400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Критериалды бағалау - табысты оқытудың кепілі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №9 жалпы білім беру орта мектебі бірінші санатты, бастауыш сынып мұғалімі

Тлеубаева Гулзия Хамзаевна

Тақырыбы: Критериалды бағалау - табысты оқытудың кепілі.

"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“ А. Байтұрсынов



Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу. Қазіргі таңда білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып, тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарды қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жолдары.

Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:

- Білім алушы оқытудың қай сатысында?

- Олар білім алуда неге талпынады?

- Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?

екенін түсінеді.


Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.


Критериалды бағалаудың міндеттері:

- Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

- Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

- Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

- Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

- Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;

- Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

- Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге.

Оқу жылы барысында оқудың ілгерлеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау.

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушының арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушының қателесуге, оны түзетуге құқығы бар.

Жиынтық бағалау мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі аяқталғанда өткізіледі.

Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, оқушылырға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарда ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.

Мысалы мен мынандай ойын тапсырмаларды жиі қолданамын.

1. Оқу мақсаты: 1.5.2.4 Қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.


Бағалау критерийі:

Қосу және азайту амалдарының компоненттері бойынша өрнектер жазады және оқиды.

Тапсырма: Берілген өрнектердің компоненттерін анықтаңыз. Компонент атауларының тұсына тиісті санды жазып көрсетіңіз.


Shape1



бірінші қосылғыш


Shape3 Shape2

16 + 1




Shape4

азайғыш

Shape5

Shape6

18 - 10

Shape8 Shape7



екінші қосылғыш



Shape10 Shape9

азайтқыш



Дескриптор:

- қосындының компоненттерін ажыратады және жазады;

- айырманың компоненттерін ажыратады және жазады;



Тапсырмамен бірге оқушыларға қызыл және жасыл дөңгелектер таратылады. Белгіленген уақыттан кейін тапсырманың дұрыс жауабын тексереміз. Тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырамыз. Егер балалар жауабы дұрыс болса жасыл дөңгелекті көтереді, бұрыс болса қызыл дөңгелекті көтереді. Мұнда оқушы өз қатесін түсініп, оны жөндеуге мүмкіндік алады.

2." Өз орныңды тап" ойыны

Оқу мақсаты: 1.2.2.1 теңдікті, теңсіздікті, теңдеуді білу; дұрыс және бұрыс теңдікті ажырата білу.


Бағалау критерийі:

- Теңдік, теңсіздік, теңдеуді ажыратады.

“>” , “<” таңбаларын қолдана біледі.

-Теңдеуді қосу мен азайту амалдарының

байланысына сүйеніп шешеді.

 

Дескриптор

-өрнектің мәнін табады

-қосындыға берілген әріпті өрнектерді салыстырады

-айырмаға берілген әріпті өрнектерді салыстырады

-екі таңбалы сандарды салыстырады

 - сәйкес амалды орындай отырып, белгісіз азайтқышты табады;

- теңдеудің түбірін дұрыс табады;

- теңдеуді тексереді;

- теңдеу шешудің алгоритмін сақтап жазады.

Сыныптың қабырғаларына теңдеу, теңсіздік, теңдік деген сөздер жазылған плакаттар ілінеді. Оқушыларға тапсырмалар жазылған карточкалар үлестіріледі. Тапсырманы орындап, есепті шығарып, берілген есебіне сәйкес жазудың қасына жиналады. Мұнда оқушылар ойын арқылы теңдеу, теңсіздік, теңдікті ажыратуға үйренеді.

Сонымен қатар жиынтық бағалауды алғанда мысалы мынадай есепті береміз:

20 - 15 + 2 = 7

20 - 15 = 5

5 + 2 = 7 бұл есепке біз екі балл береміз. Егер бала екі амалды да дұрыс орындаса екі балл, бір амалды ғана орындаса бір балл жинайды. Міне осылайша оқушы бақылау жұмысынан бірнеше балл жинайды. Мұндағы ерекшелік баланың еңбегі бағаланады. Мәні дұрыс болмай тек қана бір амалы дұрыс болған жағдайда да бала өзінің тиісті балын жинап отырады.


Қорыта келе:

Бағалау – оқушылардың оқу үдерісінде қаншалықты табысты (немесе, керісінше) болғандығын, білім игерудегі олардың жетістіктерін, өсуі мен дамуын анықтау.

Бағалау – оқушылардың қолынан не келетінін (білім, білік, дағды, машық, құзіреттілік, құндылықтар) айқындау.

Бағалау – білім игеру үдерісіне қатысушалардың (мұғалім және оқушылар) әрекеттері қандай деңгейде екендігін, олардың сапасын анықтау.

Бағалау – оқушылардың білімін қалайша әрі қарай дамытып, олардың алдағы білім игеру әрекеттерінің деңгейін қалайша жақсартуға болатындығын білу, жоспарлау және және оқушыларды соған ынталандыру.

Бағалау – оқу үдерісінің қаншалықты нәтижелі екендігін анықтап, мақсаттардың қандай дәрежеде жүзеге асырылып жатқандығын анықтау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі