400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг.Тақырыбы: Табысты оқушы-табысты мұғалім

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне іс тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні


Тақырыбы

«Табысты оқушы – табысты мұғалім»

Мақсаты

Мұғалімдермен табысқа жетудің жолдарын талқылау

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер табысқа жетудің жолдарын талқылайды

Түйінді идея

Табысты оқушы – табысты мұғалім – заман талабы

Ресурстар

Презентация, флипчарттар, маркерлер, стикерлер

Коучинг барысы

Кезеңдер

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылар іс-әрекеті

Сергіту сәті. Танысайық «гусеница»

5 мин

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Ахмет БайтұрсыновКоуч тақырып пен мақсатты хабарлайды

“Алақанды” таңдап, бес саусаққа өзіңіздің жақсы қасиеттеріңізді жазып көршіңізге беріңіз, танысыңыз.


Сергіту "Гусеница" Қатысушылар орталарына шар қойып бір-бірінің артына тұрып жауынқұрт бейнесіне енеді.Әуен ырғағымен ілесіп жауынқұрттың қалай жүріп,қалай жуынып,қалай қозғалатыны әр түрлі іс-қимылдармен араларындағы шарды түсіріп алмай көрсетулері шарт.

Қатысушыларға сұрақтар қою:- осы жаттығуды орындай отырып, өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?-Топта жұмыстану қиындық келтірген жоқ па?-Сізде барлығы ойдағыдай шықты ма?-Сіз қалай ойлайсыз,бұл кімге немесе неге байланысты болды?


Топқа бөлу

Қолдарына берілген шарлардың түсіне орай топтастыру (қызыл,жасыл,сары)


Постермен жұмыс

10 мин

9 ромб әдісі бойынша топпен жұмыстанады.

Тапсырманы орындайды

Топтар өз тақырыптары бойынша өздеріні толғандыратын мәселелерді анықтайды, талқылайды.

Маңыздылығына қарай жоғарыдан төмен ромб ішіне орналастырады. Бір қатарда деңгейі бірдей проблемалар орналастырылады.Постерде өз ойларын айқындап салады. Постерді қорғайды


Әр топқа түрлі тақырып беріледі.1-топ "Табысты мұғалімге" тән қасиеттерді саралап шығады.2-топ"Табысты мұғалім"сөз тіркесіндегі әр дыбысқа жекелеген қасиеттерді жаза отырып,тақырып мазмұнын ашады.3-топ "Табысты оқушыға" тән қасиеттерді жаза отырып,жай оқушы мен табысты оқушы ара жігін ажыратып көрсетеді. 

Әр топ тақырыптық постерлерін қорғап, соңында төмендегідей қорытынды шығарылады:"Табысты мұғалім"-оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы оқу әрекетін тиімді ұйымдастыра алады.-өз ісін жанымен сүйетін шебер маман-оқушылар өздері жоспарлағандай жасау үшін, мұғалім төзімді,ұстамды, шыдамды болуыы шарт-оқушылармен ынтымақты қарым-қатынаста болуы керек.-үнемі жинақы,белсенді,ұйымдастырушылық қабілеті жоғары,жұмысқа деген дайындығы болуы керек- оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын, дамуын, тәрбиесін өзінің негізгі мақсаты ретінде санауы керек.-білім берудің технологияларын түсіндіре білу, сұрау, оқушымен жұмысты ұйымдастыру,әр түрлі әдісті қолдана білуі шарт.

Табысты оқушы-мектеп ұсынып отырған білім беру бағдарламасын меңгеру қабілеті жоғары болу керек-өз білімі мен дағдысын оқыту барысында көрсету қабілеті жоғары болуы керек-мектептегі жоғары баға-мектеп табыстылығының басты критериі болып табылады-мектеп қабырғасында алынған БДД алдағы өмірде тиімді қолдана білу икемділігі жоғары болуы керек


Тест «Піл»

5 мин

Сергіту сәті: Алма кетті домалап.Әр топқа үш түрлі жанрда айтқызу.

Сурет салады

Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлем»

5 мин

Шарға сурет салғызу.Смайликтермен

Кері байланыс парағын толтырады

Мұғалімнің рефлексиясы




Бүгінгі пікір алмасудан қандай ой түйдіңіз? Коучинг сессиядан алған әсерлеріңіз? Сізге не ұнады немесе ұнамады? Қатысушылар "Бағдаршам" әдісі бойынша стикерлерге ұсыныс-тілектерін жазып,сәйкес шар түстеріне жапсырады.


Сіздердің белсенділіктеріңіз бен ұшқыр қабілеттеріңіздің арқасында бүгінгі кездесуіміз әдемі мәресіне жетіп отыр."Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы" дегендей сіз бен біздің табыстылығымыздың арқасында табысты оқушылар саны арта берсін!







Тест адамның физикалық, моралдық, эмоциялық ахуалын бағалауға мүмкіндік береді. Көбіне 12 жастағы балалардан бастап үлкендерге дейін қолданылады.

Тапсырма

Сыналушыға бір парақ пен жай қарындаш беріңіз де пілдің суретін салуды (қажет десе бояуды) ұсыныңыз.

Адам ағашты салғанда оны өз өмірімен байланыстырса, пілді салғанда да ол өзін, мәселелерін, өз өміріне қалай қарайтынын салады.

Піл суретінің интерпретациясы

Пілдің басы домалақ, суретте жалпы домалақ пішіндер көп. Домалақ — әйелге тән күш-қуатты, яғни жұмсақтықты, мейірімділікті білдіреді.

Үлкен, жоғары қайқайған тұмсығы өзін-өзі қорғай алатынын білдіреді.

Егер тұмсығы бар, бірақ ол кішкентай және жоғары көтерілмеген болса, ол сурет салушының агрессиясыз екенін білдіреді.

Егер пілдің құлағы, көзі, аузы, құйрығының ұшы, яғни сезіммен байланысты дене мүшелері салынса, оны салған адам өмірге сергек қарайды, өмірді көре де ести де алады.

Қалыпты ахуалдағы құлақтар салынса, бірқалыпты, сабырлы адам деп қарастыруға болады. Егер пілдің құлақтары жоғары көтеріліп салынса, сурет авторы үнемі мазасызданып, өмірден құйтырқылықтар мен жағымсыз жайттарды күтіп жүруі мүмкін.

Егер піл тікірейген құлағымен, жоғары қайқайған азуымен, көтерілген тұмсығымен және құйрығы созылып салынса – адамда шектен тыс күйгелектік, агрессиялылық басым. Оны сабасына түсіріп, қоршаған әлем – ол үнемі тұңғиық қара орман емес, үнемі шектен тыс жинақы жүру қажеті шамалы деген ойды бойына сіңіру керек.

Сезім мүшелері салынса да, аздап немқұрайлы, қалай болса солай салынған. Бұны салған адам ұқыпсыз, тиянақсыз, өмір сапасына аса мән бермейді, ондағы ұсақ-түйекті көрмейді.

Пілдің басы денеге ұласатын тұста ойық бар. Егер ол ойық анық салынса, оны салған адамның жаны жараланғыш, ол көп нәрселерді ұмытқысы келеді.

Төрт аяқтың да ұзындығы бірдей. Бұл адамның өмірде нық тұрғанын білдіреді, өзіне ғана сенуге үйренген, өзін сенімді әрі тұрақты сезінеді.

Құйрығы мен тұмсығы төмен қаратылған. Бұл ойшыл, жабырқау, өжет емес мінезді байқатады. Мұнымен қоса суретте түрлі шеңберлер көп болса, автордың көңіл-күйі жиі ауысады деп болжауға болады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
11.06.2019
1189
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі