Ақтөбе обл.Әйтеке би ауданы
Ярослав орта мектебі.
Истлеуова Алтын
Сериковна
Ярослав орта мектебіндегі
2017-20178 оқу жылында критериалды бағалау жүйесін
енгізу бойынша
атқарылған жұмыстар туралы
есеп
Мақсаты:
-
Критериалды бағалау жүйесін
теориялық негізде үйрене отырып, практикаға
енгізу.
Білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері
жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі
болып табылады. Жаңартылған білім беруді енгізу кезінде білім
алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі
қолданылады.
Қазақстан үшін жаңа критериалды
бағалау жүйесі білім алушыл арды оқуға ынталандыруға,
қызығушылығын арттыруға, дамытуға
бағытталған.
Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында
қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінді.Бұл
дағдылар жалпы адамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе
отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды
шешуіне мүмкіндік берді.Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы
мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал
оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді
қызметімен сипатталады.Бұл жағдайларда оқушы- таным субьектісі, ал
мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы
қызметін атқарады. Әрбір оқушыны жасына да,мүмкіндігіне де
қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылдық. Оқыту
мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне білім
мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында. Бұған
қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастады, ол жаңарту процесінің
әлеуметтік аспектілерін көрсетті. Мұғалім педагогикалық ойлау
немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс
болды.Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы
ортаны құру өте маңызды болып табылды. Атап айтсақ: білім
алушылармен ынтымақтастыққа және дербестікке қабілетті тұлғаны
әлеуметттендіру, ақпаратты өздігінен алу,талдау және тиімді қолдану
дағдысын қалыптастыру бойынша жұмыстар
жүргізілді.
.Мектепте бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалауды енгізу және
қолдану.
Пәндерді,бөлімдерді,тақырыптарды кіріктіру,
сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы- ортақ
тақырыптар- жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі
болып табылады. Олар барлық пәндердің мазмұнымен,ұзақ мерзімді және
орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан. Сондықтан,мұғалім
қысқа мерзімді жоспар дайындауда ортақ тақырыптар жүйесін сақтау
және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы қызметін
ұйымдастыруда оларды ескеріп отырды. .Ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалауға дейін қалыптастырушы бағалауда тақырыпты
түсінуге,өзінің қандай деңгейде тақырыпты игеріп отырғандығын
білуіне мүмкіндік берілді.Ал қиындықтары тапсырманың арнайы
дәптерде берілмеуінде болды.әр балаға тапсырмаларды шығаруға уақыт
кетті.
. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалауды өткізу жоспары құрылып,пән мұғалімдері тарапынан жиынтық
бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критериалына сай
құрылды..Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға жол
берілмеді.Тоқсандық бағаларды қоюда бөлім/ортақ тақырыптар мен
тоқсандық жиынтық бағалаумен байланысы пән бойынша оқу
бағдарламасына сәйкес меңгерілген оқу материалының көлемі мен
бөлім/ортақ тақырыптардың жиынтық бағалауы санына байланысты
анықталды.
Модерация тобы белгілі пән бойынша балл қою
кестесіне қатысты бірыңғай түсінікті қамтамасыз ету үшін алдын-ала
бағаланған жұмыстарды талқылады.Тоқсандық жиынтық бағалау
нәтижелері модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ,төмен
деңгейге қарай өзгертіліп,хаттамаға тіркеліп
отырды.
Қыркүйек айынан бастап мектеп
мұғалімдері үшін«Жаңартылған білім беру
мазмұны шеңберінде критериалды бағалау» туралы ақпарат беру,
«Критериалды бағалау жүйесіндегі суммативті және формативті
бағалау» тақырыбында әдістемелік семинар , «Жаңартылған білім беру
мазмұны-мұғалімнің кәсіби дамуының негізі»әдістемелік апталық
,Критериалды бағалау бойынша нормативтік және әдістемелік
нұсқаулықтарды басшылыққа алу, Электронды және қағаз журналдарды
жүргізуге кеңес беру сияқты жұмыстар жүргізілді.Ата ана арасында
«Оқушы білімін бағалаудағы өзгерістер», «Оқушы портфолиосына
қойылатын талаптар» таныстыру сынды жұмыс түрлері
орындалды.