Нургалиева Гулбаршын
Жаксыгереевна,
директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары
№46 Жалпы орта білім беретін
мектебі
Жаңа орда
30
Nurgalieva.gzh@mail.ru
Критериалды бағалау - сабақ
берудің сапасын арттыруға жол
ашады
Критериалды бағалау - сабақ
берудің сапасын арттырады. Бұл бүгінгі оқыту жүйесіндегі
өзекті талаптардың бірі болып отыр
Елбасымыздың "100 нақты қадам"
ұлттық жоспарында экономикалық өсудің негізгі сапасы әлем елдерінің
стандарттары негізінде білім сапасын көтеру екені белгілі. Бұл
бағытты жүзеге асыру білім алушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңартып, өзгерісті
енгізу үдерісіндеміз. Осыған байланысты мектепте критериалды
бағалауды үйлестіріп, критериалды бағалауды енгізіп, қолдануға
жауап бере алатындай мақсатта жұмыс жасалу керек. Ол мақсатқа жету
үшін нормативтік, әдістемелік- нұсқаулық, құжаттарды мұғалімдерге
таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Мектеп үйлестірушісі ретінде
критериалды бағалау жүйесі бойынша нормативтік,
нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды білуге, өз іс-әрекетінде
басшылыққа алуға міндетті. Сонымен қатар, мектептегі бағалауға
байланысты сұрақтар туындаған жағдайда қалыптастырушы, жиынтық
бағалау рәсімдерін жүзеге асыруда мұғалімдерге әдістемелік қолдау
көрсету қамтамасыз етіледі. Бағалауға қатысты іс-тәжірибелерді
таратып, педагогтердің өзара әрекеттері үшін коучингтер,
тренингтер, басқа да іс-шаралар
ұйымдастырылады.
.
Критериалды бағалау жүйесін
енгізу мұғалімдердің сабақ жоспарын дайындаған кезде оны оқыту
мақсатына сай жүзеге асыруға бағытталған жөн. Күнделікті
кұрылған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде
оқушының оқу жетістігі мен оқыту үшін бағалауды қолдану
мүмкіндігіне жеттік. Бүгінгі күні оқушыларды жаңа тәсілдермен оқыта
отырып, бағалау немесе өзін өзі бағалау мұғалім үшін де,
оқушылар үшін де маңызды, жауапты іс екені белгілі. Қалыптастырушы
бағалау үдерісіндегі кері байланыстың да маңызы зор себебі оқушы
топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған
тапсырмалар арқылы қалыптастырушы бағалауға жетсе, мұғалімнің
пікірі арқылы тағы да бағаланады. Тоқсан соңында жиынтық бағалау
тапсырмалары арқылы нақты бағалау нәтижесіне қол жеткізеді.
Сабақ процесінде үнемі дағдыға айналған жұмыстар, оқушының сабаққа
ынтасын арттыруда психологиялық тренингтер, топқа бөлу үшін
берілген суреттер, ойындар сабақтың нәтижелі өтуіне және сабақ
сапасын арттыруға ықпал етеді. Сабақ жоспары оқыту мақсатына сай
жоспарланып, мақсаттың толық жүзеге асуы үшін қолданылатын
әдіс-тәсілдер - сабақта күтілетін нәтижеге жету жолын қарастырады.
Сабақтағы кері байланыс мұғалімдерге, оқытудағы кемшіліктерді
анықтауға, келесі сабаққа өзгерістер енгізу, яғни оқытудың жаңа
әдіс-тәсілдерін қолдану қызметімнің табыстылығын қамтамасыз ететін
факторлар деп есептесем жаңартылған білім беру
бағдарламасы бойынша критериалды бағалау жүйесін
енгізу үдерісін басқаруда мектеп үйлестіруші
ретінде қалыптастырушы бағалаудың
тиімділігіне талдау жасап, мұғалімдерге кері байланыс беру міндеті
де бар. Мектептегі бөлім, тоқсандық жиынтық бағалаудың кестесі
құрылып, өткізу ұйымдастырылады. Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысына
модерация үдерісін жүргізуді ұйымдастыру, қадағалау да менің
міндетімде. Қойылған баллға мониторинг жүргізіп, электрондық
журналдың толтырылуын қадағаланады, оқушылардың білім нәтижелеріне
талдау жасалып, есеп беріледі. Сонымен қатар, ата-аналармен жұмысты
ұйымдастырылып, жүргізіледі. Тоқсан қорытындысы туралы ақпараттың
ата-аналарға жеткізілуін ұйымдастырып, қадағалауға
үйрендік.
Мектепішілік оқыту семинары,
тренинг өткізіп критериалды бағалау жүйесін енгізуді үйлестіру
тәжірибемен бөлісу ұйымдастырылады. Сабақ сапасын арттыруда
әріптестерге интернет ресурстарын қолдануды ұсынамын. Мектеп
үйлестірушілері тобымен байланыс жасап, іс-тәжірибелерімен бөлісіп
отырамын. Критериалды бағалау- сабақтың бөлімдеріндегі әрбір
оқушының дайындық деңгейін анықтауға, бағдарламаға сәйкес оқу
мақсаттарын орындау қабілетін әр оқушының даму жетістігін
бақылауға, білім алу барысындағы жіберген қателіктерін айқындап,
дер кезінде жою жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. БЖБ, ТЖБ
жұмыстарынан алған бағасының әділдігіне көзін жеткізуге,
сабақ барысы, білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және
ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге толық мүмкіндік
береді. Осы мүмкіндіктерді іске асыруда пән мұғалімдері сапалы
нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға дағдыланады, оқушының
жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың жеке оқушыға
арналған ауқымын жоспарлауға сабақ берудің сапасын арттыруға,
бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға мүмкіндік
аламыз.