400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЕСКЕРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастырада критериалды бағалау технологиясын қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЕСКЕРУ


Жақсылыққызы Кәмшат,

Куримбаева Гульнар Сапарбаевна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ,

«Педагогика және инклюзивті білім беру кафедрасын

курстан кейін қолдау және инновацияны енгізу»

зертханасының IТ маманы,

PR SMM маманы



Түйіндеме

Мақалада оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастырада критериалды бағалау технологиясын қарастырылады.

Түйінді сөздер: критериалды бағалау, оқу-танымдық құзыреттілік, критерий.


Аннотация

В статье рассматривается технология критериального оценивания при формировании учебно-познавательной компетентности учащихся.

Ключевые слова: критериального оценивания, учебно-познавательной компетентности, критерий.



Қазіргі мектептің міндеті – оқушының бүкіл оқу-тәрбие жұмысының ортасы болуына қол жеткізу. Ол үшін іс-әрекет амалы, тұлғаға бағытталған амалды ізгілендіру, ынтымақтастық идеяларына сәйкес педагогикалық үдерістің қайта құрылуына негізделген әрбір оқушының әлеуетін барынша дамытуды қамтамасыз ету қажет. Оқушылардың табыстылығының деңгейі жаңа білімдерді дербес алуға дайындығы мен қабілеттілігімен өлшенуі және бағалануы керек. Ал бұл мектептегі бүкіл оқу-танымдық үдеріс дербес іс-әрекетке дайындық пен қабілеттіліктікті қалыптастыруға бағыттау қажет.

Оқу-танымдылық құзыреттілік бастауыш сыныпта оқи алу сияқты әмбебап қабілеттіліктің қалыптасуына негіз болады. Оқушының оқудағы дербестік, ықылас және жауапкершілігіне қол жеткізу үшін, бастауыш сыныпта оқушының бақылау-бағалаудағы дербестік негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін баға қоймай бағалайтын педагогикалық технологияны қолдану оңтайлы [Карпушин, 2009].

Негізгі мектеп үшін дербестік басқа әсерлерге тәуелсіз, басқалардың көмегінсіз, өз күшімен жүзеге асатын жауапкершілікті мінез-құлық ретінде ересектенудің негізі болып табылады. Негізгі мектеп оқудағы дербестікке жауап береді, ол жасөспірімдік білім берудегі кілттік педагогикалық міндет және өз ықыласымен, өз білімі мен дағдыларын кеңейтуге дайындық және қабілеттілік деп қарастырылады. Төменгі жасөспірімдердің оқудағы дербестігін дамыту бастауыш мектепте басталған бақылау-бағалау дербестігі негізіне сүйенеді.

Негізгі мектептің екінші маңызды міндеті оқушылардың өзін анықтауы мен өзін жүзеге асырумен байланысты. Аталған міндетті шешу үшін оқушының дұрыс өзін бағалауына негізделген саналы және жауапкершілікті таңдау жасау дағдысын қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуіне аса назар аударылуы қажет. Бастауыш сыныпқа қарағанда жасөспірімдік кезеңде жеке білім беру жолын оқушының өзі шынайы таңдауы үшін жағдай жасау қажет.

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу үшін білім беру кеңістігінде белгілі бір шарттар орындалуы керек, ол оқушының оқу-танымдық құзыреттілігінің қалыптасуына асер етеді:

  • ұжымдық оқу іс-әрекеттері формаларынан оқушының дербес жұмыс жасауына бағытталған жеке жұмыс жасау формаларына біртіндеп ауысуды қамтамасыз ету;

  • бақылау-бағалау ісшараларының ауқымын кеңейту, оқушылармен бірге олардың білім беру кеңістігінде өзін жылжыту жолдарын анықтау;

  • жеке оқу-танымдық іс-әрекет формалары аясында өздері қойған, тұлғалық маңызды оқу міндеттерді шешу үшін ақпаратты таңдау әдістері мен көздерін еркін таңдауға мүмкіндік туғызу [Воронцов, 2004; Кравченко, 1979; Акимова, 1996].

Оқу-танымдық іс-әрекетті жүзеге асыру ғылыми танымның нәтижелерін меңгеру ғана емес, таным жолын «жүру», танымдық мәселені шешу бойынша шығармашылық іздеу іс-әрекеті әдістерін жүзеге асыруды көздейді.

Осыған орай танымдық мәселені шешу жолын өзі жоспарлауы, өзіне қажетті кеңес беру жұмыстарын жасауға бастамашы болуы, мұғалім орнатқан және білім беру жүйесімен регламенттелген қорытынды бақылау ісшаралары аясында ағымдағы бақылау жұмыстарын өту уақыты мен тәртібін өзі үшін анықтауы қажет екендігін ескеру қажет.

Оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастыратын білім құндылықтарды ендіруге, таным сапасын ашуға, танымның қазіргі заманауи әдістері теориясын меңгеруді қамтамасыз ету ғана емес, тану мен оқудың арнайы технологиясы, техникасы мен әдістерімен «қаруландыруға» арналған. Оқу-танымдық құзыреттіліктің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі ретінде дербес танымдық іс-әрекет аймағы болып табылады, әр түрлі ақпарат көздерінен білімдерді меңгеру әдістерін, өзінің мүмкіндіктері мен табыстарын бағалау және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын меңгеруге негізделеді.

Оқу-танымдық іс-әрекетті қалыптастыру бұл іс-әрекеттің мұғалімнің көмегінсіз оқушының өзіне дербес жүзеге асырылатын жеке элементтерді орындауды біртіндеп беру үдерісі [Эльконин, 1974]. Басқаша айтқанда, оқу іс-әрекетті қалыптастыру үдерісі оқушының дербес ұйымдасуы арқылы оқудағы дербестікті қалыптастыру үдерісі [Щукина, 1986].

Танымдық іс-әрекет, пәнде, жағдаятта, ойда, көркем шығармада және т.б. жинақталған ақпаратты мақсатты іздеу, білім алу мен қолдану дағдыларын жетілдіру. Танымдылық белсенділігінің көрсеткіші болып қарқындылық, ұзақтылық, операциялық-техникалық деңгей, ішкі мақсатты тұжырымдау, міндеттерді шешудегі батылдылық сияқты сипаттар енуі мүмкін. Оқу-танымдық белсенділік зейін деңгейінде, ойлау типінде, қызығушылық таныту деңгейінде, түрткі аясында, іс-әрекеттің эмоционалдық бейнеленуінде көрініс табуы мүмкін. Танымдық іс-әрекеттің деңгейі индивидтің тума қасиеті болып табылады. Бізді қызықтарытын жасөспірімдік кезеңнін алғашқы сатысында оқушылардың оқу-танымдық белсенділігі оқу іс-әрекеті мен дербес жұмыстары барысында дамиды. Даму көлемі бойынша қабылданған шешімге қарай еркін, тұрақты бола бастайды [Галигузова, 1999; Леонтьев, 1977; Ревягина, 2007].

Дербес іс-әрекетті жүзеге асыруға дайындықта есте сақтау, зейінді және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқушыда қаншалықты танымдық белсенділіктің дамуы, оған деген қызығушылығы және табысқа жету үшін ынталандыру деңгейі қорытынды маңыздылққа ие. Әр адамның жеке қасиеттері, оған қоса психикалық белсенділік механизмдері бар. Бала бұл қызметті ерікті түрде бақылап қана қоймай, сондай-ақ қабылдау мен ойлаудың белгілі бір қасиеттеріне ие болуы да маңызды.

Критериалды бағалау технологиясы оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға ғана емес, сондай-ақ шығармашылық, сыни ойлауды, көңіл бөлуді, оқуды ынталандыруды, дүниетанымын қалыптастыру деңгейіне де ықпал етеді.

Оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін талдау үшін олардың жас кезеңін анықтау қажет. Баланың психикалық дамуы кезеңдеріне сәйкес [Эльконин, 1997; Махова, 2001], оларды 10 (12) жастан 13 (14) жасқа дейінгі кезеңді қамтитын кіші жасөспірімдерге жатқызуға болады. Бұл кезең белгілі бір ерекшеліктердің пайда болуымен сипатталады, олардың ең маңыздысы құрдастарымен қарым-қатынас жасау ниеті және қарым-қатынас барысында өздерінің тәуелсіздігін, дербес автономиясын бекітуге ұмтылатын мінез-құлық белгілерінің пайда болуы болып табылады. Осы жастағы оқушылардың негізгі ерекшелігі – дамудың барлық қырларына әсер ететін сапалы өзгерістер.

Критерийлерді бағалау сұрағын қарастырғанда оқушылардың жоғарыда сипатталған ерекшеліктерін «әлеуметтік келісімшарт» деп аталатын жағдаймен байланыстыруға болады, ол білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығын бағалау үдерісі жүзеге асырылатын критерийлермен таныстырудан және жиі бірлесіп жасаудан тұрады. Мұндай жағдайда, оқушылар өзі мен ересектер арасындағы белгілі бір теңдікті сезінеді, ақпараттарды да меңгереді, одан ештеңені жасырмайды, оған қандай сыйақы төленетінін және қай уақытта мақұлдау алатындығын біледі.

Оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі болып мотивациялық бағыттылықты зерттеу табылады, себебі мотивация ынталандырушы, бағыттаушы және мағына қалыптастырушы қызметтерді орындайды. Оқушылардың зияткерлік іс-әрекетінде жеке ерекшеліктері күшейеді, олар болса зияткерлік белсенділіктің дамуымен, тапсырмаларды орындаудағы шығармашылық және тәуелсіз шешімдер қабылдаумен байланысты. Бұл уақытта ұғымдарға сүйенетін сыни және теориялық ойлау белсенді түрде қалыптасады, гипотикалық-дедуктивті үдерістер дамып, кешенді тұжырымдарды жасауға, оларды болжауға және оларды сынауға мүмкіндік туады [Педагогикалық сөздік, 2001]. Рефлексиялық іс-әрекетке деген қабілеттіліктің дамуына әкелетін ойлаудың қалыптасуы жасөспірімнің өзі туралы ойлануына, яғни осы диссертациялық зерттеудегі критериалды бағалау технологиясының ажырамас бөлігі болып табылатын өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігінің бөлігі болып табылатын және олардың бағалау қызметіне әсер ететін маңызды ойлау үрдісі назар болып табылады, яғни кез-келген объектілерді, құбылыстарды, кез-келген іс-әрекеттерді мақсатты түрде орындау барысында қабылдауға психикалық іс-әрекеттің бағытталуы. Әдетте назар аудару бірнеше параметрлермен сипатталады: көлемі, таралуы, концентрациясы, тұрақтылығы және ауысуы. Назарды шоғырландыру бір нысанға немесе үдеріске жинақталу, шоғырлану деңгейі ретінде анықталады. Білім алушының назарын жоғары деңгейде шоғырландыру қабілеті болған жағдайда өзге тітіркендіргіштер арқылы іс-әрекет пәнінен алаңдату мүмкін емес, ол өзектілігін уақытша жоғалтады және өзіне назар аудармайды. Шоғырландыру және назар аудару қабілеті ерікті күш-жігер арқылы жүзеге асады, табысты мақсатты қызмет үшін алғышарт болып табылады [Данилова, 1999].

Психологтар мен педагогтердің (П.Я. Халперин, А.Н. Леонтьев, Б.С.Мэрлин және басқалар) зерттеулері бойынша жақсы және жаман бағалау оқу-танымдық іс-әрекеттің жүзеге асырылуын ынталандырады. Оқушыларға танымға басшылық бере алмайтын бағалаудың жетіспеушілігі теріс әсер етеді. Б.К. Мерлиннің [Мерлин, 1964; 1967] зерттеулері көрсетіп отырғандай теріс және оң баға оқушылардың назарының таралуы мен шоғырлануына түрлі әсер етеді. Біз танымдық үдерістердің динамикасын және адамның түрлі психикалық жай-күйінің ерекшеліктерін қарастырған кезде ғана назар аударудың құбылыстарымен айналысамыз. Назар аударуды танымдық іс-әрекеттің динамикалық ерекшеліктерін сипаттайтын психофизиологиялық үдеріс, күй ретінде анықтауға болады. Ол басқа да психикалық үдерістеріне жатады: сезім мен қабылдау, ойлау, есте сақтау, елестету, қиял, эмоция және сезім, ерік-жігер көрінісі. П.Я. Гальпериннің айтуынша, «назар аудару нәтижесі - оған қосылатын барлық іс-әрекеттердің жақсаруы» [Гальперин, 1976]. Оқу, білім, іс-әрекет және қарым-қатынас үдерісінде адамның бойында назар аударудың қасиеттерді, оның түрлері дамиды, салыстырмалы түрде олардың тұрақты құрамдары қалыптасады (жүйке жүйесінің түріне байланысты жеке-типологиялық ерекшеліктер), оның негізінде көңіл-күй жеке қасиет ретінде қалыптасады. Дәстүрлі бағалау жүйесі бойынша «күшті типті» оқушыларға (оқу жетістіктерінің жоғары деңгейі) теріс баға қою зейінді шоғырлануды жақсартады, ал «әлсіздерде» (оқу жетістіктерінің төмен деңгейі) ол нашарлайды. Оң баға керісінше, «әлсіздердің» назарын аударуды жақсартады және «күштілерге» айтарлықтай әсер етпейді.

Оқушылардың оқу-танымдық іс әрекетін сипаттағанда психологтар мен педагогтердің басым бөлігі ең алдымен, олардың ойлау іс-әрекетін бөліп көрсетеді. Ойлау оның басты түйіні ретінде қарастырылады. Ойлау шынайылықты бейнелейтін психикалық үдеріс, адамның танымдық және өзгертетін белсенділігінің ең жоғары формасы ретінде адамның танымдық іс-әрекеті ретінде анықталған психология мен педагогиканы қосқанда әртүрлі ғылымдармен зерттеледі. Бұл қызмет жинақтау деңгейге және осы іс-әрекетте қолданылатын құралдардың сипатына қарай әртүрлі болуы мүмкін. Зерттеу міндеттеріне байланысты ойлау түрлерін бөледі. Біздің зерттеуіміз үшін ең алдымен сыни ойлау қызығушылық тудырады, ол ең жоғары нәтижеге жету үшін жұмыстарды жоспарлау және орындау кезінде тұрақты бақылауды және ықтимал шешімдерді тексеруге негізделген танымдық (когнитивтік) стратегияны анықтайды [Каган, 1999; Рубинштейн, 1991;]
Сыни тұрғыдан ойлау – бұл пайымдаулар мен сын-пікірдің теріс тұжырымдамасын білдірмейді, бұл ұғым негізгі шешімдер мен пайымдауларды қабылдау үшін түрлі тәсілдердің орынды түрде қарастырылуын білдіреді. Әрбір оқушы билікке қарамастан, оқу жоспарының контексінде өз пікірін қалыптастырады.

Оқушылар сыни ойлағанда олар өздерінің ойлау үдерістерінің нәтижелерін – шешімді қаншалықты жақсы қабылдағаны немесе тапсырманы қаншалықты жақсы орындағаны бағаланады.

Сын тұрғысынан ойлау сонымен қатар, қорытындыларға әкелген, шешім қабылдаған кезде ескерілген ойлау үдерісінің өзін бағалаудан тұрады. Бұл тұрғыда мұқият анықталған және бұрын белгілі критерийлер мен олардың сипаттамасы оқушылардың жұмысын жеңілдетеді және көмектеседі.

Осыған байланысты сыни ойлауды бағалауды құруға бағытталған психикалық күйлер, үдерістер мен қасиеттер жүйесі ретінде қарастыруға болады. Көптеген жылдар бойы ғалымдар – психологтар, философтар, педагогтер оқушылардың рефлексиялық іс-әрекеті мәселесін және шығармашылық, теориялық, сыни ойлау түрлері, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тану – өздерінің ақыл-ой, физикалық, адамгершілік және шығармашылық ерекшеліктерін зерттеді. Бір жағынан, рефлексия ұғымы теориялық және сыни ойлаудың мәнін, даму деңгейінің диагностикасын және бақылау мен бағалау әрекеттерін қалыптастыруды анықтауға көмектеседі. Екінші жағынан, рефлексияны шығармашылық ойлаудың құрамдас бөлігі ретінде зерттеу интеллектуалды және жеке рефлексияны бөлуге көмектеседі, адам психикасындағы зияткерлік және жеке өзара байланысын ажыратуға мүмкіндік береді. Қалыптасқан сыни ойлау өз іс-әрекетін дұрыс рефлексиялық бағалауға мүмкіндік береді. Рефлексиялық іс-әрекет критериалды бағалаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады, өйткені технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына бағытталған. Өзін-өзі басқару өзін-өзі бағалаумен, сыни ойлаудың даму деңгейімен тығыз байланысты, ол ақыл-ой іс-әрекеті үдерістеріне және рефлексияға әсер етеді. Рефлексия танымдық іс-әрекеттің құрамдас бөлігі болып табылады және оның ерекшеліктеріне байланысты: мақсаттары, құрылымы, ақыл-ой белсенділігінің сипаты.

Критериалды бағалау технологиясы оқушылардың өз бетінше іздену іс-әрекетін белсендендіреді, ол оқу-танымдық іс-әрекеттің барлық үдерісін қамтиды. Білім, білік, дағдылар және іс-әрекеттің оперативті құрылымының дамуымен қатар танымдық қажеттіліктерді қалыптастыру, танымдық тәуелсіздіктің дамыту оқытудың нәтижесі болады [Ануфриева, 2002; Baumeister, 1999].

Көптеген ресейлік және шетелдік зерттеушілер (Дж. Брунер, В.В. Давыдов, А.К. Марков, Т.А. Мэтис, А.Орлов, Д.Б. Эльконин және басқалар) оқушылардың танымдық ынталарын дамытуға үлкен мән береді.

Г.И. Щучина танымдық қызығушылық іс-әрекет барысында қалыптасады, оқшауланған емес, қажеттіліктер мен басқа да ынталармен тығыз ынтымақтастықта қалыптасады деп есептейді [Щукина, 1986].

Оқушылардың дамуының жас кезеңдері және оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыруы арасындағы сәйкестікті талдау барысында 5-6 сынып оқушыларына тән төмендегі түрткілерді атап өтуге болады: оқуға деген ынтаның жалпы төмендеуі аясында белгілі бір тақырыпқа қызығушылықтың пайда болуы; алынған бағаның ролі; өз жолдастарының арасында өз орындарын табу ниеті; адамның қасиеттерін бағалау және білу қажеттілігі [Божович, 1972; Махова, 2001].

А.К. Маркова, Т.А. Матис, А.Б. Орлов оқушылардың танымдық ынтасын қалыптастыру үшін оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету керек, яғни, мұғалім: оқушыларға оқу ісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдауға көмектесу керек; алға қойылған мақсаттарға жетудің кезең-кезеңмен стратегиясын айқындау керек; қатаң көшбасшылық пен еркіндік арасындағы тепе-теңдікті табуға тырысу; ішкі ынталануды көрсету; ынталандыру теорияларын өз бетімен зерттеу және осы мәселе бойынша психологтармен кеңесу.

Н.Ф. Талызина оқу іс-әрекеті мен мақсат арасындағы қарым-қатынасты қолдану арқылы оқу-танымдық ынталандыруды қалыптастыруға болатындығын атап көрсетті [Талызина, 1984; Бутакова, 2006].

Оқушылардың бағалаудағы ынталануын зерттей отырып, критериалды бағалауды жүзеге асыру кезінде білім алу, жаңа материалдарды зерттеу, дүниетанымды кеңейту, негізгі құзіреттіліктерді меңгеру мақсат болса, түрткі ретінде – оқушылардың белгіленген критерий өлшемдерінің жоғары нәтижесіне жету болып табылады.

Ш.А. Амонашвилидің анықтауы бойынша педагогикалық бағалау, белгілі бір қызмет түрі, кейде тәуелсіз қызмет ретінде оқыту үдерісінде басты мақсат – оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру және жетілдіру болып табылады. Маңызды бағалау іс-әрекеттің жүру барысын немесе нәтижесін міндеттерінде анықталған көрсеткіштермен сәйкестендіру үдерісі ретінде анықталады. Мұндай бағалау, сонымен бірге, оқушыны ынталандырады, себебі оқу-танымдық іс-әрекет ынталарын күшейтеді, нығайтады, нақтылайды, өз күшіне сену мен табысқа үміт артады [Тюняева, 2002].

Қорыта айтқанда критериалды бағалау үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін келесі психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескеру керек:

  • өзінің білімі мен дағдыларын кеңейтуге дайын және қабілетті болу, тұлғалық-маңызды өз қойған оқу міндеттерін шешімдерін табуға, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы бөгде әсерлер мен бақылаудан дербестік, тәуелсіздік;

  • оқушының жеке білім беру траекториясын таңдауға және оны құру жолдарын іздеуге ұмтылуы;

  • оқу үрдісінде және өзіндік жаттығулар барысында оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін дамыту;

  • құрдастарымен қарым-қатынас жасау, оларды бағалауға қызығушылық таныту (өзара бағалауды енгізу);

  • сыни және теориялық ойлаудың, таңдаушылықтың, тұрақты назар аударудың (шоғырлану) пайда болуы, мақсатты қабылдауды қалыптастыру;

  • қызығушылық, жаңа нәрселерді білу, қиындықтардан өтуге ұмтылу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
2819
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі