жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Критериалды бағалау-білім сапасының кепілі
Күні: |
Коучинг жоспары |
Өткізген: Джанабаева М.О. |
||
Тақырыбы: |
Критериалды бағалау-білім сапасының кепілі |
|||
Мақсаты: |
|
|||
Оқыту нәтижесі: |
|
|||
Түйінді идея: |
«Бағалау» - (латын сөзінен шыққан «жақын отыру» дегенді білдіреді) мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік. Критериалды бағалау – білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Баға – символ, оқу жетістігін не санмен таңбалау, не сөзбен жеткізу.
|
|||
Сілтеме: |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, www.cpm.kz |
|||
Қолданатын модульдер: |
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; оқытуды басқару және көшбасшылық; топтық жұмыс; диалогтық оқыту. |
|||
Әдіс-тәсілдер: |
топтық жұмыс арқылы постермен жұмыс. |
|||
Дереккөздер: |
Флипчарт, постер, презентация, интербелсенді тақта, стикерлер, карточкалар, бейнежазбалар, маркерлер |
|||
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
|||
Психологиялық ахуал тудыру 2мин
|
Мұғалімдер бейнероликті тамашалайды |
|||
|
Тыңдалым жасайды, өзара пікірлеседі.
|
|||
Негізгі бөлім.Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгінгі коучинг-сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталамыз. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімінің жоғалуына жол бермеу. |
|
|||
Шығармашылық тапсырма-15 мин.
Біртүстілер топтасып отырады. Топтарда алдында құралған тақырыпқаАбай атамыздың өлең жолдарын жазады. Латын әліпбиін қолданады.Топтар өзара бағалау жүргізеді. Енді қатысушыларға құрастыруға байланысты бағалау критерийін ұсынамын, осы критерийлер бойынша тағы да бағалап көріңіздер: Енді критерийлерді бергенге дейінгі және бергеннен кейінгі бағалауды салыстырыңыздар. Айырмашылық бар ма? Бүгінгі коучингіміздің тақырыбы: Критериалды бағалаудың тиімділігі |
Мұғалімдер топқа бөлінеді.
Мұғалімдер өлеңдерін оқып, бір-бірін бағалайды. Бағаларына түсініктеме береді.
|
|||
Топтық жұмыс. Постер жасау, қорғау – 10 мин. Әр топқа тапсырма беріледі: 1-топ: Критериалды бағалауды пайдалану оқушыларға не береді? 2-топ: Критериалды бағалаудан мұғалім не ұтады? 3-топ: Критериалды бағалаудың ата-аналарға пайдасы бар ма?
|
Постер, маркерлерді пайдаланып, өз жобаларын жасайды.
Топтар өз постерлерін қорғайды. Топтар бірін бірі толықтырады, ой бөліседі. |
|||
Қорытынды-5 мин. қорытынды жасалынады.Олардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін немесе өзім толықтырамын /слайд /. Қосымша 1.
|
Мұғалімдер критериалды бағалауды пайдаланудың тиімділігін береді кестесімен танысады. |
|||
Рефлексия-3 мин. |
Әр мұғалімге олар бүгінгі сабақтан алған өз білімдерін бағалайды. |
|||
Сөзімнің соңында айтарым, бүгінгі алған білімдеріңізбен басқа да әріптестеріңізбен бөлісіңіздер. «Бойыңда білімің бар екен, одан басқалар да өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғызыңыз», - деген Томас Фуллердің сөзін ұмытпаңыз.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ КӨРСЕТКІШІ (рубрикаторлар, дескрипторларымен бірге).
Рубрикатор – әрбір критерийге байланысты оқушының оқудағы жетістігін бағалауға қажетті ұпай саны
Дескриптор – әрбір нақты ұпайға жету деңгейінің сипаттамасы.
Критериалды бағалау артықшылықтары:
Оқушыныңжеке басы емес, тек қанажұмысыбағаланады;
Оқушыныңжұмысынбағалауалдын–ала ұсынылғанкритерийлергенегізделеді. .
Бағалауалгоритміоқушыларғаалдын-ала белгілі;
Оқушынақты не мақсаттажұмысістепотырғанынбіледі;
Оқушығаөзініңбілімділікдеңгейіанықкөрініптұрады;
Критерий арқылы бағалаумұғалімніңоқушыдеңгейінанықбіліпотыруынамүмкіндікбереді;
Білімберудіңсапасыартады.
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зормаңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Критериалды бағалау сабақтың өн–бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өзпікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз..
Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгіі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балағат өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН, 107 бет]

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген