Түсінік хат
«Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған.
-
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен);
Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы «Қатынас» білім беру саласы бойынша дайындалған.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің негізгі мақсаты мен міндеттері: үйренген сөздерді пайдаланып байланыстырып сөйлеу; сурет мазмұнын түсініп айтуға үйрету; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып ажырата білуге; ертегі тыңдауға,қысқа өлең, тақпақ, жұмбақтарды жаттап айтуға үйрету.
Әдістемелік нұсқау баланың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын оятуға; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс, анық айтып, сөз ішіндегі дыбысты ажырата алуға жаттықтыруға; ауызша сөйлеулерін жаттықтыруға; сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыруға; сұрақты түсініп, оған саналы түрде толық жауап беруге дағдыландыруға бағытталған. Сол секілді балалардың ақыл-ойының, қабілеттерінің дамуын ескеріп, олардың зейінін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыта отырып оқыту көзделген.
Дыбыстық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айтуды үйренсе, тақпақ, жұмбақтарды қайталай отырып, тілдері жаттығады.
Жаңа технологияны, дәстүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтеріп, баланың білуге деген қызығушылығын арттыра түсері анық.
- Оқу қызметі ойын түрінде, ал дидактикалық ойындарды өткізуде баланы шаршатпау, денсаулығын сақтау, күн тәртібіне сәйкес жүргізілуі ескерілді. Балалардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқу жылы бойында олармен бірге жүретін Арман және Сәуле деген кейіпкерлер берілген. Әрбір сабақтың соңында балалар өздерінің игерген білімінің дәрежесін, өздерінің үлгерімін смайл арқылы белгілейді. Орыс тілді мектепке дейінгі оқыту-ағарту мекемелерінде қазақ тілін оқыту үшін алға қойылған негізгі мақсаттың бірі – балалардың қазақ тілінде өз ойларын дұрыс жеткізе алу дағдыларын дәстүрлі әдіс-тәсілдермен бірге жаңа технологиялар арқылы үйрету.
Орыс тілді мектепке дейінгі оқыту-ағарту мекемелерінде қазақ тілін оқыту үшін алға қойылған негізгі мақсаттың бірі – балалардың қазақ тілінде өз ойларын дұрыс жеткізе алу дағдыларын дәстүрлі әдіс-тәсілдермен бірге жаңа технологиялар арқылы үйрету.
«Қазақ тілі»
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
0- сынып
Аптасына – 2 сағат, жылына – 66 сағат


