400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күй дәстүрінің шежірешісі – Қали Жантілеуов

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


САБАҚ ЖОСПАРЫ

4-сынып, 2-сабақ, күн реті:

Сабақтың тақырыбы: Күй дәстүрінің шежірешісі – Қали Жантілеуов

Сабақтың мақсаты::

Батыс Қазақстанның күйшілік дәстүрі мен орындаушылары жөнінде

мағлұмат беру

Сабақтың міндеттері:

а) Білімділік: Қали Жантілеуовтың өмірі мен шығармашылығымен танысу арқылы күй атасы Құрманғазының күйлерін дәріптеу

ә)Дамытушылық:Күй тыңдау арқылы баланың ой-өрісін ,қиялын дамыту

б)Тәрбиелік:Тыңдаған күйлері мен үйренген әндеріне деген сүйіспеншілігін арттыру


Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сергіту сәті, топпен жұмыс, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, белсенді тақта,бейнекөріністер, сазгерлердің портреттері, домбыра ,баян, фортепиано

Музыкалық материалдар: Тыңдау үшін: «Адай» Құрманғазы


Ән үйрену «Әгугай, домбыра»

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу (әндете) оқушыларды түгендеу

2. Үй тапсырмасын сұрау.

«Ұлағатты ұстаздар» тақырыбына шолу

3.Жаңа сабақ.

Жалпы ән-күйлеріміздің сақталуы мен дамып жетілуі, орындаушылық мектептер мен күйшілер жайлы әңгімелеп беру. Біздің оқушылар әншілік және күйшілік дәстүрдің батыс және шығыс Қазақстанда сақталған орындаушылық мектептер жайлы хабары бар. Әрбір өңірде өзіндік орындаушылық мектептер қалыптасқан.. Әсіресе, 19 – 20 ғасырдың басында Батыс Қазақстанның күйшілік дәстүрі үш бағытта дамыды. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей сынды күйшілер шыққанБөкей ордасындағы орындаушылық мектеп, Боғда, Қазанғап жалғастырған Ақтөбе өңірінде және Құлшар, Есір сынды күйшілер Маңғыстау өңірінде орындаушылық мектептерді қалыптастырды. Бөкей ордасының күйшілік дәстүрін бүгінгі күнге жеткізуші Қали Жантілуов болды. Ұлы Мәмен күйшінің шәкірті болған Қали, XX ғасырдағы дәстүрлі орындаушылық мектепті жалғастырушы. Қали Жантілеуовтың орындауындағы көптеген күйлер бүгінгі орындалып келе жатқан күйлердің классикалық түрінің қалыптасуына негіз болды. Құрманғазы күйшінің дәстүрлі мектебінің жалғасуы жайлы шежіре-дерек:

Shape2 Shape1 Құрманғазы


Shape3 Мамен ДShape4 ина



Қали Охап

Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5



Қаршыға Шәміл Тұяқ Абдулхамит Айтжан

Ахмедияров Әбілтаев Шамелов Райымбергенов Тоқтағанов

Осындай күйші – орындаушылардың арқасында ұстаздан шәкіртке ұластырған төрт ұрпағы Батыс Қазақстан күйшілік мектебінің сақталуына негіз болды.

4.Шығармашылық жұмыс

Күй тыңдау:

«Адай» күйінің шығу тарихы жайлы Қали Жантілуов әңгімелеп берген болатын. «Адай» тартыс күй, күйдің қағыс иірімдері қиын

құрылысы жағынан күрделі, өте жүрдек екпінмен орындалады. Осы тартыста Құрманғазы осындай қиын күй орындап жеңіп шыққан екен.

Жаңа замандағы яғни XX ғасырдағы күйшілік дәстүрдің сақталып, дамуы жайлы оқушы «күй тыңдайық» бөлімі арқылы тақырыптың мазмұнын аша түседі. Құрманғазының «Адай» күйі халық аспаптар оркестрінің репертуарына еніп, ел арасына бірден танымал болды.

Көптеген музыканттар түрлі музыкалық сайыстарда «Адай» күйін таңдап алып орындайды. Бұл күй өзінің екпінді шабытымен жеңіске де жеткізіп жатады. Анатолий Гайсин «Адай» күйін баян аспабында орындап, халықаралық сайыста жұлдызы жанды. Қазіргі таңда Құрманғазының «Адай» күйіне эстрадалық өңдеу жасалып, көптеген орындаушылар халықтың ықыласына бөленіп жүр. Бүгінгі таңда ел арасына кеңінен танымал болған «Ұлытау» тобы алғаш құрылғанында гитара, скрипка және қазақтың домбырасы әлемдік деңгейде жоғары баға алады деп ешкім сене қоймады. Дегенмен, асқақтаған қазақтың домбырасының жігерлі де рухты үні Голливудта дүние жүзінен жиналған халықтың көңілінен шығып ең жоғары баға алып, жетістікке жеткені мәлім. Әрине бұл халықаралық сайыста бас жүлдені иеленуге барынша күш пен жігер берері сөзсіз (Балаларға күйді тыңдатып ,одан алған әсерлерін ортаға салу)

5.Жаңа ән үйрену:Әгугәй, домбыра.Сөзі Т.Қажиев Әні: А.Қоразбаев

1. Әсем әуен дала кезіп барады- әй, әгугәй, әгугәй, әгугәй-ай.

Ару балқып, жігіт төмен қарады-әй, әгугәй, әгугәй, әгугәй-ай.

Селт етерлік сезім кетті сел болып,

Домбыраның, әгугәй-ай, күй төккенде шанағы.

Перне қуған сүйрік саусақ салалы,

Кейде желіп, кейде орғып шабады.

Сала құлаш шанағынан сыңсыған,

2.Аққу ұшып, қаздар қайтып барады.

Тұлпарлардың дүбір қаққан тұяғы,

Көкірекке сырлы сарын құяды.

Сыңғырлаған сан мың әуен,япыр-ау,

Шанағына қалай ғана сыяды?

6.Сабақты қорыту сұрақтары:

– Қалидің ұстаздары кім болды?

– Қали Жантілеуов кімнің күйлерін жеткізді?

  • Қали ақсақал Құрманғазының «Адай» күйі жайлы не деп баяндайды?

  • Тартыс дегенді қалай түсінесің?

7.Үйге тапсырма: Күй дәстүрінің шежірешісі – Қали Жантілеуов, әнді жаттау8.Бағалау


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
538
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі