Коучинг тақырыбы: Қалыптастырушы бағалаудың оқу мен оқытудағы тиімділігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг тақырыбы: Қалыптастырушы бағалаудың оқу мен оқытудағы тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдерге коучинг өткізуге арналған жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы «С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ биология пәні мұғалімі Шакенова Назгуль Сансызбаевна

Коучинг сессиясының жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Қалыптастырушы бағалаудың - оқу мен оқытудағы тиімділігі

Жалпы мақсаты:

Әріптестеріме 7 модуль жайлы түсінік беру, әріптестерімнің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз ету барысында оқыту үшін бағалауды ұғындырып, оларды өз тәжірибесінде қолдануға баулу. 

Оқу нәтижелері

Мұғалімнің біліктілігін арттырады, шығармашылық пен ізденіске жетелейді, оқыту үшін қалыптастырушы бағалауды қолдана алады, қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістерін жоспарлай алады.

Көрнекі құралдар-жабдықтар

Үлестірмелі қағаздар, плакаттар, компьютер, маркер, слайд, топқа бөлуге арналған құралдар, интерактивті тақта, мұғалімге арналған нұсқаулық.

Оқыту әдістері

СТО элементтері, оқу мен оқытуды бағалау, жұптық және топтық жұмыс, постер әдісі 

Сабақ барысы

1. Қызығушылықты ояту.

А) Психологиялық ахуал. «Шаттық шеңбері»

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестері. Сіздерді бүгінгі коучингте көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі коучингіміздің басында «Шаттық шеңбері» ойынын ойнауды ұсынамын. Сіздерге тақтаның алдына шығуларыңызды өтінемін. Бір-бірлеріңіздің қолдарыңыздан ұстап бүгінгі күнге тілек тілеңіздер.

Ә) Түсті моншақтар беру арқылы топқа бөлемін. Топ ережесін құруды ұсынамын. Б) Миға шабуыл. Әріптестеріме 7 модуль жайлы түсінік беремін. В) БББ әдісі (білемін, білгім келеді, білдім)

2. Мағынаны тану.

А) Қалыптастырушы бағалау туралы түсіндіру. Ә) «Аялдама» әдісімен постер құрау, қорғау. Постерді критерийалды бағалап ұнаған постерге стикер жабыстырады.

Бағалау дегеніміз не және бағалау үдерісіндегі қандай негізгі қағидаттарды білесіздер?

Топтық жұмысты бағалау критерийлері

  1. Топ ережесін сақталуы

  2. Тапсырманы уақытында орындауы

  3. Топ мүшелерінің белсенді қатысуы

  4. Мазмұндылығы мен тақырыптын ашылуы

  5. Сұраққа жауап беруі

  6. Безендірілуі

Ә) Сергіту сәті. Б) «Дубляж» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалу туралы бейнежазбаға салып екі немесе үш минуттық дубляж жасап, топ алдында көрсету.

«Алдар көсе - Саудагерлік дипломатия»

«Алдар Көсе - Тегін сыйлық»

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы екі топ бірін-бірі бағалайды.

3. Ой толғау.

А) БББ әдісімен үшінші нені білдім бөлігіне стикер жапсыру Ә) Рефлексия бүгінгі коучингтан алған жаңа түсінікті үш сөзбен, түсініксіз болған ұғымды екі сөзбен, бір сөзбен көңіл-күйіңізді сипаттаңыз. Б) Коучтың қорытынды сөзі.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
348
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі