15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Критериалды бағалау
01.11.2018 ж
Ата-аналар жиналысы
Күн тәртібінде
«Критериалды бағалауды енгізудегі ерекшеліктер»
Ата –аналармен Топтық жұмыс
Оқушылардың сабақтан тыс уақытындағы өмір қауіпсіздік ережесі
Барысы:
І.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар мен
сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы
Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің
балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана
баласының денсаулығы мықты,ең жақсы
болуын,талапты болып өсуін арман етеді.
«Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге
ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар.
«Өз баламызды біз жақсы білеміз бе?»
жаттығуын
жасайық. Ендеше мына жерден жұмсақ
қағаздың бірнешеуін алуларыңызға
болады. Қанша қағаз алдық, сонша баламыз
туралы айтып көрейік.
1. Балаңыздың
ең жақын досы кім?
2. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
3. Балаңызға бір күнде қанша уақыт бөлесіз?
4. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қанша?
5. Балаңыздың парталас көршісі кім?
6. Балаңызды қандай сөзбен еркелетесіз?
7. Балаңызға ренжігенде ең алғаш аузыңызға оралатын сөз?
8. Балаңыздың сүйікті пәні қандай?
9. Балаңыз кімді үлгі тұтады?
ІІ. «Критериалды бағалауды енгізудегі ерекшеліктер» жайлы бейнематериал көрсету.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты- бағалау критерийлері негізінде оқушылардың оқу нәтижелері туралы объективті ақпарат алу және оны оқу үрдісін жетілдіру үшін барлық мүдделі қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Білім беру үрдісінде бағалау функциялары мен мүмкіндіктерін кеңейту;
2. Үздіксіз кері байланысты қалыптастыру арқылы оқушылардың тұрақты өзіндік жетілдірулеріне жағдай тудыру;
3. Бағалау құралдары мен сапалы тетіктерді, бірдей стандарттарды құруға қолдау көрсету;
4. Объективті, үздіксіз және қолжетімді ақпаратты ұсыну:
- Оқушыларға олардың сапалы оқулары туралы;
- Мұғалімдерге оқушылардың даму прогрессі туралы;
- ата-аналарға оқудың нәтижелеріне жету деңгейлері туралы;
- Басқару органдарына білім беру қызметтерінің сапасы туралы.
Қалыптастырушы бағалау- оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік беретін, оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз ететін бағалау түрі. Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылады.
Жиынтық бағалау- оқу бөлімдері мен оқу кезеңі аяқталғанда жүзеге асырылып, оқушының белгілі бір кезеңдегі дайындық деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Жиынтық бағалау бағалау критерийлері негізінде іске асырылады.
15-20 минут аралығында өткізіледі
Бағалау критерийлерімен ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады;
Балдар дескрипторға сәйкес қойылады;
Оқу жетістіктерінің деңгейі бойынша (төмен, орта, жоғары) кері байланыс беріледі;
Тоқсандық бағаға әсер етеді (50%).
Тоқсандық жиынтық бағалауға 40 минут уақыт беріледі. Тапсырма диктант, мазмұндама, эссе, тест, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары түрінде берілуі мүмкін.
Жиынтық бағалау баллдарының пайыздық қатынасы |
Бағалау көрсеткіштері |
Баға |
1%-20% |
қанағаттандырғысыз |
«2» |
21%-50% |
қанағаттандырарлық |
«3» |
51%-80% |
жақсы |
«4» |
81%-100% |
өте жақсы |
«5» |
Ата-анамен топтық жұмыс
Рефлексия. «Тілек шамы»
Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, айтып кетулеріңізге болады.
Қорытынды
«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»- деп ұлы педагог В.А.Сухомлинский айтқандай сіздермен бірлесе жұмыс істесек, жаңаша бағалаудың жоғары шыңына да жетеміз деген ойдамын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген