жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Көзмоншақтың өмірдегі маңызы" атты ғылыми жоба
Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ-сі
Шамұрат Альмира Нұрболқызы
4"В" сынып оқушысы
Көзмоншақтың өмірдегі маңызы
Ғылыми жетекшісі: Аргынбекова Дана Мешитбайқызы
Секция: этномәдениет
2018 жыл.
Мазмұны
Кіріспе
Зерттеу бөлім
1.Көзмоншақтың өмірдегі маңызы
2 Көзмоншаққа қатысты наным - сенімдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 4 "В" сынып оқушысы Шамұрат Альмира "Көзмоншақтың өмірдегі маңызы" атты ғылыми жобасына
Алғы сөз
Оқушының ғылыми жобасын таңдау себебі анасының көзмоншақ тағуы ой салыпты. Жас ерекшелігіне қарамастан оқушы ғылыми жоба барысында теориялық жұмыстан гөрі практикалық жұмысқа көңіл бөліпті. Зерттеу күнделігіне үлкен кісілерден естіген мәліметін жазыпты. Міне, бұл зерттеуден көзмоншаққа сену нанымнан болады деп тұжырым жасаған.
Үйдің төрінде де көзмоншақ ілініп тұрғанын қонаққа барғанда көзі шалған. Анасының сахнаға шығарда көзмоншақ тағып жіберетінін де дәлелге келтіріпті. Сонымен қатар басқа ұлттың киносын қарап, басқа елдерде де көзмоншақ тағатынын салыстырыпты.
Менің ойымша көзмоншаққа сену әркімнің нанымына байланысты деп түйін жасапты. Әйтпесе, пласмасса моншақ қалай адамның өмірін қорғар еді? деген негізгі сұрақты басшылыққа алыпты. Осы сұраққа жауп тапқан секілді. Оқушымның жобасы жан - жақты зерттелген деп ойлаймын.
Ғылыми жетекшісі : Аргынбекова Дана Мешитбайқызы
Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің 4 "В" сынып оқушысы Шамұрат Альмираның "Көзмоншақтың өмірдегі маңызы" атты ғылыми жобасына
Сын пікір
Альмира өзінің ғылыми жобасында қазіргі таңда өзекті тақырыпты таңдап алыпты. Расында, күнделікті өмірде кішкентай сәбилерге тіпті, жаңа машинаға да көзмоншақ тағып қою әдетке айналып барады. Менің сәби кезімнен анам көз тимесін деп моншақтар қадап қояды.
Оқушы анасының көзмоншақты тағып жүруін өтінетінін бірақ, есейе келе сол моншақты киімімнен алып тастайын десем олардың алғысы келмейтінін айтады. Сонымен қатар іздену барысында үлкен кісілердің "көз тию бар" деген пікірімен келіспей, өзінше ол - наным деп пайымдау жасапты. Жоба барысында көп ізденгені анық байқалып тұр.Оқушының жеңіс тұғырынан көрінетініне сенімім мол. Оның жобасына сәттілік тілеймін.
Пікір жазған ата - ана: Ахметжанова Гүлназ Раулқызы
Андатпа
Көз - адам бойындағы магиялық күштің ортаңғы нүктесі, яғни ғарышпен арадағы елшісі. Қазақ ырымында нәрестені тіл-көзден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне тұмар ретінде жыланның басын, үкінің талын, тоғыз моншақ күміс тиындарды іліп қояды. Оқушы зерттеу барысында осындай дәлелдер тауып, көп ізденіс жасаған. Жер бетіндегі бірқатар ұлттар мен ұлыстарда көз тиюге байланысты наным-сенім, ырым, әдет-ғұрып бар бар деп басқа елдердің нанымын да салыстырған. Соның ішінде қазақ халқы жақсы адамға, сұлу қызға, жүйрік атқа, жас нәрестеге, тіпті, өзінің дәулеті мен атақ-абыройына да көз тиюі мүмкін деп ойлайды деп пайымдай білген.
«Тіл-сұқ тас жарып шығады» деген қазақтың нақыл сөзіне балама болар ой барлық халықта кездеседі екен деп үлкен кісілерден мәлімет жинапты. Қала сыртында салынып жатқан коттедж ғимараттардың көзге түсіп тұрған жеріне қызыл шүберек тағып қойса, әдемі көліктеріне Құран сөздері ойып жазылған әшекей бұйымдар тағып қоятын адамдардың қатары көбейіп барады деп дәлелдер келтіріп отырған.
Үкі тағу сұқ көзден қорғайды деген ұғым бойынша да біраз мысалдар келтіре білгені анық байқалып тұр. Наным-сенімін олардың қауырсындарын төбеге қадау арқылы білдірген деп түйін жасай білген.
Қазақтардың “үкі тағу” дәстүрі – осының бір айқын көрінісі. Үкінің үлпілдеген қауырсын, құмрық жүнін қазақтар адамға көрік беретін, жағымды әсер ететін сәнді зат ретінде де, тіл-көзден сақтайтын ырымдық зат ретінде де күні бүгінге дейін пайдаланып жүргеніне тоқталған. Міне, оқушы жоба барысында теориядан гөрі практикалық жұмысқа көбірек көңіл бөліп, өз мақсатына жеткен.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Менің сәби кезімнен анам көз тимесін деп моншақтар қадап қояды.Бірақ есейе келе сол моншақты киімімнен алып тастайын десем олар алғысы келмейді. Ал мен сыныптастарымнан ұяламын. Сол көзмоншақтың өмірде наным - сенімге қандай қатысы бар? Расымен өмірімізді сақтай ма? Ал, керсінше өзімнің әкем имам болғандықтан болар, көзмоншақ тағу шариғатқа жат нәрсе, оны біздің дінімізде тағуға болмайды деп тыйым салынған дейді. Егер жалған десек, неге басқа жерлерде, көрмелерде тіпті машинаға да іліп қояды. Сыныбымда да кейбір оқушылар тағып жүреді. Сондықтан осындай сұрақтарға жауап табу мақсатымен осы жобамның тақырыбын таңдадым. Пайдасын зерттеу мақсатында шындыққа көз жеткізгім келді.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты: Көзмоншаққа сенуге жол бермеу.
Мақсатыма жету жолымда мынадай міндеттерді ұстанамын.
Міндеттері: - көзмоншақ туралы мәлімет жинау
- көзмоншақтың шығу жолдарын анықтау
- көзмоншаққа сенбеу
Ғылыми жобаның нысаны: Көзмоншақтың түрлері
Гипотеза: Егер жобамдағы ойымды іске асыра алсам, басқалар қазақи көзмоншақ тағуға бет бұрар еді.
Зерттеу әдістері: сауалнама, практикалық жұмыс
Күтілетін нәтиже: Наным - сенімге жол бермесек, көзмоншақ тағудан арылар едік.
Тақырыптың теориялық және практикалық маңызы:
Жұмыстың негізгі тұжырымдамаларын сыныптан тыс іс - шараларда пайдалануға болады. Жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттен тұрады.
Негізгі бөлім
Көзмоншақтың өмірдегі маңызы
Адамның көз тиюге де, дуаға да сенбегені дұрыс. Бірақ, өкінішке қарай, бір нәрсеге сенбеу - жүз пайыздық қорғаныс әкелмейді. Көз тиюден, дуадан дінге сенетіндер де, сенбейтіндер де, идеалистер де, материалистер де, демократтар да, коммунистер де сақтандырылмаған. Жер бетіндегі бірқатар ұлттар мен ұлыстарда көз тиюге байланысты наным-сенім, ырым, әдет-ғұрып бар. Соның ішінде қазақ халқы жақсы адамға, сұлу қызға, жүйрік атқа, жас нәрестеге, тіпті, өзінің дәулеті мен атақ-абыройына да көз тиюі мүмкін деп ойлайды.
Тіл, көз, сұқ тек адамға ғана емес, малға, жан-жануарға да, тіпті өсімдіктерге де залалын тигізеді екен. Атақты Ақан сері Құлагерін жұрттың көзінен оңашалап ұстаған. Үкісіз топ алдына шығармаған. Бақсылар ғана емес, ел ішіндегі тәуіптер де ауырған адамды сумен үшкіріп, оған, оның жан-жағына түкіруге кеңес береді. Олар осылай істесе, ауру адамның бойын жайлаған жын-шайтанды қашырып, дертінен аластауға болады деп ойлаған, оған халық та сенген.
Біз кейде көп мақтанып кеткен кісіге үлкендердің: «Көп мақтанба, көз тиеді. Сол иығыңнан асыра түкір де ағашты тоқылдат» деп айтқан сөздерін де естіп қаламыз. Сондай-ақ, қариялар, таным-түсінігі кең кісілер біреуді мақтағанда ешкімге айтқызбай-ақ: «Тфә, тфә! Тіл-аузым тасқа» деп жатады. Жас келініне, нәрестесіне, тұлпарына сұқтана, қызыға қараған адамға да қазақтар «көзің тиеді, түкір» деп еріксіз түкіртіп алады.
Оған ол кісі ренжімейді. Өйткені қазақтар көзі өткір, көз қарасы жаман адамның көзі тиеді, адамның көзінде сиқырлы күш бар деп сенеді. Түкіртіп алса, көз тимейді деп өзін-өзі жұбатып, қайғырмайды. Кішкентай күнімізде көп алдында тіліміз көбірек сайрап кетсе, әкем «Осы жаман кімге тартқан» деп жұрттың назарын басқаға аудармақ болатын әкемнің әрекетін енді түсініп жүрмін.Зерттеушілердің пайымдауынша, көздің өткірлігіне, оның тиетініне, яғни құпия күшінің сиқырлап тастайтынына ежелгі египеттіктер өте қатты сенген. Содан олар түрлі көз бояғыш бояулар мен далаптар ойлап тауып, қолданыпты. Оны жағып, жақсылық әкелмейтін көздің нұры көз бен ауыздан өтпесін деп қамданыпты. Опа-далаптың шығу тарихы тіл-көзден сақтанудан туған дейді мысырлықтар.
Өткір көздің қасиеттері туралы «Інжілде» айтылған. Әлемде көздің өткір нұры болатынына, оның адамға тиетініне Еуразия, АҚШ, Канада, Африка, Түркия, Иран, Үндістан елдерінің көп халқы иланады. Көз тиюге сену Моңғолияда, Жапонияда, Қытайда сирек кездеседі. Соған қарағанда, көз тиюге байланысты таным, түсінік әрқилы.Оны мына деректерден-ақ айқын аңғаруға болады. Эфиопиялықтар ерекше қоғамдық топтағы адамдарға ғана көз тиеді деп ойласа, үндістер адам түгілі, аруаққа, жануарларға да көз тиеді деп есептейді.
Гректер шайтанның көзінен сақтанса, орыс жерінде халық ежелден-ақ қыли көздер мен қарашығы төмендеу орналасқан көздерден қауіптенген, жақсы көрмеген.Оңтүстік елдерде көкшіл көзді адамдарды ұнатпаса, солтүстік елдердің халқы қара көзді адамдардан сақтанады. Ал карелдіктер болса, лопарліктерді шайтан санайды, лопарліктер шведтерді солай деп ойлайды. Көптеген елдердің халқы жаман көздің сәулесі қызғаныштан түсіп, жолды байлап тастайды деп сенеді.
Атақты қолбасшы Александр Македонскийдің «Адам әлемге қарап тұрған кезде, оны құмарлық жеңеді екен. Тек адамды құмға айналдырар өлім ғана, оның көзіндегі күшті, қызғанышты өлім ғана жоя алмақ» деген сөзі біздің заманымызға жетті. Зерделеп, пайымдасаң, адамның басқа мүшелерінен гөрі, көздері ғана оның ішкі сезімі мен санасынан хабар бере алатын күшке ие. Яғни көз - адам бойындағы магиялық күштің ортаңғы нүктесі, яғни ғарышпен арадағы елшісі. Қазақ ырымында нәрестені тіл-көзден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне тұмар ретінде жыланның басын, үкінің талын, тоғыз моншақ күміс тиындарды іліп қояды. Қазақ халқы қашаннан «көзінде қалы бар адамның қарағаны тегін жібермейді» деп, үйіне осындай белгісі бар қонақ келсе, көрші-көлемі кірсе, одан қатты сақтанады. Көз тию дегеніміз - тек сіздің таныстарыңыздың бірінің саналы түрде жасаған жаман ниеті емес. Сіздің көршіңіз «Қызыңыз қандай әдемі!» дегенде, ол көршіңіздің өзі де сөзінің астарына мән бермейді, ал сөз астарында оның өз балаларына көңілі толмауы, іштарлық.
Басқа біреудің өзінен гөрі, бақытты екенін қаламау жатыр. Егер оның энергетикасы күшті болса, оның қызыңызға айтқан жақсы сөзі емес, санадан тыс білдірілген жағымсыз ойы тиюі мүмкін. Сол себепті мамандар бетке мақтайтын адамдардан аулақ жүруге кеңес береді, өйткені олардың сылдыр мақтауларының аржағында, көбінесе, сұқ көзінен қуат алып тұрған жайсыз, кері әсері кісі өліміне алып келер ойлар жасырынып жатады.
Мұндайда адам ағзасының биоэнергетикалық қабығы берік болмаса, онда оны тесіп өту қиын емес. Психико-сарапшы Мәдина Қадышеваның пайымдауынша, теріс биоэнергетикалық әсерлерді анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Себебі көз тию мен дуаның белгілері ұқсас екен. Бәрінен бұрын бұл айқын көрінетін психикалық және физикалық астения, шаршау, қажу, өзін-өзі ұстай алмау, шыдамсыздық, төзімсіздік, ұйқының бұзылуы, ұзақ дене еңбегі мен ой еңбегіне қабілетсіздік, қатты дыбыстарды, жарықты, өткір иісті жақтырмау. Психикалық белгілері, әдетте, қамығудан, ашуланшақтықтан, ерік-күшінің жартылай немесе толық жоғалуынан көрінеді.
Түрлі дәрігерлерге барып, ем таппаған көз тиген немесе дуаланған адамдардың психиатриялық ауруханалардан бір-ақ шығатыны жиі кездесіп жатады. Психиатрлар мұндай науқастарға «Шизофрения ауруы» деген диагноз қояды. Бірақ бұндай «шизофренияны», сол сияқты басқа да психикалық ауруларды дәрігерлер де, науқастардың өздері де емдей алмайды. Көз тигенді анықтау үшін емшілер түрлі тәсілдерді қолданады. «Рентген» анықтау тәсілі көз өткен чакралардағы дақтарды бірден көрсетеді. Ауруды өзіңізге қырын қаратып қойып, бір-біріне параллель қаратылған алақандарды жоғарыдан төмен қарай жүргізіп, қай жақтан қай чакра бұзылғандығын анықтауға болады. Емшінің қолы бұзылған чакраның тұсына келгенде тебілген қол көз тигеннің орнын анықтайды. Түрлі әдістермен көз тигенді анықтау барысында көз тиюдің түрлі жағдайлары анықталып жатады. Көз тиюдің негізгі себептері және қозғаушы күші адамдар арасындағы іштарлық, жағымсыз қарым-қатынас, жеккөрушілік және басқа теріс эмоциялар болып табылады. Көз тию әдейі жасалған және ойластырылмаған болады. Әдейі жасалмаған көз тиюдің басты себебі - менмендіктің ең бір күшті көрінісі - іштарлық. Іші тар адамдар, әдетте, вампирліктен зардап шегеді. Іштарлық дегеніміз - басқа адамның жақсы тіршілігінен, табысынан туындаған сәтсіздіктің, реніштің салдары.
Іштарлық күшті болған кезде, іші тар адамның биоөрісінің дірілі ол іштарлық көрсеткен адамның энергетикалық орталықтарындағы кеудені бір жағынан бұзады. Нәтижесінде жұп шұңқырлардың бірі өзінің айналысын жоғалтады да, кеуденің екінші жағындағы өз жылдамдығы мен дірілін жоғалтпаған шұңқырдың әсерінен оған қарама-қарсы емес, адам биоөрісінің ішіне қарай айнала бастайды.Осылайша чакра бос жұмыс істейді. Бұзылған чакраның санына байланысты адам ағзасындағы түрлі органдар мен оның жүйесінің жұмыстары бұзылып, содан кейін органикалық өзгерістер белең ала бастайды.
Егер көз тию нәтижесінде энергетикалық бұзылыс бірінші чакрада орын алса, онда оның бастапқы белгілері қамығу және үрей болады.
Психологиялық тұрақсыздық пен өз-өзіне сенімсіздік туады. Көз тигеннен бұзылған үшінші чакра жүйкелердің шоғырланған жерінде жайсыздық, үрей сезімін тудырып, асқазан, бауыр, өт қабы, вегетативтік жүйке жүйесі жұмыстарын бұзады. Көз төртінші чакраны бұзған кезде күйзеліс пайда болып, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруға ұшырайды.
Егер көз тиген орын бесінші чакра болса, онда мойынның алдыңғы жағында жайсыздық байқалады, эмоционалдық тұрақсыздық артып, тыныс алу органдары мен жоғары бөлімнің ас қорыту органдарының, қалқанша безінің аурулары басталады, шығармашылық қабілеті мен сұлулықты сезінуі төмендейді. Алтыншы чакраға көз тию орталық жүйке жүйесінің ауруларына, психикалық ауруларға сол көздің, құлақтың, мұрынның ауруларына алып келеді, ойлау деңгейі, зейінділік, ерік-күш төмендейді. Жетінші чакраға көз тигенде бәрінен бұрын мидың жоғарғы бөлігі мен оң көз зардап шегеді, қабылдау қабілеті, руханилық пен түйсік төмендейді. Әдейі жасалған көз тиюде күшті теріс энергетика адамдардың жекелеген чакраларын ғана емес, олардың көпшілігін немесе барлығын зақымдайды, бұл денсаулық үшін де, көз тиген адамның өмірі үшін де аса қауіпті.Дәрігерлерге сенсек, созылмалы қажу синдромы - инфекция, ал емшілер бұны энергетикалық инфекция деп қарайды. Егер бұл шынымен де инфекция болатын болса, онда оның күші қандай болмақ?!
Әдейі тиген көз әдетте өте әсер беретін көрінеді. Бұдан қорғанудың жолын әркім әрқилы іздейді. Мысалы, қала сыртында салынып жатқан коттедж ғимараттардың көзге түсіп тұрған жеріне қызыл шүберек тағып қойса, әдемі көліктеріне Құран сөздері ойып жазылған әшекей бұйымдар тағып қоятын адамдардың қатары көбейіп барады. Бұл үрдіс жалғаса берсе, кейбір адамдар күні ертең қойын кітапшалары мен ноутбуктерін үкілеп қоюға мәжбүр болуы әбден мүмкін.
Көз тиюдің түп-төркіні қызыл сөз бен қызғаныш. Мұндай жағдайда көз тию мен сөз, тіл-сұқ тиюдің арасы бір-ақ қадам. Абзалы бойыңыздағы қызғаныш деген әзәзілге жол бермей, санаңызда тұншықтырып тастасаңыз, бақытсыздықтың да, түсінбестіктің де алдын алуға болады. Демек, бәрі де өзімізге байланысты.Көз тию – дәстүрлі қазақ қоғамындағы наным-сенім түрі. Қазақ халқы ұғымында жақсы адамға, жас нәрестеге, жүйрік жылқыға, әдемі қызға, т.б. тіл-көз тиеді деп есептелген.
Бәйгеде озған жүйрік атқа көз тиеді деп сақтанып, елге көрсетпеуге тырысқан. Жас балаға тіл-көз тимесін деп молдаға дұға жаздырып, оны былғары бойтұмардың ішіне салып, мойнына тағып қойған немесе үстіндегі киімнің омырауының астыңғы жағына қадап қояды. Бала кенет науқастанып қалса, көз тиді, біреудің сұғы өтті деп жорып, оған ащылау әдісімен ем жасайды. Ащылау – тұзды уыстап, баланың жалаңаш денесіне басады. Көз тиюді қайыру әдісі. Жетісу өңірінде жеті ұсақ тасты тұмарша етіп шүберекке тігіп шолақ жең қамзолдың жағасының астыңғы жағына көзге түспейтіндей етіп тігіп қою салты бар. Бұл да тіл-көзден сақтану шарасы. Жас баланы көз тиюден емдеуді кейде үшкіру, түкіру деп те атаған. “Түкіру” көптеген халықтардың магиялық және діни әдет-ғұрыптарында маңызды рөл атқарады. Мысалы, жас келінге, нәрестеге қызыға қараған адамдарды көзің тиеді деп ырымдап, түкіруге мәжбүр еткізеді. Немесе біреуді мақтап жатқан кезде “тіл – аузым тасқа” деп айтады. Егер адамға, не малға көз тисе, “тіл кестіру” арқылы емдеген. Емнен кейін “құдайы” ас беріледі. Сауыққан адам біраз уақыт ешкіммен сөйлеспеуі керек.
Көзмоншаққа қатысты наным - сенімдер
Қазақ қызының мойынға тағатын әшекейінің бірі тамақ алқа деп аталады. Көбінесе Қостанай, Торғай облыстарында қолданылған бұл әшекей түрі күміс құймаға орнатылған тастардан жасалады да, артынан таспа жіппен байланады. Ақтөбе облысында кездескен тамақшалардың топсалы ілгегі болады. Жетісуда тамақша барқыт сияқты матадан сырып тігіледі, бетіне моншақ, меруерт, күміс тиындар тізіліп, төменгі жағы маржан моншақтармен көмкеріледі.Батыс Қазақстанда барқыттан биік жаға етіп жасалған, зер жіппен өрнектелген және күміс әшекейлермен, тиындармен сәнделген әшекей түрі тік жаға деп аталған.
Мойында аурудан қорғау символы ретінде пайдаланылған бұл әшекей Қазақстан аумағында қола дәуірінде кеңінен таралған.Кеудеге тағатын әшекейлер қызға ерекше көрік беріп тұрады. Кейбір халықтарда ерлердің жейдесі мен әйел көйлегінің омырауы әдемілікпен қатар, тіл-көзден сақтану мақсатында өрнекпен безендірілген. Қазақ арасында өңірше кеңінен тараған. Ол матадан тігіліп, өрнек салынып, тиындармен, күміс шытыралармен, түрлі түсті асыл тастармен сәнделеді. Өңірше жарты ай, тіктөртбұрыш, үшбұрыш пішінді болып келеді. Өңіршемен қатар кеудеге арналған басқа да бұйымдар болған. Кеудеге арналған әшекейлердің ішіндегі бастысы – өңіржиек ерекше назар аударуға тұрарлық. Өңіржиек қазақ әйелдерінің салтанатты жиындарда тағатын әшекей бұйымы болып саналады. Ол ұзын бойы бірнеше жалпақ тік төртбұрыш, шаршы, бесбұрыш тәрізді бөлшектердің бір-бірімен әрлеуіш шынжырлар арқылы жалғануымен жасалып, ең төменгі бөлшегінің жиегі салпыншақтармен әсемделген қымбат алқа түріндегі әшекей. Ерте кезде мұндай әшекей қызыл түсті мақпалға тігілетін. Бұл оның әдемілігін арттырып қана қоймай, тіл-көзден қорғауға да сеп болған сыңайлы.Кеудеге тағатын әшекейлер, әсіресе өңіржиек аз пішінінің қомақтылығымен қыз-келіншектердің айбынды салтанатын асқақтатса, құрылымы жеңіл, сәнді салпыншақтары бар алқа келісті мерекелік келбетін айшықтай түседі. Олар күміс шар тәріздес бейнелерден, күміс теңгелерден, медальоннан, маржан, ақық тастардан, інжу моншақтардан тұрады.
Мұндай әшекейлерде құрамының көп болуы мен материалына қарай магиялық қасиетіне көңіл бөлінді. Моншақтардың сандық белгісі молшылық, көп ұрпақ әкелу түсінігімен байланыстырылған. Осы үрдіс бойынша Солтүстік Қазақстанда баланы қырқынан шығарғанда шомылдыратын суға сақиналармен бірге немесе олардың орнына моншақтар салады.Мойынға тағылатын әшекейдің келесі түрі – тұмар.
Оның тұмарша, бойтұмар деп аталатын түрлерін зергерлік күмістен бұрыштап немесе жұмыр түтікше тәріздендіріп жасаған, ішіне Құран сүрелері жазылған қағаз салынады және басқа да тіл-көзден сақтайтын нәрселер қолданылады. Сонымен қатар үшбұрышты және түтікше бөліктерден тұратын күрделі бойтұмарлар бар. Тұмарды асыл тастармен немесе металл салпыншақтармен әшекейлеген.
Иыққа іліп жүретін тіктөртбұрышты тұмар-тұмар сөмке қолтықша деп аталады. Оның ішіне дұға аяттары, көз тиюден сақтайтын қасиеті бар нарселермен қатар күнделікті қажетті ұсақ-түйек заттар салынады. Тұмардың өң жағына көбінесе араб тілінде «Тәңір жарылқасын» деген сөз немесе Құраннан үзінді жазылатын болған.Тұмардың бәле-жаладан, тіл-көзден сақтайтын қасиеті ішіндегісінен ғана емес, пішініне де байланысты. Қазақтың зергерлік өнерінде үшбұрыш әлемнің үш деңгейін және әйел затының бастауын білдірген. Түтікше пішін ер адамның бастауын, ал үшбұрышпен бірігуі ұрпақ жалғасын, өсіп өнуді білдірген. Төртбұрышты қолтықша әлемнің төрт бұрышын білдіреді. Тұмар мойынға шынжыр арқылы тағылады. Төртбұрышты тұмарды ғана иықтан асыра таққан, олар адамның ең әлсіз жері – қолтықты қорғап тұратындықтан, қолтықша деп аталады. Тұмардың өзара ұқсас түрлері Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс, Мысыр елдерінің мұсылман халықтары арасында да кеңінен қолданылған. Қазақ даласында көркемдік тұрғыдан жетілген зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде пайда болған. «Зергер» парсы тілінен ауысқан «Зәргәр» сөзі. Парсы тілінде алтыннан, күмістен суырып, созған жіңішке сымды «зәр» дейді. Халық арасында зергерлер өте жоғары құрметке ие болып, елдің сүйікті адамына айналған.
Қарғалы қазынасынан табылған әйелдің бас киімі, түйенің мүсіні салынған алтын жүзік, алтын сырға, Ақтас – 1 қорымынан б.з. 2-5 ғ. Жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған. Бұл бұйымдарды әшекейлеуде де қазіргі заманда қолданылып жүрген барлық техникалық тәсілдер қолданылған.
Ежелгі сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалынған жүзіктерде, білезіктерде, алқаларда шолпыларда «мүйіз» оюының түрлері, арқардың басы кездескен. Зергерлер негізінен қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған әйелдердің әшекей бұйымдарын жасауда эстетикалық жағынан емес, сондай-ақ діни- идеологиялық, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік маңыздылықтарын да ескеріп отырған.
Негізгі материал ретінде тіл-көзден, пәле-жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күмісті пайдаланған. Бірақ алтынның қасиеті басқа металдарға қарағанда ерекше деп есептелген. Сәндік бұйымдардың көбіне металдан жасалуы да осыған байланысты болған. Анасын, әйелін, қызын ардақтаған қазақ халқы олардың ішкі жан дүниесінің мөлдірлігімен қатар сыртқы келбеті мен тұлғасының да сұлу болғанын қалаған. Зергерлік бұйымдардың көздеріне шеберлер ақық, теңбіл тас перуза маржан , лағыл сияқты асыл тастарды пайдаланған. Әр зергердің өз қолтаңбасы болған «шебердің қолын» соған қарап таныған.
Дәстүрлі қазақ тұрмысында тастарға деген оң көзқарас бүгінге дейін сақталып отыр. Інжу көзге түсетін катарактыны, янтарь зоб ауруын емдейді десе, маржан көз бен тіл тиюден сақтайды, қарғыстан қорғайды, перуза бақыт әкеледі дейді. Зейнет пен қуаныш тасы деп танылған ақық тас қай кезде де үлкен сұранысқа ие. Енді бір көз тиюден сақтайды деп шашты ер баланы « тіл - көзден» сақтайды деп қойған.
Оған арнайы мал сойып, үлкендердің батасын алған. Өнерлі немесе батыр, ортасында сыйлы адамдардың орнына баланы аунатып «балам осы адамдай болып өссін» деп тілек тілеген.Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт - дәстүрлеріміздің бірі ер балаға « Айдар» шаш қою. Қазақ халқының салт - дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта « Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар.
Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата - ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сөзім дәлелді болу үшін «Айдар» шаш қою дәстүрі бүгінгі таңда қайта жаңғырып отыр. Ескі дәстүр жаңа заманның сәніне айналды. Ата - анам інім дүниеге келгенде қырық күн толған күні қырқымнан шығару рәсімінде қарын шашын алып, төбесіне бір өрім шаш қалдырған.
Ес білгеннен кейін ол «Айдар» шаш екенін білдім. Нағашы атам інімді «Айдарлы бала» деп еркелететін. Айдар - айбардың және күш - қуаттың белгісі деп түсіндіретін нағашы атам. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген жерде қастарына шақырып аты - жөнін сұрап, ықылас - баталарын беріп отырады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы балаға тіл - көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдарды бала жеті жасқа немесе он үш жасқа келгенше тіл - көздің сұғынан сақтайды деп алғызбаған. Халық дәстүрінде балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген де ұғым бар. Тарихи деректерге сүйенсек Кенесары ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. Қазақта Айдар деген де адам есімі бар. Қазақтар тәрізді Тайланд халқында да балаларына айдар қояды. Олардың наным - сенімдері бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді.
Тайландықтар бала сырқатынан сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен.Інімнің жасы беске толған соң үлкен әжем ата - анаммен келісіп ағайын - туысты жинап, сүндет той жасады. Сол сүндет тойында ұзақ жасаған жасы бар, көпті көрген, шешен - шежірелі ұлы нағашым Әкіжан атам тілегін айтып, бата беріп менің «Айдар» шашымды алып тастау рәсімін жасады.
Әжем немерем осы ұлы нағашысына тартып, дана, көсем сөзді, данышпан болсын дегені. Осылайша ата - анам інімнің ер жеткенін дәлелдеп, елдің батасын алды. Сонымен, айдарды балаларға «осы балам ел - жұрттың қолдап - қорғауына, үміт - тілегіне ие болса екен» деген жақсы ниетпен ырымдап қояды деп қорытындылаймын.
Қазақтардың таным-сенімдерінде, қары жілік адамға ұқсаған бейнесімен ұры-қарыдан сақтайды. Қазақтар бұл сүйекті қары жілік дейді. Қары өзгертілген хариту сөзінің баламасы емес пе екен? Осы қары жілікті қазақтар ер-тұрманның әбзелі есебінде және ат пен ер-тоқымды сақтаушы деген нанымда, ердің алдыңғы қасына іліп қояды. Қасқырдың тілерсегі белдің шойырылуынан, сарп ауруынан және “көзден” сақтайды деген нанымда қолданылады. Үкінің басы, аяғы мен қауырсыны жын-періден қорғайды, сондықтан үйдің әр жеріне, бесіктің басына іліп қояды.
Қырғыздардың үйінен ұлардың басын көрдік қырғыздардың наным-сенімінде ұлардың еті шешек ауруынан сақтандырады. “Көзден” және “тілден” сақтану үшін “есек тас” деп аталатын тасты тағады. Олардың сенімінше, тас есектің қарнында жүреді, бірақ саудагерлер “есек тас” деп, шыны, сырымен сырланған көк қышты алдап сатады” Қазақтардың мифологиялық түсініктерінде жылқы – желден, түйе – сордан, қой – оттан, сиыр – судан, ешкі – тастан жаратылған деп есептеледі. Қазақтардағы киелі жануарлар түрлерінің тағы бірі – түйе. Түйеге қатысты наным-сенімдер, ырымдар мен салттар жөнінде диссертацияның келесі тарауында кеңірек сөз етеміз – мұнда түйенің түсіне қатысты және киелі семантикаға ие лексикалық бірліктерді келтіреміз.
Олар мынадай лексемалар: ақ түйе, ақ боз атан, бозінген, аруана, ақ бура, қара бура, шаңырақ түйе, қара түйе және т.б. Құстардың атаулары да киелі семантикаға ие: үкі, қарға, самұрық, қарақұс, қарлығаш, аққу және т.б. “Қазақ халқында аң-құсқа байланысты толып жатқан наным-сенімдер, тыйым, ырымдар қалыптасқан. Ата-бабаларымыз тіпті олардың емдік қасиеттерін де білген.
Үкінің басы, аяғы мен қауырсыны жын перілерден, сұқ көзден қорғайды деген ұғым бойынша, оны киелі құс санайды. Сондықтан оларды үйдің әр жеріне, бесіктің басына, жаңа үйленген жастардың шымылдығына іліп қоятын болған. Әншілердің бас киімінің төбесіне үкі тағатыны осыдан. Себебі көрермендер арасында кейбір тіл – көз сұқты адамдар отыруы әбден мүмкін. Халық аққуды, құндызды аулатпаған, атқызбаған. Аққу құс төресі, сұлулық пен махаббат белгісі іспеттес.
Сондықтан қазақ сұлу қыздарды “аққудың көгілдіріндей”, “аққудай періште екен” деп сипаттаған. Қ.Ғабитханұлының айтуынша ертедегі адамдар құсқа, жоғары әлемнің бейнесі, көк тәңірімен тілдесіп көк пен жерді байланыстырып тұратын киелі күш – тотем деп табынған. Наным-сенімін олардың қауырсындарын төбеге қадау арқылы білдірген.
Олар аспан әлемін шартты түрде кескіндеп, өзінің тотем санаған құсына деген құрметін, наным-сенімін әр түрлі тәсілмен, ритуалмен жеткізген. Мәселен, қазақтардың “үкі тағу” дәстүрі – осының бір айқын көрінісі. Үкінің үлпілдеген қауырсын, құмрық жүнін қазақтар адамға көрік беретін, жағымды әсер ететін сәнді зат ретінде де, тіл-көзден сақтайтын ырымдық зат ретінде де күні бүгінге дейін пайдаланып келеді. Үкінің қараңғы түнде көретін көзінің жітілігі, дыбыс шығармай ұшатын сақтығы, көп жасау т.б. өзге құстарда жоқ ерекшеліктері оны қасиетті, киелі құс деп санауға себеп болған. Үкінің жүнін ғана емес, қазақтар ырым қылып, оның тұмсығы мен тұяғын да тұмар орнында қолданады, үкінің қауырсынын, әдетте, баланың бас киіміне, бесігіне және жаңа той қылған жастардың түс киізі мен шымылдығына, сал-серілердің тақиясына тағады.
С.Қондыбай құстардың киелілігі туралы былай дейді: “Құс – екі дүние арасын жалғастырушы делдал. Қарабайыр мифте, басқа дүниенің өзінің жоғарғы және төменгі бөлінуіне орай, делдал құс бейнесі де екі түрлі болып шығады; яғни, құс – адамды жоғарғы дүниемен де, төменгі дүниемен де жалғастыру. Түркілердің ертедегі тарихын зерттеуші Ю.А.Зуев былайша атап көрсетеді: “У-сунь иероглифтік таңбаларының этимологиясы “қарғаның ұрпақтары” дегенді білдіреді, бұған П.Доффина көңіл аударады.
Мұнда бұл кейіпкер өте маңызды болып табылады. Егер үйсіндерді қазақ халқының шығу тегіндегі ең көне және негізгі этникалық құралас деп есептесек, онда “қарға тамырлы қазақ” тұрақты тіркесінің мәні түсінікті, себебі “қарғаның ұрпақтары” үйсіндер қазақ халқының ежелгі кездердегі негізі немесе бастау көзі деп саналады. “Қарға да – бір кезде тотем деп танылған киелі құс.
Қарға тамырлы қазақ, қолыма қарға тышар, қарға қаттасым, үйрек жүнді оттасым сияқты тіркестер бұған куә. Бұл тәрізді жағдай біз басқа түркі – алтай тілдес халықтардың салтынан да кезіктірдік. Мәселен, мәнжүрлерде қарғаның мәнжүр патшасы Нұрқашты өлімнен құтқарып қалғаны туралы аңыз - әңгіме бар. Сонымен бірге мәнжүрлер аулада белгіленген жерге жапырықтап ет тастағанда, оны қарғалар келіп жесе, аруақ риза болды деп қуанған, жемесе – аруақ бізге ренжіді деп үрейленген. Эвенктер “қарға – тәңірдің адамзатты жаратқандағы көмекшісі”, моңғолдар қарғаны “жақсылық пен жамандықты қатар алып жүретін киелі құс” деген. Тувалар қарғаны өлтірсе, ол бүкіл туваны қарғайды деп сенген. Сахалар қарғаны тотем құс және “жаһан құсы” деп санайды екен.
Оған себеп – қарғаның ұзақ өмір сүруі, көріпкел және адам тағдырын билейтін қасиетіне деген сенімі. Көптеген жануарлар мен құстар атауларының киелі семантикасы қазақ халқының бірқатар мифтері, ертегілері, аңыз-әңгімелерінде айқындала түседі. С.Қондыбай қазақ мифологиясының материалдары негізінде киелі жануарлар мен құстардың мифологиялық, оның ішінде киелі семантикасының құрылымын қайта қарастырды, ол “Арғы қазақ мифологиясы” атты төрт томдық іргелі еңбегінде нақты көрсетіледі.
Қазақтың фольклорлық шығармаларында киелі жануарлар мен құстардың, сол сияқты бауырымен жорғалаушылар – жылан, аждаһа т.б. сан қырлы магиялық, фидеистік, киелі күштері жөнінде маңызды да қызықты мәліметтер баршылық. Қазақ тіліндегі семиотикалық жағынан мәнді сөздердің киелі семантикасын анықтап, сипаттау кезінде фидеистік лексикалық бірліктердің тек номинативтік мәнін ғана емес, тілдік фольклорлық мәтіндерден алынған этномәдени мәліметтерді де негізге алған жөн.
Дана халқымыз сақина соғылатын күміс, алтынның таттануға ұшырамайтынын, олардың судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізетінін, денсаулыққа жағымды әсер ететінін тым ерте байқап, білген. Заманында жас келіншектер нәрестесін шомылдырарда, жаялығын жуарда, тамақ дайындарда ауылдағы қарт әжелер: «Қолыңа күміс сақинаңды салып ал, ол тазалыққа, адалдыққа жақсы», — деп ескерткен. Нәрестені қырқынан шығарарда оны шомылдыратын суға күміс теңгелерді немесе күміс, алтын сақинаны, білезікті салған.
Сәби шомылдырылып болған соң сол бұйымдар сәбидің кіндік шешесіне берілген. Бұл — зергерлік заттар сәбиді қырқынан шығарушы әйелдерге арналған сыйлық қана емес, халқымыздың асыл заттардың қасиетін білгендігінен қалыптасқан дәстүр. Күмістің өзіндік әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік қасиеті-де көп. Емдік қасиеті қазіргі медицинада дәлелденген. Ал қазақ емшілері өте ерте замандарда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиеттеріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күмістің ерекшелігі сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су, ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам, ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады.Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады.
Ал қазақ халқы күмістің пайдасын қағазға қаттап жазбағанымен күнделікті өмірінде біліп қана, тыныш өмір сүріп жүре берген. Қазақтар күмістің емдік қасиетінің молдығын біліп, күмістің тістің қызыл иегін зақымданудан сақтайтынын, түрлі бактерияларды жойып, асқазан-ішек жолдарын тазартатынын білген. Тамақ ішуге күміс қасық пайдалануға мән берілг
ен. Егер қасық жұмсақ қақталған, ақ күмістен жасалса күміс иондары суға бөлініп, ерітінді түрінде, ағзаға сіңеді. Қолданыла келе күміс қасықтың жиегі мүжіле бастайды.Бұл, ағзаның күміс иондарын қаншалықты пайдаланғанын көрсеткен. Күміс залалсыздандырушы болып та есептеледі. Күмісті тек медицинада ғана емес, косметологияда, тіпті бағбандар саяжайларда тыңайтқыш ретінде пайдаланса, аспаздар күміс қосылған сумен тағам әзірлеген. Асыл заттардың бәрі жерден шықса, меруерт, маржан көлден шығады, осы орасан байлықтың иесі адамзат баласының көңіл сарайынан талайларды тамсандырған өнер туындылары дүниеге келген.
Күллі әлемнің барлық халықтарында амулет- талисман деп аталса, қазақ халқында тұмар деп атаған.Тұмар өзінің мағыналық сипаты жағынан көз тимеу үшін, әсемдік үшін және т.б. жағдайларда тағылады.Тұмар теріден тігілген қалта, магиялық мағынасы жекелену, оңашалану, өзін елден ерек ұстау, өзгеше болып көріну сияқты мағыналарға саяды.«Тұмар» сөзінің мағынасы ежелгі дәуірден -ақ, қандай да бір тайпа, елде болмасын өзіндік тарихи мәні болғандығы тарихтан белгілі.Алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде өмір сүргендер тотемизм кезеңінде аңдардың азу тістерін, тұяқтарын тізіп, моншақ сияқты тағып, қоршаған ортаның тылсым күштерінен қорғану мақсатында айбатты жануарлардың күш-қайраты өздеріне беріледі деген наным-сенімдер болған.
Сақ заманында түр жағынан барынша өзгерген және өңделген күйде болса да, анимизм, тотемизм және магия сияқты ең ежелгі діни ұғымдар да сақталған. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қабірлерден сақ дәуіріндегі моншақ тастар, ұлу қабыршақтары табылған. Ерте темір дәуірінде сақ тайпалары тастан жасалған моншақтар мен теңіз жағалауларында кездесетін ұлу қабыршақтар тізбесін тұмар ретінде таққандығын аңғарамыз.
Сондай-ақ рудың немесе тайпаның қайсібір мифтік хайуан- тегінен шығу туралы ұғым жануарлардың металдан жасалған мүсіндерінде бейнеленген. Шайқастарда желеп-жебейді, деп оның бейнесі қаруға салынған, жауға мінетін атты сақтасын деп жүгенге шегелеген.Сақтарға жақсы таныс жабайы аңдар бейнесіндегі киелі хайуандар туралы, олардың шапшандығын, ептілігін және көбіне киелі күшін мадақтайтын аңыздар шығарылған.
Ал ортағасырларда қолөнер ісі дами келе қасиетті саналатын құстардың, жан-жануарлардың бейнелерін ағаштан, сүйектен, металдан жасап тұмар ретінде таққан. Ортағасырлық Отырар қаласына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында, ғалымдар құстың, жыланның басы, аққу, қаз және серке бейнеленген тұмарлар тапқан.
Сонымен қатар малдың асығы, құстың сүйектері,қасқырдың азу тісі, киіктің бақайы табылған.Қазақ халқының діни сенімінде тотемистік сенім болды және олардың әдет-ғұрпының қалыптасуында, тұрмысында жан-жақты рөл атқарды деп ойлауға негіз бар. Мысалы, ескі жыл есебіндегі 12 жануардың атымен байланысты атаулар мен әрқайсының иесі бар деп, ат қойып айдар таққан: Зеңгі баба, Ойсыл қара, Шопан ата және т.б. Жан-жануарларға байланысты аңыз-әңгімелер мен ертегілерде оларға байланысты көріністерді байқап, әр хайуанды ғажайып сиқырлы күші бар деп таныған тотемдік түсініктерді байқаймыз.
Сонымен бірге, қазақ халқындағы тотемизмдік элементтерінің бір түрі «табу» болып табылады, яғни, бір нәрсеге тиым салу мағынасын білдіреді. Егер тотемдік түсініктерде жануарлар мен өсімдіктердің адамға қандас туыстық қатынасы бар деп түсіндірілетін болса, табуда кейбір жануарлар мен өсімдіктер «қасиетті» деп ұғынылып, олардың өз атын атауға тыйым салынған. Егер өз атын атаса, зиян келтіреді деп түсінген.
Мысалы қасқырдың атын қасқыр демей «ит-құс», «ұзынқұлақ» сияқты атаулар берген. Өмірде болатын түрлі жағымды-жағымсыз құбылыстардың бәрі де тылсым күштер әрекетінің нәтижесі деп түсінгендіктен, олардың киесіне ұшырамас үшін әр түрлі жол-жоралғылар, қағидалар, құрбан шалу, көпшілік болып түрлі ырымдарды орындау қалыптасқан.
Қазақ арасында «Сақтансаң сақтаймын» деген сөздің төркіні де өте тереңде жатыр. Мүмкіндігінше адамның сақтануға тиісті құбылыс-нысаналары: жын, пері, шайтан, албасты,шешек, жалмауыз,тіл, сұқ, көз тию және т.б. Ғалым- этнограф А. Сейдімбек: «Тәңірлік наным-сенімдегі әрісі – түркілер, бергісі – көшпелі қазақ үшін - күн, көк, от, су сияқты жер де киелі. «Қара жер» киелі жер деген мағынада.
Байырғы көшпелілер тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір шөкім топырағы болған. Тұмар сөзі байырғы түркі тілінде «тума иер» - «туған жер» деген сөздердің кірігуінен шыққан. Кейін ислам дінінің орнауына байланысты тұмардың ішіне дұға салып жазу дәстүрі қалыптасты», деген мәліметтер береді. VІІІ ғасырда Орта Азия және Қазақстанның оңтүстігіне ислам дінінің еніп, одан әрі тарауына байланысты дін басылары сырқаттанған адамдарды кітап ашатын молда, ишандарға барып қаралуын қатты қадағалады. Науқасқа емдейтін дұғаларды сиямен қағаз бетіне түсіріп, оны суға езіп ішуге немесе үшбұрыштап тігілген терінің,матаның ішіне салып бас киімге, кеудеге тұмар қылып тағып жүруге кеңес берді. Бұл кезде көпшілік тұмарды арабша дұға жазылып, үшбұрышқа келтіріп бүктелген қағаз деген түсінік болды. Ал кейінірек дұға үшбұрышты және дөңгелене темірден жасалған қорапшаларға салынып, оны тұмар деп атаған.
Бұдан қазақ даласында ислам дінінің кеңінен тарауы мен орнауына байланысты болжамды байқауға болады. Халық түсінігі бойынша, малдардың ауруы кей жағдайда көз тиюден болады деп есептелген. Көз тимеу үшін ботаға, түйеге, сиырға, жүйрік аттарға әр түрлі тұмарлар тағылған. Мысалға, ботаға үкі тағып, біраз уақыт жұрттан оңаша ұстап тұмар таққан. Ол тұмар – жіпке өткізілген қара дөңгелек тастар.
Бөгде біреу ботаны көріп қалса «тіл-көзім тасқа» деп жерге түкірген. Егер олай етпесе үй иесі одан жаңағы сөзді айтып, жерге түкіруді талап еткен. Сүтті көп беретін сиырға да жеті қара тасты салып, үшбұрыштап тіккен тұмарлар тағып қою әдеті болған. Бұл қазіргі кездегі жиі қолданысқа ие «тіл-көзім тасқа», «тілім тасқа тисін», «көзім тасқа түссін» деген тіркестердің шығу төркіні ретінде қарауға мүмкіндік береді.
«Ер қанаты – ат» деген, ата-бабамыз жылқыны өте қадірлегендігі белгілі. «Жүйрікке – тұмар» деген мақал осыны аңғартады. Ақын-жыраулар тілінде, әр түрлі жырларда тұлпарларға тұмар тағылатындығы жиі кездеседі, тұмарына қарап оның жай ат емес екендігін ажыратқан.
Қазақтың байырғы түсінік ұғымы бойынша «тілім тасқа, сұғым суға, назарым назарға аусын», «тіл көзден сақтасын», «я, Алла тілден, сұқтан, қауіп – қатерден қағыс қыл», «назары аштың сұғынан сақта» тәрізді бата –тілектер көз тиюден сақтауға септігін тигізеді екен деседі. Киелі саналатын дәстүрлі ырымдардың бірі – тұмар тағу.
Қазақ халқында «көз тию», «тіл тиюден» сақтау барысында тұмар таққан.Жас бала не жаңа туған төлді көз тиюден, ауру-сырқаудан сақтайды деген ұғыммен ішіне құран сөзі жазылған, үш бұрышты мата не былғарымен тысталған дұғалық қағазы бар тұмар таққан.Сондай -ақ жас балалардың киіміне үкі, моншақ, есектас, сырға, білезік сияқты әшекей бұйымдар тағу да тіл, көз тиюден сақтайды, деп есептелген.
Мысалы қазақтар есектас деп аталатын тасты жас балалардың киіміне тұмар ретінде таққан. Ш.Уәлиханов кезінде ол туралы: «Қазақтар көзден және тілден сақтау үшін «есектас» деп аталатын тасты тағады. Олардың сенімінше, тас есектің қарнына жүреді, бірақ саудагерлер «есектас» деп, шыны сырымен сырланған көк қышты алдап сатады»,- деген құнды этнографиялық мәліметтерді шығармаларында келтірген.
Балаға көз тиген деп жорыса, кейде сумен емдеген. Ол үшін есіктің тұтқасын жуған сумен баланың екі алақанын және табанын жуады немесе даладан иттің бас сүйегін тауып алып, оны суға қайнатып, сол суға баланы шомылдырған. Суға қайнатқан иттің қу басын таза ақ шүберекке орап, жоғарыға іліп қояды.Қазақ даласын зерттеуде үлес қосқан ғалым, А.Левшин: «Қырғыз немесе қырғыз әйелі өзімен бірге үш бұрышты өзін сақтайтын аяттар жазылған тұмар тағады. Ол адамды бақытсыздықтан сақтайды деп сенеді»,- деп өз зерттеулерінде жазған.
Қазақ халқы арасында ересек адамдарға қарағанда жас балалар мен қыз келіншектерге көз тигіш болады деп саналады.Халықтың мұндай байырғы ұғым-түсінігін қазіргі замандағы биофизикалық зерттеулер жоққа шығармайды.Биофизикалық зерттеулерге сүйенсек кез келген адамның денесін әртүрлі сыртқы зиянды әсерлерден сақтайтын биоэнергиялық қабы – биополясы немесе ауруы болады.
Сондықтан жаман ауруы бар адамның көз сұғын басқа заттарға аудару үшін, тіл- көзінен қорғап қалады деп саналатын тұмар, үкі немесе зергерлік әшекей бұйымдар тағылады. Әшекей бұйымдардың өзі о баста түрлі пәле-жаладан, жаманшылықтан сақтаушы тұмар қызметін атқаратын зат ретінде қалыптасты. Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесі «Кітапхана» бөлмесінде «Сыр сақтаған тұмарлар» тақырыбында өткен көрмеде қазақ әйелдерінің зергерлік сәндік -әшекей бұйымдарының бірі тамаша үлгісі бойтұмар көрсетілді.
Сәукелеге көз моншақ, үкі-аяқ, жыланбас тәрізді толып жатқан әшекейлер тағылған. Зергерлер тұмарды аса шеберлікпен жасаған оны неғұрлым әсем, көз тартарлық болуы кісінің назары бірден адамға емес әлгі зергердің жасаған бұйымына түсетіндей, яғни көз тиюден сақтау мақсатында пайдаланады. Негізінен қыз баланың әйелдердің әшекей көп тағынуы қыз болашақ ана, дүниеге ұрпақ әкелуші сол себептен киіміне, бас киіміне көптеп әшекей бұйымдар тағынған.
Тұмар тағу ертеден қалыптасқан шашы ұзын қыз келіншектер көз тимеу үшін шашпау, шашқап, шашқа арналған тұмарлар таққан. Жас түскен келіннің де шымылдығына әшекей заттар мен үкілі тұмар тағатын болған, бұл үрдіс бүгінгі күнімізге дейін жетіп отыр.Тарихқа көз жүгіртсек, біздің бабаларымыз тұмар тағудың ғасырлар бойы ғажап үлгісін жасаған.
Мысалы: Хан ордасында – Орда тұмар, қала қақпаларында – қақпа тұмары, үйлерде – үйтұмар, батырларда – бойтұмар, арғымаққа – аттұмар, казіргі заманғы көрінісі- көлік тұмар, төрт түлікте – көзтұмар, үйленгенде – қостұмар, қыз ұзатса – жасаутұмар, сәбилі болса – бесік тұмар жастататын болған.Тұмар текемет пен киімдерде және кілемдер мен үй жиһаздарында көптеп кездеседі.
Мұндағы ой да сыртқы тіл-көзден, пәле-жаладан сақтау мақсатында тұмар бейнесі салынады. Үйдің төргі бөлмесінде ілулі тұратын кілемнің нақ ортасына тұмардың бейнесі орналасуы да көз тимеу үшін жасалады. Тұмар тек ішіне аяттар ғана салып жүру емес, сонымен қатар, тұмар жан-жақты сипатта пайдаланылған.
Бүгінгі таңда заманның тоғысуымен болған ерекшеліктері мен өзгешеліктері себебінен тұмар сөзінің адам баласына да, жан-жануарға да, сонымен қатар жансыз заттарға да, басқа да тылсым құбылыстар мен күштерге қатысты айтылады.
Мысалы, тіл-көзден сақтану мақсатында жаңа жайға қоныстанғандардың қабырғаларға ілетін заттай тұмары, адам жанының аман болу мақсатында мойнына тағатын тұмары, алыс жолға шыққан кезінде өзімен ала жүретін тұмары, мал басының сақтығы үшін тағылатын тұмары және тағы басқа да адам баласының өзіне қымбат, қадірлі дүниесін қорғау барысында жасалынатын жоралғы бойынша жасайтын тұмар түрлері кездеседі.Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп.
Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ұлдың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Оның аты – айдар. Бұл ғұрып негізінен, тіл – көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады. Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі.Қазақ халқы – ежелден ерекше балажан халық.
Ырымшыл халқымыз тіпті балаларының санын бадырайтып айтпаған. Біреу сұрай қалса, «4-5 жаман қара бар ғой» деп сырғыта салған.Сұраған кісі де ары қарай қазбаламайды екен.
Ұрпағының көбеюіне, өсіп-өніп жетілуіне зор мән бергендіктен болар, балаға қатысты ырым-тыйым, дәстүрлер де жетерлік. Кейбіреулерін ғана атап айтсақ, кішкентай балаға тіл-көз тимесін, сұқ өтпесін, назар түспесін деп олардың баскиіміне үкі, жыланның қураған басын, көзмоншақ қадап, тұмар тағып қоятын болған. Көпшілік бар жерге апарғанда маңдайына күйе жағады. Балаға үкі тағу бүгінде жоқ деуге болады.
Ал көзмоншақты қадап жүргендерді жиі кездестіреміз. Алайда қазіргі көзмоншақтардың бәрі қолдан жасалған. Дегенмен ақ ниет, ізгі тілекпен қолданса, оның да септігі бар. Ал шынайы көзмоншақ деген кез келген жерде жататын, оңай табылатын зат емес. Оны дария мен өзен-көлдердің жаға-жиегінен іздейді. Толқын ұрып шайып, жып-жылтыр болған кішкентай домалақ қарасұр немесе қара тастың бірнеше жерінде ақ дақтары болады. Мұндай тас адам көзінің ағы мен қарасының нышанындай болғандықтан былайғы тастардан өзгешеленіп, тылсымдау көрінеді екен.
Сол ерекше тасты зергерлер шеберлікпен әдемілеп теседі де, ұл балалардың баскиіміне немесе киімінің өңіріне қадап қояды. Ал қыздардың көзмоншағын көбінесе күміске бекітіп, бұралмалы бау жасап сәндейтін болған. Жас балаларға қатысты «көз тию», «тіл тию», «сұқ өту», «аш кіру» деген сөздер негізсіз шықпаған.
Әр адамның бойында әртүрлі деңгейде биоөріс, көзінде от болады. Қазіргі тілмен айтсақ, энергия, ауруы бар. Адамдар сәбиге ешқандай жамандық ойламаса да, көзіндегі назар күші балаға беріліп, кішкентай бала оны көтере алмай, ауырып қалады. міне, осының бәрі келіп сенім мен нанымд құрайтыны сөзсіз деген ойға келдім.
Қорытынды
Біз кейде көп мақтанып кеткен кісіге үлкендердің: «Көп мақтанба, көз тиеді. Сол иығыңнан асыра түкір де ағашты тоқылдат» деп айтқан сөздерін де естіп қаламыз. Сондай-ақ, қариялар, таным-түсінігі кең кісілер біреуді мақтағанда ешкімге айтқызбай-ақ: «Тфә, тфә! Тіл-аузым тасқа» деп жатады. тұлпарына сұқтана, қызыға қараған адамға да қазақтар «көзің тиеді, түкір» деп еріксіз түкіртіп алады.
Күллі әлемнің барлық халықтарында амулет- талисман деп аталса, қазақ халқында тұмар деп атаған.Тұмар өзінің мағыналық сипаты жағынан көз тимеу үшін, әсемдік үшін және т.б. жағдайларда тағылады.Тұмар теріден тігілген қалта, магиялық мағынасы жекелену, оңашалану, өзін елден ерек ұстау, өзгеше болып көріну сияқты мағыналарға саяды.
«Тұмар» сөзінің мағынасы ежелгі дәуірден -ақ, қандай да бір тайпа, елде болмасын өзіндік тарихи мәні болғандығы тарихтан белгілі. Қазақтың байырғы түсінік ұғымы бойынша «тілім тасқа, сұғым суға, назарым назарға аусын», «тіл көзден сақтасын», «я, Алла тілден, сұқтан, қауіп – қатерден қағыс қыл», «назары аштың сұғынан сақта» тәрізді бата –тілектер көз тиюден сақтауға септігін тигізеді екен деседі.
Киелі саналатын дәстүрлі ырымдардың бірі – тұмар тағу.Қазақ халқында «көз тию», «тіл тиюден» сақтау барысында тұмар таққан.Жас бала не жаңа туған төлді көз тиюден, ауру-сырқаудан сақтайды деген ұғыммен ішіне құран сөзі жазылған, үш бұрышты мата не былғарымен тысталған дұғалық қағазы бар тұмар таққан.
Сондай - ақ жас балалардың киіміне үкі, моншақ, есектас, сырға, білезік сияқты әшекей бұйымдар тағу да тіл, көз тиюден сақтайды, деп есептелген. Міне, зерттеу барысында осындай бірталай мәліметке кез болдым. Шын көзмоншақ жоқ екен. Олар теңіз астында ғана болады екен. Пласмассадан жасалған көзмоншаққа адамдардың сенгені өкінішті - ақ.
Ұсыныс
1.Үнемі көзмоншақ тағып жүремін деген ойдан арылу керек.
2.Көзмоншақ тақпасаң, жаманға жоруға болмайды.
3.Көзмоншақ таққың келсе, оюды қадап қоюыңа болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдеп- ғұрыптары кітабы 75-93 беттер.
2. Көз тию туралы медицина не дейді? Ұлт тағылымы журналы №2. 2012 жыл 4-6 беттер.
6. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1991Қазақтың наным –сенімдері. Алматы:Қағанат

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген