Материалдар / КТЖ «Араб тілі практикасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КТЖ «Араб тілі практикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Араб тілі пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2019
357
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Батыс Қазақстан облысы. Ақжайық ауданы. М.Әуезов атындағы №2ОЖББМӨткізген: Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Тажкуранова Гулмира Тыныштыбайқызы Өткізілген күні: 9.10.18«Артық болмас білгенің... /іскерлік сабағы/» 6-8 сынып қыздары арасындаТақырыбы: «Артық болмас білгенің.... /іскерлік сабағы/ »Түрі: СайысМақсаты: Қыз балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.Өзін - өзі басқару, білім дағдыларын кеңейту, еңбек етуге икемдігін шыңдау.Көрнекілігі: слайдтар,интер белсенді тақта, жүргізілетін жұмыстарға қажетті құралдар,материалдар. І. Ұйымдастыру кезеңіЖүргізуші: Қыздар бүгінгі «Артық болмас білгенің....»тақырыбындағы іскерлік сабағына, қош келдіңіздер! Ең алдымен өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.Әр қатысушы өзінің сыныбымен аты жөнін атап өтеді.1. 6а,б,в Шайхолла Бақыт, Орынғали Ұлболсын,Салауат Дильназ,Шапен Аружан,Серикова Томирис ,Ғабитова Сымбат2. 7а,б Бигалиева Милланна, Сағындық Ғазиза,Нұрланқызы Фарида3. 8а,б Жандаулет Арайлым,Сағынғали Мадина,Қазиханова ДинараТренг: музыка ойналып тұрады ал қатысушылар дене мүшесін козғалтып би билейді.Мысалы: Көз деген сәтте тек қана көздерін жыпылықтатып көзбен билейді әрі қарай жалғаса береді / ауыз ,қол, аяқ , қас....т.б / музыка тоқтағаннан кейін бір-біріне сәттілік тілеп отырады.ІІ. Жоспары:1. «Қандай тыйым сөздерді білесің?» әр қатысушы жауап береді.2. «Шебер қолдар» /коктейль түтікшелерінен/ қандайда бір бұйымды жасап көрсету.3 Артық болмас білгенің айдарынан пайдалы кеңестер оқу.4.«Жоғалған сөзді табу» ойыны көрермендермен5.«Қолымыздан барі келет»ІІІ. Негізгі бөлім: .«Қандай тыйым сөздерді білесің?» 1. «Үлкеннің алдын кеспе».- Бұл тыйым сөздің екі себебі бар. Біріншісі мәдениеттілікке тәрбиелейді, үлкенді сыйлауға үйретеді. Екіншісі жолын кескен кісінің жолы болмауы мүмкін.2. «Бетіңді баспа».- Жаманшылық шақыру деп түсіндіріледі. Өлі адамның беті жабылады.3. «Босағада тұрма».- Қазақта жаманшылыққа жорыған, жетім балаға тән әрекет.4. «Үйге қарай жүгірме».- Жаман оқиға туралы хабар айтады деп түсіндірілген.5. «Итті теппе».- Ол жеті қазынаның бірі, адамның досы.6. «Бос бесікті тербетпе».- Бала жататын төсек, ол бос болса оны тербетуге болмайды. Балаға зар болған адамдардың әрекеті.. 2. «Шебер қолдар» қауырсын түтікшелерден қандайда бір бұйымды жасап көрсету.Мысалы шашқа тағатын , қолға тағатын блезік, карандаштар салатын сауыт,мойынға тағатын алқа т.б



3 Артық болмас білгенің айдарынан пайдалы кеңестер оқу. Артық болмас білгенің....1. Қолыңызға байқаусызда «момент» желімін жағып алсаңыз, оны маргариннің көмегімен кетіруге болады. Бар болғаны былғанған жерге жағып, бірнеше минут күту қажет.2. Егер бөлмеңіздің ішінен жағымды иіс шыққанын қаласаңыз, лимонды суға салып қайнатыңыз.3. Жиһаз бен есіктегі, терезедегі әкті кетіру үшін сірке қышқылын пайдаланыңыз.4. Асхана орамалдарын 12 сағатқа ұйыған сүтке салып қойсаңыз, ол жақсылап жуылады.5. Сүт піскен кезде төгілмесін десеңіз, пісіретін ыдыстың ішіне сары май жағыңыз.6. Көкөністерді тамақтың суы қайнаған соң ғана салады.7. Қызылшаны жиырма минут ыстық суда пісіріп, артынша суық суға салсаңыз, жылдам піседі.8. Картопты тұзды суға салып қойсаңыз, жылдам аршылады.9. Тұзды картопты қуырып болған соң салған жөн.10. Бадана мен бұршақтың жылдам піскенін қаласаңыз, 12 сағатқа суық суға салып қойыңыз.11. Картоп езілмесін десеңіз, сірке қышқылы қосылған тұзды суда пісіріңіз.12. Қызылшаны қант пен алма сірке қышқылы қосылған суда пісіретін болсаңыз, бояуы шықпайды.13. Көкөністерді дұрыс әзірлеу тәсілі:а) қазанның қақпағы жақсылап жабылуы тиіс;ә) көкөністерді шанышқының көмегімен тесуге болмайды;б) піскен көкөністерді судан бірден алған жөн;в) көкөністерді пісірген кезде суға лимон шырынын тамызу қажет.14. Нанның жанына картоп, тұз қоятын болсаңыз, дәмі көпке дейін сақталады.15. Балды дұрыс таңдау тәсілі:а) таяқ алып, оған бал ораңыз. Қолдан жасалған бал таяққа жағылмайды. Сырғып аға беретін болады;ә) балды саусағыңызбен үйкеп көріңіз. Бірнеше уақыттан соң саусақтарыңыз бұрынғыдай бір-біріне жабыспаса, бұл балға қант қосылғандығын білдіреді;б) тырнағыңыздың ұшына бал жағып көріңіз. Сапалы бал төмен қарай ағып кетпейді.4. «Жоғалған сөзді табу» ойын көрермендермен1. Еңбек етсең ерінбей, тояды... тіленбей./қарның/2. Еңбек түбі.../береке/3. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың.... тәтті./жаны/4 Шеберді..... асырайды./ саусағы/5. Еріншектің..... бітпес. / ертеңі /6. Еңбектің көзін тапқан Байлықтың ....табады./ өзін/ 7. Жан қиналмай .....бітпес,/ жұмыс/ Талап қылмай ......жетпес./ мұратқа/5.«Қолымыздан барі келет»- қыздар ортаға шақырылады. 1. Қыздар шеге қағуды орындайды./Тақтайшаға кішкене шегелерді шапшаң, әрі түзу қағу/оқушылар дайын бұйымдарын таныстырды.ҮІ. Қорытындылау Сайыс соңында үздік танылған оқушыларға мараппаттау беріледі Шарамыз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға рахмет!



Сабақ сәтінен























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!