400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Круглый стол ко Дню Опекуна «Подари любовь детям» Подготовила: психолог Бакирбаева К.К.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайырлы күн құрметті ата-аналар,қонақтар ,ұстаздар және мектеп оқушылары. Бүгінгі Қамқоршылар күні мерекесіне қош келдіңіздер. Қайырымды бола білу үлкен іс, Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп. Жақсылықты жаса қолдан келсе егер, Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚМҚК «Дәншік» балабақшасының жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы

2017 жыл 15 желтоқсан

Барлығы – 90 адам

Қатысқаны- 85 адам

Қатыспағаны – 5

Күн тәртібінде:


  1. «Гиперактивті бала» баяндама психолог Бакирбаева К.К.

  2. Гиперактивті синдром Аурухана психологі Нұшайық Яковна

  3. Педиатрдің кеңесі


«Гиперактивті бала» тақырыбында психолог Бакирбаева К.К. баяндамасы тыңдалды.

Гиперактивті балалар 4 жастан бастап жасөпірім жасқа дейін анықталады. Гиперактивті бала тәртіптің бұзылуына жиі кінәлі болады, бірақ оны қасақаналықпен жасамайды, ол тәртіптерді қабылдауға қабілетсіз болғандықтан оны орындай алмайды. Нәтижеде ата - аналар немесе педагогтардың тарапынан болған тәртіптік жазалау. Мұндай балалардың өз құрдастарымен және өзінен үлкен балалармен қарым - қатынасы шекара (дистанция) сақталмауымен ерекшеленеді.
Гиперактивті балалардың қозғалысы бей - берекет және кенеттен өзгеріп отырады. Энергиясы шамадан тыс көп болғандықтан күштің қоры қарқынды шығындалады. Ол жалғыз отырған кезде де, аз құрдастарымен болған кезде де өзінің мінез - құлқын алуан түрге құбылтып отырады. Мұндай бала не нәрсеге қабілетті екендігін балалардың тобымен бірге болған кезде көрсете алады. Бұл балаларда сенсорлық тітіркендіргіштікті қабылдау қасиеттілігі тұрақты болғандықтан оны қанағаттандыру өте қиынға соғады. Осындай балаларға көп көңіл бөлу керек,айғаламау керек,Бсаынан сипап,құшақтасаң ,олар тынышталады. Олар өзін-өзі ұстаса,мақтап керек.Топсеруенде жүгіртіп көптеген ойындар «Күн мен түн», «Допты дәл тигіз», «Не өзгерді?», «Тек ағаштан жасалған заттарды ата» ойнату керек.

«Жүз доптар» ойыны

Мақсаты: назарды бөлуде дағдылануды дамытуда, төңірегіндегілермен жақсы қарым-қатынас жасауға мүмкіндік жасайды.

Мазмұны: ойын бірнеше кезеңге бөлініп жүргізіледі. Басты шарты — үндемей ойнау.

Гиперактивті баланың ата-аналары қоғамдық орындарда өз балаларының іс-әрекеттерінен қысылады, өздерін кінәлі сезінеді, кейбір жағдайларда не істерлерін білмей қосылады. Мұндай жағдайда баланың еш кінәсі жоқ екендігін әдептілікпен айтып түсіндіріңіз. Сондықтан да, ересектердің көптеген ескертулері, жиі тиым салулары (әсіресе қозғалыс белсенділігінде) мінез-қылығының жақсаруына әкеліп соқтырмайды, бара-бара өзара әсерді күрделендіре түседі.

Тәрбиеші баланың ата-анасымен бірігіп, тиімді жұмыс жасау мақсатында олармен тығыз байланыста және сенімді қарым-қатынас жасауға тырысуы қажет. Ал ата-ана болса, қалауынша баланың осы жетістіктері үшін оны марапаттауы керек,мысалы оған 10 минут болса да ұзағырақ қыдыруына, ойнауға т.б.). Келесі күні таңертең мамасы немесе папасы тәрбиешеге баланың үйдегі жетістіктері жазылған карточканы алып келеді.

Міне, сонымен тәрбиешілермен ата-аналар арасындағы байланыс осындай күйде қалыптасады екен, ал балада өзіне сенімділік пайда болғанда өзіндік бағасы арта түседі.

Екінші сұрақ бойынша аурухана психологі Нұшайық Яковна сөйлелі: - Балаңыз

Гиперактивті ме, білгілеріңіз келе ме?

Гиперактивті бала басқалардай емес өте эмоцианалды және тез ренжігіш болғандықтан ересектердің өзіне үнемі көңіл аударып отыруларын талап етеді. Осы эмоцианалды ішкі қысымды азайту мақсатында, тактильді сезінулер, мысалы сыйпау, массаж сонымен қоса М.И.Чистякованың кітабында сипатталғандай, „Психогимнастика„, („Шалтай-Балтай„, „Насос пен доп„, „Винт„ т.б.) бірқатар ойындарды жүргізуге болады.

«Гиперактивті баланы қалай айқындауға болады»

Гиперактивтілік синдромы деген диагнозды невропотолог қояды, және кейбір балаларда медициналық карточкаларында ол туралы жазулар да бар. Мұндай жағдайда диагнозына байланысты бірден коррекциялы жұмыстарды бастап кету керек. Егер диагнозы жоқ болса, ал балада күннен күнге гиперактивтіліктің бөлек белгілері біліне бастаса, онда ересектер (тәрбиеші,психолог, ата-аналар т.б.) қосымша мақсатты бағытта бақылаулар жүргізе бастайды.

Гиперактивті баланы анықтау критерийі

Жоғарғы қозғалыстағы белсенділік



р\с

Тұжырым

Иә

Жоқ

1

Қимыл-қозғалысы мазасыз (саусақтармен тоқылдатады)



2

Орнында ерігеді



3

Үнемі қозғалыста жүреді



4

Өте көп сөйлейді



5

Өте аз ұйықтайды, тіпті сәби кезінен бастап





Белсенді назардың дефициті

р\с

Тұжырым

Иә

Жоқ

1

Іс-ірекетінде тізбекті емес



2

Ұйымдастыруында қиындықтары бар



3

Мінез-құлқында тізбектілік жоқ



4

Аяқталмаған проектілері бар



5

Айтылған сөздерді естімейді



6

Берген тапсырманы үлкен талпыныспен орындауға кіріседі, бірақ та аяғына дейін орындамайды



7

Заттарын жоғалтады



8

Ойлауды қажет ететін мәселелерді шешуден және адамды зеріктіріп жіберетін тапсрмалардан қашады



9

Жиі ұмытшақ





Импульсивтілік

р\с

Тұжырым

Иә

Жоқ

1

Өзінің әрекеттерін бір ретке кетлтіре алмайды



2

Ережелерге бағынғысы келмейді



3

Оған сұрақ қойғанша ол жауап беріп үлгереді



4

Сабақта, ойында өзінің кезегін күте алмайды



5

Сөйлеп тұрған адамнын сөзін бөліп, әңгімеге араласады



6

Зейінге назарын жинақтай алмайды



7

Марапаттауды кейінге қалдыруға мүмкіншілігі жоқ



8

Мінез-құлқының вариативтілігі (бір сабақтарда сабырлы, басқаларында-мазасыз)





Егер 7 жасқа дейін ең болмағанда осы критерийлердің алтауы кездесе, онда тәрбиеші өзі бақылауындағы баланы гиперактивті деп атауына толық құқығы бар.



«-Жоқ болмайды» , - деген сөзді аз қолдану керек. Кешке балабақшаға киімді өзі дайындасын. Өз балаңызға көбірек көңіл бөліңіз.Балаға еркіндік беріңіз.Еркелетіп,қамқорлық жасаңыз.

Самар ауылдық аурухана педиатрі Смагулова С.Н. ата - аналарға кеңес берді.

Гиперактивті балаларға, мінез-құлықтың өзгеру сипатына байланысты, бақылау тек үйде, балабақшада ғана болуы жеткіліксіз. Мұндай жағдайда, басқа да жағдайларда олармен араласып жүретін ересек адамдардан, олар туралы қосымша ақпарат алған жөн. Мысалы, егер біз оларды білім беретін мекемелерде бақылайтын болсақ, бізге қажетті ақпараттарды алу үшін, олардың ата-аналармен әңгімелесуіміз қажет, егер біз оларды үйде қадағалайтын болсақ, онда біз тәрбиешілермен (жас ерекшеліктеріне байланысты) әңгімелесуіміз жөн.

Әңгіме уақытында, бала жөнінде мәліметтерді толықтыратын сұрақтар қоюымыз қажет. Және де, обьективті көрініс алу үшін, барлық сұрақ мазмұнын өзгертпей, формасын өзгерту арқылы бірнеше рет қоюға болады.

1. Баланы көтергенде және туғанда ерекшеліктер бола ма?

2. Балаға ересек адам оқыған ертегі немесе әңгімені, тарихты аяғына дейін тыңдау қиынға соғады ма?

3. Отбасында басқа да балалар бар ма?

4. Бала ережелер мен нұсқауларға бағынады ма?

5. Балада күйзеліс сезімдері болып тұрады ма?

6. Жаңа заттар болғанда ол қуанып, бірден бас салады ма?

7.Баланың бірінші жұмыс жасайтын қолы қандай?

Гиперактивті балаға нұсқау берерде ересектердің есінде болатын нәрсе оларға берілетін нұсқау қысқа да нұсқа (10 сөзден аспауы) болуы керек. Гиперактивті балалар ата-аналары мен тәрбиешілеріне манипуляция жасауға бейім.Балаларды салыстыруға блмайды. Мұндай жағдай болмауы үшін, ересектердің есінде болатын жағдай: кез келген жағдайда ол сабырлылық сақтағаны жөн.

Жалпы ата-аналар жиналысының шешімі:

  1. Гиперактивті балаларға ойын ойнату арқылы көңіл бөлінсін.

  2. Гиперактивті балалармен жеке жұмыс жүргізілсін.



ҚМҚК «Дәншік» балабақшасының меңгерушісі: Шаймарданова.Г.Қ.

Жалпы ата-аналар жиналысының хатшысы: Кунанова.А.Д.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі