жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Критериальды бағалау дегеніміз не?" коучинг жоспары
«МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ КОУЧИНГІМ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУ
ӨТІНІШІ
|
Мусилимова Сабира Толеубековна
|
|
|
Жұмыс орны (мектептің толық мекен-жайы мен атауы) |
Қарағанды облысы. Қарқаралы қаласы. Мәди Бәпиұлы атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектебі КММ |
|
Пәні және қызметі |
Биология пәні мұғалімі |
|
Туған күні |
19.10.1980 |
|
Педагогикалық өтілі |
13 |
|
Санаты |
І |
|
Базалық білімі (қай жылы және қай оқу орнын аяқтады) |
Е. А. Бөкетов атындағы Қар МУ 2002 ж. |
|
Қашан және қайда БА деңгейлік курстарынан өтті |
Педагогикалық шеберлік орталығы ЖМ Қарағанды қаласындағы филиалы 2014 ж. |
|
Сертификаттың алған күні және нөмірі |
2014 ж. 22 желтоқсан ІІ. №0002746 |
|
Тренердің аты-жөні |
Рахманова ГүлбахорӘбдікарімова |
|
Үйінің мекен-жайы: |
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, мади 87 көшесі |
|
Ұялы телефон нөмірі |
87759620681 |
|
Жұмыс телефон нөмірі |
87214631888 |
|
Электрондық пошта |
Sabira19.10.80 |
«___»___________________2015 г
_________________________/______________/ Қолы
Коучинг сабақ жоспары
|
Тақырыбы: |
Критериальды бағалау дегеніміз не? |
||||||||||||||||||||||||
|
Мақсаты: |
Мұғалім біле алады, мақсатқа жету қиындығын түсініп жетілдіреді.
Қатысушыларға бағалау туралы түсінік
беру; Міндеттері: 1.Білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын әріптестерге түсіндіру. 2.Өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындау. Критериалды бағалау арқылы оқытудың тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздерін жеткізу. Оқу үдерісінде критериалды бағалауды қолдану жолдары мен түрлерін түсіндіріп, әріптестермен тәжірибе бөлісу |
||||||||||||||||||||||||
|
Оқу нәтижесі: |
Мұғалім:Критериальды бағалау арқылы оқушы білімін бағалаудың тиімділігін ұғынады. Дискриптор құрудың жолдарын үйренеді. |
||||||||||||||||||||||||
|
Негізгіидеялар: |
Критерий дегеніміз не?, дескриптор дегеніміз не? |
||||||||||||||||||||||||
|
Материалдар мен құрал-жабдықтар: |
Презентация, плакаттар, стикерлер, мұғалімге арналған нұсқаулық. |
||||||||||||||||||||||||
|
Өткізу барысы: |
|||||||||||||||||||||||||
|
Этап |
Тапсырма |
Уақыт |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
|||||||||||||||||||||
|
Психологиялық ахуал туғызу Топқа бөлу |
Қызыл, сары, жасыл түсті стикерлермен топқа бөлу. Психологиялық ахуал «Амандасу» әр елді: қазақ, орыс, ағылшын, қытай, жопония, тибет, кения, үнді стикерлерге жазу. |
2 мин |
Әр елдің амандасуы жазылған стикерлер тарату, стикер артында жазылған сандар бойынша бөлу. |
Стикерлерде жазылған амандасу бойынша қатысушылар бір- бірімен амандасады. |
|||||||||||||||||||||
|
Тақырыпты өрбіту «Миға шабуыл» |
Ашық сұрақтар қою 1.Бағалау дегеніміз не? 2. Бағалау түрлері қандай болады? 3. Критериальды бағалау дегеніміз? 4. Сіздің сабағыңызда оқушылар не үшін баға алғанын біледі ме? Қалай және қайдан біледі? |
5 мин |
Ашық сұрақтар қойып тақырыпты ашу. |
Сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін ортаға салады. |
|||||||||||||||||||||
|
Мағынаны тану |
«Көбелек» суретін салғызу. Критериилер және дескриптор туралы ұғым түсінік беру |
5 мин |
Сұрақ: 1. «Қойылған бағаңызбен келісесіз бе?» Неліктен? |
Қатысушы топтар бір-бірінің жұмысын «5» баллдық жүйеде бағалайды |
|||||||||||||||||||||
|
Мағынаны ашу Слайд-презентация |
|
10 мин |
Көбелек құрылысы айту 1. Бас, көкірек, құрсақ, 2. Екі жұп қанатты 3. 3 жұп аяғы 4. Екі көзі 5. Екі мұртшасы 6. Құрсағы бунақталған 7. Тұмсығы |
Қатысушылар ортақ критериилер мен дескрипторлар құрастыру |
|||||||||||||||||||||
|
Топта жұмыс |
1 тапсырма.«Көрінбейтін оқу» қызыл қағаз, қатты жіп, клей, қайшы. 2 тапсырма. «Көрінетін оқу»
|
10 мин |
Осы заттарды әр топқа беріп тапсырманы түсіндіру. Сызбалардан мағыналы, мазмұнды суреттер құрастыру. |
Қатысушылар берілген заттардан өз білгендерін жасайды. Қатысушылар тапсырманы орындау, әр топ бір-бірін бағалау. |
|||||||||||||||||||||
|
Топтық бағалау |
Көрінетін оқу, көрінбейтін оқу тапсырмаларына критерий мен дескриптор құру. |
3 мин |
Бағалау шкаласы
|
Әр топ бір-бірін бағалап, өз пікірлерін ортаға салады. |
|||||||||||||||||||||
|
Рефлексия |
«Бес саусақ» тәсілі |
5 мин |
Слайд көрсетілімі бойынша түсіндіру |
Алақан суретін салу |
|||||||||||||||||||||
|
Бағалау |
«Сыншы дос»
|
2 |
Стикерлер тарату |
Бағалау парақшаларын толтыру |
|||||||||||||||||||||
|
|
Сыншы дос - сары Өзін-өзі бағалау- жасыл Коучер-қызыл |
|
|
|
|||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||
Мусилимова Сабира Толеубековна
биология пәні мұғалімі,
Қарағанды облысы
Қарқаралы қаласы
Мәди Бәпиұлы атындағы
№44 жалпы білім беретін орта мектебі
«Білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге бола ма?» тақырыбы бойынша өткізілген коучинг сабағына рефлексия
Қазіргі әлемдегі болып жатқан өзгерістер, еліміздің білім беру жүйесіне жаңалықтар енгізілуін қажет етеді.Осы екінші деңгей бағдарламасы педагог қызметкерлердің«XXI ғасырда оқушыларға Нені оқыту және қалай оқыту керек?» мәселесін қарастырады.
Білім саласына енген жаңалықтарының бірі - оқытудың сындарлы теориясының енуі. Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқытудың сындарлы теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді.Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Осындай кезде оқушыға сенім артып, қабілеттерін ашуға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді сабағында пайдалану мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.
Коучинг сабақтың тақырыбын таңдау кезінде оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден–бір жолы – заманауи педагогикалық технологияларды қолдану екендігін ескердім. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра алатын адам болуы керек. Оқушылардың өздері оқуға қатысқанда ғана оқу қызықты әрі тамаша болып шығады: жобалау, құрастыру, зерттеу, ашу, осы сөздің шынайы мағынасында жаңалық ашу болып табылады. Мұның бәрі тек заманауи педагогикалық технологиялар негізінде өз бетімен білім алу жағдайында ғана жүзеге асады.
Бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:
1.Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы
2.Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар
3.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
1.алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
2.анық, айқындылығы;
3.бағаның әділдігі;
4.өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі
Осы жағдайларды ескере отырып мен өткізетін коучинг сабағымның тақырыбын «Білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге бола ма?» деп алдым.
«Критериалды бағалаудың тиімділігі неде?» тақырыбы бойынша өткізілген коучинг сабағына 6 мұғалім қатысты. Коучинг сессияға қатысушыларды топқа бөлуден бастадым. Қызыл, көк, жасыл түсті жетондар мен бөлінді. Жетонда ұлттар аттаулары жазылған бастапқыда әріптестер жазуға қарап әр ұлт бойынша топтастапшы болы бірақ топ мүшелерінің саны сәйкес келмеді. Содан түстерге қарап бөлінді. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыруда әр ұлттың амандасу салты туралы видеокөрсетіп жетонда жазылған ұлттардың амандасуымен бір бірімен амандасып көңіл күйлері көтеріліп қалды. Қызықты амандасудан соң әріптестеріммен амандасып, коучинг сабақтың тақырыбымен таныстырып өттім. Мағынаны ашу үшін видеоролик көрсеттім. Ол видеороликте оқушы өзінің алған бағасына қанағаттанбай, мұғалімге ол бағаны не үшін алдым деп сұрақ қояды. Осы видеороликтегі оқушының іс-әрекетін талдау үшін коучингке қатысушыларға «Баға деген не? Бағалау деген не?» деген сұрақты қойып, «баға» және «бағалау» сөздеріне анықтама берулерін сұрадым. Әр топ мұғалімдері анықтама беріп, өз пікірлерін айтып өтті. Сонан кейін «Бағалау» таныстырылымын көрсете отырып, «баға», «бағалау» сөздерінің түсіндірме сөздіктердегі мағынасын айтып, бағалаудың сипаттамасы, негізгі мақсаты туралы түсіндіріп өттім. Ал сіздің сабағыңызда оқушылар не үшін баға алғанын біледі ме? Қалай және қайдан біледі? деген сұрақ қойдым. Бұл сұрағыма әріптестерім жауап бермеді.
Осыдан соң мұғалімдерге көбелектің суретін салуларын сұрадым, салып болған соң қатысушылар бір-бірінің жұмысын «5» баллдық жүйеде бағалайды. Алған бағаларыңызға қанағаттанасыз ба? деп сұрадым. Жоқ деп жауап берді қатысушылар. Неге? пеп сұрағанда олар суреттің көріктілігін айта бастады. Содан кейін мен білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі, критериалды бағалаудың басты ерекшелігі және критериалдық бағалау жүйесі туралы айтып, таныстырылымды әрі қарай жалғастырдым. Яғни «дескриптор», «критерий» ұғымдарына сипаттама беріп өттім. Әр қарай тақырыпты жандандыруда әр топқа көрінбейтін оқыту немесе қалдықсыз технология әдісі бойынша қызыл қағаз, қайшы, жіп беріп осы заттардың көмегімен бір зат жасап шығаруды сұрадым. критерийлерді басшылыққа алатынын ескереді. Сол сияқты басқа топтар өз бағаларын талдап, қорғап шықты. Басқа топтармен ойларын бөлісіп, талқылады.
Содан соң тағы бір көрсетілім көрсеттім. Онда оқушы мен ұстазының әңгімесі бейнеленген. Оқушы өзінің мақсатқа жетудегі кедергілері туралы сұрақ қойып, оған жауап іздейді. Ұстазы садақ ату мысалы арқылы ол кедергі емес мақсатының бір бөлігі екенін түсіндіреді. Бұл көрсетілімді талдап болғаннан соң коучинг сабақты қорытындылау үшін кері байланысқа «Бес саусақ» әдісін таңдап алдым. Себебі бұл жерде қатысушылар ойларын толық жеткізеді деп ойладым. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кім маған көмек берді?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай жаңа білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Алақан – алға ұмтылу. Жұмысты жақсарту үшін не жасау керек? Осы сұрақтарға мұғалімдер өз ойларын жазып, соңынан ойларын ортаға салды. Сабақ жақсы өтті деп бағалап, осы тақырыпта ата-аналар жиналысында өткізсе деген ұсыныстар айтылды. Себебі кей ата – аналар балам неге «5» алмады деген сұрақты көп қояды дейді. Коучинг сабақты мұғалімдер кішкентай бөбекке жазған көңіл – күйлерін «Бас бармақ» әдісі арқылы көрсету арқылы аяқтадым.
Бұл сабақты өткізгеннен кейін өтілген сабаққа көз жүгірттім. Тақырып дұрыс таңдалған деп ойладым. Бірақ көбіне өзім бағыт – бағдар беріп, таныстырылымда барлығын нақты етіп бердім. Мүмкін тек жартысын айтып, ой түюді өздеріне қалдыру керек пе еді? Енді бір жағынан қарасам, қатысқан мұғалімдерге ұнады және ата - аналармен өткізуге ұсыныс жасады. Себебі қатысып отырған мұғалімдердің көбісі ата – ана. Олар да балаларының жақсы оқып, жақсы баға алғандарын қалайды. Бірақ кейде оқулықтан барлығын оқып алды, неге «5» алмады деп ойлайтындықтарын жасырмады. Осыдан кейін болашақтағы бір коучинг сабағымның қатысушылары кімдер екенін топшыладым.
Мен жұмыс істейтін мектепте деңгейлік курстан өткен 10 мұғалім бар. Оның 3-і ІІ деңгей мұғалімдері. Ортамыздан бір мұғалім мектептегі «Таным» шығармашылық тобының жетекшісі. Бұл шығармашылық топтың негізгі мақсаты деңгейлік курс өткен мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс жасап, практикаларын жетілдіруге ықпал ету. Бекітілген жоспар облыстық педагогикалық шеберлік орталығы берген бағытты басшылыққа алды. Берілген бір бағыты критериалды бағалауды тәжірибеге енгізу болып табылады. Мен өзім 3 коучинг сабақтың тақырыбын осы критериалды бағалау тақырыбына алып отырмын. Себебі, критериалдық бағалау жүйесі арқылы:
1. Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттауға
2. Тұлғаны нәтижеге жеткізуге
3. Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтауға
4. Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы білімін анықтауға болады.
Егер оқушы сабақта тек мұғалімнің бағалауымен шектелмей, өзі де сол бағалауды ұсынуға өз үлесін қосса, оқушының сабаққа деген қызығушылығы, ынтасы артып, білім сапасының артуына себепші болады.





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген