|
Олай
болса, сапалы білім, табысты оқушыға
қол жеткізу үшін мұғаліміміз қандай
болу керек. Ол үшін ортаға жас
мұғалімдерді шаттық шеңберіне
шақырамын. Өйткені ертеңгі біздің
мектебіміздің болашағын жарқын ететін
ұстаздарымыз, осы жас мұғалімдер деп
ойлаймын.
Бүгінгі
коучингім жүрісіне Пажерстің «Оқыту
сызбаларын» қолданбақшымын .
Мұғалімдер
шаттық шеңберіне тұрады.
Сіздерге
сұрақ . «Мұғалім шеберлігі» дегенді
бір сөзбен сипаттаңыздар. Немесе
сіздің ұстанымыңыз
бойынша «Шебер мұғалім» қандай
қасиеттерге ие болуы мүмкін.
Олай
болса, осы айтылған барлық қасиеттер
сіздің бойыңызда бар ма? Немесе
өздеріңізді мұғалімнің шеберлік
шыңына жеттік деп ойлайсыз ба?
Ендеше
осы , мұғалім шеберлігін арттыру үшін
біз не істеуіміз керек? Осы сұраққа
жауап алумыз үшін , сіздер жасырын
сөздердің бірін таңдап аласыздар.
Берілген сөздердің «мұғалім шеберлігін
арттыру» ұғымына қандай байланыс бар
екенін анықтап түсініп алу үшін,
өзіңіздің жаныңызға орта буын
өкілдерінен бір-бір мұғалімді алып
келіңіздер. Ол мұғалім сізге берілген
сөздерге өз көзқарасы арқылы түсіндерді.
Жас
мұғалімдерге берілетін сөздер:
Теориялық
білім, біліктілікті көтеру курстары,
әдістемелік тақырып
кәсіби
шеберлік сайыстары , әдістемелік
білім,,әдіс
алмасу ,семинарлар,
ақпараттық
технологиялар,
АКТ ,қабілетті
оқушылармен жұмыс,пәндік
білім,өз сабағына талдау жасау,озық
тәжіриебе жинақтау,тарату
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
педагогикалық
этика қалыптастыру ,жаңа
білім тұжырымдамасымен бағдарламаларымен
танысу
Жас
мұғалімдердің шешімі.
Ендеше,
қазіргі таңда өздерінің іс-әрекеті
нәтижесінде
мұғалім шеберлігінің білім шыңына
жетіп, табыс оқушыға қол жеткізіп
отырған мұғалімдер мектебімізде бар.
Күні кеше аудандық, облыстық олимпиададан
оқушылары орын алып келген ұстаздарымызды
ортаға шақырып, мұғалімдеріміздің
табысты оқушыға қалай қол жеткізгені
туралы бізбен ой бөлісуге шақырамыз.
Олай
болса, құрметті ұстаздар жас
мұғалімдерге сіздердің жолыңызды
берсін, сіздер сияқты табысты оқушыға
қол жеткізсін, әрқашан ұстаздық
жолында жұлдыздары жарқырай берсін
деген тілекпен , өз тілектеріңізді
айта отырып, мұғалімінің өңіріне
қолдарыңыздағы жұлдыздарыңызды тағып
берсеңіздер екен.
|