400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Кристалдық торлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Кристалдық торлар туралы толық ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кристалдық тор - иондық, атомдық және молекулалық

Қатты заттар атомдардан, молекулалардан не иондардан құралады. Бұлар кеңістікте белгілі бір тәртіппен орналасуы мүмкін.

Мысалы ас тұзындағы (NaCl) натрий және хлор иондары былай орналысқан:

Бұлар кеңістікте тор пішінді тәртіппен орналасады. Кристалдық тор дегеніміз осы. Кристалдық торларда атомдар, молекулалар не иондар белгілі бір тәртіппен кеңістікте орналасады. Қатты заттардың көбінде кристалдық тор бар.

Кристалдық тордың түйіндері дегеніміз, кристалдық торды құратын атомдар, молекулалар не иондар. Мысалы жоғарыдағы ас тұзының түйіндері натрий және хлор иондары болады. Кристалдық тордың түйіндеріне байланысты, кристалдық торлар - иондық, атомдық және молекулалық деп үшке бөлінеді:

Иондық кристалдық тор

Иондық кристалдық тор заряды бар иондардан құралады. Бұны жоғарғы суретте көре аласыз. Көк түспен оң зарядталған, ал қызыл түспен теріс зарядталған иондар белгіленген.

Ас тұзы иондық кристалдық тордың мысалы бола алады:

Себебі бұл зат, оң заряды бар натрий ионынан (Na+) және теріс заряды бар хлор ионынан (Cl-) құралған.

Атомдық кристалдық тор

Атомдық кристалдық тор кеңістікте белгілі бір тәртіппен орналасқан атомдардан құралған.

Мысалы графит деген зат көміртегінің атомдарынан құралған, осы заттын атомдары былай орналасқан:

Графиттегі әрбір көміртегі атомы көршілес үш көміртегі атомымен қатты байланысқан қабатты құрайды. Бұл затта осындай талай қатарлар бар. Бірақ қабаттар бір-бірімен әлсіз байланысқан. Соңдықтан графит жұмсақ әрі сынғыш болады. Бұл заттан қарындаш жасайды.

Ал алмас деген затта осы көміртегі атомдарынан құралған, бірақ бұл заттын құрылысы басқа:

Алмаста көміртегі атомдары бір-бірімен берік байланысқан. Сондықтан бұл зат берік болады.

Молекулалық кристалдық тор

Молекулалық кристалдық тордың түйіндері молекулалардан құралған. Мысалы I2 кристалдық торы мынандай:

Бұнда нені байқаймыз? I2 молекулаларының белгілі бір тәртіппен орналасқаның.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
1508
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі