жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Күй құдіреті. Төкпе күй
Бекітемін
Оқу ісінің меңгерушісі
__________
__________2018 ж.
|
Ұзақ мерзімді жоспар 1 бөлімі: Қазақ халқының музыкалық мұрасы. |
Мектеп:№274 |
Мұғалім: Құлемет Марат |
|||||
|
Күні: 5 «А», «Ә», «Г» - 09.10 Күні: 5 «Б», «В», «Д» - 11.10 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Күй құдіреті. Төкпе күй |
||||||
|
Осы сабаққа құрылғаноқыту мақсаты |
5.1.2.1 –дәстүрлі халық әндері мен аспаптық музыканың жанры мен стилін, күйдің түрлерін анықтау; 5.1.1.1 - музыканың түрін, стилі мен жанрын, музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау. |
||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: -сыныптастарымен бірге музыкалық аспапта күйді тыңдайды,көркемдік сипатына талдау жасай алады; -күй жанрын ажыратуда музыкалық сауаттылығын дұрыс көрсетуге тырысады; Оқушылардың көпшілігі: сыныптастарымен бірге музыкалық аспапта күйді тыңдайды,көркемдік сипатына талдау жасай алады; -күйдің орындау түрін ажырата алады,орындаушылық түрленімге баға беруге тырысады. Кейбір оқушылар: күй әуенін ажырата алады,интонациясын,стилін сезінеді; -күйді орындау түрленімдеріне байланысты нақты пікір қоса алады. |
||||||
|
Бағалау критерийлері |
-Күйді тыңдау мен талдау барысындағы оқушылардың өзіндік пікірі. -Өз жұмысын көрсете білі және бағалау.Оқушы мақсатына жетті, егер: |
||||||
|
Тілдік мақсаты |
Диолог хаттар үшін пайдаланылатын сөз тіркестерінің сериясы айтыс, қыз бен жігіт айтысы; -күй- төкпе, шертпе; -стиль, жанр, лад, интонация, музыкалық көркемдеуші құралдар; -импровизация, өңдеу, композиция; -интерпретация; -екпін, ырғақ; -сүйемелдеу, ансамбль Талқылауға арналған сұрақтар: • Біз Біржан мен Сараның айтысын таңдадық, себебі ол….(айтыстың стильін, жанрын, орындаушылық әдісін) анықтауға көмектеседі. • Біз халық әуенін компьютерлік бағдарламада импровизацияладық, ол бізге....( тілдік дағдыны) дамытуға көмектесті. • Біз күй тарихын зерттедік, ол күйдің ....(шертпе, төкпе) әдістерін білуге көмектеседі. |
||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Күй құдіретінің тарихын аша отырып,рухани жаңғыру бағытында ұлттық мәдени құндылықтарды,салт-дәстүрімізді,тілімізбен музыкамыз, әдебиетіміз,бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс яғни аспаптық музыканы тыңдауға үйрету дәстүрлі күйшілік өнерді оқушылар бойына дарыту. |
||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Әдебиет |
||||||
|
Бастапқы білім |
Күйдің не екенін оқушылар теледидар арқылы, бастауыш сыныптардан түсінік қалыптасқан. |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтың жоспарланған іс-әрекеті |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
1.Психологиялық дайындық. Тарт күйіңді, домбыра! Төгіл, төгіл тәтгікүй, Тау суындай сылдыра, Желпін, желпін жел соқтыр! Тауда тұман тұрмасын, Көкте бұлт ыдыра! Сабақ басында оқушылардың назарын жинақтау: Даулеткерей мен Курмангазы бейнеленген үлестірмелерді беру арқылы оқушыларды топтарға бөлу. 2.Үй тапсырмасын сұрау. «Айтыс өнері» (сұрақ-жауап) |
|
|||||
|
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 15 минут |
Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты негізінде Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасаты. 1-тапсырма Ақпарат іздеу.Ұ.МК. «Серпілген сауал» әдісі «Төкпе күйі» атты тақырыпша аясында және төкпе күйдің құдіреті Құрманғазы өмірін оқушылармен бірге «күй» жанрын ,күйші өмірі,күйлердің орындалу түрлерін,тарихын талқылау. «Төкпе күй –оң қолдың саусақтары бірігіп, жоғары –төмен серпіліп орындалатын күй». «Шертпе күй – оң қолдың саусақтарымен шертіліп орындалатын күй» Төкпе күйдің жарқын мысалы ретінде күйші-композитор Құрманғазы Сағырбаевтың «Адай» күйін тыңдату.Күйдің шығу тарихы туралы мұғалім көмегі арқылы талдау. «Құрманғазының осы
шығармашылық кезеңінің аяқ шеніне жататын күйлерінің бірі, көпке
аты белгілі «Адай». Бұл күйдің шығуы жайлы ел аузында әлденеше
түрлі аңыз бар Дескриптор: Тыңдаған дерек бойынша сұраққа жауап береді. «Адай» күйінің шығу тарихын біледі. ҚБ. Мадақтау. Төкпе күйдің құдіреті күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйін тыңдау. «Адай» күйін домбырашы, дирижер Р.Ғабдиевтің жеке орындауында, содан соң Құрманғазы оркестрінің орындауында және заманауи өңдеудегі бейнежазбаны А.Еңсепоптың орындауында тыңдап, орындалу ерекшеліктеріне: дыбыс күшіне, екпініне (темп), дыбыс бояуына (тембр), динамикасына көңіл қояды. Постер арқылы қорғайды. 1-топқа:Оқушылар бейнежазбадан Р.Ғабдиевтің жеке орындауында; 2-топқа: Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында; 3-топқа: Заманауи өңдеудегі А.Еңсеповтың орындауында тыңдайды. Дескриптор: Тыңдау барысында күйдің орындау түрін сонымен қатар: дыбыс күшіне,екпініне,дыбыс бояуына, динамикасына көңіл қояды. Музыкалық стиль дегеніміз не? мазмұнын ашады. ҚБ. Үш шапалақ 3-тапсырма.Әнді орындау және талдау. Жеке жұмыс Сабақта оқушылар үйренетін «Күй-домбыра» әнінің авторы-композитор,өнертанушы Т.Тоқжанов,өлеңін жазған; айтыскер ақын,жазушы А.Рахметов.Ән күрделі әндер қатарына жатады. Оқушылар әнді талдау және айту кезінде: ән неше буынды,әннің мазмұнына,әннің орындалу екпіні,ырғағына,әннің қайырмасында дыбыстардың интонациялық тазалығына көңіл бөлу керек. (ән 11 буынды) Дескриптор: Әнді талдайды. Әннің буын санын табады. Әннің екпін, ырғағына көңіл бөледі. ҚБ. Бас бармақ |
https://yandex.kz/images/search?img https://www.iphones.ru/iNotes/505685 http://collegy.ucoz.ru/publ/67-1-0-6837 |
|||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Үйге тапсырма: «Қасиетті домбыра» ән мәтінін жаттау. Рефлексия. Мен сабақта қандай жетістікке жеттім? Сабақтан алған әсерім қандай? Қандай қиындық болды? |
|
|||||
|
Рефлексия |
Сабақта бағалаудың әдіс-тәсілдерінің қолданылуы : |
Әдіс-тәсілдерді сақтайтын денсаулық. |
|||||
|
Жалпы баға Сабақтың қандай екіа спектісі жақсы өтті? (ойланыңыз, білім беруде , солай оқытуда да)? 1: 2: Сабақтың жақсы өтуіне қалай көмек берер едіңіз? (ойланыңыз, білім беруде , солай оқытуда да)? 1: 2: Менің сабақта сынып туралы,жетістіктері туралы байқағаным /кейбір оқушыларға қиыншылық тудырғаны, келесі сабақта неге аса көңіл аудару керек? |
|||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген