Материалдар / КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МОТИВТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МОТИВТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, критериалды бағалау үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
1325
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 378

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МОТИВТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Орынова Гүлшат МұратқызыБҚО., Зеленов ауданыЖайық бастауыш мектебі, І санатты мұғалімgulshat-82_82@mail.ruтел: 87028849292Аңдатпа. Мақалада бастауыш сыныптарда критериалды бағалау жүйесін енгізудің ерекшеліктері мен оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауын қалыптастыру жолдары қарастырылады. Тірек сөздер: Бағалау. Критериалды бағалау. Қалыптастырушы бағалау.Жиынтық бағалау. Өзін-өзі және өзара бағалау. Кері байланыс.

Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнында қазір орын алып келе жатқан сапалы өзгерістер салдары бағалау жүйесіндегі өзгерістерге жетелейді. Білім алушылар жетістіктерін бағалауда оқудағы жағымсыз сәттерді жоюға мүмкіндік беріп, оқу үрдісін жекелендіруге, білім алушылардың оқу мотивациясын және оқу дербестігін көтеретін көзқарастар талапқа ие болып шығуда. Бағалау үрдісін қайта қарастырудың өзектілігі осы күні білімдегі заманауи стратегиялық міндеттермен, білім сапасына қойылатын халықаралық стандарттарды және заман талаптарын ескеріп, білім сапасының деңгейін арттыру қажеттілігімен, білім беру нәтижелерінің объективтілігін және қазақстандық мектеп түлектерінің ел сыртындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатымен, білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағасына және оны бағалауға бірыңғай талаптарды әзірлеу қажеттілігімен анықталуда.Бастауыш білім стандартының негізгі қызметтерінің бірі бағалаудың шынайылығын арттыру. Бұл қызметті жүзеге асыру бағалауға критериалды бағытталған тәсіл негізінде қазіргі оқыту нәтижелерінің сапасын бақылау және бағалау жүйесін түбегейлі өзгерту мүмкіндігімен, шынайы өлшеу жүйелерін және оқытуды ұйымдастыру қызметінің тиімді жағын, жалпы білім жүйесін тиімді қолданумен байланысты. Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа факторлар өзгеріп отырды. Көп жылдар бойы бағалау оқушының жетістіктерін басқа оқушының нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды, ал бұл бағалаудың бірқатар кемшіліктері бар:- педагогтерге, ата-аналарға және оқушыларға түсінікті болатын білім беру жетістіктерін бағалайтын нақты өлшеулердің жоқтығы;- педагог әр оқушының жетістігін алдын-ала айқындалған өлшеулер негізінде емес, жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне қарап бағалайды; - оқушыларға қойылған баға оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша алынатын нақты білімді, білікті, дағдыны көрсете алмағандықтан, әр оқушының жеке білім алу траекториясын анықтауға мүмкіндіктің болмауы; - қорытынды баға қоюда ағымдағы бағалар есепке алынады, бірақ ол оқытудың қорытынды нәтижесін әділ бағалау болып табылмайды; - оқыту процесінде мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмағандықтан, оқушының білім алуға деген белсенділігі төмендейді [1]."Бағалау не үшін керек?" деген сұраққа дәстүрлі оқыту жүйесінде "Оқушылардың білімін тексеру үшін" деген жауап беріледі, өйткені мұнда бағалауды мұғалім тарапынан оқушының білім деңгейін анықтау деп қарастырылады. Осы тұрғыдан мұғалімдер өз әрекеттерін сабақта оқушылардың берілген сұрақтарына ауызша жауап алумен немесе тест қабылдаумен шектейді. Алайда мұндай тексеріс көп жағдайда оқушылардың есте сақтау қабілетін ғана анықтап, олардың не үйренгендігін, білімділігі мен біліктілігінің жалпы деңгейін анықтамайды. Бұған қоса, бұл жерде "бағалау" ұғымы "баға қою" ретінде қабылданады, ал мұндай түсінік бағалаудың мазмұны мен барлық ерекшеліктерін айқындамайды.Жалпы білім беруде әр мұғалім көздеген мақсатына қол жеткізу үшін оқыту үдерісін жоспарлап қолданысқа енгізгенде оқушыларды бағалауды басты назарда ұстануы керек. Себебі, бағалау сыныптағы оқушылар деңгейі әр түрлі болып келетіндіктен, мұғалімнің сыныпта бірқалыпты атмосфераны құруына және оқушылардың пәнге деген оқу мотивтерін арттыру жолдарына елеулі әсер етеді. «Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер, емтихандардан бастап, мұғалімдер күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Яғни, бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданатын термин [2].Қазіргі күні жиі қолданылып жүрген бес балдық жүйемен бағалау әдістемесі қарапайым да, үйреншікті екені сөзсіз. Бірақ ол саралауға қабілетсіз және бағалардың объективтілігін қадағалауға мүмкіндік бермейді, өйткені оның білім алушылармен өз жетістіктерін өздігінен бағалауын қолдайтын және дамытатын, сонымен қатар, білім беру үрдісінде білім алушы өзінің сәттіліктері мен сәтсіздіктері туралы ақпаратты меншікті жетістіктерін жақсарту үшін ұсыныс түрінде алып отыратындай, кері байланысты жүзеге асыратын нақты және анық критерийлері жоқ.Әр оқушының дайындық деңгейін, оқудағы жеке ілгері басуын критерийлік бағалау жүйесімен анықтау, тек оқушылардың білім алуға деген мотивациясын ғана емес, мектептегі білім беру үрдісінің де сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ел мектептерінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау қолданысқа ие, себебі бұл тәсіл барлық процеске қатысушыларға оқу материалының игерілу деңгейін түсініп, кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Кері байланыс қаншалықты мазмұны терең болса, соншалықты оған әсері сындарлы бола түспек. Критериалды бағалау мұғалімдерге арналған қағидаттық ұстанымдарды тұспалдайды: 1. баға арқылы оқушының өзі емес жасаған жұмысы ғана бағаланады; 2. оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырылады; 3. нақты тапсырмалардың түрлілігі және жақсы орындалған тапсырманың анық және дұрыс сипаттамасының болуы; 4. оқушыларға өлшемдер алдын ала айтылады; 5. оқушы өзінің жетістік деңгейін өзі анықтап, өзін бағалай алатындай баға коюдың нақты алгоритмі әзірленуі керек. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмыстарын рефлексиялауды көздейді. Рефлексия оқушының тұлғалық дамуының, оқушы ретінде дамуының қажетті құраушысының міндетті шарты болып табылады; 6. өзін-өзі бағалауға ауысуға талпыну мақсатында, бағалау процесіне оқушыларды қатыстыру; 7. нені оқытты соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийлері – оқу мақсатының нақты көрінісі; 8. пән бойынша жалпы оқу мақсаттары аталмыш пән бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критерийлері болып табылады және оқушылардың жеке жұмыстары барысында анықталған нәтижелерін жалпылауға мүмкіндік туғызады. Критериалды бағалау: Мұғалімдерге: 1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге; 2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға; 3. Білім беру сапасын арттыруға; 4. Оқытудың сапасын жақсартуға; 5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға; 6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; 7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. Оқушыларға: 1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әректінің типтерін қолдануға; 2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға; 4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді. Ата- аналарға: 1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы обьективті дәлелдер алуға; 2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға; 3. Оқу үрдісінде оқушыға қолдау көрсетуге;4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға; 5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.Оқу жылы бойында бастауыш мектеп оқушыларының оқудағы прогресі және үлгерімі туралы деректерді жинау үшін критериалды бағалаудың екі түрі жүргізіледі: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ). Қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалау мектепішілік бағалауды құрайды. Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы күнделікті сабақ беруде үнемі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі. Қалыптастырушы бағалау оқушылардың білім деңгейін өлшеу үшін қолданады және сабақты жоспарлауда көмек көрсетеді. Сонымен, қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін бағалау) - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын қандай даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Ал жиынтық бағалау (оқуды бағалау) - тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады [3]. Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып отырған дұрыс. Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс. Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды. Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды. Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім ол білім алушылардың атын жазып алуы қажет. Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға: • жаңа идеяны тұжырымдауды; • екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды; • идеяларды бағалауды; • топтық талқылау негізінде пікір білдіруді; • сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады [4]. Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Бағалау жүйесінің маңызды сипаттамасы қатарында оның тек баға қою кезінде ғана қолданылмай, мұғалім, білім алушылар және ата-аналар арасында білім беру процесінің сәттілігі бойынша қадағалаушы-диагностикалық байланысты тұтас жүзеге асырады.Осы жоғарыдағы аталған мәселелерге байланысты оқушылардың білімдерін бағалауды оларда оқу мотивтерін қалыптастырудың және білім сапасын басқарудың бір критерийі деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер:
  • Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. –Астана. НАО. 2013. – 258 б.
  • Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009. – 187 б.
  • Ксензова Г.Ю. Оценочная деятельность учителя. - М.: Академия, 1999. – 211 б.
  • Полонский В. Мониторинг как способ управления качеством образования в школе // Народное образование. - 2007. -№4. - Б. 110-111.














































ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Аңдатпа. Мақалада өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын қалыптастырудың мүмкіншіліктері қарастырылады.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерді дамыту тұжырымдамасында өзіндік жұмыс және өзіндік бақылауға байланысты мақсаттар мен міндеттер нақтыланған. Ол міндеттерге мыналар жатады:- оқушылардың тұлағалық пісіп-жетілу деңгейін қалыптастыру, өзін тәрбиелеуге, өзіндік білім алуға бейімдеу, тұлғаның үдіксіз білім, өз бетінше білімін толықтырып, тереңдетуге ынта-ықыласын тудыру;- санасын ашу арқылы нарықтық-экономика жағдайында оқушылардың өз ойларын жүзеге асыруға жағдай туғызу.Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын игеріп қана қоймай, жан-жақты, азамат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.Ал тұлғаның дамуы өз кезегінде оның белсенді әрекеттерімен тығыз байланысты, өйткені адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды елейді, ескереді есте сақтайды.Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы дәлелденіп отыр. Қайталау мен жаттауға негізделген білім тек есте сақтау дәрежесінде болса, құрастырлған білім үйренушіден түсіну, қолдану,талдау және бағалау секілді белсенді әрекеттерді талап етеді. Осыған байланысты еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да, абыройлы міндеттер қойылып отыр. Солардың бірі оқушыға өз бетімен жұмыс істете отырып білім алудың қарапайым дағдыларын меңгерту, алған білімді біліктілік дәрежесіне көтеру.Бастауыш сыныпта өзіндік жұмыс жүргізуде оқушылардың сыни ойлауын қалыптастырудағы басты мақсат баланың өзіндік еркінің дамуына, ауызша, жазбаша тілінің өзара ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша жазбаша түріде көрініс табуларын талап ету.Қазіргі педагогика баланың оқуға, өзінің танымдық қуатын ашуға, жаңа білімді алуға үнемі талпынуға үйренуіне бағытталған. Оқу процесінің табысты болуы мұғалімнің балалармен, балалардың бір-бірімен, әр баланың мұғаліммен, оқушының ұжыммен өзара қарым-қатынасына байланысты. Өзіндік жұмыстар негізінде білім игеру процесін мынандай етіп ұйымдастыруға ынталы:
  • Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау.
  • Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.
  • Үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру.
Өзіндік жұмыстар арқылы үйрену/үйрету қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады[13]. Көне қытай ғұламасы Конфуций (Кун-цзы) 2500 жыл бұрын былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!»[].Сол себепті де өзіндік жұмыстар оқу/оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтан оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалау қажет, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстану керек.Өзіндік жұмыстар негізінде оқу/оқыту оқушының өз тәжірибесі және өзге де оқушылардың тәжірибесі тұрғысынан жасаған белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. Ал үйренушілердің тәжірибесі дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен идеялары, ұстанымдары мен пайымдаулары, тұжырымдары мен қорытындылары, дәлелдері мен уәждері деп айтуға тұрарлық. Оқушылар таным процесінде бір-бірімен осы тәжірибесімен бөліседі, осындай байланыста, қарым-қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде игеріледі. Дәстүрлі оқытуда басты мақсат «нәтиже» болып, ұстаз өзінің барлық күш-қайратын «үйретуге» бағыттайды, шәкіртті қорытынды нәтижеге ең қысқа жолмен жетелеуге тырысады. Мұнда оқытудың нәтижелігі бірінші кезеңде ақпаратпен байланыстырылады: үйрету процесі оқушыға ақпарат «беруге» бағытталады, оны жаңа мәліметпен қамтамасыздандырумен шектеледі. Дәстүрлі оқытуда білім беру процесі көп жағдайда оқушының сабаққа «таза парақ» (tebula rasa) күйінде келіп (немесе іші қуыс ыдыс секілді), мұғалімнің осы сабақта білімімен «толтырумен» айналысатын құбылыс деп түсініледі. Шәкірт сабақта жаңа білім алып, сабақтан кейін оны бекіту жұмысымен ғана айналысады.Ал, өзіндік жұмыстар негізінде оқу/оқыту басты назарды «үдеріске», «процеске», яғни үйренудің өзіне, оқушылардың «қалай» және «қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне» аударады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеруінде, оны ізденуінде, құрастыруында. Мұндай сабақтарға шәкірттер «таза парақ» күйінде келмей, алдын-ала дайындалып келеді, олар сабақ басында тақырып бойынша өз түсініктері мен пікірлерін келтіріп, әрі қарай оларды дәлелдеу жүйесін құрады, пікірталас жүргізеді, өзге пікірлерді тыңдап, балама көзқарастар ескеріледі. Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт өмірде әр адамға қажетті білік дағдыларды қалыптастырады. Ал сабақтан кейін сол білімдерін өздігімен дамыта түседі[].Өзіндік жұмыстар негізінде оқу/оқыту мектепте мынандай жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады:
  • Бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныппен),
  • Жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары
  • Оқу, рөлдік және өндірістік ойындар
  • Пікірталастар
  • Ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау
  • Шығармашылық жұмыстар
  • Жағдаяттар арқылы үйрену; нақты жағдаяттарды талдау
  • Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Топтық жұмыс өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың тиімді құралы болып табылады, дүнинтаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды. Топтық жұмыстар барлық үйренушілердің жұмысқа белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыста шәкірттер өздерінің коммуникативті дағдыларын іс жүзінде қолданды, өздері «ойып шығады».Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның ортақ мағынасына және қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге қандай бірлескен үйрену әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды.Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтау, өзара сыйласымдылық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным процесін ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырады.Сонымен өзіндік жұмыстар негізінде оқу/оқытуың мынындай идеялары мен қағидаларын келтіруге болады:
  • Үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал.
  • Білім дайын күйде берілмейді, ол тек өздігімен игеріледі.
  • Білім игеру үйренушілердің белседі әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
  • Оқу/оқытудың негізгі мазмұнын «не нәрсеге оқу/оқыту» емес, «қалай оқу/оқыту» құрайды: білік, дағды, машық, құзырлық, білімді игеру практикасы.
  • Өмір бойы өздігімен үйрену.
  • Білім тек өзіндік тұрғыдан игеріледі, өйткені «білім» дегеніміз жеке аданың қандай болмасын мәселе мен проблема, ақпарат пен мәлімет бойынша құрастырған ойы, идеялар, пікірі, көзқарасы, түсінігі, дәлелдері, уәждері, тұжырымы. Ал оқу/оқыту-үйренушінің «МЕН-і» бірінші орынға қойылатын процесс.
  • Білім бірлескен әрекеттер аркылы игеріледі: үйрену/оқу-коммуникативтік процесс, бірлесе үйретудің тиімділігі жалғыз үйренуден анағұрлым жоғары.
  • Білім дегеніміз өмірде қажетті және қолданбалы мәселелер болғандықтан, білім игеру процесі тәжірбеге, практиға (күнделікті өмірге) негізделеді.
  • Оқу/оқыту негізгі- өмір сүруге үйрену/үйрету.
  • Оқу/оқыту негізгі-мақсаты адам болуға үйрену/үйрету.
  • Оқу/оқыту дегеніміз диалог, ал диалог адамгершілікке үйренудің ең тиімді әдісі.
  • Білім мазмұны үйретушінің талаптарымен айқындалмай, үйренушінің мұқтаждықтары мен мүдделерінен туындайды.
  • Оқу/оқыту қоғамға қызымет жасау идеясы арқылы жүзеге асырылады.
  • Әр сабақ үйренуші тұлғасында конструктивизім, оптимим, позитивизм секілді жағымды қасиеттердің дамуына ықпал жасау керек.
  • Рефлексия – дүниетаным мен өзін-өзі танудың негізгі тәсілі, рефлексиялық тұлға қалыптастыру – оқу/оқутудың негізгі мақсаты.
  • Оқуда қолданылған кез келген әрекет міндетті түрде кері байланыспен аяқталып отыруы керек: шәкірттер мен ұстаздарда кері байланыс алу мен берудің мүмкіншілігі болуы керек[].
Өзіндік жұмыстар негізінде оқуда/үйренуде білім алушылар  келесідей білім, білік, дағды, құзырлық машықтарға үйренеді:- терең ойлануға;- ақпаратты өздігімен түсініп оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;- басқа да балама пікірлерді ескеруге;- шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге;- жауапкершілікке ( өз біліміне, өміріне);- басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын қалыптастырудың мақсаты – жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асырып, бірлескен әрекеттер негізінде оқушылардың білім деңгейін көтеру, оларды шығармашылыққа баулу, ойларын еркін айтуға, кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру[13]. Сонымен қатар, көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың сыни ойлауын қалыптастырудың бірінші кезеңі оқушының бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтан сабақта қарастырылатын мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Екінші кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік танытуына жағдай жасалады. Үшінші кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізед. Бастауыш сынып оқушыларының оқудағы сыни ойлауын арттыруға ықпал ететін жеке/топтық тапсырмалардың төмендегідей түрлері ұсынылады:- әртүрлі нұсқадағы тапсырмалар. Әр пәннің, оқу материал
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!