400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

КТЖ тексеруге туралы анықтама

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдерінің КТЖ тексеруге арналған анықтама оқу ісі жөніндегі орынбасарлар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бауыржан Момышұлы атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 2022-2023 оқу жылында мұғалімдердің қысқа мерзімді жоспарлары мен орта мерзімді жоспарларын тексеру жұмысы


Бақылау негізі: 2022-2023 оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары


Бақылаудың мақсаты: педагогтардың пәндер бойынша орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларының білім беру бағдарламаларының деңгейі мен бағытына сәйкестігін, олардың құрылымына, мазмұнына, ресімделуіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бақылау.


Бақылау объектілері: педагогтардың пәндер бойынша орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлары


Тексеру мерзімі: 2022 жылғы 2-5 қыркүйек, 2023 жылғы қаңтар айы.

Қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды тексеру «2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТта көрсетілгендей мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес жүрді.


Бақылау нәтижелері:
Мектепішілік бақылау іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде, сондай-ақ 2022-2023 оқу жылының басталуын ұйымдастыру мақсатында 2022 жылғы 2 қыркүйек пен 5 қыркүйек аралығында және қаңтар айында пәндер бойынша орта мерзімді жоспарларға және қысқа мерзімді жоспарларларға тексеру жүргізілді.
Бұған дейін пән мұғалімдеріне орта мерзімді жоспарларға және қысқа мерзімді жоспарлауға қойылатын талаптар туралы ұсыныстар берілген.

Тексеру кезінде барлық мұғалімдердің жоспарлары тексерілді.

Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады. Орта мерзімді жоспардың тиімділігі қажетті әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны күнделікті қмж жасауда қолдануға болады. Ұзақ мерзімді жоспардағы кодтың оқылуы мыс: 8-сынып дүниежүзі тарихы «8», 3-бөлім, 1-тақырып мазмұны, 1-оқу мақсаты. 8.3.1.1. сандарының мазмұны оқылады.

Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. 
Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау оқу бағдарламасына сәйкес, әдістемелік жағынан дұрыс құрастырылған, бірақ жекелеген мұғалімдерде аздаған кемшіліктері бар. Бірақ берілген ұсыныстардан кейін барлық кемшіліктер түзетілді.

Бақылау нәтижелері бойынша қорытындылар:
1. Барлық мұғалімдер орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларын уақытылы тексеруге тапсырды.
2. Негізінен мұғалімдер жоспардың құрылымына, мазмұнына, ресімделуіне, қойылатын талаптарды сақтайды.











Бақылауды жүргізген:  

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
119
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі