Тақырып бойынша 11 материал табылды

Критериалды бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі мұғалімдерін сабақты критериалды бағалауларына бағыттау мақсатында өткізілген коуинг сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучингкке рефлексивті есеп

Мен өзімнің ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін әріптестерімнің сұрануымен критериалды бағалауға байланысты коучинг сабақ өттім.Коучингке Айнұр, Құралай, Ляззат,Набиева Айман, Жадыра,Эльвира,Мая,Назерке,Акгүл атты әріптестерім қатысты. Коучинг тақырыбы «Критериалды бағалау жүйесі»,коучинг мақсаты «Ағылшын тілі сабақтарын критериалды бағалауға бағыттау », коучинг міндеті «Критериалды бағалау сызбаларын ұтымды ойлап шығарып,әділдігіне көз жеткізіп, сабақтарда қолдану»,күтілетін нәтиже «Әріптестердің критериалды бағалауға оң көзқарастарын қалыптастыру ». Алдымен әріптестерді сабақ беретін сыныптарына байланысты топтастырдым яғни жоғарғы сыныпқа беретіндер бірінші топ төменгі сыныптарға беретіндер екінші топ болып орналасты.Коучингті жоспарын блум таксономиясына салып жоспарладым.Коучингті қолдану деңгейінен бастадым мұнда екі топқа екі түрлі ағылшын тілінің грамматикасына байланысты тапсырма берілді. Жаңа әдіс-тәсілмен келер шақ тақырыбын түсіндіру (Future Perfect Tense)-1 топ, (Future Continuous Tense)-2-топ. Қолдану деңгейіне төмендегі критериилер берілді:


Крите

рии

дескрипторлар

Ұпай саны

Бағалау түрі

А

1.Тапсырманың ішіне терең еніп,бірнеше тармақтар жасап ұпай сандарын беру ,қолданылатын әдіс-тәсілдер әр тапсырмаға,жұмыс түрлері және т.б ұтымды идеялар тармағы) болады

2.Оқушылардың қызығушылығын арттыратын терең білім алуға бағытталған сызба ойлап шығарады

2

 

 

 

 

3

 

 

Коучтың топтарды бағалауы

 

Бұл жерде әріптестер топтасып,өздерінің түсініктері бойынша бағалау сызбаларын жасап шыгып,оны постерге салып қорғады.Келесі тапсырма талдау деңгейінде жүрді мұнда дананың екі кілттері қолданылды, Сызбалардың оқушыларды өзін-өзі бағалауға ыңғайлы екенін дәлелдеу

бірінші топқа «егер де» кілті ал екінші топқа «тағы қалай» кілті ұсынылды, өздерінің кілттері бойынша әр топ бағалау түрлері туралы түрлі тұжырымдар жасады. Бұл тапсырманың критерии және дескрипторлары төменде көрсетілген:

Крите

рии

дескрипторлар

Ұпай саны

Бағалау түрі

В

1.Кілттерді пайдаланып,ұтымды, дәлелді ойлар ұсынады

2.Кілттерді пайдаланып,шашыраңқы, түсініксіз ойлар ұсынады

3.Кілттерді қолданып,идеясы жақсы тәжірибеде қолдануға болатын ой ұсынады

 

3

 

1

 

2

Топтың бірін-бірі бағалауы


Мұнда әріптестерді тыңдай келе бағалау критериилерінің сабақта қолданылса сабақ жүйелі және оқушылардың өздігінен жұмыс жасап ізденуіне мүмкіндік беретініні туралы түрлі ойлар талданды.

Келесі тапсырма жинақтау деңгейінде өтті мұнда екі топ бірігіп, ынтымақтасып ең тиімді бағалау сызбасын ұсыну керек.Жинақтау деңгейіне қойылған критерии төменде көрсетілген:


Крите

рии

дескрипторлар

Ұпай саны

Бағалау түрі

С

1.Сызбада көрсетілген критерилер мен дескрипторлар оқушыларды әділ бағалауға өте ыңғайлы,гумманитарлық пәндерге ортақ қолдануға болады және оқушылардың саббаққа қызығушылықтары артады

2.Сызбада түрлі дескрипторлар берілген бірақ оқушылардың әділ бағалануына ,қызығушылығын арттыруына орта деңгейде жағдай жасалған

3

 

 

 

 

  2

 

 

 

Коучтың топтарды бағалауы

Бұл тапсырмада екі топ бірігіп жұмыс жасайды. Бір бастан екі бас жақсы демекші бұл жердегі бағалау сызбасы алғашқы жасалған сызбадан әлдеқайда ұтымды және жүйелі болды. Постерді қорғағанда өздерінің ойларын жинақтап соңында бір ойға тоқтады яғни өздерінің келесі сабақтарында бағалау критериилерін жасап сабаққа енетіндерін айта кетті. Келесі тапсырма бағалау жүйесінде өтті мұнда әріптестер төмендегі сұрақтар арқылы бүгінгі коучингке кері байланыс жасады.

1.Бүгінгі коучингтің алынған әсер

2.Ағылшын тілі сабағында критериалды бағалаудың ұтымдылығы

3.Критериалды бағалаудың әділдігін айқындау

Осымен коучинг сабағы аяқталып әріптестерге үй жұмысы ретінде бір сабаққа бағалау критериилерін жасап келу тапсырылды. Коучинг туралы өз ойымды айта кетер болсам, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің көпшілігі деңгейлік курстан өтпесе де үйренуге қызығушылығы айқын көрініп тұр. Бүгінгі менің коучингімнен біраз мәліметтер алып оларды тәжірибеде қолданады деп сенемін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2019
503
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі