Материалдар / Коучинг.«БЖБ»,«ТЖБ» жұмыстарын құрастыру және өткізу ережесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг.«БЖБ»,«ТЖБ» жұмыстарын құрастыру және өткізу ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша бағалау тапсырмаларын дайындау жолдарын талдау,құрылған тапсырмаларды саралау жұмыстарын жүргізу. Бағалаудың тиімділігі туралы пікірталасқа түсу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2019
8282
31 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Коучинг

Күні :

Өткізетін мұғалімдер:


В.Терешкова атындағы № 93 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пән мұғалімі

Оралбаева Г.Р

Тақырыбы:

«БЖБ»,«ТЖБ» жұмыстарын құрастыру және өткізу ережесі

Мақсаты:

Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша бағалау тапсырмаларын дайындау жолдарын талдау,құрылған тапсырмаларды саралау жұмыстарын жүргізу. Бағалаудың тиімділігі туралы пікірталасқа түсу.

Оқыту нәтижесі:

Қатысушылар бағалау тапсырмаларын құрастырады, сараптайды, пікірталасқа түседі.

Түйінді идеялар


Оқу мақсаты, бағалау критерийлері, дескриптор, БЖБ, ТЖБ,

Пайдаланған әдіс тәсілдер

«Жүріп оқу», «Жылдам дебат», «Алғыс білдіремін»

Қажетті құралдар

А 4 парағы, маркер, стикер, лента,

Тапсырмалардың түрлері

Уақыты


Коучтың іс-әрекеті

Мүғалімдердің іс-әрекеті

Амандасу

1 мин

Армысыздар, құрметті қонақтар, әріптестер.


Шаттық шеңбер

1 мин

Бүгінгі күнгі жұмысымыз практикалық жұмыс бағытында болғандықтан, бір-бірімізге бетпе-бет қарап тұрып, жұпта жұмыс жасауларыңызды сұраймын. Әркімнің пікірі құнды, әркімнің пікірі бағалы, сондықтан өз ойымызды ортаға салып отырайық.


Жұптарға бөлу


2 мин

Топқа бөлініп орналассақ, бір-бірімізге көз үйретіп, түрлі тәсілдермен амандасып алайық:

1.Ассалаумағалейкум (төс қағысу)

2.Саламатсыз ба ? (қол алысады)

3. Нello! (жымиып қол бұлғайды)

4. Жапондарша бас иіп амандасады.

5.Қытайлықтарша екі қолын кеуде тұсына қойып, иіліп сәлем береді.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін деген ниетпен бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлап, барлығымыз бірге «Бүгінгі күн – нұрын шашсын!» деп жақсы тілек тілеуіңізді сұраймын!

Қатысушылар құшақтасып, қол алысып, қол бұлғап, иіліп амандасады.

Таныстырылым көрсету

1 мин

«Опять двойка» суретін көрсетіп, түрткі сұрақтары қойылады:

-Суреттен не көріп тұрмыз?

-Суреттен қандай ой түйдік?

Бағалау” термині “жақын отыру” дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінгенін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып тобылады.


Таныстырылым тамашалайды. Сұрақтарға жауап береді. Ой бөліседі.

« Конверттегі сұрақтар »

10 мин

1-топ «Критериалды бағалау дегеніміз не?»

2-топ «Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?»

3-топ «Бөлім бойынша жиынтық бағалау дегеніміз не?»

4-топ «Тоқсан бойынша жиынтық бағалау дегеніміз не?»


Әр жұп берілген тақырыпты талдап, топқа таныстырады.

Таныстырылым

3 мин

БЖБ,ТЖБ туралы таныстырылым көрсетіледі.

Таныстырылыммен танысады

Топтық жұмыс

5мин

Топта жұптағы қатысушылар біріге отырып өз пәндері бойынша БЖБ құрастырады.

БЖБ құрастырады.

Қорытынды

5 мин

Қатысушылар «Жаңартылған білім беру жүйесіндегі бағалау жүйесі нәтижелі деп санаймыз ба» тақырыбына жылдам дебат (жақтаушы, даттаушы).

Топ мүшелері берілген тақырып бойынша жақтаушы, даттаушы ретінде пікір білдіреді.

Кері байланыс

5 мин

Пікірталас соңында әр қатысушы «Алғыс білдіремін» әдісімен әріптесіне алғыс білдіреді.

Әріптесіне алғыс білдіреді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!