400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кремний және оның қосылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға маңызы зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Свободный орта мектебі

Күні: 28.11.2018.

Мұғалімнің есімі: Дузелбай Д

Сынып: 9

Пән: Химия

Оқушылар саны: 4

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:

  • Оқушыларға кремнийдің атом құрылысы мен физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы мәлімет беру;

Дамытушылық:

  • Реакция теңдеулерін құрастыра білу , атом құрылысын түсіндіру, кремний қосылыстарының қасиеттері: кремний оксиді, кремний қышқылы, ерігіш шыны, кремнийдің биологиялық маңызы , оның қосылыстарының қолданылуы, қорытынды жасау,жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:

  • сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру

  • Сабақтың түрі: ашық сабақ

  • Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, есептер шығару, ізденіс

  • Сабақтың көрнекілігі: слайд-презентация, таратпа материалдар, плакаттар, бағдаршам түстері, периодтық кесте

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІV. Топқа бөлу

V. Жаңа сабақ

VІ. Сабақты бекіту.

VІІ. Қорытындылау.

Сабақтың барысы: Оқушылармен амандасып, тугендеймін. 3 топқа бөлемін. Әр топта 5 адамнан болады.

Үй тапсырмасын «Сұрақ-жауап» ойыны арқылы пысықтаймын:

  1. ІV топтың негізгі топшасына кіретін элементтер?

  2. Көміртек сутекпен әрекеттескеде түзілетін элемент?

  3. Көміртек қосылысарында қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

  4. Көмір қышқылының формуласы қандай?

  5. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері

Сөзжұмбақ шешу:

  1. Көміртек қышқылы тұздарының атауы;

  2. Оқ-дәрі жасауда қолданылатын элемент;

  3. СН4 қосылысының атауы;

  4. ІІ период ІV топ элементі

  5. Электробейтарап бөлшек

  6. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі;

  7. Ең жеңіл элемент

Жаңа сабақ. Сөзжұмбағымызда қандай сөз шықты балалар? Иә дұрыс айтасыздар, шыққан сөз сабағымыздың тақырыбы: «Кремний және оның қосылыстары»

Ендеше осы кремний туралы мәліметтер айтайық:

«Элементке Резюме» ойыны

  • Элемент: Кремний

  • Таңбасы:

  • Оқылуы:

  • Реттік номері:

  • Салыстырмалы атомдық массасы:

  • Атом құрамы:

  • Электрондық формуласы:

  • Периодтық жүйедегі орны:

  • Валенттілігі:

  • Тотығу дәрежесі:

  • Қосылыстары:

Кремнийдің ашылуы:

1824 жылы швед ғалымы Йенс Якоб Берцелиус кремнийдің аморфты түрін ашса, ал 1854 жылы француз физик-химигі Анри Сент-Клер Девиль кремнийдің кристалдық түрін алған.

Кремнийдің физикалық қасиеттері:

Кремний – бейметалл, кристалдық және аморфты күйде кездеседі.

Кристалдық кремний – металдық жылтыры бар, өте қатты, қиын балқитын, қара сұр түсті зат.

Аморфты кремний – сұрғылт түсті ұнтақ зат.

р = 2,33 г/см3; t балқу. = 14150С; tқайн. = 35000С;

Химиялық қасиеті:

Жай заттармен:

Si + 02 = Si02 (кремний оксиді)

Si + 2F2= SiF4 (кремний фториді)

Si + C = SiC (карборунд)

Si + 2Mg = Mg2Si (магний силициді)

Күрделі заттармен:

Сілтінің ерітіндісімен қыздырғанда әрекеттеседі. Si + 2NaOH + Н20 =Na2Si03 + 2Н2↑

Кремнийді алу.

Өндірісте құм мен көмір қоспасын қыздырып алады.

SiO2+C=Si+2CO

Зертханада бос күйіндегі кремний алу үшін магний ұнтағы мен ақ құмды қосып қыздырады

SiO2+2Mg=2MgO+Si

Кремнийдің қолданылуы. Кремний – электроникада өткізгіш ретінде қолданылады. Карборунд – бұрғылар, тегістегіш заттар жасауда , стамотологиялық құралдар өндірісінде ,отқа , қышқылға төзімді заттар алады.

Жаңа сабақты бекіту.

1.Тізбекті жүзеге асыр:

Si →SiO2 →Na2SiO3→ H2SiO3→ K2SiO3→ CaSiO3

2.Есептер шығару

  • Азот тобы: 2 моль кремний оксиді қанша л көлем алады?

  • Күкірт тобы: 5,6 г Кремнийдің зат мөлшерін есептеңдер?

  • Фосфор тобы: 0,5 моль кремний қышқылының массасын есептеңдер?

  • 1-топ: 2 моль кремний оксиді қанша л көлем алады?

  • Берілгені: V= ν*Vm

  • ν(SiO2) = 2 моль Vm= 22,4 л/моль
    т/к V=? V=2 моль*22,4 л/моль =44,8 л

  • 2-топ: 5,6 г кремнийдің зат мөлшерін есептеңдер?

  • Берілгені: ν=m/M

  • m(Si) = 5,6 г M(Si) = 28 г/моль
    т/к ν =? ν= 5,6/28 = 0,2 моль

  • 3-топ: 0,5 моль кремний қышқылының массасын есептеңдер?

  • Берілгені: m = M* ν

  • V(H2SiO3 ) = 0,5 моль M(H2SiO3 ) = 78 г/моль
    т/к m =? m=78*0,5=39 г

3. Венн диаграммасы

  • Азот тобы: Азот пен кремний

  • Күкірт тобы: Күкірт пен кремний

  • Фосфор тобы: Фосфор мен кремний

Бағалау

“Екі жұлдыз бір тілек”

Үйге тапсырма

  • § 25-26 ( мазмұнын айту);

  • Сөзжұмбақ құру;

  • №3 (В) есебін шығару

  • Кремнийдің түрлері мен қолданылуы туралы слайд-презентация жасау

Рефлексия

Маған сабақ ұнаған жоқ, уақытым босқа өтті

Сабақ маған ұнады, әлі де ізденуім керек

Сабақ маған қатты ұнады, жақсы қатыстым деп ойлаймын



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
881
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі