400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көздің құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үш тілділікке байланысты жасалынған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3D Координация және реттелу

Мектеп: «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі»КММ

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні: Исина И А

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Көздің құрылысы, көрудің маңызы. «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу» ( Зертханалық жұмыс)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.7.1 көруді қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережесін сипаттау

8.1.7.1 the study of the peculiarities of the perception of vision and the description of the rules of hygiene

Сабақтың мақсаттары

  • Көрудің маңызын түсіндіру;

  • Көздің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты анықтау;

  • Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу.

  • Explain the meaning of the expression;

  • determination of the relationship between the structure and function of the eye.;

  • Study of visual acuity and limits of vision.

Бағалау критерийлері

  • Көру арқылы қабылдау ерекшеліктерін сипаттайды;

  • Көру мүшесінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты орнатады;

  • Көру жітілігі мен көру аймағының шегін анықтайды;

  • Көрудің маңызы мен гигиенасын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Көздің құрылысы мен оның құрылымдарының атқаратын қызметі арасындағы байланысты тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша жазбаша түрде сипаттай алады. Көру жітілігін анықтап, оның маңызын сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қарашық- зрачок-pupil, көз бұршағы- хрусталик- lens, нұрлық қабық- радужная оболочка- iris, күрделі- сложный-complicated , мөлдір- прозрачный- transparent, жыпылықтау- моргать- to blink, жақсы жарықтандырылған- хророшо освещенный- well- lit, торлы қабық- сетчатка- retina, ақ қабықша- склера, белковая оболочка- sclera, ең сыртқы- самый внешний- outermost, жұқпалы- заразительный- contagious, анықтау, белгілеу- определять- to determine

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қасаң қабық..., себебі....

Егер көз бұршағы қисықтығын өзгерте алмаса, онда....

Торлы қабықта ..., өйткені онда

Зертханалық жұмыс барысында...көз жеткіздік.

Көру рецепторларының ...түрлері бар.

Құтышаның қызметі....

Көру рецепторлары...орналасқан.

Key terms

Sclera- white and the outermost layer of eye

Cornea- transparent part of eye that covers iris

Retina- the innermost layer of eye containing light- sensitive receptors

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Көздің оптикалық жүйесі, көздің мөлдір қабығы мен көз алмасында сәуленің сынуы, торлы қабықта бейненің пайда болуы туралы түсініктер арқылы физика пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар «Координация және реттеу» бөлімінен жануарлардың жүйке жүйесінің түрлерін, сипап сезудің болатынын және терінің маңызын біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин


Сезім мүшелері мен олар қабылдайтын тітіркенгіштерді сәйкестендіреді. Бұл мүшелер бір сөзбен қалай аталады? Біз қай сезім мүшесі арқылы ең көп ақпарат аламыз?-деген сұрақтарға жауап береді.

Осы талқылау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылып, бағалау критерийлері таныстырылады


1-қосымша

1 -2 слайдтар






Сабақтың ортасы

4-17 мин

Оқушылар көздің құрылысымен танысып, жұмыс парағында көз құрылымдарын атап жазады.

Оқушыларға көз арқылы жарықтың өту жолын сызба түрінде салып көрсету тапсырмасын орындау ұсынылады.

Мұғалім көру мүшесінің маңызы, оның бұзылулары және гигиенасы туралы сұрақтар қойып, тиісті кері байланысты ұсынады.

2 - қосымша







3-10 слайдтар

18-36 мин

Зертханалық жұмыс «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу». Оқушылар жұпта Сивцев кестесін қолдану арқылы көру жітілігін анықтайды. Бір көзін қолымен немесе парақшамен жауып тұрып кестедегі әріптерді оқиді. Кезекте екінші көзін жауап тұрып әріптерді оқиды. Әріп бұлдырап көрінбей қалғанға дейін жалғастыру қажет.

Әріп көрінбей қалған қатардағы санды жазып алып, шаманы қолдана отырып көздің көру жітілігін есептеп анықтайды.

Көру шегін анықтау үшін оқушылар екі-екіден жұптасады. Бір оқушы зерттеушіге қарап отырады. Зерттеуші қолын созып, саусағына (басбармақ немесе ортаңғы саусақ немесе сұқ саусағына) қарауды өтінеді. Оқушы саусақтың көрінген және көрінбей жоғалып кеткен кезінде «бар» деп айтады. Осы екі нүктені шамалап бұрышын (градуста) анықтау арқылы көру шегінің мөлшеріне болжам жасалады.

Бірнеше ерікті оқушыларды ортаға шақырып, бұл жұмысты топта ұйымдастыруға да болады.

Кейбір оқушыларға қосымша тапсырмаларды орындау, видеоматериалдардың көмегімен өз білімдерін тереңдету мүмкіндіктері беріледі.

3- қосымша


Сабақтың соңы

37-40 мин







Кері байланыс

Мен үшін...туралы түсіну табысты болды

Мен ...үйрендім

Маған ... қарастыру керек

11 слайд








Қосымша ақпарат Facts

Be careful with to your eyes

  1. Avoid eye strain by 20-20-20 rule. Every 20 minutes, look at something 20 feet (6 meters) away for 20 seconds

  2. Wear sunglasses to protect your eyes from harmful UV rays

  3. Make sure that your eyes are level with the screen. Work in well- lit areas and limit your time looking at electronic.

  4. Visiting eye doctor regularly helps to protect your sight and lets you see better

  5. Eat useful food like carrots and fish to keep eyes healthy

  6. Often blink to prevent drying of eyes

  7. Regularly do exercises as shown in the picture to prevent eye problems

Сіздің көзіңізбен абай болыңыз

1. 20-20-20 ережесі бойынша көздің кернеуін болдырмаңыз. Әрбір 20 минут сайын 20 секунд ішінде 20 фут (6 метр) нәрсе қараңыз

2. Зиянды ультракүлгін сәулелерден көзді қорғау үшін күн көзілдірігін киіңіз

3. Көздеріңіз экранда бір деңгейде екенін тексеріңіз. Жақсы жарықтандырылған жерлерде жұмыс істеңіз және электрондық қарап уақытыңызды шектеңіз.

4. Көз дәрігеріне бару үнемі көзіңізді қорғауға көмектеседі және жақсы көруге мүмкіндік береді

5. Көзді сау сақтау үшін сәбіз және балық сияқты пайдалы тағамды жеңіз

6. Көздің кебуін болдырмау үшін жиі моргайте

7. Көз проблемасын болдырмау үшін суретте көрсетілгендей үнемі

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылардың өздігінен тереңдетілген ақпарат жинауы барысында қабілеті жоғары оқушыларға қосымша ақпараттар табу ұсынылдаы

Баяу жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы көмек көрсетіледі.

Қосымша тапсырмаларды орындаулары арқылы

(4-қосымша)

Зертханалық жұмысты орындау барысындағы талқылаулар арқылы іске асырылады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Сұрақтарға жауап, кері байланыс беріп отыру, жұппен жұмыс жасау кезіндегі іс-әрекеттері арқылы

Зертханалық жұмыс орындаулары арқылы

Қосымша тапсырмаларды орындаулары арқылы

Көздің құрылым бөліктері мен күту гигиенасын түсіндірулері арқылы


Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Оқушылар зертханалық жұмыс орындағанда орын ауыстыра отырып қозғалыс жасайды.

Көзді қатты баспау ескертіледі.

Оқушылардың сабақ барысында қауіпсіздігінің сақталуына мұғалім көңіл бөліп, қажет болған жағдайда ескертеді. Психологиялық ақуалдың жағымды болуына назар аударады.

Сабақ барысында көз жаттығуын ұйымдастыру








































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі