Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

КТЖ 5-сынып математика

Материал туралы қысқаша түсінік
№399 бұйрық негізінде жасалған 5-сынып математика пәнінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Математика 5-сынып

Түсінік хат

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы; Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді;

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектің №399 бұйрығына; 2023-2024 оқу жылында «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу -тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына сәйкес әзірленген.

Оқу бағдарламасының мақсаты – "Математика" пәнінің мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар басқа пәндермен кіріктіре отырып, жалпы адами құндылықтар негізінде және ұлттық мәдениеттің озық салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту.

Міндеттері:

      1) "Сандар", "Алгебра", "Геометрия", "Статистика және ықтималдықтар теориясы", "Математикалық модельдеу және анализ" бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;

      2) әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, санды қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;

      3) есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;

      4) өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыруға қажетті физика, химия, биология және басқа да теориялық облыстарда зерттеулер мен есептерді шешу үшін және практикалық іс-әрекеттерінде математикалық әдістерді қолданудың дағдыларын қалыптастыру;

      5) практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен анықтылығын орнатуда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      6) коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар әртүрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;

      7) өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық, шыдамдылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

      8) математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда болу тарихымен таныстыру;

      9) қоғамдық ілгерілеу үшін математиканың маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ету;

      10) математика оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.

Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына – 5 сағат, жылына – 170 сағат

БЖБ саны-10, ТЖБ саны-4.





































«Математика» пәні 5 «А» -сыныбы

Барлығы: 170 сағат, аптасына: 5 сағат


р/с

р/с

Бөлім/Ауыспалы тақырыптар

Сабақтың тақырыбы

Оқу мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

I тоқсан 41 сағат

1

1

5.1А Натурал сандар және нөл саны

Натурал сандар және нөл

5.1.1.1 натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;

5.1.1.2 тақ және жұп сандар ұғымдарын меңгеру;

1

01.09.23


2

2

Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру. Қос теңсіздік

5.3.1.1 өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін білу және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсіну;

5.5.2.2 натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;

1

04.09


3

3

Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру. Қос теңсіздік

5.5.2.7 натурал сандарды салыстыру мен реттеуді талап ететін жағдайды зерттеу;

5.1.2.1 натурал сандарды салыстыру, сонымен қатар координаталық сәуленің көмегімен салыстыру;

1

05.09


4

4

Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру. Қос теңсіздік

5.1.2.1 натурал сандарды салыстыру, сонымен қатар координаталық сәуленің көмегімен салыстыру;

5.5.2.6 натурал сандарды салыстырудың нәтижесін >,<,= белгілері арқылы жазу;

1

06.09


5

5

Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану

5.1.2.2 амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау және мәндерін табу;

1

07.09


6

6

Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану

5.1.2.3 санды өрнектердің мәндерін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдану;

1

08.09


7

7

Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері. Өрнектерді ықшамдау

5.2.1.1 қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіру;

5.2.1.2 әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектердің мәндерін табу;

1

11.09


8

8

Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері. Өрнектерді ықшамдау

5.2.1.1 қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіру;

5.2.1.2 әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектердің мәндерін табу;

1

12.09


9

9

Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Теңдеуді шешу.

5.2.2.1 арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу;

5.2.2.2 теңдеудің шығарылуының дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану;

1

13.09


10

10

Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Теңдеуді шешу.

5.2.2.1 арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу;

5.2.2.2 теңдеудің шығарылуының дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану;

1

14.09


11

11

Формула. Формула арқылы есептеу. Мәтінді есептерді шығару. Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі

5.5.1.1 натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтінді есептерді шығару;

5.5.1.8 әріпті өрнектерді құру және оларды есептер шығаруда қолдану;

1

15.09


12

12

Формула. Формула арқылы есептеу. Мәтінді есептерді шығару. Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі.


5.2.3.2 натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу;

5.2.3.3 натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу;

1

18.09


13

13

Формула. Формула арқылы есептеу. Мәтінді есептерді шығару. Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі

БЖБ №1

5.5.1.9 мәтінді есептерді шығару үшін формулаларды қолдану;

5.2.3.1 натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау;


19.09


14

14

5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

5.1.1.5 натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу;

1

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2024
426
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12