин |
Өлең шумақтарына сәйкес топқа бөліну. 1-топ.Ұстаз болу – жүректің
батырлығы, |
Өлең шумақтарына сәйкес топқа бөлінеді |
|
|
Таныстырылым. 10 мин |
Миға шабуыл.
: «Сіздің мұғалім екендігіңіздің 13 белгісі». |
суретке байланысты өз ойларын айтады. Мұғалімдер таныстырылым тамашалап, өз ойларымен бөліседі |
-Суретке қарап не айта аласыз? -Не ой түйдіңіз? -Әлемдегі өзгеріс пен іс-әрекеттегі өзгерістерде қандай айырмашылық бар? -Өз тәжірибеңізде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаласыз ба? - Жаңашыл ұстаз болудың 13 критерийіне біздің жұмысымыз сай ма? - Өзіңізге қандай баға берер едіңіз? - Жер шарындағы барлық мұғалімдерге тән олардың ортақ қасиеттері қандай? |
|
Тапсырма: 5мин |
“Жасырын критерийлер.” Нұсқау: “Әр топ өздеріңіз пән мұғалімі сабақ өтуі үшін қажетті оқу құралдарының суреттерін салыңыздар. Қалай салсаңыздар да өздеріңіз білесіздер. Ең бастысы ол пән мұғаліміне қажетті заттар болуы қажет. 5 минут уақыт беріледі.” Уақыт межесіне жетіп, барлық топтар дайын болған кезде, тапсырманың критерийін қабырғаға іліп қою. Критерийлер: -күнтізбе жоспарының болуы; -тақырыптық жоспардың болуы; - сынып журналының болуы; -қарындаштың болуы; -тақта -бордың болуы; -өшіргіш (тақтаны бордан тазалау үшін қолданылатын зат) -маркердің болуы; -көрнекі құралдар. |
Топтар пән мұғаліне қажетті заттардың суретін салады |
-Тапсырманы орындау барысында нені байқадыңыздар? -Қажетті заттардың суреттерін салуда неге сүйеніп жұмыс алып бардыңыздар? -Белгілі бір жүйелілік сақталды ма? -Жоспар түзу арқылы жұмыс алып бару жеңілдіктер туғызады ма? -Өз іс-тәжірибелеріңізде қалай қолданар едіңіздер? |
|
Миға шабуыл «Кір жаю» әдісі /10 мин/ |
Нұсқау: Интерактивті тақтадан «Притча о типах людей: морковь, яйцо и кофе» бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтсеңіздер |
Бейнежазба-ны мұқият көреді, ойланады, өз ойларын, пікірлерін айтады, сұрақ дайындайды. |
Олар өз топтарында талдап, сұрақтарға жауап жазып, жіпке апарып іліп қояды |
|
ІІІ. Ақпарлама. (7 мин) |
Сыни тұрғыдан ойлау туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру |
Сыни тұрғыдан ойлау туралы мәліметпен танысады. Талқылаулар жүргізеді |
|
|
Рефлексия 3 мин |
Нұсқау: 1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады; 2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек; 3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы … - Әрбір қатысушыға сауалнама беріледі.
|
Рефлексия «Мадақтау сэндвичі»
|
1.Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма? 2.Сіз бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба? 3.Сізге оқыту мен оқуда жаңа тәсілдер ұсынылды ма? 4.Коучинг сабағы кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе? 5.Коучинг сабағы сіздің өзіңіздің оқыту мен оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгізуге жігерлендіреді ме? |



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген