400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Коучинг: "«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы»"

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг жоспары тренерлерге,коуинг өткізетін коучтерге,класс жетекшілерге ұсынылады және ата-аналарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналарға арналған коучинг : «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» 10қазақ


22қараша , 2017жыл

Класс жетекшісі: А.О.Хасенова


Өткізілетін орны: Құмсай орта мектебі

Тақырыбы:

«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы»

Мақсаты:

            Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру,міндеттерін нақтылау. Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру.Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуын арттыру, мектеппен байланысын нығайту. Баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп, сапалы білім алуына, алған білімді өмірде пайдалана алып ,өмірде өз орнын табуға бірлесіп ықпал ету.

Оқу нәтижесі

Ата-аналар өздеріне деген   сенімділігін арттырады.

Балаларының сапалы білім, саналы тәрбие алуға жетелейді.

Түйінді идеялар

Оқу – тәрбие барысында жұмыстың жүйелі жүруіне  нақты көңіл аудара отырып ат салысу, балаларының  сапалы білім алуына ықпал ету.

Сабақта қолданылатын материалдар

Үлестірмелі  материалдар,  А3, А4 қағаздары, стикер, плакат, графопроектор, ИКТ. Слайд-презентация.

Оқыту әдістері

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

СТО,Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану

Оқытуды басқару мен көшбасшылық

Бірлескен оқу

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс

Тапсырмалар

Суреттер арқылы   топқа бөлу, постер жасау.

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс,сұрақтарға жауап  беру.

Кері байланыс  жүргізу



Коуч пен ата-аналардың  іс- әрекеті

1. Ата-аналарға психологиялық ахуал туғызу

Коучтің  іс-әрекеті

Ата-аналардың

іс-әрекеті

/5 мин/

І. Ұйымдастыру бөлімі

Shape1


Коучингтің мақсатымен таныстыру (3мин)

Жақсы психологиялық

ахуал туғызу


ІІ. Қызығушылықты ояту.

\ 5мин.\

















































1. «Сағат тілімен аманасу» тренингі арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлату, бір-бірімен амандасу.(Ата-аналар дөңгеленіп тұрады, таратылған сағат тілінің сандары байланысты амандасады.Мысалы:1-дауыстап,2-бас изеп, 3-тізе тигізіп, 4-иықпен, 5-арқамен,6-қол алысып,7-құшақтасып, 8-билеп, 9-бұлданып, 10-қол шапалақтап, 11-айналып,12-секіріп )


Бүгінгі өткізгелі тұрған ата-аналар коучингін педагогикалық шеберхана түрінде өткізбекпіз. Педагогикалық шеберхана – бұл ата-ана мен мұғалімнің бірігіп жұмыс істеу әдісі. Ендеше бүгін бәріміз бірге шеберханада жұмыс жасайтын боламыз.

Коуч: Бүгінгі балаларымыз туралы әңгімемізді мынандай бір бейнежазбамен бастағым келеді.


2.Бейнежазба: «Ынтымақ» қарайды.



«Ашық микрофон» әдісімен сұрақтарға жауап береді:

1.Сіздің ойыңызша ынтымақтың отбасы үшін маңызы қандай?

1.Баланың сапалы білім алуы үшін не істеу керек?

2.Балаңыз сізбен сыр бөлісе ме?

3.Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек?

4. Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

5.Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бұл дұрыс па?

6.Балаңыз сабақа барғысы келмей өтірік ауырып тұрмын деді, не істейсіз?

7.Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді.сіздің іс-әрекетіңіз?

8.Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

9. Сіз өз ата-аналық міндетіңізді толық білесіз ба? оны қалай дәлелдейсіз?

Ата-аналарға кеңес беріледі.

Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы,себебі,ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын оятады, жақсы тәрбие беріп, өмірге дұрыс бағыт-бағдар береді, жолын ашады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. болса, сапалы білім алуына ұстаздар қауымының еңбегі зор.


Ата-аналар  стикердегі сандар арқылы амандасады.
















Ата-аналар «Ынтымақ» деген бейнежазбаны қарайды, ой бөліседі


ІІІ. Мағынаны ашу.

\15 минут\












1.Жж :Әр ата-ана жеке балаларының 1-тоқсан оқу үлгерімінің қорытындысымен танысады, сұрақ болса класс жетекшісіне қояды.



  1. 2. «Ротация» әдісімен балаларының сабаққа қатысуын бақылау кестесімен танысып, қол хаттарын жазу.

  2. 3.Ата-аналар комитетінің алдағы жоспарын талқылау.


Ата-аналар жеке, топпен бірлесе жұмыс жасайды


ІІІ. Рефлексия


«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»


Белсенді  ата-аналарды мадақтау.







Кері байланыс:

«Гүлдерге қонған көбелектер»



Picture 4






Кері байланыс  жүргізу.

Сауалнама сұрақтары:

1. Бүгінгі коучингтің сіз үшін тиімділігі?

2. Бүгінгі коучингте берілген ақпараттардың сіз үшін құндылығы?

Құрметті ата-аналар, міне бүгін коучинг сәтті өтті.Ол сіздердің белсенділіктеріңіздің арқасында.Коучинг басталмас бұрын мен коучингтің сәтті өтетініне сенімді болдым.Себебі мен сіздерге сенім арттым. Адамға сенім арту керек. Сенім арту арқылы біз басқаларға жауапкершілік жүктейміз, оларды шабыттандырып, оларға қанат бітіреміз. Балдарымызға сенім артып тұрсақ олардың білімге деген ынтасы оянып, тау қопаратындығы сөзсіз. Енді барлығымыз орнымыздан тұрып,бір-бірімізге қолдау көрсетіп қояйық. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!


Сауалнама сұрақтарына жауап береді, алма стикерлерін алма ағашына іледі.





«Екі жұлдыз,бір тілек»

Picture 23


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
04.03.2019
1739
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі