жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ - ОҚУШЫ МҮМКІНДІГІН АРТТЫРУҒА ЖОЛ АШАДЫ
Момынова Д.М.
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Карасу ауылы, №74 жалпы орта мектебінің оқу-ісі орынбасары
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ - ОҚУШЫ МҮМКІНДІГІН АРТТЫРУҒА ЖОЛ АШАДЫ
Тәуелсіз
елді өркениетті әлемге танытатын,
дамыған елдер қатарында терезесін тең
ететін күш – білім және білімді ұрпақ
.Келер ұрпақты білімді ету үшін әрине
, білім сапасын арттыру қажет.Ал білім
сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау арқылы белгіленеді , яғни
бағалау- білім сапасын басқарудың
негізгі критеийі. Оқу
үдерісіндегі жаңашылдық – мектептен
шынайы жасалатын сынақтар мен маңызды
тәжірибе жұмыстарын жүргізуді талап
етеді. Ал тәжірибесіз жаңа нәрсенің
барлығы да зерделеніп, қолданғаннан
соң нәтиже береді.
Қазіргі таңда,
жаңартылған білім беру мазмұнына көшу
жағдайында орта мектептерде туындап
отырған өзекті мәселелердің бірі –
оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың
тиімділігін арттыру болып отыр.
Бағалау
бірінші кезекте білімнің
сапасын айқындау үшін қажет.
Егер де біз өз жұмысымызда елеулі
табыстарға қол жеткізгіміз келсе,
онда өткен уақыттағы және
қазіргі нәтижелерімізді анықтауымыз
керек, яғни жұмысымыздың оң
жақтары мен кемшіліктерін
айқындап, оны бағалауымыз
қажет.
Критериалды
бағалау- оқушының оқу жетістігін
бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде
өзекті талаптардың бірі болып отыр.
Енді осы бағалауды қалайша қолданып
жатырмыз.Бастапқы кезеңде нақты
түсіне алмағанымыз рас. Әйтсе де, сабақ
жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту
мақсатына сай жүзеге асыруға жұмыстана
бастадық. Күнделікті кұрылған сабақтарда
қолданылған стратегиялар нәтижесінде
оқушының оқу жетістігі мен оқыту
үшін бағалауды қолдану мүмкіндігіне
жеттік. Бұл — сабақта күтілетін нәтижеге
бағыттайтын баспалдақ екендігі
белгілі.
Оқуды тиімді бағалау —
білім беру мен оқытудағы ең негізгі
кезең. Өйткені, ол оқыту барысында
оқушыны алға ілгерлеу қадамдарын айқын
жасауына және нәтижеге жетуіне ықпал
ететін күш. Бүгінгі саналы ұрпақты
жаңа тәсілдермен оқыта отырып, бағалау
немесе өздеріне бағалату мұғалім үшін
де, оқушылар үшін де жауапкершілікті
қажет етеді.
Күнделікті
сабақта білім алушылар топтық жұмыста
өздерін бағалай алады. Олар әр жұмыстың
өзінше критерийі барын түсіне келе, оны
салыстыра отырып, шынайы бағаға талаптана
алады. Бұдан мұғалім мен оқушы арасындағы
байланыс нығайып, сабақтың деңгейі
артады. Бағалау парақшасына зейін қоя
отырып, оны қолдануға бейімделе бастайды.
Әр оқушы өзін көшбасшы ретінде қатарға
қоя алады. Бұл да еркіндік, бұл да
жаңаға ұмтылыс, оқушының дамуына ықпалы
бар.
Негізінде, баға қою — оқушыны
оқуға міндеттейтіні белгілі. Кейде бұл
кері әсер беретін тұстары да болады.
Жақсы оқитын оқушы нашар баға алмауы
керек секілді ой туындайтынын ескерсек,
бағаны қоюда оны қалай тиімді қолдануға
болады? Қандай жағдайда оқушының оқуға
қызығушылығын арттыруға және білімді
меңгертуге болады? Осы тұста бүгінгі
білім жүйесінде бағалаудың қандай
түрлері бар және оларды қалай пайдалануға
болады деген сауал қоюға болады. Ол
үшін Блумның «Оқыту үшін бағалау
және оқуды бағалау» теориясын әбден
түсіне отырып, сабақта қолдана білу
керек.
Оқыту
үшін бағалау және оқуды бағалау модулі
бойынша бірнеше қадам жасалатынын
білеміз. Мысалы: қарапайым сұрақ қою,
сұраққа дәл жауап беру, теориялық сілтеме
жасау, теория мен практиканы байланыстыру,
тапсырма (ойын еркін жеткізе білу,ойын
әрі қарай дамыту), жаттығу (жазбаша түрде
болса өз көзқарасыңды білдіріп көр,
ойыңды өмірмен байланыстыра отырып,
нақты баяндап, ойыңды түйіндеп жазып
шық т.б.).Бұл көбіне жеке жұмыс жасаған
тұста керек. Ал топтық жұмыста бағалау
парақтарын дайындау бойынша постер
дайындап, белгілі критерий арқылы
жоба қорғайды. Оқушы бұны көбіне тыңдалым
не айтылым дағдысында атқара алады.
Планшетте «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша
топ бірін-біріне бағалау жүргізеді.
Бағалауда топ спикерінің міндеті зор
болады. Әрі шынайылық басым болады.Қорғайтын
жобаны топ дайындай отырып, уақыт
мөлшеріне бағына отырып қорғайды. Осы
тұста өзгелер комментарий айта отырып,
жетістік критерийімен бағалайды.
Бағалауда
күмәнді ой туғызатын сәттері де бар.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы кейде
шындыққа жетпей ме деп қаласың. Дегенмен
бұндайда оқушының әрекетінен сол сәтте
тіпті жақсы қадамға бару мүмкіндігі де
туып жатады. Сыныптастарын бағалау
оқушылар арасында маңызды рөл атқарады,
себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді,
сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне
және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне
сенімділігін арттырады, сондай-ақ
мұғалімдерге үдерістен шығуға мүмкіндік
береді. Сондықтан «Екі жұлдыз, бір тілек»
және «Мадақтау сэндвичі», тіпті кейде
сабақ үрдісінде «Керемет», «Тамаша»,
«Ризамын саған» «Жарайсың» «Өте жақсы»
сияқты мадақтаулармен де бағалауды
қолданамыз.
Қалыптастырушы
бағалауды сабақта қолдану
мұғалім мен оқушы арасындағы
сыртқы кері байланыстың ішкі
кері байланысқа ауысуы болып
табылады, ал бұл оқушыны білім
берудің субьектісі деңгейіне
көтерілуіне ықпал етеді.
Оқушы өзін бақылап, өзінің
әрекет тәсілдерін таңдайды,
нәтижелерін өзі бағалайды,
оны мұғалім жалғастырады.
Осылайша оқушы мақсат қоя
білу, күтілетін нәтижені
жоспарлау, оны бақылау
тәжірибесін жинақтау арқылы
өзінің түйінді құзыреттіліктерін
қалыптастырады. Мұғалімдер
оқуды бағалаумен қатар оқыту
үшін бағалауды пайдаланғанда,
бағалау оқудағы аса пайдалы
құралға айналады.
Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін
бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді
айқындау арқылы жүргізіледі, нақтылық
осы «жетті» не «талпынадымен» бағаланады.
Ал ішкі жиынтық бағалау: оқуды бағалау,
жиынтық баға. Оқушы жұмысы ұпаймен
бағаланып деңгейі салыстырылады. Бағалау
ұқсастығы: мақсат айқындалады және
нәтижесі шығарылады.
Бағалау
оқу мен оқытудағы маңызды аспектілердің
бірі. Сондықтан мұғалімдер балаға
ұсынылатын критерийлер туралы терең
ойланғаны маңызды. Дұрыс ұйымдастырылмаған
кез-келген әрекет оқушының оқуы мен
дамуына кері әсер етуі мүмкін. Критериалды
бағалау кері байланыс қызметін атқарады.
Ол кері байланыс оқушыға берілген
тапсырманы қайта орындайтын болса,
тапсырманың қай тұсы бойынша ойланып,
басқаша жасау керектігі туралы ақпарат
беретін болу керек.
Сыныптағы бағалау
тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер
жазбаша немесе ауызша түрде баға қою
жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез
келген нысанның артында объективті
немесе жеткілікті дәрежеде объективті
емес нормалар мен стандарттар ғана
емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және
ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар
өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және
күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты
құндылықтар жатады (Александр,
2001).
Сондықтан, бағалау үдерісінде
критериалды бағалау түрін қолдану
біздің оқушыға да мұғалімдерге де жаңа
бағалау әдісі ретінде қолданылғандықтан,
біз мектеп тәжірибесінде кезеңдік
жолмен қолданып отырмыз. Оқушыға алдымен
критерийлер арқылы жұмыс талабын мұғалім
көмегімен ұғындыруды толық меңгертіп
барып, оларға өздері де жасауға, ортақ
қатысуға болатындығына еркіндік береміз.
Жалпы , критериалды бағалаудың шеңбері
кең болғандықтан, барлық тапсырмаға
немесе жаттығуға критерийлер жасауға
болады. Бірақ, сабақ уақытының тиімділігінде
ескеруіміз керек. Және оқулықтағы
тапсырмалар көлемі мен жаңа тақырыптар
тығыздылығы да ескеріледі.
Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге: сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға; өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді.
Критерий арқылы бағалау оқушыларға: нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер береді.
Ал,
кері байланыс мұғалімдерге біріншіден,
оқытудағы кемшіліктерді анықтауға;
екіншіден келесі сабақтар тізбесіне
өзгерістерін енгізуге, яғни оқытудың
жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты
тиімді пайданауға мүмкіндік
береді.
Критериалды бағалау —
бұл білім берудің мақсаты мен
мазмұнына негізделген оқушының
оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда
алдын-ала белгіленген жетістіктер
мен салыстыру үрдісі.
Критериалды
бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа
үрдістегі оқытудың сапасын арттырады.
Білім алушылардың білімін халықаралық
стандартқа сәйкестендіру болып
отыр.
Сөзімді қорытындылай келе,
критериалды бағалау — бүгінгі білім
жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын
тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат
қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен
талпыныс болатынын уақыт байқатып
отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен
атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні
белгілі.
Қолданылған әдебиеттер:
Бағалау реформасының тобы. Оқыту үшін бағалау:10 ұстаным. — Кембридж Университетінің білім беру факультеті, 2002.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық – 2016 жыл, ПӨО, 13-18 бб.
Блэк П.И., Вильям Д. Сыныпта бағалау және оқыту, білім берудегі бағалау: ұстанымдар,саясат және практика. – 1989. — 5 (1). — 5–75 бб.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген