400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Коучинг "Топтық жұмыс аркылы сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтағы топтық жұмысты жүргізу жүйесін меңгеріп,өз сабақтарында пайдалана алады .Өз сабақтарындағы осы уақытқа дейінгі жүргізген топтық жұмыс туралы пікірлерімен кері байланыс орнатады. Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау; Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Тақырыбы:

«Топтық жұмыс аркылы сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру»

Жалпы мақсаты:

Топтық жұмыс жүргізудің әдіс -тәсілдерімен танысады.

Мұғалімдердің топтық жұмыстың ережелері туралы ойларын нақтылайды.

Оқу нәтижесі

Сабақтағы топтық жұмысты жүргізу жүйесін меңгеріп,өз сабақтарында пайдалана алады .Өз сабақтарындағы осы уақытқа дейінгі жүргізген топтық жұмыс туралы пікірлерімен кері байланыс орнатады.


Түйінді идеялар:

Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау;

Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.

Сабақта қолданылатын материалдар:

 А- 4 парақтары , стикер , интерактивті тақта , маркерлер , қалам , критериалды бағалау парақтары , түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы , степлер т.б.

Оқыту әдістері:

Топтық жұмыс, топтастыру, жұптық жұмыс, сыни тұрғыдан оқуға үйрету, жеке жұмыс.

Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары

Тапсырмалар:

Макет жасау , стикер арқылы формативті бағалау,  өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия

 

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

 

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті


Психологиялық тренинг

« Әнмен сыйлық сыйлау»

Ән айтады. Ән біткен соң тілек жазылған  открыткаларды   ұсыну.


Тақырыпты ашу:

1. Миға шабуыл.

Мұғалімдерге «Ауысып отыратын топтар» атты бейнежазбаны  көрсету.

Сұрақ:

Сіздер бұл тапсырмадан түйген ойларыңызды өз сабақтарыңызда қалай қолданар едіңіз?

1-ші топ , 2-ші топ тақырып бойынша  әңгіме құрайды.

3-ші топ екі топтың әңгімесін тыңдап бағалайды.

Топтағы  әрбір қатысушы тақырыпты толғанып, өз ой-пікірлерін айтады.







1, 2 топ әңгіме құрайды ,

3 топ  екі топтың әңгімесін талдап , бағалайды.



Топтық жұмыс:

«Құмырсқалар» бейнефильмін көрсетемін.

1.Қалай ойлайсыздар сіздер мына көріністен қандай процесті байқадыңыздар?

2.Қалай ойлайсыздар топтық жұмыс тәсілін  қаншалықты жиі және қалай қолданасыз?

3.Сіз мысал келтіре аласыз ба?

Алдарына топтық жұмыстың тиімділін көрсететін материалдарды беремін

1-топ Топты ұйымдастыру

2-топ Топта жұмыс істеу ережесі

3-топ Мұғалімнің рөлі.


Талқылау.мұғалімдер өз идеяларын зерделейді өзара әрекеттестікті жақсартуға, топтық жұмыстың қарқынды өтуіне ықпал етеді.









Мұғалімдер жұпта топта талқылап, постерге түсіріп қорғау



Сергіту сәті « От , Су, Күн , Ай »

От: Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып , өз білімдерін  насихаттай білетін жандар.

Су :Жандары жақсылықты сүйетін , көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар  жандар.

Күн : Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып  белсенділікпен жұмыс жасайтын жандар.

Ай: Ойшыл, арманшыл , қиындықтарға мойымайтын ержүрек , батыл жандар.

Мұғалімдер осы таңдаған атауларға түсінік ала отырып бойларын сергітеді.

Топта бірлесе отырып,

ойланады , жауап береді.



Рефлексия « Бағдаршам » тәсілімен теориялық білімді қанша мұғалім  меңгергенін  бақылаймын.

Қызыл түсі- түсінбедім.Сары  түс- әлі  сұрақтарым  бар.

Жасыл  түсі- маған  бәрі  түсінікті.Түстің  біреуін  көтереді.





 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
868
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі