400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг ""Табысты мұғалім-табысты оқушы"

Материал туралы қысқаша түсінік
1."Табысты мұғалім","табысты оқушының" бесекеге қабілетті тұлға ретіндегі сәйкес келетін қасиеттерді талқылау. 2.Табысты мұғалім мен табысты оқушы моделін құрастыру; Мұғалімдер табысты мұғалім мен табысты оқушы туралы өз көзқарастарын топтық талқылауға сала отырып,тұжырымды ой қорытады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Коучинг сабақ жоспары


Коучинг сессия тақырыбы

"Табысты мұғалім-табысты оқушы"


Жалпы мақсаты:

1."Табысты мұғалім","табысты оқушының" бесекеге қабілетті тұлға ретіндегі сәйкес келетін қасиеттерді талқылау.

2.Табысты мұғалім мен табысты оқушы моделін құрастыру;

Оқыту нәтижесі:

Мұғалімдер табысты мұғалім мен табысты оқушы туралы өз көзқарастарын топтық талқылауға сала отырып,тұжырымды ой қорытады.

Түйінді идея

ХХ ғасырдың мұғалімі ХХІ ғасырдың оқушысын оқыту үшін ұстанымын өзгерту қажет!

Ресурстар:

интербелсенді тақта, плакат, маркер, стикер,тақырыптық үлестермелі материалдар, видеожазба


Коучинг-сессияның өту барысы

Коучинг сабағының өтілу кезеңдері

Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті.

Сәлемдесу

Коуч амандасып,тақырып пен мақсатты хабарлайды

Топқа бөлу

Қолдарына берілген конфеттердің түсіне қарай топтастыру

(қызыл,жасыл,сары)

«Миға шабуыл»

Видео көрсету "Мұғалім екеніңіздің 13 белгісі"

Сіздер қалай ойлайсыз бұл видеоны бүгінгі тақырыппен қалай байланыстыруға болады?

Сіз табысты мұғалімсіз ("Иә", "Жоқ")

Егер "Иә" болса,сіздің табыстылығыңыздың 3 белгісін жазыңыз

Егер "Жоқ" болса,сіздің табысты емес екеніңіздің 3 белгісіні жазыңыз



Топтық жұмыс.

Постер қорғау

Әр топқа түрлі тақырып беріледі.

1-топ "Табысты мұғалімге" тән қасиеттерді саралап шығады.

2-топ "Табысты мұғалім"сөз тіркесіндегі әр дыбысқа жекелеген қасиеттерді жаза отырып,тақырып мазмұнын ашады.

3-топ "Табысты оқушыға" тән қасиеттерді жаза отырып,жай оқушы мен табысты оқушы ара жігін ажыратып көрсетеді.


Әр топ тақырыптық постерлерін қорғап, қорытынды шығарады.

"Табысты мұғалім"

-оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы оқу әрекетін тиімді ұйымдастыра алады.

-өз ісін жанымен сүйетін шебер маман

-оқушылармен ынтымақты қарым-қатынаста болуы керек.

-үнемі жинақы,белсенді,ұйымдастырушылық қабілеті жоғары,жұмысқа деген дайындығы болуы керек

- оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын, дамуын, тәрбиесін өзінің негізгі мақсаты ретінде санауы керек.





Табысты оқушы

-мектеп ұсынып отырған білім беру бағдарламасын меңгеру қабілеті жоғары болу керек

-өз білімі мен дағдысын оқыту барысында көрсету қабілеті жоғары болуы керек

-мектептегі жоғары баға-мектеп табыстылығының басты критериі болып табылады



Презентация

Бүгінгі айтылған құнды пікірлерден ой түйіп, назар аударуларыңызды сұраймын

Кері байланыс

Бүгінгі пікір алмасудан қандай ой түйдіңіз? Сонымен "Жаңа мазмұндағы табысты мұғалім" тақырыбына "синквейн" әдісін қолдана отырып,тұжырымдап постерде бейнелеп шығайық.


Қорытынды рефлексия

Бүгінгі пікір алмасудан қандай ой түйдіңіз? Коучинг сессиядан алған әсерлеріңіз? Сізге не ұнады немесе ұнамады?

Қатысушылар "Екі жұлдыз,бір тілек" әдісі бойынша стикерлерге ұсыныс-тілектерін жазып,сәйкес суретке жапсырады.


 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
728
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі