400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Критериалды бағалау оқушыларды оқытуда табысқа жетудің маңызды шарты

Материал туралы қысқаша түсінік
Критериалды бағалау оқушыларды оқытуда табысқа жетудің маңызды шарты турла қарастыру, мұғалімдер үшін коучинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг жоспары

Какимова Кунзипа Куатбековна -2 негізгі деңгей


Сабақ тақырыбы

Критериалды бағалау оқушыларды оқытуда табысқа жетудің маңызды шарты



Мерзімі:

25 сәуір 2018

«Әулиекөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің Н.Островский атындағы Аманқарай орта мектебі» ММ


Мақсаты:

Критериалды бағалау туралы түсінік беру, оқушыларды оқытуда табысқа жетудің маңызды шарты екеніне көз жеткізу, рубрика, критерия, дискриптер туралы түсінік беру, таныстыру, оларды практикада қолдануын көрсету.

Оқытудың міндеті

Мұғалімге әртүрлі бағалаудың ерекшеліктері мен характеристикасын тануып білуге жағдай жасау;

Критерий мен дискрипторларды құрастыра білуге машықтандыру.

Практика барысында оқыту мен оқытудағы үдерістерде түрлі бағалауды қолдана білу жолдарын көрсету

Оқытудың нәтижесі

Бағалаудың түрлерін біледі, рубрика, критерия, және дескрипторлардың не екенін біледі.

Критериалды бағалаудың ерекшеліктері туралы түсінеді

Өз тәжірибесінде Оқыту үшін бағалау тәсілдерін қолданады, критерий мен дескрипторларды құрастыра біледі


Негізгі идеялар

Оқыту үшін бағалау білім алушының өз білімін жақсарта түсуіне жағдай жасайды. Оқыту үшін бағалау оқытудың мақсаты мен ынталандыруының бөлінбейтін бөлігі, әрі қарай даму барысының негізі

Ресурстар,

жабдықтаулар


Стикерлер, маркерлер, А3 қағазы, ноутбуктер.


Сабақ барысы

Сабақ этаптары

40 минут

коуч пен қатысушылардың іс-әрекетті


Введение. Психологический настрой.


5 мин

1.Амандасу. Коуч жылы шыраймен коучингке қатысушыларды қарсы алады.

- сәлеметсіздермен құрметті ұстаздар, әріптестер.Біз сіздерді өзіміздің сабағымызда көргенімізге өте қуаныштымыз. Біз өзіміздің тағдырымызды өзгерткіміз келсе, біз ең алдымен өмірге деген, өзіміге деген, жұмысқа деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Өз тағдырымызды өзгерту үшін, өзіміздің ойлауымызды түбегейлі өзгертуіміз керек.

- Бұрынғы дүниетанымымыздан арылатын болсақ, сонда ғана жақсы өмірлік өзгерістерге қол жеткізе аламыз.

«Өмір политрасы» нақыл сөз (Политра Жизни)

2. Ұйымдастыру кезеңі: Топқа бөлу. Конверт ішіндегі суреттің түсіне байланысты топқа бөліну.

I Побуждение

5 мин

Коуч дәптер парағына геометриялық пішіндерден пирамида құрастыруды ұсынады. Бірақ осы жұмысты орындау барысында келесі ережелерді орындау керек:

1.Барлықтарымыз жұмысты үндемей орындаймыз, сөйлеспейміз.

2. Инструкцияға байланысты жұмысты жасаймыз, оны әрқайсымыз бұлжытпай орындаймыз.

Қатысушыларға арналған инструкция:

1 – Дәптердің төменгі оң жақ бұрышына төртбұрыштың суретің саламыз;

2 – Төртбұрыштың жоғарғы сол жақ бұрышына тікбұрышты үшбұрышты саламыз.

3 – Үшбұрыштың жоғарғы бұрышына ромбының суретін салыңыздар.

4 – Тікбұрышты үшбұрыштың төменгі сол жақ бұрышына шеңбер сызамыз

Жүргізуші тапсырманың орындалуы мен ережелердің сақталуын қадағалайды.

-Енді әріптестер суреттеріңізбен аумасыңыздар да, бағалаңыздар.

- Өздеріңізді бес баллдық шкала бойынша бағалаңыз. Рақмет. Енді суреттерді сағат тілімен аумастырыңыздар да, бағалаймыз, өз суретіңіз өзіңізге қайтып келгенше аумасамызда әрқайсымыз өз бағаларымызды қоямыз. Барлық бағалар бірдей болды ма? Егер барлығы бірдей болса неліктен, немесе керсінше болса неліктен?

Сіздің жұмысыңызға объективті баға беруге бола ма?

Бағалардың қайсысына сіздің көңіліңіз толды және неліктен?

Қазір өзіңізге осы Сіздің жұмысыңызды бағалау оңай болды ма?


Құрметті әріптестер сіздер те қана берілген тапсырманы орындап қана қоймадыңыздар сонымен қатар өзара қарым қатынас жасау процесіне араластыңыздар.

-Біз бағалауды біз қай кезде қолданамыз?

Бағалаумен біз күнделікті кездесіп отырамыз. Ол тек қана баға немесе тек қана сөз болсын біздің жадымызда өз таңбасын қалдырады.

Сонымен біздің коучингіміздің тақырыбы  «Критериалды бағалау оқушыларды оқытуда табысқа жетудің маңызды шарты ».

1Слайд Бағалаудың түрлері өте көп, біз сіздермен өз назарымызды критериалды бағалауға аудардық.

Презентация

3 мин

Бағалау түсінікті әрі анық болу керек пе? Оны қалай жасауға болады?

– Иә, болады, егер біз рубриканы, критерийді, дескрипторды қолданатын болсақ.

презентация «Критериальды бағалау».

(Бағалау түрлері туралы слайдтарды қарац)

Соңғы слайд:

Рубрикалар – бала неліктен оқитының көрсетеді

Критерийлер – ол неге үйрену керек екенін көрсеттеді

Дескрипторлар – ол ең жақсы нәтижеге қалай қол жеткізе алады соны көрсетеді.


II Жүзеге асыру.

1 тапсырма


10 мин

Топпен жұмыс. критерий, рубрика и дескрипторларды құрастыру.

1 топ:Ауызша жауапқа

2 Топ: Шығармашылық тапсырмаға

3 топ: Математикалық диктантқа

4 топқа Бақылау жұмысына


Постерлерді қорғау.

-Критерий мен дескрипторларды құрастыру оңай болды ма?

- Берілген критерийлерді құрастыруда қандай қиыншылыққа тап болдыңыздар?

- Бұл оқушыларды өзі ойлаған бағасын алуға ынталандыра ала ма? Қалай?


Критериалды бағалау деген түсінік, ол біз өмірде жиі қолданатын бағалау түрі. Ол бір жағынан қарапайым, ал екіншіден бағалау кез келген бағалаушы үшін ең маңыздысы.

Оқыту барысында не нәрсеге қол жеткізу керек екенін білген жағдайда оқушы өз-өзін бағалай алады. Оқушы өзіне осындай мүмкіндік берілгенде үлкен ынтамен оқи бастайды. Олардың өз бағалары бір-бірімен немесе мұғаліммен талқылай алатын объектіге айнала алады

Сондықтын критереалды бағалауға назар аудару керек. Өйткені ол алған бағаның талдамасы ретінде қабылданады да, оқушы өзінің әлсіз тұстарын көреді.

2 тапсырма

(ноутбук)

10 мин

Әр топқа «Қалыптастырушы бағалаудың әдістері мен стратегиялары» слайд дайындау. (өз жұмыс тәжірибелерінен)

“Білім ағашы”

«Идея себеті».

«Көңіл- күйімізді суретін саламыз».

« Блум кубигі».

«Сиқырлы сызғыш» Т/Б.

Интерактивті тақтада қорғау.

Сіздер қалай ойлайсыздар критериалды бағалаудың ерекшелігі неде? Мектепте осындай бағалаудың маңыздылығын дәлелдеңіздер.

Көптеген жылдар бойы бізді жіберген қателерімізді санамалап отырып бағалады, бізде осы бағалауды қолданып келдік. Ал жаңа білім беру стандартында бағалау жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады делінген. Онда бағалау қосу арқылы қол жетімді делінген. Бұл жаңа әрі маңызды тәсіл. Критериалды бағалау осыған негізделеді.


III .Рефлексия

«Абстракциялық сурет»

7 мин

Мұғалім үшін бағалау барысында оқушының пәнге деген қызығушылығын өшіріп алмау, керсінше өзіне деген көзқарасын қалыптастыру.

Мектеп қабырғасын аттағанда оқушылардың барлығы бірдей дейміз, жоқ олар таза ақ қағаз секілді, бірлесе жұмыс істеу барысында сол таза, ақ парақ бетінде түрлі-түсті бояуларпайда бола бастайды. Осыдан барып оқушы жеке тұлға ретінде таныла бастайды. Оны жаңа өзгерістер үрейлендіруі мүмкін, оған қол ұшын беру, өмірдің түрлі-түсті бояуларын бойына сіңіре білуне біздер қол ұшын бере отырып қалыптастырамыз. Біздің тәрбиеленушіміздің өмірлік поитрасының қаншалықты жарқырай түсетіні бізге байланысты. Өйткені біз бір тұтаспыз, әрқайсымыз қайталанбас өрнек тәріздіміз. Сондықтанда барлығы біздің қолымызда.

Енді әріптестер сіздермен біздің уақытымыз аяқталып келеді, мен сіздерге келесі бір іс-әрекетті ұсынамын. Сіздер алдарыңыздағы ақ қағазға қылқаламмен өздеріңіздің көңіл-күйлеріңізді бейнелесеңіздер. (қызыл- сенімділік, қызылғылт сары-белсеңділік, сары- жаңа идеяларды жүзеге асыруға дайын, көгілдір-шығармашылық, жасыл-жаңа білімді меңгеру)

Ал соңында бізде түрлі-түсті абстракциялы сурет пайда болды.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қыркүйек
599
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі