400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ктп 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қмж 6 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-тоқсан

Мектеп:Р.Тоқатаев

Күні:01.09.2020ж

№ 1 сабақ

Тақырып:Ақиқатты іздеу жолында

Құндылық : Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, қайырымдылық. Пән мұғалімі:Сейдахмет А.А

Сыныбы: 6 «а,б,»

Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екндігін түсіндіру.

Міндеттері: Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі парасаттылықтың негізі екендігін ұғындыру;

Дамытушылық: -өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білуге баулу; Тәрбиелік: - қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: дәйексөз,

стикер қағазы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап.

Жағымды көңіл-күйге ену «Орманға саяхатқа» шығамыз.


2.Үй тапсырмасы:

- Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер? Әңгімелеп беру.





3.Дәйексөз

Шоқан Уалиханов

«Тек ақиқат, білім ғана күдік туғызбайды,

ол өмірді бағалауға үйретеді»

  • Ақиқат дегенді қалай түсінесің?

  • Күдік деген не?

  • Сен үшін Өмірің қаншалықты қымбат?


4. Әңгімелеу. Бек Тоғысбаев; Нұғыман Баяндин.

Адам адамгершілігінің негізі жөнінде

  • Ертедегі философтар неліктен ақиқат пен бақытты адамның рухани өзін-өзі жетілдіруінің негізі деп санаған?

  • Шоқан ақиқатты ең жақсы игілік ретінде қарастыру арқылы не айтқысы келді деп ойлайсыңдар?

  • Шоқанның өмір жолын адамзатқа қызмет ету жолы деп айтуға болама? Неліктен?

  • Шоқанның «кез-келген жағдайда да адам болып қалу» деген ұстанымын қалай түсінесіңдер?

  • Шоқанның ақиқат «ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүруде» деген пайымдауының мағынасын қалай түсінесіңдер? Мысал келтір.

  • Ақиқатты қалай танып білуге болады? Өз пікіріңді білдір.

  • Жалпы ақиқат дегенді қалай түсінесің? Өзің ақиқатты қайдан іздейсің? Сеніңше ақиқатқа жетудің жолдары қандай?


5. Шығармашылық жұмыс; топпен жұмыс:

1 – топ: Кестеде берілген ұғымдарға сәйкес мағыналарын табу.

Ұғым

Анықтамалары

1.Адамгершілік


2.Адамзат


3.Ақиқат


4.Ізгілік


5.Игілік

А) Адамдарға деген адагершілік , сүйіспен- шілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі;

Ә) Ырыс, несібені, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.

Б) Бүкіл адам баласы.

В) Адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «Изгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес.

Г) Таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестігі.


2 – топ: Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, «ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүретін» адамға мінездеме беріп, оның портретін жасаңдар.

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: ізгілік, беделді, зеректі, адам тағдыры, адамзатты сүю, болашақ, рухани, игілік, адамзат бақыты, өзін-өзі жетілдіру, мәнді өмір, адам болып қалу.


3 – топ: Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 32 – қарасөзінен берілген үзінділер бойынша ойларын ортаға салу. Бұл сөздердің қазіргі таңда қаншалықты өзіңе қатысы бар деп ойлайсың?

  • ....ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.

  • Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!


4 – топ: Қазақтың ақыны, ойшылы Шәкәрімнің «Бар ғылым- ның түп атасы – таза ақыл мен ойлау» деген ойын талқылау.

Ақиқатпен қарулансаңыз , кім болса мейлі сол айтсын, әркімге бір жалтақтап, көзсіз ере бермейсіз, таразы да, қазы да өз бойыңызда, барлығы да әшкере болып тұрмай ма! Хош әуелі кез- келген істің басы – оның ақиқатын, ретін білмектікте екені даусыз. Олай болғанда ше, адам емдеудің ретін біліп алмай, дәрігер ем жасамақ па, болмаса кез келген адам ретін білместен ұшақ айдай ма, немесе зәулім үй тұрғызама, немесе қандайда бір техниканы жөндемек пе. Жоқ әлде жалаң ойыңа ғана сүйеніп, қиынның-қиыны адамдардың сан қилы қатынастарын реттемек пе?! Әрине жоқ. Мың жерден ақылды болсаң да, қандай да бір зат немесе құбылыстың ақиқатын танытар хақ білім алмасаң , оған тіпті маңайлауға да болмайды! Аса қауіпті! Міндетті түрде бүлдіресің! Бұл баз біреудің жеке қалауы емес – бұлжымас жаратылыс заңдылығының талабы.


6. Топпен ән айту.

Жас ұландар әні Сөзі: Серік Ақсұңқарұлы

Әні: Есжан Әміров


7. Үйге тапсырма

Келесі сабақ:«Ақиқат жайлы мен не ойлаймын?» өз ойларыңды жазып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Ақиқат, аөиқат, ақиқат бар жерде.

Ақиқат, аөиқат, ақиқат бүкіл әлемде.




Мектеп:Р.Тоқатев

Күні:08.09.2020ж

№ 2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақиқатты іздеу жолында Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер:Өсек айтпау, басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу,әдепті болу.

Мұғалім:Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірдегі орнын дұрыс әрекетте болғанда ғана табатынын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - Өмірде басқалар туралы жаман ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - өз-өзіне сенімді болуға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - өсек айтпауға, әдепті болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: дәйексөз,

стикер қағазы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап.Жағымды көңіл-күйге ену. «Су асты патшалығына саяхақа » барамыз.


  1. Үйге тапсырмасын сұрау.

«Ақиқат жайлы мен не ойлаймын?» өз ойларыңды жазып, оқу.


. 3. Дәйексөз

«Адам туа жаман болмайды, жүре жаман болады»


  1. Әңгімелесу.

Ақиқат айнасы(аңыз) Ғалым Бақыткерейұлы

  • Балалар арасында айна үшін туған үлкен даудың себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • Аңыз неліктен «Ақиқат айнасы» деп аталынған?

  • Сенің пайымдауың бойынша ақиқат деген не? Мысал келтір.

  • Өзіңнің күнделікті өміріңде осындай ақиқат айнасы керек пе? Неліктен?

  • Өзің ақиқат айнасынан нені көргің келеді?

  • Ақиқатқа апарар жол қандай деп ойлайсыңдар?


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс:

1-топ: 12-13 беттегі Ақиқат туралы жазылған өлең жолдарын оқып, ақиқат жайлы түген ойларыңды сыныптастарыңмен бөліс.

2-топ: Төменде берілген Ақиқат жайлы қанатты сөздердегі негізгі ойды анықтап, бүгінгі өмірмен байланыстырып, өз ойларыңмен бөліс.

... «Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша сүйіспеншілікті қорғайды»? М.Ганди


... «Ақиқат жол-жөнекей жұлып ала салатын гүл емес, ол ұзақ жолдың түпкі мақсаты».Гераклит


... «Ақиқатты көрем десең,

Бас көзімен қарама.

Жүрегіңнің аш көзін,

Жанның сырын арала» Шәкәрім


3-топ: 13-14 беттегі Жағдаятты оқып, өз шешімдерің мен өз тұжырымдарыңды айтыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Сенің бойыңдағы жан құмарыңа нелер жатады?

  • Ақиқатқа жету үшін қай құмарлық маңызды?


4 – топ: Ақиқат құндылығына қатысты сөздерді тауып, сөзжұмбақты шешу:





1


2


3 а



д

4и

5а



а

г

6д

ү

н

и

е

т

а

н

ы

м

і

а






з

л

м



а

7і

з

г

і

л

і

к


т

к


е







р

8а


9ш

ы

н

д

ы

қ

і



и

л

қ

і

а

к

т




6. Топпен ән айту.

«Сен маған сүюді үйреттің» Ә:ЕрболБайырбеков,

С:АқмаралЛеубаева

1.Сен маған сүюді үйреттің, 2. Кім дос,кім дұшпанды үйреттің, Ұмытып кеткен едім. Уайымшыл бір мұң едім. Басымды июді үйреттің, Иіскеп қысқанды үйреттің,

Тәкаппар өктем едім ... Құшақсыз бір гүл едім. Шынайы күлуді үйреттің, Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім. Нөсерлі көктем едім

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.

Қайырмасы: Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім. 


7. Үй тапсырмасы

Келесі сабақ: «Табиғат – баға жетпес сый»жобасының жоспарын түзіп келу


Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. . Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.



Мектеп:Р.Тоқатаев

Күні: 15. 09.2020ж

№ 3 сабақ

Сабақ тақырыбы: Адамның мүмкіндіктері Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: шындықты айту, уәдені орындау, тілалғыш болу. Мұғалім: Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: Өмірдегі орныңды анықтауда талаппен талпынудың мәнін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - Шындықпен кез-келген шыңға апаратынын үйрету;

Дамытушылық: - уәдені орындауға, берген сөзде тұруға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - батылдыққа, тілалғыштыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: дәйексөз,

стикер қағазы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап.

Жағымды көңіл-күйге ену. «Су асты патшалығына саяхат»






2.Үй тапсырмасын сұрау.

«Табиғат – баға жетпес сый»жобасының жоспарын түзіп келу



  1. Дәйексөз

«Ойға алғанның бәрін адамның ынта-жігерімен жүзеге асыруға болады» Халық даналығы


  1. Әңгімелеу Жүсіпбек Айтмауытов

Неге арналсаң, соны істе

  • «Неге арналсаң, соны істе» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Өмірден нақты мысал келтір.

  • «Өз орнындағы адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ» деген тұжырыммен келісесің бе?

  • Өз мүмкіндіктері мен қабілетінің арқасында жетістікке жеткен кімдерді білесің? Әңгімелеп бер.

  • Өз бойыңдағы мүмкіндіктерді ашуға көмектескен жағдай болды ма? Өзіңді басқа қырыңнан қалай танисың?


  1. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Қанатты сөздерді оқып ой-тұжырымыңды айт;

... Адам - таңғажайып құбылыс! Оның жан дүниесі, ақыл-ойы, жан-жақты талант қабілеті – құдіреттілік табиғаты, мүлдем беймәлім, әрі ешқашанда танып- білу мүмкін емес.

Шоқан.У.

... «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез» Би-шешендер

2 – тапсырма: «Қабілет» әңгімесін оқып, кестені толтыру. 18-бет.

Мәтін бойынша

Менің пікірім

Өмірмен байланысты мысал

Қабілет



Парасат



Даналық




Қорытынды: Адам алдына нақты мақсат қоя білуі керек. Мақсаты айқын адам оған қол жеткізуге талпынады. Мақсатқа жетуге талпыныс – адамды сенімді, жігерлі, күшті етеді.


  1. Үйге тапсырма

Келесі сабақ:«Адамның мүмкіндіктері шексіз» тақырыбына эссе жазып келу.


  1. Топпен ән айту



  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.






















Мектеп:Р.Тоқатаев

Күні:22.09.2020ж

№ 4 сабақ

Сабақ тақырыбы: Адамның мүмкіндіктері Құндылық : Қиянат жасамау Қасиеттер: басқа мәдениеттің құндылығын түсіну; толеранттылық (кеңпейілділік); ақжарқындылық; татулық. Мәдени мұраны құрметтеу; қоғам меншігін қамқорлау; қоршаған ортаны қорғау

Мұғалім : Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: Өмірдегі орныңды анықтауда талаппен талпынудың мәнін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - Шындықпен кез-келген шыңға апаратынын үйрету;

Дамытушылық: - уәдені орындауға, берген сөзде тұруға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - батылдыққа, тілалғыштыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: дәйексөз,

стикер қағазы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап.Жағымды көңіл-күйге ену.

«Орманға саяхат»

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

«Адамның мүмкіндіктері шексіз» тақырыбына жазып келген эсселерін оқу.







  1. Дәйексөз

«Векживи, векучис» халық мақалы


  1. Әңгімелеу Ерлан Сыдықов

Мәдениет пен билік салмағы

  • Шәкәрімнің орыс тілін үйрену, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрену, халықтың тарихын жазу мақсатына қандай қажеттілік болды?

  • Абайдың өзбетінше білімін көтеруіне бойындағы қандай қасиеттер көмектесті деп санайсыңдар?

  • Абай «жан азығым» деп жүрген жалғыз кіітабын шәкірті Шәкәрімге тарту етеді. Ал сенің жан азығың не?

  • Автор «Шәкәрім өзін білім жемісі өсетін мәуелі жеміс ағашының көлеңкесінде отырғандай сезінетін» дегенде нені айтқысы келді?

  • Шәкәрімнің ақсатына жетуіне адамның адами қасиеттері, «ыстық қайрат», «нұрлы ақыл», «жылы жүрек» қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?

  • Бойыңдағы мүмкіндіктеріңді толығымен пайдаланып жүрсің бе?Мысал келтіріп ойыңды ортаға сал.


  1. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Түсіндірме сөздіктен (136-бет) «қабілет», «дарын», «парасат», «ақыл» - мағынасын тауып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.


2-тапсырма: Буриме әдісі: көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып өлең жолдарын аяқтау.

Адам болғым келедіС.Дәуітов

Ойы терең мұхиттай ... болғым келеді,

Көңілі аппақ сүттен де ... болғым келеді.

Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,

Бал бұлақтай мөп-мөлдір ... болғым келеді.

Отты, ойлы жыры бар ... болғым келеді,

Қиындықтан қайтпайтын ... болғым келеді,

Адамдардың бәрінен ... болғым келеді,

Ең бастысы өмірде ... болғым келеді.

Керекті сөздер: таза, дана, бала, кіші, асыл, ақын, кісі.

3-тапсырма: Төмендегі рольдерді сахналау:

  • Дәнекер (өмірмен байланыстырады)

  • Сөз тапқыш (мәтіннен жүрекке жылы сөздер тауып оқиды)

  • Сұрақ қоюшы (сұрақ қояды)

  • Реттеуші (реттеп отырады)

4-тапсырма:

Таным тағылымы

  • Өзің қандай жолды таңдар едің? Неліктен?

  • Досыңның бойындағы мүмкіндіктерін ашуға қандай кеңес берер едің?

  • Бойыңдағы мүмкіндіктеріңді ашуға, қабілеттер- іңді шыңдауға қандай қасиеттерің көмектеседі?

  • Күнделікті өмірде бастаған не нәрсең сәтті және сәтсіз шығуда? Оның себептері неде деп ойлайсың?


  1. Үйге тапсырма

Жобаны жазып келу, төмендегі сұрақтарды басшылыққа аламыз.

  • Менің қандай қабілеттерім бар?

  • Мен мүмкіндіктерімді пайдалана аламын ба?

  • Мен не істегенді ұнатамын?


  1. Топпен ән айту.

Өсіп келе жатырмын

Төлеген Айбергенов

Кеудесінде таулардың, Қиындықтың көк тасын

Кемесінде арманның Кесіп келе жатырмын.

Жалау етіп өрлікті, Кейде Күнмен теңесем

Ескек етіп ерлікті Таласып күнмен мен өсем.

Есіп келе жатырмын! Гүл теремін жерімнен

Адал терін әрдайым Бірге туған елімнен

Моншақтатып маңдайым... Өсіп келе жатырмын

Соқсын дауыл соқпасын.


Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде. Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.




Мектеп: Р.Тоқатаев

Мерзiмі :29.09.2020ж.

№5 сабақ

Сабақтың тақырыбы:Өзіңе сен

Құндылық : Дұрыс әрекет

Қасиеттер:шындықты айту, уәдеде тұру, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық.

Мұғалiм: Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: танымға бастар жол адам өміріндегі дұрыс әрекет құндылығы арқылы жүзеге асатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өмірдегі өзіңді өзің тану адамдарға риясыз қызмет етуден басталатынын үйрету;

Дамытушылық: - шынайылықтың белгісі шындықты айта білуге баулу;

Тәрбиелік: - уәдеде тұруға, жанашырлық танытуға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. «Орманға ойша саяхат»


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Жобаны жазып келу, төмендегі сұрақтарды басшылыққа аламыз.

  • Менің қандай қабілеттерім бар?

  • Мен мүмкіндіктерімді пайдалана аламын ба?

  • Мен не істегенді ұнатамын?

Ресурс:

үн таспа,

3.Дәйексөз

Өзіне-өзі сенген адам, қиындықты да,

уақытты да жеңе алады Ілияс Есенберлин

  • Өзіне–өзі сену дегенді қалай түсінесің?

  • Ондай адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  • Самоуверенный деген кім?


4. Әңгiмелеу

Адамның рухани кемелденуі

  • Ник Вуйчич өмір сүруге күшті қайдан алды?(отбасына деген сүйіспеншіліктен)

  • Никтің ерік-күші, шексіз мүмкіндігі қалай көрінді?Сүйіспеншілік құндылығы оның қандай қасиеттері арқылы байқалады?

  • Адамдар Никті тыңдағанда неден шабыттанады?

  • Никтің бақыты неде? (сүйе алуында)

  • Никтің тағдырымен таныса отырып, өзің өмірлік қандай ой түйдің?

  • Сенің айналаңда осындай ерік-жігері мықты адамдар бар ма? Сен оларды неліктен үлгі тұтасың? Мысал келтір.

  • Өзің өмірлік ұраның ретінде қандай сөздерді таңдар едің?


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі ой-тұжырымдарды оқып, дұрыс жауабын таңдап алып, дәлелде. ( 25-бет)

«Сенбе жұртқа тұрса дағы қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтан.» Абай.

2-тапсырма: «Ойға алғанның бәрін адамның ынта-жігерімен жүзеге асыруға болады» деген халық даналығын талдау:

- көзқарас

  • себеп

  • мысал

  • қорынтылау

3-тапсырма: Сахналау: «Жақсы көрем» Бейбіт Қойшыбаев

4-тапсырма: Сөзтізбекті шешу, Есенберлиннің қанатты сөзі шығады:


с

е

н

і

м

-


қ

ұ

д

і

р

е

т

т

і


к

ү

ш




























6.Топпен ән айту.Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


7.Үй тапсырмасы

Келесі сабақ: 1.«Ертеңіме сенемін» Иранбек Оразбаев жаттап келу. 2. Рухани кемелденген, өмірі мәнді деп ойлайтын адамдар (ата-анаң, ұстазың, досың, белгілі адамдар) жайлы альбом, слайд, шағын кітапша әзірлеу.


8.Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.











Мектеп:Р.Тоқатаев

Күні 06.10.2020ж

№ 6 сабақ

Сабақ тақырыбы: Өзіне сенім Құндылық : Қиянат жасамау Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешкімді ренжітпеу, жан-жануарларға қамқорлық жасау.

Мұғалім : Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: қиянат жасамау адам өміріндегі маңызды іс екендігі жөнінде түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: - айналаңа, жан-жануарларға қамқор болу туралы білімдерін кеңейту;

Дамытушыылық: - әрқашан көмектесуге дайын болуға ықпал ету;

Тәрбиелік: - мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»

Ресурстар үн таспа,

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ертеңіме сенемін Иранбек Оразбаев

Өмірімнің мәні – өлеңім Еркемін мен ойлар ертеңін

Жайқалған нұр жасыл желегім Мәңгіліктің жырын өркеп ем

Мен өміріме, өлеңіме Мен жырларыма, нұр бағыма

Сенемін, сенем... Сенемін, сенем...

Жайқалған нұр жасыл желегім Өрлесін деп жаяр өркенім,

Ертеңім деп табар қорегім. Өмірімнің күйін шертемін

Мен өміріме, өлеңіме Ертеңім – менің ертегім

Сенемін, сенем... Ертеңіме сенемін...


  1. Дәйексөз.

«Ерліктің шарты – өзіңе сенім» халық даналығы



  1. Әңгiмелеу

Дара дарын Медеу Сәрсеке

  • Кейбір тарихи тұлғалардың ғасырлар бойы халық санасында ұмытылмауы неде?

  • Қаныш Сәтпаевті халық ілтипатпен еске алады, қандай қасиеті бойынша?

  • Қаныш Сәтпаевтің бойында қандай жалпыадамзаттық құнды- лықты байқадыңдар? Оны «сегіз қырлы, бір сырлы» деп айтуға болама?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 атапсырма:

Үйге тапсырылған 2) – тапсырмаларын - Рухани кемелденген, өмірі мәнді деп ойлайтын адамдар (ата-анаң, ұстазың, досың, белгілі адамдар) жайлы альбом, слайд, шағын кітапша әзірлеу, қорғайды.....


Қорытынды: ...Ей ,перзентім, қай кезде де болмасын, жақсылық істеуді жадың- нан шығарма. Жақсылықты жалпы халыққа жаса, жамандықтан аулақ бол, керісінше сөйлеме, теріс ой ойлама. Бидайды көрсетіп арпа сатпа. Әр істе әділетті бол. Әділ жанға бидің де, қазының да қажеті жоқ.


  1. Топпен ән айту.

Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.


  1. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ:38 беттегі «Мейірім» Ұшқын Жамалбектің өлең жолдарын жаттап келу.


8.Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде. Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.






Мектеп:Р.Тоқатаев

Күні:13.10.2020ж

№ 7 сабақ

Сабақ тақырыбы: Әсемдікке талпыныс Құндылық : Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімді болу, шынайылық, сыйластық. Мұғалім :Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: Сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: - кешірімді болуға үйрету;

Дамытушыылық: - жақсылықты шынайы жасауға баулу;

Тәрбиелік: - мейірімді, қайырымды болуға, сыйластыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен»

Ресурстар

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Мейірім» Ұшқын Жамалбектің өлең жолдарын жатқа айту.

Толқимын теңіздей Сенуің керек,

Мейірімді көп іздей. Дүниені жинасаңда сәнімен.

Мына өмірдің жақсылығы Иманмен жинаған жан байлығың

Жамандықпен егіздей. Биік тұрар бәрінен.

Мына өмірдің жақсылығы - Ай толған түндей боп,

Жамандықпен егіздей. Бұлттан шыққан күндей боп,

Қайырмасы: Жан жүрегіңе мейір толсын,

Анаңның сөзіндей Тасқа шыққан гүлдей боп,

Ақ адал сезімдей, Жан жүрегіңе мейір толсын,

Мейірім керек Тасқа шыққан гүлдей боп,

Өзгені өзіндей көретін,

Әппақ пейілің керек.



  1. Дәйексөз.

«Адам деген ардақты ат» Халық нақылы

  • Ардақты деген ат кімдерге айтылады?

  • Нағыз адам деп кімді айтамыз?

  • Басқа жаратылыс иелерінен адамның артықшылығы неде?


  1. Әңгімелеу

Ұлыма хат Немат Келімбетов

  • Өзіндік көзқарасы бар адамға тән қасиеттер қандай деп санайсың?

  • Сен өзіңді өзіндік көзқарасым бар деп санайсың ба?

  • Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулықты қалай түсінесіңдер? Оларды жетілдіруге болама? Қалай?

  • Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесің? Жаны сұлу адамды қалай сипаттар едің?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-тапсырма: Қанатты сөздерді оқып шынайы сұлулықты таңдап ,

таңдауларыңды дәлелдеңдер.

  • «Сөзі райлының – жүзі шырайлы»

  • «Қарапайымдылық – моральдық сұлулықтың басты шарты»

  • «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын...»

  • «Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандануы керек»

  • «Табиғи сұлулық дегеніміз - оның ұнамдылығы. Әрбір ұнамды мінез-құлық пен келісімді көріктен әдемілік пайда болады»

  • «Қарапайымдылық дегеніміз – өзінің адамдық қадір-қасиетін түсіну»

2-тапсырма: Жағдаяттық оқып, кейіпкердің ойын жалғастырып жаз:(34бет

3-тапсырма: Адамның жан сұлулығын бейнелейтін сөздерді тауып, «Әсемдік»сөзжұмбағын шешу.

Көлденеңінен

Тігінен

5.Адамдардың бір-бірімен сезініп қарым-қатынас жасауына қажет нәрсе

6. Тірі организмнің бәріне тән мінез, ортақ қасиет

7. Әдепті, кішіпейіл адамның бойындағы жағымды қасиет

8. Кішіпейіл, қарапайым әдепті адамның қасиеті

1.Тәрбиелі, қарапайым, әдепті адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі

2.Адамшылық, жақсылық тілеу қарым-қатынастары

3.Әсем, әдемі адамның бойындағы сұлулық

4.Байыпты, ақылды адамға тән қасиет.








1а









д



2






а






м


3





г








е




4

р

5





6








ш
















7қ

а

р

а

п

а

й

ы

м










8



























Топпен ән айту

Ана туралы жыр Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі,

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанатын самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арналған.

Қайырмасы: Әлдилеп,аялап,өсірген жемісің,

Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.


Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Тәні сұлу сұлу емес, жаны сұлу сұлу» тақырыбына эссе жазу


Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.






Мектеп: Р.Тоқатаев

Мерзiмі. 20.10.2020ж.

№ 8 сабақ

Сабақ тақырыбы:Әсемдікке талпыныс

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу, ешкімді ренжітпеу, бірлік.

Мұғалiм:Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: адам өміріндегі дұрыс әрекет құндылығын тұлға ретінде өмірдегі орнын анықтауға көмектеседі.

Міндеттері:

Білімділік: - ешқашан айналаңа зиян келтірмеуді үйрету;

Дамытушылық: - әрқашан көмек беруді бойда дамыту;

Тәрбиелік: - бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» - ережесін сақтау

Тыныштық сәтi «Су асты патшалығына ойша саяхат»


2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Тәні сұлу, сұлу емес, жаны сұлу, сұлу» тақырыбына жазған эсселерін оқиды



3. Дәйексөз

Көңілі кіршіксіз жан кісіні күндемейді М.Горький

  • Күндемеу дегенді қалай түсінесің?

  • Көңілі кіршіксіз деп бойында қандай қасиеті бар адамды айтамыз?


4.Әңгімелесу

Ақыл мен сезім Мамытбек Қалдыбай

  • Автордың ақыл мен сезім туралы ой-тұжырымымен келісесің бе?

  • «Сезім мен ақылыңды қатар ұстай білу – үлкен тәртіптілік,

  • «Сезім мен ақыл тек адамда ғана емес, табиғатта да бар. Ол да кейде күліп, кейде күрсінеді» - деген сөздері нені білдіреді?

  • «Жаман мінез-құлық – рухани кесел» деген пікірге көзқарасың қандай?

  • Өз мінез-құлқыңды өзгерткің келе ме? Неліктен? Қалай?


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі ой-тұжырымдарды оқып, түсінігіңді айт.

  • «Жылтырағанның бәрі - алтын емес»іімді болғаны үшін әдемі»

  • болғаны үшін сүйкімді емес, сүйк

  • «Көңілі кіршіксіз жан, кісіні күндемейді»

  • «Сұлулықты сезіне білетіндер нағыз адам өмірінің мағынасын түсіне біледі»

  • «Әдемі болғаны үшін сүйкімді емес, сүйкімді болғаны үшін әдемі»

2-тапсырма: « Тәкаппаршылық»сахналау.

3-тапсырма: Сөзтізбекті шешу Аль-Фарабийдің дана сөзі шығады;

1-сөз: «Жақсы» сөзінің антонимі. 3-сөз: Сын есім.

2-сөз: Адам даралығының белгісі. 4-сөз: «Ауру» сөзімен мағыналас сөз.


ж

а

м

а

н


м

і

н

е

з

-

қ

ұ

л

ы

қ

-


р

у

х

а

н

и


к

е

с

е

л




6.Топпен ән айтуЖан әке

Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған, Шыңның да шырқау көңіл құшадәмін, Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған. Шыңға да кейсәттер де түсседарын. Осынау дөңгеленген дүниеде, Сүрініп кетпес үшін әке сонда Жанәкекімбар сендей қымбатмаған. Сенің өз болмысыңнан күшаламын Қайырмасы Пейілің егіз даламмен, Көңілің көрік сыйлап гүлбағына, Мейірім ыстық жаныңнан. Өмірдің қанықтырдың сырларына. Неліктен түстім саған мен, Мен әке қуанамын бар жаныммен, Еліктей балғын шағымнан. Өзіңнің перзентің боп туғаныма.

Алтынға балап тұлғаңды, Артыңда қалар ізіңмін. Қызығын көріп жүр мәңгі, Өсірген ұл мен қызыңның.


7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: 1)«Табиғат - баға жетпес сый» жобасының 1-кезеңін аяқтап дәптерге жазып, фотоальбом, коллажды толықтыру.


8. Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.




Мектеп:Р.Тоқатаев

Мерзімі:27.10.2020ж

Сабақ тақырыбы: Өзгелермен үндесу

№ 9 сабақ

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттері: сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық.

Мұғалім :Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ішкі тыныштық құндылығы ынтымақтастықты нығайтатындығы жайлы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - ой тыныштығында отырып үйренуге шақыру ;

Дамытушылық: - әркез сыпайылықты сақтау жан дүниеңнің тазалығына әкеледі;

Тәрбиелік: - шыдамдылыққа, сыйластыққа, тәрбиелеу.

Ресурстар

Проектор, сазды музыка, бейнефил

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 5 «Т» - ережесін сақтау (Талап, Тазалық, Тыныштық, Татулық, Тәртіптілік)

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену«Нұрға бөлену»


  1. Үй тапсырмасын сұрау

«Табиғат - баға жетпес сый» жобасының 1-кезеңінің фотоальбом, коллаждарын қорғау.


  1. Дәйексөз

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

  • Мақалдың мағынасын түсіндір.

  • Неге досы көппен сыйласып, досы азбен сырласу керек деп ойлайсың?


  1. Әңгімелесу

Бес тиын Өтебай Тұрманжанов

  • Мұрат неліктен өзінің сыныптағы кезекшілігіне мұқият дайындалды?

  • Мұрат тауып алған тиынын не себепті мұғаліміне берді?

  • Мұратты дұрыс әрекетке жетектеген бойындағы қандай қасиеттері деп ойлайсыңдар?

  • Адам бойындағы қандай қасиеттер оның жеке басын сыйлы етеді? Неліктен?

  • Адамның өзін және өзгелерді сыйлауының мәні неде деп ойлайсыңдар?

  • Өздерің көпшілік алдында қандай қасиеттеріңмен сыйлы болып жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.


Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Мақалдардың жалғасын тауып мағынасын түсіндіріңдер.

  • Аға әдепті болса, іні әдепті, .....

  • Орнымен мақтай біл, .....

  • Халықтың қартын сыйлау - .....

  • Ардагер аға алдыңда тұрсын, ....

  • Сыйлай білсең кәріні, .....

  • Сыйлау деген - .....

  • Әдепті бала ата-анасын мақтатар, .....


2-тапсырма: «Өзіңді жұрт сыйласын десең, алдымен өз-өзіңді сыйла» деген қанатты сөзді талқылап, мәнін түсіндіру:

  • Көзқарас

  • Себеп

  • Мысал

  • Қорытындылау.


3-тапсырма: Жағдаяттардың шешімін табыңдар.

1). Ұланға әке-шешесі жұмысқа кетерде: Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналасын жинас тыр, үйге су алып кел, - деп тапсырды. Ұлан сабақ оқып болған соң оның достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды компьютермен футбол ойнауға шақырды. Ұлан әке-шешесінің тапсырмасын орындауды, әлде достарының көңілінен шығуды білмеді. Сендер Ұланның орнында болсаңдар не істер едіңдер? ..........


2) Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүр еді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкеннен келе жатыр еді. Ернар: Гүлнар бізбен ойнасын, шақырып жіберші , - деді. Жаңыл інісінің сөзіне ұялып қалып, Ернарға әлденені түсіндіре бастады. Жаңыл інісіне не туралы айтты?


3) Бүгін сенбілік. Кеше мұғалім мектепке сыпыртқы, шелек алып келулерін тапсырды.


Топпен ән айту

Үйрендім Сәнді Ақылай

Жақсылықты асыруды үйрендім Жамандықты жасыруды үйрендім Жауласқанға ат құйрығын кесісіп Жақсыларға қосылуды үйрендім Анда –санда ашығуды үйрендім Ашудан соң басылуды үйрендім Қабағымнан қар жаудырып лезде Күндей болып ашылуды үйрендім Жылағанды жұбатқанды үйрендім Орынымда тұрақтауды үйрендім Дүниенің шешпесемде жұмбағын Жауабы бар сұрақтарды үйрендім Бақта гүлді өсіруді үйрендім Отты отпен өшіруді үйрендім Қарсы шыққан досым түгүл дұшпанда Бір-ақ сәтте кешіруді үйрендім Алғанымды қайтаруды үйрендім Арызымды айта алуды үйрендім Дүниені шыр айналып ойыммен Өлеңге кеп жай табуды үйрендім . Жақсыларды сағынуды үйрендім Тағдырыма бағынуды үйрендім Жақын түгіл алысыма іс түссе Жаным жасып қамығуды үйрендім Кей сәттерде үндемеуді үйрендім Кім болсаңда күндемеуді үйрендім Азды-көпті адамдарды таныдым Біліп тұрып «Кім» демеуді үйрендім Кейбір кезде құбылуды үйрендім Көпшілікпен жұмылуды үйрендім Кертартпаның кердеңіне келіспей Кері қарай бұрылуды үйрендім


Үйге тапсырма

Келесі сабақ: «Достарым» Хасен Закариянов сөзіне жазылған өлең жолдарын жаттап келу.


Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бар жерде.

Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бүкіләлемде .

Үнтаспа

Баяу ән қойылады



Мектеп:Р.Тоқатаев

Мерзiмі:03.11.2020

Сабақ: №10

Сабақ тақырыбы:Өзгелермен үндесу

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:шындықты айту, уәдені орындау, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу.

Мұғалiм:Сейдахмет А.А

Сынып: 6«а,б»

Сабақтың мазмұны

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: адамдармен қырым-қатынас негізі дұрыс әрекетте екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - уәдені орындау, уәдеде тұру тұрақтылығың екендігін айту;

Дамытушылық: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - шындықты айтуға, тілалғыштыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. «Су асты патшалығына ойша саяхат»

Ресурстар

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Достарым» Хасен Закариянов

Толтыра біліп көңілдің отын, достарым,

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс қостадың.

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүріңдер сендер қолтықтан демеп, достарым.

Қ-сы: Жабыққан сәтте қас қағым

Жаныңды ұғар басқа кім?

Жаңа бір әуен бастадым,

Сендерге арнап, достарым!

Сағыныш толы кеудені кернеп жыр көшкін,

Достықтың келдім сазына ән мен үн қосқым.

Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен,

Биіктен сайлап орнын адал шын достың.

Десек те қашан баянсыз достан түңіл деп,

Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер.

Асылдар аз ба жаныңды қияр дос үшін?!

Соларға, тағдыр, өкінбей өтер ғұмыр бер.



3. Дәйексөз.

Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.


4.Әңгiмелесу

Тынышбек қалай түзелді? Қаржаубай Омарұлы

  • Қарындастарының ойынын сырттай бақылаған Тынышбек неліктен көз жасына ерік берді?

  • Мұғалімнің боынанқандаә ізгі қасиеттерді байқадыңдар?

  • «Сыйласаң сыйлы боларсың» деген сөздің мәнін қалай түсінесіңдер?

  • Қарым-қатынастағы өзара сыйластық адам бойындағы қандай құндылыұтардың көрінісі?

  • Өздерің үлкендермен, құрдастарыңмен және кішілермен қаншалықты сыйласып жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі ұғымдар мен анықтамаларды сәйкестендір

Ұғымдар

Анықтамалары

1.Татулық


2.Достық


3.Ауызбіршілік


4.Бірлік


5.Ынтымақтастық

А) Адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.

Ә) Адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы.

Б) Бірлікке келу, бірге тірлік жасаудың көрінісі, татулықтың белгісі.

В) Мақсаты бір топ мүшелерінің тату-тәттілік, ынтымақтастық, ұйымшылдық көрсете білуі.

Г) Ынтымақтасып біріккен бірауыздылық, іштей байланысты табиғи біртұтастық.


2-тапсырма: «Адал достық» мәтінін оқып, сұраққа жауап бер.

  • Шынайы дос қандай қасиеттерімен айқындалады?

  • Өмірден алынған адал достық туралы мысалдарды білесіңдер ме?

  • Өздеріңнің адал достарың туралы айтып беріңдер.


3-тапсырма: «Сыйласаң сыйлы боларсың» сөзжұмбағын шешу.

Көлденеңінен

Тігінен

1.Адамдардың ауызбірлігі, сыйластығы.

3.Адамдардың бір-бірін түсініп, келісім мен татулықта өмір сүруі.

7.Айналаңдағы адамдарды сыйлап, оларға құрмет көрсету, қамқор болу.

8.Адамның қоршаған орта мен ақиқатқа, адамдарға сеніп, құрметтеу қарым-қатынасы.

9.Мақсаты бір топ мүшелерінің ынтымақтастық және тату-тәттілік көрсете білуі.

2. Ынтымақтасып біріккен бірауыздылық, іштей байланысты табиғи біртұтастық.

4. Адамдардың бір-біріне дос, жолдас ретінде адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болуы.

5. Бірлікке келу, бірге тірлік жасаудың көрінісі, татулықтың белгісі.

6. Жеке адамды өзге адамдар тарапынан құрметтеу, сыйлау, қошеметтеу.














А

у

ы

з

б

і

р

ш

і

л

і

к




н









т

ү

с

і

н

і

с

т

і

к


д


ы


о


б



м





с

і

а




т

р

қ


қ


с

ы

й

л

а

с

т

ы

қ

ұ



қ


і


а


р






к


с

е

н

і

м









т




е




т

а

т

у

л

ы

қ

т



қ




4-тапсырма: Қаазақтың атақты биі Саққұлақ шешеннің қанатты сөзін оқып, мағынасын түсіндіру.

«Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – адал өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық».

... Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін қолынан келген бір мүмкіндігін істеп бағады. Бірақ, көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады. Бұл жол – әдептілік жолы. Ал әдептілік адамның ішкі жан дүниесі, оның интелек- тісі, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздеріненбет-әлпетінен, сондай-ақ тұлғамүсіні мен мінез-құлқынан көрініс табады. Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір-қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мұндай әдепті адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне баса назар аударады. Адам – өз өміріне өзі қожа. Өйткені ол өз тұрмыс тіршілігін өзі реттестіріп отыруға қабілетті. Ол өзінің осы бір қабілетін дұрыс пайдалана алған жағдайда ғана дегеніне жете алады.


6.Топпен ән айту

«Достарым» Хасен Закариянов


7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Менің досым» тақырыбына эссе жазып келу.


Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде .

Үнтаспа

Баяу ән қойыла

ды



2-тоқсан


Мектеп:Р.Тоқатаев

Мерзiмі :17. 12.2020ж

Сабақ № 11

Сабақтың тақырыбы: Ақкөңілділік туралы

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер:әдепті болу, ұқыптылық, уәдеде тұру, басқалар туралы жамандық ойламау.

Мұғалiм:Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: - өсек айтпауға, жаман ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - басқалар туралы жаман ойламауға ықпал ету

Тәрбиелік: - Уәдеде тұра білуге, әдепті болуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену»


2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің досым» тақырыбына жазған эсселерін оқу.



3. Дәйексөз.

«Махаббат, достық, бауырмалдық –

Адамның ең бір асыл қасиеттері». Ғабит Мүсірепов

Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер.


4.Әңгiмелеу

Достар Серік Үсенұлы

  • Жандос пен оның анасының ізгі әрекеттерінен қандай әсер алдыңдар?

  • Адамға жақсылық жасау үшін онымен жақын туыс, дос болу міндетті ме?

  • Ақкөңіл адамдар қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?

  • Өзгелерге көмек қолдарыңды соза білгенде қандай сезімде боласыңдар?


Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, ақкөңіл, қайырымды адамның портретін жасаңдар.

... ізгілік, кешірімділік, кішіпейілділік, адалдық, жанашырлық, кеңпейілділік, бауырмалдылық, ізеттілік, мейірімділік, көпшілдік, түсіністік, ынтымақтастық, татулық.


2-тапсырма: «Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып туылмайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылықтылық та адамға әуел бастан, жаратылысынан дарымайды»деген әл-Фараби бабамыздың ұлағатты сөзін талқылау:

  • Көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау»

3-тапсырма: «Дәріден де күшті» мәтінін оқып сұрақтарға жауап бер.

  • «Сендердің ықыластарың мен пейілдерің маған дәріден де күшті ем»деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Өздерің қиналып тұрған адамды көргенде қандай көмек берер едіңдер?


  1. Топпен ән айту

Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Үнтаспада қосылып айтамыз

  1. Үй тапсырмасы.

  1. «Мейірімді болайықшы бауырлар!»Серік Қалиев сөзіне жазылған өлең жолдарын жаттап келу.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде .


Мектеп:Р.Тоқатаев

Мерзiмі:24.11.2020ж.

№ 12 сабақ

Сабақ тақырыбы:Ақкөңілділік туралы

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер:ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсылық көру, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық.

Мұғалiм: Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: Сөз бен істің бірлігі тек ақиқатта екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігін дағдыландыруға үйрету;

Дамытушылық: - өз-өзіне адал болуға, жақсыдан жаманды ажырата білуге ықпал ету;

Тәрбиелік: - уәдеде тұруға, шыншылдыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Мейірімді болайықшы бауырлар!»Серік Қалиев

Көктем етіп көркейтсе де маңайын, Болашаққа қол ұстасып барайық.

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын. Ақиқаттың ауылын іздеп табайық

Өшігуді қояйықшы өзгеге, Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз

Кешірімді болайықшы, ағайын! Кішіпейіл болайықшы , халайық!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар, Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп

Көк пен жерді сел етседе дауылдар Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

Пейілдерді пенделікпен тарылпай Өзімізге қалайтұғын нәрсені

Мейірімді болайықшы бауырлар! Тілейікші өзгеге де болса деп.


Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.

Қаратайық құбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық!


3.Дәйексөз.

«Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» нақыл сөз

  • Неге көп жасағаннан сұрама деп айтылып тұр, мағынасын түсіндір?

  • Көпті көрген деген кім?

  • Көпті көрген адамның бойында қандай қасиеттер бар?


4. Әңгiмелеу (сұхбат).

Ғазизаның балаларыМәдіхат Төрежанов

  • Неліктен ағайынды бауырлар кінәні өз мойнына алуға тырысты?

  • Бауырмалдық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Бауырмалдық пен мейірімділік қандай ізгі қасиеттердің негізінде туындайды?

  • Өзгеге деген ізгі ниеттерің мен жылы лебіздеріңді қалай білдіресіңдер?

  • Өзгелердің қамқорлығына бөленіп, мейірімін сезінгенде қандай күйде боласыңдар?


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Өлең жолдарын оқып, жақсылық жайлы пікіріңді білдір.

Жақсылық туралы жыр Ф.Оңғарсынова

Ей жарық күн нұрыңды шаш далама Қорқыныш пен үрей жүр кеуделерде

Шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға. Қу бәрін де - соңына бұрылмасын!

Ызғар сіңген жеріме шуақ керек, Кетсін тағы шарықтап алысқа үнім,

Мұқтаж оған ауыл да, астана да. Қонақтасын ырыс пен табыс күнім.

Сәулеңменен себеле үміт демін, Ұл –қыздары көтерсін қол ұстасып

Жер бетінен жылыссын күдіктерім. Қазағымның елдік пен намыс туын.

Адамдардың сатқындық, сұмдығынан Жарқырасын шуақ боп алғаш үміт,

Қалжыраған жерімді жібіт менің. Жүректерді жүректерді жалғастырып

Күңгірттенбей, көтерсін шыңым басын, Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер –

Қарттарымның ұзартқын ғұмыр жасын. Ынтымақтан туындар бар жақсылық!


2-тапсырма: «Әдеп» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап бер.

  • Арман не себептен қысылып келе жатыр?

  • Қоршаған ортаға, айналаға немқұрайлық танытудың соңы не болмақ?

Адамзат баласының өзіне, өзгелерге жасаған жақсылығынан кейінгі ұрпақ өнеге-үлгі, ғибрат алады. Қоршаған ортаға, айналаңдағы адамдарға мейірімділікпен қарап, қолыңнан келгенше көмек көрсете алу – адамдықтың белгісі. Жүзінде нұр ойнаған, пейілі кең, жылы жүректі адам әрқашан жақсылыққа жол таба біледі. Кешірімділік, сыпайылық, сезімталдық жақсы адамға ғана жолдас болады. Ізеттілік пен инабаттылық та жақсы адамға тән қасиет. Жақсы ниетпен айтылған бір ауыз сөз жүрегіңді тебірентіп, жаныңды жадыратады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген даналық сөздің мәнісі де осында.


  1. Топпен ән айту

«Мейірімді болайықшы бауырлар!»Сөзі:Серік Қалиев

Әні: Құрмаш Маханов


7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Өмір жайлы» Ринат Зайытов, жаттап келу.


8.Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде .





Мектеп:Р.Тоқатаев

Мерзiмі:04.12.2020

№ 13 сабақ

Сабақ тақырыбы:Адамдық борышың

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімшіл болу, шынайылық.

Мұғалiм:Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: Еңбектің жемісін сүйіспеншілікпен жасағанда көретіндігі жайлы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік:адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету;

Дамытушылық: - кешірімшіл болуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - еңбекқорлыққа, шынайылыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Өмір жайлы Ринат Зайытов

Бірде жанып шоқтай, бірде сөнеміз. Өтеді өтпелі замандар,

Бірде құлдай мұңның, бірде төгеміз. Бәріңнің де бір-бір налың бар.

Бүгін досты ертең дұшпан көреміз. Жүректің айнасын кірлетпей,

Өзгереміз осы, күнде неге біз?! Адал болайықшы, адамдар!

Жақынымыз өссе, ұната алмаймыз.

Қолдан келсе, жардан құлатардаймыз.

Тәкаппар болуды тура таңдаймыз.

Жылытамыз, бірақ жұбата алмаймыз.


3.Дәйексөз.

Ар-ұждан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе,

ізгі іс-әрекетіңе байланысты. Әл-Фараби

  • Өмірдегі қадіріңді қалай жинайсың?

  • Өзіңе-өзің адалдық таныта аласың ба?

  • Өзіңді сыйлау дегенді қалай түсінесің?


4. Әңгiмелеу (сұхбат).

Қара құлын Сайын Мұратбеков

  • Неліктен бала анасының сөзінен ұялды?

  • Болған оқиғадан бала өзіне қандай өмірлік сабақ алды?

  • Абай атамыздың «Пайда ойлама – ар ойла» деген сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Адамның бойындағы қандай қасиеттері оны абырой биігіне көтеріп, дұрыс әрекетке жетелейді?

  • Кейіпкердің орнында болсаңдар қандай әрекет жасар едіңдер?


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Тұжырымдардың мән-мағынасын түсіндіріңдер.

... «Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза» М.Әуезов

... «Ар-ұжданым – менің өмірім, екеуінің тамыры бір. Арымнан айырылсам , өмірімнің де біткені» У.Шекспир

... «Өмірімде ар-ұжданды жоғары бағалағандықтан да, тәуелсіз әрі қайсар жан болған шығармын» М.Моцарт


2-тапсырма: Жағдаяттарды оқып, сұрақтарға жауап беру.

Әкесіінің әлденені есептеп отырғанын көрген Асан, бөлмесіне жүгіріп кеп, ойына келгенін жасауға кірісті. Анасына көрсеткен азын-аулақ көмегі үшін ақша сұрамақшы болады. Келесі күні анасы ас үйдегі үстөлдің үстінен бір қағаз тауып алды. Ондағы жазу мынау екен;

«Анасының ұлы Асанға қарызы:

  • Дүкеннен сөмке тасығаны үшін – 50 теңге,

  • Хаттарды поштаға салғаны үшін – 30 теңге,

  • Жақсы бала болғаны үшін – 150 теңге,

  • Гүлдерге су құйғаны үшін – 50 теңге,

  • Барлығы – 280 теңге».

  • Асанның бұл әрекетін қалай бағалар едіңдер?

Анасы үстөлдің үстіне 280 теңгені қалдырып кетеді. Кешке Асан ақшаны көргенде қатты қуанады. Алайда ақшаның жанында тағы да бір қағаз жатқан еді. Онда былай деп жазылыпты;

«Асанның анасына қарызы:

  • Үйде өткізген 10 жыл бақытты өмірі үшін – ештеңе,

  • 10 ішінде ішіп-жегені үшін – ештеңе,

  • Ауырған кезде күтіп-баптағаным үшін - ештеңе,

  • Жақсы ана болғаны үшін - ештеңе,

  • Барлығы – ештеңе».

  • Қағазды оқыған Асан қандай күйде болды деп ойлайсыңдар?

  • Бұл жағдаяттан өздерің қандай сабақ алдыңдар?


3-тапсырма: «Ақылды болсаң, арыңды сақта» тақырыбына эссе жазу.


Арлылық адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Арлы кісі – ұят, иба, намыс, қанағат, әдеп, шүкірлік секілді бірқатар игі қасиеттерді бойына жинақтай білген мол парасат егесі. Қазақ халқы – талайлды тағдырында сан түрлі қиындықтарды бастан кешсе де, арына дақ түсірмеген текті халық. Ата-бабамыз тағдыр сынына өткір көзбен қараған. Ел ішінде кең тараған «Мал сақтама, ар сақта», «Ердің құны бір ділдә, абыройы мың ділдә», «Ар иманның жолдасы», «Ақылың болса арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта» деген нақыл сөздер соның белгісі.












  1. Топпен ән айту «Өмір жайлы» Ринат Зайытов


7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Өмірім өз қолымда» тақырыбына эссе жаз.


8.Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық.




Меутеп:Р.Тоқатаев

Мерзiмі:08.12.2020ж.

№ 14 сабақ

Сабақ тақырыбы:Ар-ұждан және абырой туралы

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу, әділеттілік, ұқыптылық.

Мұғалiм: Сейдахмет А.А

Сынып:6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығының еңбектегі мәнін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - басқалардың еңбегі туралы жаман ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - әрбір еңбекте өз-өзіне сенімді болуға жетелеу;

Тәрбиелік: - әділеттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Өмірім өз қолымда» тақырыбына жазып келген эсселерін оқиды.


3.Дәйексөз.



4. Әңгiмелеу (сұхбат).

Бір билеттің кесірі Құрманбай Толыбаев

  • Жолаушы қария неліктен билетінің табылмағанына қатты абыржыды?

  • Абырой дегенді қалай түсінесіңдер?

  • «Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді» деген нақылдың мәнін түсіндіріңдер?

  • Өмірде адам абыройға қалай қол жеткізеді?

  • Күнделікті өмірде абыройларыңа нұқсан келмеу үшін қаншалықты қадағалап жүрсіңдер?


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, абыройлы адамға мінездеме беріп портретін жасаңдар:

... ар-ұят, намыс, ізгілік, адалдық, әділдік, шыншылдық, бедел, ізеттілік, азаматтық, көрегендік, көпшілдік, қадір-қасиет.


2-тапсырма: Жағдаяттарды жалғастырыңдар:

Сен аялдамада тұрсың. Адам көп. Автобус келіп тоқтады, адамдардың барлығы мінуге асықты. Сен де. Есік алдында қысым пайда болды. Сен автобустың ішіне кіріп үлгердің, сол сәтте сенің дәл артыңдағы адамның аяғы тайып, құлайды. Сенің әрекетің ......


Сенің көршіңнің отбасында емізулі бала бар. Сәбидің әкесі іс сапарда, анасы қатты науқастанып жатыр. Саған дүкенге барып, баланың арнайы тағамын әкеліп беруді өтінді. Алайда саған шұғыл түрде сабаққа бару керек, күрделі бақылау жұмысын тапсыру қажет. Сенің әрекетің ....


Сен базардан тіс пастасын сатып алдың. Сатушы шатасып үлкен қораптың ішінен 100 мл пастаны саған ұсынды. Алайда сен 75 мл пастаға ақша төлеген едің. Сенің әрекетің ....


Абырой адам бойындағы ең асыл құндылықтың бірі, ар-ұят, бедел, құрмет, қадір-қасиет ұғымдарының жиынтығы, адамның кісілік келбет і, адамгершілік тірегі. Абырой – ар-намыстың тазалығы, адамгершілік, еңбек, шығармашылық қызмет арқылы көпшілік тарапынан сый-құрметке ие ететін адамның қоғамдағы бейнесін білдіретін ұғым. Абырой қанша уақыт тірнектеліп жиналғаныменен, бір сәтте, шалыс басқан қадамнан оған кесір келуі мүмкін. Сондықтан абыройыңа нұқсан келтірмеу үшін адам өзін-өзі үнемі қадағалауы қажет. Қазақ баласы үшін абыройынан айрылудан асқан жаза жоқ. Халық «Абыройыңды жасыңнан сақта» деп ұдайы ескертеді. Елдің абыройын қорғаған, күрескерлердіқұрметпен ардақтайды, олардың өнегелерін жыр-аңыз етіп, мұрат тұтады.


  1. Топпен ән айту

«Сен маған сүюді үйреттің» Ә: Ербол Байырбеков

С: Ақмарал Леубаева

Сен маған сүюді үйреттің, Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,

Ұмытып кеткен едім. Уайымшыл бір мұң едім.

Басымды июді үйреттің, Иіскеп қысқанды үйреттің,

Тәкаппар өктем едім ... Құшақсыз бір гүл едім.

Шынайы күлуді үйреттің, Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім. Нөсерлі көктем едім.

Өмірді сүруді үйреттің, Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім. Ұстазсыз мектеп едім.

Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім.


7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Перзент парызы» Жарылқасын Дәулет сөзіне жазылған өлең жолдарын жаттап келу.


8.Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде .




Мектеп:Р.Тоқатаев

Мерзiмі:15.12.2020

№ 15 сабақ

Сабақ тақырыбы:Адамдық борышың

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер:байсалдылық, ызақорлық, сараңдық, өзін-өзі алдамау.

Мұғалiм: Сейдахмет А.А

Сынып:6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: Сөз бен істің бірлігі тек ақиқатта екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігін дағдыландыруға үйрету;

Дамытушылық: - өз-өзіне адал болуға, жақсыдан жаманды ажырата білуге ықпал ету;

Тәрбиелік: - уәдеде тұруға, шыншылдыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Перзент парызы Жарылқасын Дәулет

Қандай шаттық сыйласам екен, Қайырмасы:

Әлем нұрын жинасам ба екен? Шашылайын шұғылаң болып

Ұл-қыздарың жаныңда, Шырқа көңіл бүгін ән болып.

Ай-күн алақаныңда, Аман есен жүрсеңдер екен,

Алтын тойың қанат қағуда. Бет түзейтін құбылам болып.


Ұл өсірдім сендерге қарап, Ақ қыраудай шашыңды көрем,

Қыз өсірдім тұлымын тарап. Басын иген ғасырды көрем.

Менің ғазиз мекенім, Бәрі сенің жеңісің,

Сенен үлгі етемін Бәрі сенің жемісің.

Қартаюдың өнер екенін. Ұрпағыңа бақыт кеңісін.


3.Дәйексөз. Нельсон Мандела

Адамның ең биік жетістігі – адамдық борышты атқару.

  • Борышың деп нені түсінесің?

  • Ата-ананың алдындағы борышың не?

  • Отан алдындағы борышың не?


4. Әңгiмелеу (сұхбат).

Серттессең – сөзіңе сен Мұхтар Құрманалин

  • Әділбек ағасының сөзінен өзіне қандай сабақ алды?

  • Уәдеде тұру адам үшін қаншалықты маңызды екен?

  • Адамдық борыш дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сертке адал болу адам бойындағы қандай құндылықтар мен қасиеттерді арттырады? Қалайша?

  • ­Өздерің берген сертке қаншалықты адалсыңдар? Әңгімелеп беріңдер?


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Нақыл сөзді «Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді, ең алдымен, отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес» төмендегі әәдіспен талқылаймыз:

- Көзқарас

- Себеп

- Мысал

- Қорытындылау.

2-тапсырма: «Менің азаматтық борышым» тақырыбына эссе жазу.


3-тапсырма:Б.Момышұлы ой-тұжырымын оқып, сұраққа жауап беру.

  • Қандай адамды бақытты деп айтуға болады?

  • Адам бойындағы қандай құндыылықтар оны бақытқа жеткізеді?


Адамдық борыш – адамның өзіне ғана емес, өзгелерге көрсете алатын қызметі. Халқыңа қызмет етсең, сенің білімің мен кісілігіңнің молдығын білдіреді. Халыққа қызмет ету азаматтың кемелденуіне, өрісінің кеңеюі- не үлкен әсер етеді. Таза ісімен, адал еңбегімен және әрекетімен көрінетін адамдар болады, олар өзінің ең басты өмір сүру қағидасы өз халқына еңбек ету деп есептейді.


  1. Топпен ән айту

Перзент парызы Жарылқасын Дәулет

Қандай шаттық сыйласам екен, Қайырмасы:

Әлем нұрын жинасам ба екен? Шашылайын шұғылаң болып

Ұл-қыздарың жаныңда, Шырқа көңіл бүгін ән болып.

Ай-күн алақаныңда, Аман есен жүрсеңдер екен,

Алтын тойың қанат қағуда. Бет түзейтін құбылам болып.


Ұл өсірдім сендерге қарап, Ақ қыраудай шашыңды көрем,

Қыз өсірдім тұлымын тарап. Басын иген ғасырды көрем.

Менің ғазиз мекенім, Бәрі сенің жеңісің,

Сенен үлгі етемін Бәрі сенің жемісің.

Қартаюдың өнер екенін. Ұрпағыңа бақыт кеңісін.


7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Менің азаматтық борышым» тақырыбына эссе жазу.


8.Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық.

Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бар жерде

Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бүкіл әлемде .




Мектеп:Р.Тоқатаев

Мерзiмі:22.12.2020ж.

№ 16 сабақ

Сабақ тақырыбы:Адамдық борышың

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер:басқа мәдениеттің құндылығын түсіну, толеранттылық (кеңпейілділік); қоршаған ортаны қорғау, ақжарқындылық.

Мұғалiм: Сейдахмет А.А

Сынып:6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: Сөз бен істің бірлігі тек ақиқатта екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігін дағдыландыруға үйрету;

Дамытушылық: - өз-өзіне адал болуға, жақсыдан жаманды ажырата білуге ықпал ету; Тәрбиелік: - уәдеде тұруға, шыншылдыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің азаматтық борышым» тақырыбына жазған эсселерін оқу.


3.Дәйексөз.В.Сухомлинский

Адамның нағыз байлығы затта емес,

Ақыл-парасатта, рухани байлықта

- Өзің байлық деп нені санайсың?

- Рухани байлық дегеніміз не?

- Өзің байлығыңның бағасын бере аласың ба?


4. Әңгiмелеу (сұхбат). Өтебай Тұрманжанов

Шелекпен егін суарған бала

  • Арықтағы колхоздың суына тимей, шелекпен су тасып егінін суарған баланың әрекетінен қандай ой түйдіңдер?

  • Шәкәрім атамыздың «Жүрегі таза адам ешқашан қиянат жасамайды» деген сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Адамның бойындағы қандай қасиеттері оның адамдық болмысын көрсетеді?

  • Өзің бау-бақшада, саяжайда жұмыс істеп көрдің бе? Қандай сезімде болдың?


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма:

...Мейірімділік, қамқорлық, татулық, ізеттілікұғымдарын пайда- лана отырып;

Оқушы мен мұғалім,

Сатушы мен тұтынушы,

Әжесі мен немересі арасындағы қарым-қатынас диалогын жасау.

2-тапсырма: Жағдаяттарды шешу.

Интернатта оқитын Самал мерекелік демалысқа орай ауылға үйіне автобуспен жолға шықпақ болды. Билетті алдын ала сатып алып, автобустың жүрер уақытына бірнеше минут бұрын автобекетке келді. Кассада билет қалмағанын байқады. Қасына бір қарт әжей келіп, одан билетін сатуын жалынып сұрады, себебі сол ауылға жедел баруы тиіс, жақын туысы қатты науқастанып жатыр екен. Егер билетін сатар болса, мейрамға қарсы үйіне бара алмайтынын ойлаған Самал сәл кідіріп қалды.

  • Самал қандай шешім қабылдайды деп ойлайсыңдар? Неліктен?


Айбек пен Ердәулет бір сыныпта оқитын жақын достар. Екеуі де домбыра үйірмесіне барады. Қазақтың дәстүрлі әндерін сүйіп тыңдайды. Екеуінің де арманы дәстүрлі әндер концертіне барып, халық әндерін жанды дауыста тыңдау болатын. Бір күні аудан орталығында болатын концертке баруға тегін билет берілді. Бірақ жалғыз билет. Сынып үздігі болғандықтан мұғалім билетті Айбекке ұсынды. Оның қуанышында шек болмады. Жабырқап отырған Ердәулеттің қасына келіп, үнсіз ойланып тұрды.

  • Айбектің орнында болсаңдар қандай шешім қабылдар едіңдер?


3-тапсырма: «Алғыс» Ділдә Матайқызы мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру.

  • «Жақсылыққа-жақсылық - әр адамның ісі, жамандыққа –жақсылық – ер адамның ісі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Басқаларға жақсылық жасаған кезде қандай сезімде боласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.


Топпен ән айту

Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар


7.Үй тапсырмасы.

1. Келесі сабақ: «Менің отбасым» тақырыбына сурет салу, коллаж жасау, эссе жазып келу.






Мектеп:Р.Тоқатаев

Мерзімі:29.12.2020ж

№ 17 сабақ

Тақырып:Отбасының жылуы

Құндылық :Дұрыс әрекет. Қасиеттер: Әдепті болу,өз-өзіне сенімді болу, әділеттілік, отбасындағы парызын орындау.

Мұғалім :Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынастағы дұрыс әрекет құндылығының мәнін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: -отбасындағы парызын орындауды үйрету;

Дамытушылық: - өз-өзіне сенімді болуға баулу;

Тәрбиелік: - әдепті, әділетті болуға тәрбиелеу.

Ресурс

тарстикер қағазы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талапсақтауға шақыру.

Жағымды көңіл-күйге ену. «Ата-әжеміздің жайлауына»


Үй тапсырмасын сұрау.

«Табиғат баға жетпес сый» жобасын жасап, толықтырып, қорғау.



Хрустальныйгрусть




Дәйексөз Л.Н.Толстой

Үйінде бақытты адам – әлемде бақытты адам

  • Бақытты адам, қандай болады?

  • Сен бақыттысың ба?

  • Бақытты дегенді қалай түсінесің?


Әңгімелесу

Ата-анам - ізгі адамдар Думан Анаш

  • Ата-ананың бойындағы қандай ізгі қасиеттер ерекше сүйсіндіреді?

  • Ата-ананың рөлі туралы әңгімелеп беріңдер?

  • Автор қандай құндылықты бойына сіңіріп өсті деп ойлайсыңдар?

  • Ата-ана мен Отан алдындағы парызды қалай түсінесіңдер?

  • Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам болу үшін қандай қасиеттерді өз бойларыңда дамытқыларың келеді?

Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Мақалдың жалғасын жазу;

Ата көрген оқ жонар, ............ Шеше көрген тон пішер.

Гүл өссе жердің көркі, ........... Қыз өссе елдің көркі.

Балапан ұяда не көрсе, .......... Ұшқанда соны іледі.

Ата-ананың қадірін, ............ Балалы болғанда білерсің.

2-тапсырма:Абайдың қарасөздерінен үзіндіні оқып, бүгінгі өмірмен байланысы туралы ойыңды айтып бер.

  • Адамның адамшылдығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.алаға көбінесе үш алуан мінез жұғады: біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстаздан, үшіншісі – құрбысынан.

3-тапсырма: Ата-аналарыңның, туыстарыңның арасында берік байланыс орнатудағы жауапкершілік туралы эссе жазу.


Ұлттың да , мемлекеттің де ұйытқысы – отбасы. Біз әрқайсымыз бір-бір отбасының өкіліміз. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы мен өсу-даму бағыты тікелей ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Елімізде отбасы ұғымы абыройлы, асқақ түсінікке айналуы тиіс. Ұлы жазушы М.Әуезовтің «Бала ата-ананың тағылымы арқылы өседі» деген ұлағат- ты сөзін әр отбасы бойтұмарына айналдыруы керек. Отбасы ең алғаш баланың қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік орта. Отбасы баланың тұлғалық қасиетіне негіз қалайды. Мәселен отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді. Отбасының жылуы мен берекесі ананың ақылы мен парасатында. Болашақ ұлт тұлғаларының ұжданы мен келбеті ананың жүрегі мен қан тамырының тазалығында. Отбасы атқарар маңызды шаруаның үлкені – ұлтжанды, елшіл азамат тәрбиелеу.


Топпен ән айту Ата-әже Н.Төлендиев.

Қалмасын деп қатардан Қанша көрдім дегенмен,

Ойлайтынын сезем мен. Көрмегенім көп менің

Айналайын атамнан Қанша білдім дегенмен,

Айналайын әжемнен Білмегенім көп менің

Мақтанбаймын бекер мен, Мен дегенде ештеңе

Өшпейсіңдер санамнан Аямайтын осылар

Айналайын әкемнен Таңертең де кешке де

Айналайын анамнан. Аялайтын осылар

Күн сияқты ашылар Қалай жаман боламын

Қамқоршымда осылар. Мен бақытты баламын

Қ-сы: АтааааааааӘжеееееее

Мен сіздерді сүйіп өтемін

АнаааааааӘкеееееееее

Силаймынғой бәріңді

Мен сіздерге қарап өсемін


Үйге тапсырма:

Келесі сабақ: «Менің ата-анам»тақырыбында эссе жазып келу.


Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып, барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.










3-тоқсан

Мектеп:Р.Тоқатаев

Күні 12.01.2021ж

№-18 сабақ

Тақырып:Отбасының жылуы

Құндылық :Сүйіспеншілік

Қасиет: кешірімді болу, шынайылық, отбасы мүшелеріне риясыз қызмет ету, жанашырлық.

Мұғалім :Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - отбасы мүшелеріне риясыз қызмет етуді үйрету;

Дамытушылық: - кешірімді болуға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - шынайылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Ресурс

тар: стикер қағазы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талапсақтауға шақыру.

Жағымды көңіл-күйге ену. «Орманға саяхат»


Үй тапсырмасын сұрау.

«Менің ата-анам»тақырыбында эссе жазып, оқу.


Хрустальныйгрусть





Дәйексөз

«Әке – асқар тау, Ана – мөлдір бұлақ,

Бала - жағадағы құрақ»

  • Теңеулерді мысалмен түсіндір.



ӘңгімелеуБолатбек Мұхтар

Менің анам

  • Ананың балаларына деген сүйіспеншілігінің мәні неде деп ойлайсыңдар?

  • Ананаң тәрбиесі авторға өмірлік сабақ болды ма?

  • Адамның бойындағы қандай қасиеттер оны «кемел адам» биігіне жетелейді? Неліктен?

  • Қасым Аманжолдың: «Отбасы – бір мемлекет» деген өлең жолын қалай түсінесіңдер?

  • Ата-ананың үмітін ақтау үшін қандай қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз керек? Әңгімелеп беріңдер.


Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі өлең шумақтарын оқып, сый мен құрметтің нәтижелерін (себебі мен салдарын) тауып, айтып беріңдер.

Ата Апа

Ата үлкен кәріміз Мейрімді апалар

Қуат берер дәріміз. Балалар кеп бата алар.

Әулиедей аялап, Қалтасына кәмпит сап

Ардақтаймыз бәріміз. Немереге апарар.

Тәте Аға

Таудай менің талабым Қиындықтан қыңбайды

Айна мен ақ тарағын Атам сөзін тыңдайды.

Алып беріп тартпадан Жұмсап мені жұмысқа

Тәте көңілін табамын. Үлкендігін бұлдайды.

Мен

Атам не айтса көнетін

Апама көңіл бөлемін.

Мен осы үйдің кенжесі

Бәрі жақсы көретін.

2-тапсырма: Ғабиден Мұстафиннің нақыл сөздерін оқып, отбасы мүшелерінің қандай дұрыс әрекет жасайтынын талдап, отбасылық құндылықтарды айту.

  1. Анаң – асыл қазынаң, әкең – асқар тау.

  2. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

  3. Бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

  4. Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше сусындайтын махаббат.

3-тапсырма: Сара Алпысқызының «Өмір әдебі» кітабынан үзіндіні оқып, өз ойларыңды ортаға салыңдар.

.... Ата-ананың қай-қайсы болса да, балалары қабілетті, тапқыр, талантты болып өссе, олар басқа балалардан артық болса деп армандайды. Алайда меніңше қымбатты достар, бұл туралы емес, бала жақсы Адам болса деп армандау керек. Ол адамдарға пайдалы болып,қоғамға зардап келтірмей пайда әкелетіндей етуі керек.


Топпен ән айту

Жанұям Қуаныш Жаманқұлов

Ой ойлатқан талай-талай өтті күндер алыс,

Міне бүгін біз де үй-жай, ол да біздің парыз.

Өз үйіміз бір отан береке,

Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге.

Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,

Аман жүрсін бауырымыз алыстағы аңсаған.

Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған

Ең керегі – тату-тәтті болсын менің жанұям.

Жанұяның бір қызығы арадағы бала

Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә.

Жастайымнан еркелетіп өсірген

Аман болшы, теңдесі жоқ Ата менен Ана!


Үйге тапсырма

Келесі сабақ: «Достар құшағында» Сағи Жиенбаев сөзіне жазылған өлең жолдарын жаттап келу.







Мектеп:Р.Тоқатаев

Күні:19.01.2021ж

№-19 сабақ

Тақырып:Сыныптағы достық

Құндылық : Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдепті болу, өсек айтпау, басқалар туралы жамандық ойламау, қоғамға риясыз қызмет ету.

Мұғалім :Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: Қоғамда көпшіл, кеңпейілділік таныта отырып дұрыс әрекет құндылығын жүзеге асыру керектігін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:- қоғамға риясыз қызмет етуге үйрету;

Дамытушылық:-басқалар туралы жамандық ойламауға ықпалету

Тәрбиелік: - әдепті болуға, өсек айтпауға тәрбиелеу.

Ресурстар: дәйексөз,

стикер қағазы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талапсақтауға шақыру.

Жағымды көңіл-күйге ену. «Орманға саяхат»

Үй тапсырмасын сұрау.

Достар құшағында Сағи Жиенбаев Қасымда бүгін достарым менің,

Құшағым толы қырмызы гүлдер.

Толқиды жаным аспаным кеңіп

Арайлы таңдар, қызықты күндер.

Кел, жан достарым, Келеді көктем, келеді жаздар

Мен бір ән бастадым. Қырларға балғын гүлдерін алып

Шырқайық желпіндіріп Тұрады сәуле көңілде маздап

-Тау асқарын. Жатса да зулап күндерім ағып.

Аспаным нұрын төгеді көктен

Күтеді қызық таңдарым алда

Құшағы жалын, көңілі көктем –

Өздерің барда, арманым бар ма?!



Хрусталь-ныйгрусть





Дәйексөз

Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам.

  • Айнымас дос деген қандай болады?

  • Өзіңді айнымас доспын деп айта аласың ба?

  • Айнымас досың болған дұрыс па, айнымас дос болған дұрыс па?

(Адал достықты біреуден күтпе, адал дос өзің бола біл)


Әңгімелеу

Аптаның ақырғы күндері Қуаныш Жиенбайұлы

  • «Дос», «достық» туралы ойларыңды ортаға салыңдар.

  • Достар арасындағы ізгі қарым-қатынасқа кедергі келтірмеу үшін не істеуіміз керек?

  • Досқа адал, қамқор болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы тиіс деп ойлайсыздар?

  • Достар арасындағы сенім мен құрмет қайткенде тереңдей түседі? Ол үшін не істекіміз керек?

  • «Досы көппен - сыйлас, досы жоқпен – сырлас» деген сөзді қалай түсінесің? Әңгімелеп бер.



Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Мақалдарды оқып, «дос», «достық» туралы эссе жазыңдар.

  • Досыңменен дос болғанға шаттан,

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

  • Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

  • Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

  • Асы көптің тәні семіреді,

Досы көптің жаны семіреді.

  • Жақсы дос ашып айтар,

Жаман дос қосып айтар.

2-тапсырма: Достыққа жүрмін құмартып. Досымды сыйла, қымбаттым! Достарың көп пе? Досыңа сонда, Апырау неткен жақсы едің? Досыммен ғана қымбатпын. Досым аз менің... Дос болам десен, Досым-ау менің, тапшы емін? Мендегі доспен достасқын, Достарыңменен достастыр мені, асылым, Сендегі доспен Достастыр мені? Дос болып сонда тұрмақпын. Болайын құлың нақ сенің!

Достыққа жүрмін, Достыққа жүрмін құмартып құмартып!  

Өлгелі жүрмін, Өзіме-өзім мін артып...

Жауыздың барып, Жанына уәзір болғаннан,  

Достардың барып, Ауласында өлген мың артық. Мұқағали Мақатаев


3-тапсырма:Айтқали Нәріковтің «Достық туралы» өлеңіндегі ойды талқылаймыз.

Достар!Достар!Мен сендерге қостым үн, Болсын аулақ тоттану мен мұңдану

Сендер барда жоқ қой менің еш мұңым. Одан да біз достық жырын тыңдалық.

Достық болып оралады өзіме Жүрегіміз ақ таңменен апталсын

Өздеріңе жасап жүрген достығым Қалсын шетте қап-қара боп түн налып

Болса дағы қазан басқа от басқа Достық деген өлшенбейді безбенмен

Жарасады жүрісіміз топтасқан Қасиетін ұға алмайды кез келген

Бәріміздің мұңаяды жүзіміз Достық деген Қыз Жібектей ару ғой

Біріміздің көңіліміз «тоттанса» Төлегенге семсер ұстап, сөз берген!



Топпен ән айту

Жан досым Т.Молдағалиев

Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек қызғаныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгiдосыңнан!
Қ-сы: Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңдікөрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды санаштық.
Жол тапсақ та бiргежүрiп жол таптық,
Адассақтабiргежүрiп адастық.
Өмiрөзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құскаұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.


Үйге тапсырма

Келесі сабақ:«Менің сыныбым» тақырыбында эссе жазып келу.


Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып, барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде











Мектеп:Р.Тоқатаев

Күні:26.01.2021ж

№ 20 сабақ

Тақырып:Сыныптағы достық

Құндылық : Қиянат жасамау

Қасиеттер: толеранттылық (кеңпейілділік); ақжарқындылық, татулық.

Мұғалім:Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: қоғамдық ортада қиянат жасамай, зиянын тигізбей адами келбетті сақтау керектігін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: -толеранттылық әрбір адамның ұстанымы екендігін үйрету;

Дамытушылық: - ортада ақжарқындылық танытуға баулу;

Тәрбиелік: - татулықты сақтауға тәрбиелеу.

Ресурстардәйексөз,

стикер қағазы.

1.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі: (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп, Тыныш- тық, Тазалық, Татулықты Талапсақтауға шақыру.

Жағымды көңіл-күйге ену. «Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын сұрау.

«Менің сыныбым» тақырыбында жазылған эсселерін оқиды.


Хрустальныйгрусть


3.Дәйексөз

«Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»

  • Дос болса неге жылатып айтады?

  • Дұшпанның күлдіруін қалай түсінесің?

  • Сен досыңа адалсың ба?

  • Досыңды ренжіткен кездерің болды ма? Неге?



4.Әңгімелесу Қалихан Ысқақ

Қоңыр күз еді

  • Мәтіндегі « сен өзіңді басқамен салыстырма. Кімнің қандай білігі бар, ол маған бес саусақтай белгілі» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Ұстаз оқушы бойынан қандай қасиетті көре білді деп ойлайсыңдар?

  • Қазақтың Чеховы деп кімді, қай жазушыны айтып тұрғанын білесіңдер ме?

  • Адам қандай қасиеттері арқылы рухани-адамгершілік биігіне көтеріліп, кемелдікке жете алады?Неліктен?

  • Сыныптарыңда ұстаз бен оқушы арасында осыған ұқсас оқиға болды ма? Әңгімелеп бер.




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Сыныптастарыңның, достарыңның алдындағы жауапкершіліктерің жайлы жазып, пікірлеріңді ортаға салыңдар.

2-тапсырма:Жанбай Өзденбаевтің «Дос» өлеңін оқып, достық туралы ойларыңды бөлісіңдер. - Сыныптағы ұлдар мен қыздардың арасындағы достық қарым-қатынас туралы айтып беріңдер. Сауалнама жүргізіп, қорытынды- сын шығарыңдар. Тұрғанымда қысылып Сынға түскен кездерде Медет берген достарым Сырын бермес достарым Өз қайғысын ысырып Қамыққанын өзгеге Көмек берген достарым. Біліндірмес достарым.

Замандастың жеңісін Жырға сені қосумен Көре білген достарым Өтсем деймін досым-ау Қолындағы жемісін Сыйлас болып досыммен Бөле жеген достарым. Өмірімде осынау.

  • Досың бар ма?

  • Досыңа ойланбастан көмек бере аласың ба?

  • Сенің жеңісіңе досың қуанышын білдірмеді, сенің әрекетің?

  • Досыңның басына бір ауыртпалық түсті, сенің әрекетің?..т.б.



3-тапсырма:Төмендегі қанатты сөздерге ойыңды айтып бер.

  • «Дос емес дос сыртынан жамандаған» Міржақып Дулатов

  • «Дос адам маңайыңды жұмақ етер» Махмуд Қашқари

  • «Көңіліңе қарай – дос таңда, күшіңе қарай – жүк таңда»

Жүсіп Баласағұни


4-тапсырма:Буриме әдісі төмендегі сөздерге ұйқастырып өлең жолдарын жазу

жала........ құлатады сатқындық........ жылатады көз жасыңды төгіп ..... еңіреген кездеадал дос........ жұбатады

кел достым ........... күлейік,

қол ұстасып .......... жүрейік.

сен жамансың .........демейік,

достығымыз мәңгілік деп ..... білейік.



сыныпқа ....... келдім,
досымды .......
көрдім,
деді ол, .......
маған қайырлы ....... таң, аяулы ...... жан.


6.Топпен ән айтуЖан-досымТ.МолдағалиевIздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек қызғаныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Қ-сы: Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңдікөрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды санаштық.
Жол тапсақ та бiргежүрiп жол таптық,
Адассақтабiргежүрiп адастық.
Өмiрөзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құскаұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.


7.Үйге тапсырма:

Келесі сабақ: «Қоршаған ортаға қызмет етемін» тақырыбында жоба жоспарын жасап келу.


8.Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде.Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.





Мектеп:Р.Тоқатаев

Күні 02.02.2021ж

№ 21-сабақ

Тақырып: Мен және қоршаған әлем

Құндылық :Дұрыс әрекет. Қасиеттер: әдепті болу, зиянды әдеттерден аулақ болу, өз-өзіне сенімді болу.

Мұғалім :Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортамен қарым-қатынаста үнемі дұрыс әрекет жасауға ұмтылу керектігінтүсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: -Қоршаған ортамен адами қарым-қатынаста әдептілікті сақтауға шақыру;

Дамытушылық: - өзіне сенімді бола тұрып басқалардың сенімінен шығып қалмауға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Ресурстардәйексөз,

стикер қағазы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп, Тыныш- тық, Тазалық, Татулықты Талапсақтауға шақыру.

Жағымды көңіл-күйге ену. «Су асты патшалығына саяхат»

Үй тапсырмасын сұрау.

«Қоршаған ортаға қызмет етемін» тақырыбындағы жоба жоспарын түзіп, оқу.


Хрустальныйгрусть


Дәйексөз Қадыр Мырза Әли

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтарға тілі жоқ»

  • Табиғатсыз адам баласы тіршілік ете алады ма?

  • Табиғаттың орнына өзіңді қойып көр, адамзатқа бірінші нені ескертер едің?

  • Табиғаттың тілі деп нені түсінесің?

  • Табиғат айта алады ма?



Әңгімелесу

Жайын ілерде Хамза Есенжанов

  • Атасы немересінің балыққа баруына не себепті қарсы болды деп ойлайсыңдар?

  • Мәтінде қысқы табиғат көрінісі қалай суреттелген? Өзің тұратын жердің табиғаты қандай?

  • Айнала қоршаған ортаны қорғап, сақтап қалуда қандай жалпыадамзаттық құндылықтар көрініс береді?

  • Табиғатқа риясыз қызмет ету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек? Мысалыңды дәлелмен келтіріп айт.




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма:Бізді қоршаған орта мәтінін оқып, адам мен табиғаттың байланысын және барлығына ортақ дүниені тап.

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанар- таудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.

Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.

Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты.

  • Табиғат құбылыстарындағы өзгерістердің себебін түсіндіріп беріңдер?

  • Табиғатты қорғаудың қандай тиімді жолдарын білесіңдер?

2-тапсырма:«Қоршаған әлем және адамзат баласы»тақы- рыбында сауалнама жүргізіңдер? Нәтижесінде, табиғат пен бүкіл тіршілік иесінің тығыз қарым-қатынасы мен өзара үйлесімі туралы қорытынды жазу.


3-тапсырма: Әбілхан Қастеевтің «Қазақстан таулары» атты суретін қарап, табиғат пен жан-жануарлар арасындағы үйлесімділікті әңгімелеп беріңдер, 88-беттегі.


Топпен ән айту

Үшқоңыр

Үшқоңыр Алатаудың қойнауында Ай, Үшқоңырым, туған жерім,

Әкемнің ізі қалған жайлауында. Рахым нұры тұнған жерім.

Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп, Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,

Арқарың жайылатын аймағында. Жүрегімде мәңгі есімің.


Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар,

Бабалар тұлпарының дүбірі бар.

Бұл жерде Жамбыл-«Жәкең» өлең айтқан,

Өнердің, ақындықтың тұғыры бар.

Шыңдарың Төле бидің қалпағындай,

Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай.

Жуасы, қарақаты, бүлдіргені,

Әкемнің шекер қосқан талқанындай.

Көрінер сонадайдан анық маған,

Шыңында қырандары қалықтаған.

Самғаған қыранына құмар қылып,

Өсірген ұландарын алып далам.


Үйге тапсырма:

Келесі сабақ:«Табиғаттың адамзат өміріндегі орны мен рөлі» туралы айналадағы адамдармен сауалнама жүргізу және зерттеу жұмысының қорытындысын жазып келу.


Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.










Мектеп:Р.Тоқатаев

Мерзімі: 09.02.2021ж

№ 22 сабақ

Тақырып: Мен және қоршаған әлем

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер:жан-жануарларды жақсы көру;адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық.

Мұғалiм: Сейдахмет А.А

Сынып: 6 «а,б»

Сабақтыңмақсаты: Қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен риясыз қызмет етуді үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: табиғаттағы сұлулық иесі жан-жануарларды жақсы көруді үйрету;

Дамытушылық: адамдарға риясыз қызмет етуге баулу;

Тәрбиелік: жанашырлыққа тәрбиелеу.


Сабақбарысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5 -«Т» ережесін сақтау

Тыныштық сәтi. «Жайлауға, Ата, Әжемізге барамыз!»

Ресурс

АТҚ,

кітап,

Үй тапсырмасын тексеру.

«Табиғаттың адамзат өміріндегі орны мен рөлі» туралы айналадағы адамдармен жүргізген сауалнамасын оқып, зерттеу жұмысы- ның қорытындысын оқиды.



Дәйексөз. Ш.Айтматов:

«Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану

арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың

бір пұшпағы ретінде сезіне біледі»

- Ақының сөзін қалай түсінесің?

- Өзіңді табиғаттың қандай құбылысына теңей аласың?

- Табиғатқа қарай отырып өзіңнің жан дүниеңді рухани байыта аласың ба?


Әңгiмелеу

ЕсеюСерік Үсенұлы

  • Айдардың қырға баруының мәні неде?

  • Ейсен Айдарға қандай кеңестер берді?

  • Айдар көкесімен еріп кетерде қозысын қимауының себебін қалай түсінесіңдер?

  • Қоршаған ортаға қызмет ету адам бойында қандай қасиеттердің артуына ықпал етеді? Қалайша?

  • Баланың ақбас қозыға деген қамқорлығынан жалпыадамзаттық қандай құндылықтар көрінеді?

  • Өзің қоршаған әлем дегенді қалай түсінесің және оны қалай қабылдайсың?

  • Өзің отбасыңнан алыстар шығып көрдің бе? Әңгімелеп бер.


Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Жағдаяттардың шешімін табыңдар.

А) Айдын қаладан келген жақын туысы Айқынға ауылдың көркем табиғатын көрсетпек болып өзен жағасына ертіп барды. Айдынның анасы Айгүл: «Ұзап кетпеңдер», - деп ескерткен болатын. Бірақ Айдын анасының ескертпесін тарс есінен шығарып алды. Айқын мен Айдынның кешіккенінен алаңдап, Айгүл өзі оларды өзен жағасына іздеп барды. Сонда ғана анасының ескертпесі есіне түскен Айдын анасына әлденені түсіндіре бастады. Айдын анасына не туралы айтты? ..............

Ә) Сыныптастарыңмен табиғат аясына шығып, таза ауамен тыныстадыңдар. Асыр салып ойнадыңдар. Көркем табиғаттың ғажап сұлулығына таңқалып тамсандыңдар. Кенет бір сыныптасың жайқалып өсіп тұрған көк шөпті жұла бастады. Сенің әрекетің ..............


2-тапсырма: Төмендегі өлең жолын оқып, табиғат пен қоршаған әлем туралы өзара пікір алмасу жүргізу.

Табиғат әсемдік төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.Ж.Жабаев.

  • Сенің өміріңде табиғаттың алатын орны қандай? .....


Топпен ән айту.

Үшқоңыр

Үшқоңыр Алатаудың қойнауында Ай, Үшқоңырым, туған жерім,

Әкемнің ізі қалған жайлауында. Рахым нұры тұнған жерім.

Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп, Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,

Арқарың жайылатын аймағында. Жүрегімде мәңгі есімің.


Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар,

Бабалар тұлпарының дүбірі бар.

Бұл жерде Жамбыл-«Жәкең» өлең айтқан,

Өнердің, ақындықтың тұғыры бар.

Шыңдарың Төле бидің қалпағындай,

Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай.

Жуасы, қарақаты, бүлдіргені,

Әкемнің шекер қосқан талқанындай.

Көрінер сонадайдан анық маған,

Шыңында қырандары қалықтаған.

Самғаған қыранына құмар қылып,

Өсірген ұландарын алып далам.


Үй тапсырмасы.

  1. Келесі сабақ: «Туған өлкем жайлы сыр шертемін» тақырыбына коллаж, сурет салып, презентация жасауға да болады, бейнефильм жасап келу,


Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.



Мектеп:Р.Тоқатаев

Мерзімі:16 .02.2021

№ 23 сабақ

Тақырып:Қоғам игілігі үшін еңбек

Құндылық:Ақиқат

Қасиеттер:ойдың, сөздің және істің бірлігі; барлығынан жақсылық көру; өз-өзіне адал болу; шыншылдық;

Мұғалiм:Сейдахмет:А.А

Сынып: 6 «а,б»


Сабақтыңмақсаты: оқушыларға қоғамда адамзатқа риясыз қызмет етутуралы түсінік беріп ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: - адами қарым – қатынастағыой, сөз, істің бірлігінің орны мен маңызы туралы түсіндіру;

Дамытушылық: - барлығынан жақсылықты көруге, өз-өзіне адал болуға ықпал ету;

Тәрбиелік:- шыншылдыққа тәрбиелеу.


Сабақбарысы:

Ұйымдастыру кезеңi. «5 - Т» ережесін сақтау

Тыныштық сәтi. «Жайлауға, Ата, Әжемізге барамыз!»

РесурсАТҚ, кітап

Үй тапсырмасын тексеру.

«Туған өлкем жайлы сыр шертемін» тақырыбына коллаж, сурет салып, жасап келген презентациясын, бейнефильмін қорау.


Дәйексөз

Ең әуелі өз-өзіңе адал бол. Өзіңді өзгерте алмасаң, ешқашан қоғамға әсер ете алмайсың. Ұлы бітімгердің бәрі - білікті, адал, сыпайы адамдар.

  • Өзіңе адал болу дегенді қалай түсінесің?

  • Өзіңді өзгертуді неден бастар едің?

  • Бойыңдағы ең бірінші нені өзгертер едің?


ӘңгімелесуМырзатай Жолдасбеков

Кемеңгер немесе Елбасы туралы тебіреніс

  • Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың игілікті іс атқаруының мәні неде деп ойлайсыңдар?

  • «Президентті қолтығынан демеген де, демейтін де, қолдаған да, қолдайтын да – өзінің туған халқы» деген сөзді қалай түсінесің?

  • Елбасының: «мен халқымның тәуекелдігіне сендім» деген сөзінентнені аңғаруға болады?

  • Қоғамға риясыз қызмет ету адам бойындағы қандай құндылықтардың дамуына ықпал етеді? Неліктен?

  • Ел мен жерге қызмет ету үшін адам бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болуы керек деп ойлайсыңдар? Әңгімелеп бер.


Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма:«Қызмет еттім халқыма»деген сөзді басшылыққа алып, қоғам үшін игілікті еңбек етіп жүрген тұлғалар жайлы эссе жазу.

2-тапсырма:Н.Ә.Назарбаевтің қанатты сөздерін оқып, өмірден мысал келтіру арқылы ел мен жерге қызмет ету туралы ойларыңды ортаға салыңдар.

  • Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иісі өзің екеніңді ұмытпа! Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады. Ел бірлігі – ең асыл қасиет.

  • Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.

3-тапсырма: Төмендегі мәтінді оқып, зиялы адамға мінездеме беріп, портретін жасаңдар.

Елге қызмет ету – парыз Болат Шайманұлы

Меніңше зиялылық ұғымы ұлтқа деген көзқарасына орай бағалануы тиіс деп ойлаймын. Ол оң немесе теріс болуы мүмкін Пиғылы оң – зиялы, пиғылы теріс – зиянды. Әрбір пиғылы оң зиялы өз Отанына абырой әкеледі. Бұл жерде ғылыми атағы бар доктор, академиктерді ғана зиялы деп танып, оқымаған, университет бітірмеген, бірақ көпті көрген, өмірден түйгені мол адамды зиялы емес десек, қателесеміз. Мәселен, менің пайымдауымша, зиялылықтың шыңы – Абай. Оның академиктік атағы жоқ. Оған кезінде сен осы қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, жағдайын ойла деп ешкім айтқан жоқ. Ол өзі іштей қабылдаған аса зор жауапкершілік міндетін, өз ұлтының алдындағы перзенттік парызын адал орындау үшін қадамдар жасады. Бұл жолда қаншама кедергі- лерге ұшыраса да рухы түспеді. Осы ретте, «Ұлы адамдар өз ескерткіштерінің тұғырын өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады» деген В.Гюго сөзі еріксіз ойға оралады.


Топпен ән айту.

Сенім Ринат Зайытов

Сездірмей жүрген, Жылуын берер,

Тек өзім білген, Шапағат төгер,

Бір сенім бар, Махаббатым адаспай келер.

Жоғалмас мүлдем. Асқардай биік,

Сол сенім барда Армандар жиып,

Асығам алға Мен өтемін

Ақ тілегім, биікке самға. Өмірді сүйіп.

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы,

Сенім – маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылды да жеңемін

Жүрегіммен сенемін.


Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ:«Қызмет етем халқыма» тақырыбында әңгіме жазып келу.


Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде. Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
999
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі